Ж. М. Бердыбекова 6B01210 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға арналған «Жас балаларды дамыту және білім беру»



бет4/19
Дата31.12.2021
өлшемі64,57 Kb.
#21796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Силабус Жас балаларды дамыту және білім беру (1)

1.3 Студент білуге тиіс:

Пән бойынша алған білімді игеру, меңгеру



1.4 Студент құзыреттілігі:

- Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе алу;

- Теориялық білімді толық меңгеріп,оны практика жүзінде іске асыру

1.5 Пререквизитттері:

- мектепке дейінгі педагогика, балабақша дидактикасы, халықтық педагогика

- Психология, педагогика

Н. 4-70


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

күндізгі, қысқартылған (қашықтықтан оқыту) оқу түрі.






Сағат саны

Пән тақырыптарының атауы

дәріс

тәж

ОСӨЖ

СӨЖ


1

Ерте жастағы баланың психикалық мінездемесі.

1


2




1


2

Ерте жастағы баланың физиологиялық мінездемесі.




1


2




1

3

Бейімделуде баланың балабақшада болу мерзімі.


1

2




1

4

Ерте жастағы баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру.


1

2




1

5

Бейімделудің түрлері.

1

1







6

Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары.Тәрбиешіге нұсқаулық.

2

2




1

7

Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделу кезеңдері.


1

2







8

Ерте жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жүргізілетін іс-шаралар.


1

2




1

9

Баланың балабақшаға бейімделуіндегі ата-ананың ықпалы.


2

2




1

10

Ата-аналарға кеңес.

1

1







11

Балаларды ерте жастан дамытуға арналған заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру.

1

2




1

12

Мектепке дейінгі ұйымдардың туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі (ерте жастың бірінші тобы, ерте жастың екінші тобы жас) жас кезеңдері бойынша балаларға арналған заттық-дамытушы ортаны құру бойынша ұйымдастыру формалары мен әдістері.


2

2







13

Ерте жастағы балаларды дамытуға заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша қойылатын талаптар

2

2




1

14

Ерте балалық шақ (1-3 жас)».


1

2




1

15

Сәбилік психикалық жас.


1

2







16

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы.

1

2







Семестр бойынша барлығы

20

30




10


Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Ерте жастағы баланың психикалық мінездемесі.

Балабақшамен отбасындағы тәрбиеде бірінші орында баланың жан-жақты дамуы тұрады. Балабақшамен отбасындағы тәрбиеде бірінші орында баланың жан-жақты дамуы тұрады. Тәрбиеші баланы балабақшаға қабылдаған да әрдайым жылылық бере білуі керек.

Баланың әлеметтенуі қашан, қайда пайда бола бастайды?

Әрине, бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез құлық ережелерімен нормаларын меңгереді.

Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді?

Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, ойыншықтармен ойнамайды, балалар мен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

1.Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,

2. Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен

3. Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша,

орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген картоп, нан.

4. Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы

күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде

күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Сюжеттiк-рөлдiк ойындар — 3-4 жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекшi iс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тiлге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезiмталдығымен ерекшеленетiндiктен, баланың тiлiн дамытуға өте қолайлы.

Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлi сұрақтар қойып, өздерi бiлетiн ертегiлердi бар ынтасымен айтып бередi. Танымдық қызығушылығы белсендi болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ iс-әрекетке қатысушы есебiнде қабылдайды.

3-4 жасар баланың өзiн-өзi бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл — бiреу оның тұлғалық қасиеттерiн дұрыс бағаламаған кездегi өз-өзiн қорғаудың «тұлғалық» механизмi болып табылады.

3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерiсiнiң — сезiну мен қабылдау түрлерi қалыптасады. Фонематикалық есту, түстi ажырату, көз қырағылығы, заттардың пiшiнiн ажырату қабiлеттерi жетiле түседi.

Балалар заттарды ұстап көрiп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшедi. Жаңа заттарды қарап, көзбен көрiп танудан сипап-сезу, есту, иiскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.

Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерiстерiн дамытуда жетекшi орын алады. Балалардың сөздiк қорын заттардың сынын, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын бiлдiретiн, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

3-4 жастан бастап баланың есi ерiксiз сипатта болады. Бала материалды өзi iс-әрекетке тiкелей қатысу арқылы есiне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабiлетi сапалық өзгешелiгiмен ерекшеленедi. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол — өзiмшiл. Оған анимастикалық түсiнiктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрiн өзiмен салыстырады, олар да өзi сияқты ойлауға және сезiнуге қабiлеттi деп ойлайды.

Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуiр ашық бөлiгiн ажыратады.

Мектепке дейiнгi кiшi жастағы балаларда кеңiстiк, уақыт, сан туралы қарапайым түсiнiктерi қалыптаса бастайды.

3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсiне бастайды. Тек қана өзi ғана емес, басқа да тiршiлiк иелерi де тағам мен судағы қажеттiлiгi бар екенiн түсiнедi. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекетi әлi де ойынмен бiрге ұштаса отырып жүргiзiледi. Әр түрлi материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттерi мен құрастырудың ерекшелiктерiн танып-бiледi.

Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегi түрлерiнiң әдiстерiн меңгередi (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектердi қолдан жасау).

Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтiнiн эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсiнгендiгi сөйлеу тiлiнде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттерi үстiнде байқалады.

Бала үшiн бейнелеу өнерi — өзi жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзi сияқты дербестiгiмен, ашықтығымен ерекшеленедi.

Мүсiндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пiшiндер тiрiлiп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пiшiндердi, түстi дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттердi бейнелей алады.

Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетiн меңгертуге өте қолайлы.

Мектепке дейiнгi кiшi жаста баланың моторлық қызметтерi қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсендiлiгi iс-әрекет дербестiгiнiң жоғары деңгейлiгiмен сипатталады.

3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы бiлiне бастайды, бұл кезеңде бала өзiндiк еркi бар жеке адам екенiн түсiне бастайды. Ми қызметi мен психикалық қызметi қарқынды дамуын жалғастырады, мiнез-құлқында өзгерiстер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабiлеттерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Көпшiлiкпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседi.

Үш жасар бала — қажымас қайраткер, ол желiмдеуге, мүсiндеуге, сурет салуға дайын, бiрақ ұзақ әңгiмелер мен түсiндiрулердi қабылдай алмайды.

3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистiк мазмұны өзiнiң көпқырлылығымен, әрдайым даму үстiнде және әр жас кезеңiнiң өзiндiк мазмұнының ерекшеленуiмен сипатталады.

3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистiк сипаттамасына құзыреттiлiк, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестiк жатады.



Құзыреттiлiк. Бала төрт жасында әлеуметтiк құзыреттiлiктiң белгiлi деңгейiне жетедi: басқа адамға қызығушылығын бiлдiредi, оған сенедi, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшiн қатынасудың тiлдiк және тiлдiк емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлi қылықтар мен қозғалыстар) тәсiлдерiн қолданады. Өзiнiң қай жынысқа жататынын түсiнедi («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).

Бiлiктiлiк құзыреттiлiгi баланың қоршаған әлемдi танып-бiлу мақсатында әртүрлi сұрақтар қойып, белсендi қызығушылық танытуынан көрiнедi. Ол әртүрлi тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшелiктерiне (түсi, пiшiнi, көлемi, фактурасы, құрылымы), қызметiне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемi, дөңгелек, т.б.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет