«Үй» шаңырақ, үлкен біреудің ордасы, құт-береке дамыған оты өшшеген ошағы



жүктеу 90.78 Kb.

Дата24.03.2017
өлшемі90.78 Kb.

 

95 


«Үй» – шаңырақ, үлкен біреудің ордасы, құт-береке дамыған оты өшшеген ошағы 

болып саналады. Қазақ қашанда кең пейілді, дастарханы жаюлы, дархан халық есебінде 

суреттеледі.  Құтты  қоныстың  сипаты  жырау  поэзиясында:  «сылдырап  суы  сылаң 

қаққан», «көкорай, көк құрақты көлдері», «аң аулап, саят құрған белестері», «баянды, 

құтты  қоныс  мекен»,  «төрт  түлік  малға  жайлы»,  «жаз  болса,  бие  менен  інген 

байлап»,  «көк  шалғын»,  «мал  көбейіп,  бас  өсіп»,  «бетегелі  бел»,  «үйрек  ұшып,  қаз 

қонған,  айдын  шалқар  көл»,  «жағасында  түйе  қаптаған,  суы  тұзды  көлдер», 

«қасиетті кең дала» бейнелі схемалары арқылы көрініс тапқан.  

Жырларымен  өз  заманының  шежіресіне  айналып,  қиын-қыстау  кезеңде  қайғылы 

халқын  уатып,  рухани  дем  берген  Қожаберген  Толыбайсыншыұлы  мұрасының  өлмесі 

анық. Қожаберген жырларының құдіреті, көркемдік куаты, тілінің өзінше ерекше, бай 

болуымен  бірге,  сол  кездегі,  яғни  өзі  ғұмыр  кешкен  бір  ғасырға  жуық  аралағында 

болған заман бейнесін бүкіл бар болмысымен бізге жеткізіп, тарихты ұмыттыруға жол 

бермеген шыншылдығында деп түйіндейміз. 

 

 



 

Әдебиет: 

1.

 



Нұрдәулетова Б.И. Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесі Ф.ғ. докторы 

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. - Алматы, 2008. - 320 б. 

2.

 

Дауылпаз баба – Қожаберген жырау (шығармалар жинағы мен зерттеулер). - Алматы: Мектеп, 



2011. - 464 б. 

3.

 



Маслова В.А. Лингвокульторология. - Москва: Академия, 2001. - 203 с. 

 

 

 

УДК 811.512.122 

 

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 

 

Таласпаева Ж.С., Кемеңгерова Г.А. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

Тілдегі  үнемдеу,  ықшамдау  заңдылығы  әлем  тілдерінің  барлығына  да  тән 

құбылыс.  Бұл  заңдылық  әр  тілде  түрліше  көрініс  тауып,  тілдің  түрлі  салаларына 

қатысты  болып  жатады.  Қысқарған  сөздердің  пайда  болуы  да  осы  ықшамдау 

заңдылығымен  тікелей  байланысты.  Яғни,  қысқарған  сөздер  тілдегі  үнемділікті 

қамтамасыз етудің бір тәсілі.  

Сөз  табына  қатысы  тұрғысынан  қысқарған  сөздер  негізінен  заттық  немесе 

абстракті  ұғымдарды білдіретін зат есімдер. Қысқарған сөздер екі, үш немесе одан да 

көп сыңарлардан тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары. Бірнеше сөзден 

құралып,  сөздердің  тіркесуі  арқылы  жасалған  түрлі  ұғымдардың  атаулары 

қысқарымдарға  негіз  болады  да,  олардың  құрылымы  ықшамдалып,  өзгеріске 

ұшырайды. Күрделі ұғым атаулары фразеологиялық тіркестер сынды бастапқы қалпын 

сақтай  алмай,  ықшам  нұсқада  жұмсалуға  көшеді.  Мұны  зат  есімдерге  қарағанда, 

қысқарымдардың өзіне тән сипаты, ерекшелігі деуге болады. 

Жалпы  қысқарымдардың  жасалуына  негіз  –  сөз  тіркестері.  Оның  табиғаты  екі 

жақты:  бір  жағынан,  грамматикалық  көрсеткіштері  бар,  басқа  туындылардың 

жасалуына негіз болатын жаңа лексема, екіншіден, шығу төркіні  сөз тіркесіне сәйкес, 


 

96 


байланысты,  сол  толық  реалийлердің  қысқарған  түрі.  Сондықтан  толық  реалийлердің 

аты  қысқарғанда,  мағыналық  жағынан  өзгеріске  түспей,  толық  ұғымның  атауы 

сақталады.  Оны  тіл  деректері  де  дәлелдейді.  Қысқарымдардың  негізінде 

ономастикалық, топонимикалық жасалымдардың тууына негіз болды. Негіз сөздің уәжі 

туынды  сөзде  әр  кез  сақталып  отырған.  Бұндай  үрдіс  бүгінгі  тілдік  қолданыста  да 

кездеседі [1, 337 б.].  

Ы.Мамановтың  көрсетуі  бойынша  қысқарған  сөздер  де  қазақ  тілінде  сөз  негізі 

болады  деп  көрсеткенмен,  Шерубай  Құрманбайұлы  қысқарған  сөздер  кейбір 

тілдердегідей  туынды  сөздердің  жасалуына  негіз  сөз  ретінде  көп  пайдалана 

бермейтіндігімізді  атап  өтеді:  «Мәселен,  орыс  тілінде  қысқарған  сөздер  негізінде  сөз 

туындату  дәстүрі  бар.  Мысалы,  вузовец,  КВНовец,  спецовка,  чекист,  эсеровский  т.б. 

сөздер қысқарған сөздер негізінде туындаған атаулар. Ал бізде негізінен сөйлеу тілінде 



ҚазМУлықтар,  АлМУлықтар,  ТЖМдіктер  деген  сияқты  жекелеген  қолданыстар 

кездескенімен,  олар  жаппай  тілдік  қолданысымызға  ене  қоймаған»  [2,  8  б.].  Яғни 

қысқарған  сөздердің  жаңа  сөздердің  туындауына  негіз  сөз  ретінде  жиі 

пайдаланылмауы,  ең  алдымен,  олардың  өздерінің  кең  тарап,  тіл  тұтынушылардың 

бәріне  таныс,  бірдей  ұғынылып,  дайын  сөз  қалпында  қолданыла  бермейтіндігімен 

байланысты  деп  пайымдауға  болады.  Сондай-ақ  олардың  баспасөзде,  ғылым  тілінде 

жиі  жазылып,  қолданылып  жүрген  көпшілікке  біршама  танымалдарының  елеулі 

бөлігінің құрамы қатар тұрған бірнеше дауыссыз дыбыстан немесе екі-үш дауыстыдан 

келуі  де  олардың  тілде  жаппай қолданылуына  жол  ашып,  сөз  туғызуға  да  икемділігін 

арттырмайды. Мысалы, БКТ (Бірыңғай кеден тарифі), АШҚҚҚ (Ауыл шаруашылығын 

қаржылай  қолдау  қоры),  ЖҚКҚ  (Жедел  іс-қимыл  күштік  құрылымы)  тәрізді  бірнеше 

дауыссыз  дыбыс  қатар  келген  немесе  АЭА  (арнайы  экономикалық  аймақ),  ЕАӘК 

(Еуро-Атлантикалық  әріптестік  кеңесі),  ОАӨАҮО  (Орталық  Азия  өңірлік  ақпараттық 

үйлестіру  орталығы),  бірыңғай  дауыстылардан  тұратын  сөздердің  негізінде  жаңа  сөз 

туғызу  қиын.  Тіліміздің  үндестік  заңы,  дыбыс  үндестігі,  буын  үндестігі  бұзылып, 

дыбыстар тіркесімі заңдылықтары сақталмаса, сөзіміз сөз  болудан қалады. Сондықтан 

не  бірыңғай  дауыссыздан,  не  бірыңғай  дауыстылардан  құралғандарын  ғана  емес, 

АӨҚО  (Алматы  өңірлік  қаржы  орталығы),  АІІБ  (Аудандық  ішкі  істер  бөлімі),  ӘЫК 

(Әрiптестiк  пен  ынтымақтастық  туралы  келiсiм)  сынды  дауысты-дауыссызы  араласып 

келген, алайда дыбыстар тіркесімі бұзылып, үйлесім таппай тұрған қысқарымдарды да 

сәтті жасалған дей алмаймыз.  

Негіз  сөздің  немесе  сөз  тіркесінің  мағынасымен  сөзжасам  үдерісі  кезінде  пайда 

болған туынды сөздің лексикалық мағынасы тең болуы да кездеседі. Бұл сөзжасамның 

дәл  осы  қысқарту  тәсілі  арқылы  жасалатын  сөз  түрлеріне  тән  сипат.  Мысалы, 

Бұқаралық  ақпарат  құралдары  –  БАҚ,  Дүниежүзілік  сауда  ұйымы  –  ДСҰ,  Еуразия 

экономикалық қоғамдастығы –  ЕурАзЭқ, Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҰБТ, Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  ғылым  академиясы  –  ҚР  ҰҒА,  Түркітілдес  мемлекеттер 

Парламенттік  Ассамблеясы  –  ТүркПА  т.б  [2,8б.].  Ғалым  Н.Алдашев  қысқарымдарды 

мынадай топтарға бөледі: 

1)

 

Сыртқы тұлғасы бойынша топтасқан қысқарымдар: 



-

 

Бірнеше  сөздердің  тіркесімінен  тұратын  күрделі  атаулардың  ықшамдалған 



қазақы тұлғалары. Бұл қатарға екі әріптің «бас қосуынан» жасалатындар (АБ, АҚ, ҚР, 

ӨБ);  үш  немесе  одан  да  көп  әріптердің  жиынтығынан  тұратындар  (БҰҰ,  ТМД,  ҚҰБ, 

МАИ,  ІІМ,  ЕҚЫҰ);  буындық,  аралас  қысқарту  үлгілері  (меммүлік,  мемқадағалау, 

Еуразия,  Қармет,  ҚазМҰУ)  бар.  Сонымен  қатар  қазіргі  кезде  акронимдер  жиі 

кездесуде.  Акронимдер  –  күрделі  атаулар  сыңарларының,  әсіресе  кісі  есімдерінің 

алғашқы  буындарын  құрастыру  арқылы  сазды-образды,  экспрессивті  мазмұнда 

жасалған  қысқарымдар.  Мысалы,  Алтеба  –  Алматы  телефон  байланысы,  Кабиско  – 


 

97 


Казақстан-американ бисквит компаниясы, мекеме, фирма, кәсіпорын атаулары жатады. 

Бұндай  акронимдердің  алғашқы  нұсқалары  50-60  жылдарда  да  ұшырасады.  Мысалы: 

Марлен, Рената, Досмұқасан. 

-

 



Тұлғалануы  жағынан  ерекшеленетін  қысқарымдар  келесі  қатары  – 

транскрипцияланбайтын, 

халықаралық 

стандартқа 

ие, 

интернационалдық 



қысқарымдар. Олар – ЮНЕСКО, НАТО, ДНК, ЮСАИД тәрізді аталымдар. Сондай-ақ 

70  жылдық  дамуында  норма  болып  танылып  келген  ГАЗ,  КамАЗ,  ЗИЛ,  ГРЭС,  МТС 

сияқты қолданыстардың байырғы қалпында игерілуі басым. 

-

 



Күрделі  атаулар  тобына  құрамындағы  компоненттердің  бірі  немесе  екеуі 

буындық  тұрғыдан  ықшамдалған,  келесі  сыңары  толық  алынған,  тұтас  бір  сөз  болып 

жазылатын  тұлғалар  жатады.  Олар  -  Ақмолаагромашқұрылыс,  Жөндеумехзауыт  және 

т.б. 


-

 

Жазба  тілде,  сондай-ақ  криптонимдер,  таңбалар  көмегі  арқылы  тұлғаланған 



қысқарымдар  да  кездеседі.  Криптонимдер  -  кісі  есімдерінің  бастапқы  дыбысын  нүкте 

белгісі  арқылы  тұйықтап  қысқарту  -  көркем  әдебиет  жанрларында,  криминалды 

хроникада,  ал  таңбалар  арқылы  жасалғандар  (е/ш-  есепшот,  а/ш-ауыл  шаруашылығы) 

жарнама подстилінде қолданылады [3, 14 б.]. 



2)

 

Жасалу  жолдары  бойынша  топтасқан  қысқарымдар.  Қысқартудың  негізгі 

төрт жолымен бірге басқа типтері де көзге түседі. 

-

 

Бірнеше  сөздердің  тіркесімінен  тұратын  күрделі  атаулардың  ықшамдалуынан 



жасалған  бастапқы  дыбыстық  я  әріптік  қысқарымдар:  АҚ,  ҚР,  ААҚ  АЭС,  БҰҰ,  БАҚ, 

ЖШС,  ЖАҚ,  ЕҚЫҰ,  КИМЭП,  ЮНЕСКО  т.6.  (Қысқарымдардың  құрамындағы 

сыңарлар  екіден  басталып,  бірнеше  сыңарларға  дейін  кетеді)  жасалымдар  жатады. 

Бұрын  бұл  қысқарымдардың  орыс  тілінде  қалыптасқан  үлгісін  алатын  болса,  бүгінгі 

таңда  қазақша  баламасы  басым.  Осы  қысқарымдардың  кейбіреуі  таратылып  айтылса, 

кейбіреуі  тілде  жеке  сөз  сияқты  қолданыс  тапқан.  Жоғарыда    келтірілген  мысалдар 

жазба  тілде  де,  ауызекі  тілде  де  айтылатын,  түсінікті,  көпшілікке  танымал 

қысқарымдар.  Сонымен  қатар  тілімізде  түсініксіздік  тудыратын  қысқарымдардың  да 

кездесетіні  белгілі.  Оларды  жақша  ішінде  толық  тіркесімдерінің  анықтамасын  беріп 

отырған  жөн:  ҰҚК  (Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті),  ІІМ  (Ішкі  істер  министрлігі),  ҚТП 

(қалааралық телефон пункті), ПМЗ (Павлодар мұнай зауыты) т.б. 

-

 



Буындық  қысқарымдар:  ұжымшар,  кеңшар,  военком,  Кармет,  Сеймар,  Санұр, 

Ономком, терминком, Алтеба, санбат, басбух т.б. 

-

 

Аралас  (біріншісінің  әріптік,  екішісінің  буындык  немесе  буындық  әріптік 



қысқартуға ұшыраған компонентке, үшіншісі компоненттің толық қалпында жалғануы 

- ҚазМҰУ, меммүлік, Әділетмин). 

-

 

Контракциялық  қысқарту  -  жалпы  есімдердің,  терминнің  құрамындағы  екі 



дауыссыз  дыбыстардың  селбесуі  арқылы  жасалған  қысқарымдар.  М,  тг  -  теңге,  дн  - 

дүйсенбі.  Қазақ  тіліндегі  іс  қағаздарын  жүргізу  үшін  де  контракциялық  қысқартулар 

ұсынылады. М, НК - нүкте, ҚН - қос нүкте, ТР - тырнақша, ҮТ - үтір. 

-

 



Суспенсиялар  -  жоғары  жиілікпен  қолданылатын  кейбір  аталымдарды  осы 

тәсілмен ықшамдау – орыс тіліне өте-мөте тән құбылыс, түркі тілдерінде де байқалады. 

Суспенсия  –  жеке  сөздің  алғашқы  бірнеше  дыбысының  «кесіліп»  алынуы,  мұнда, 

әдетте, соңғы дыбыс дауыссыз болуға тиіс. М, ауд. - аудан, обл. - облыс, даңғ. - даңғыл, 

көш. - көше, шығ. - шығармалары. 

-

 



Қазіргі  жазба  тілінде,  сондай-ақ  таңбалардың  көмегі  арқылы  ықшамдалған 

қысқарымдар  ұшырасады.  Криптонимдер  –  кісі  есімдерінің  бастапқы  дыбысының 

нүктемен  ажыратылып  алынуы  белгілі  бір  функционалдық  қызметте  (кісі  есімдерін 

құпияландыру  максатында)  1920-ыншы  жылдарда  да  көрініс  береді.  Қазір  бұл  әдіс 

ішінара  көсемсөзде,  көбіне  -  көп  криминалды  хроника  жанрында  пайдаланылады  (М. 


 

98 


деген  жазушы,  В.  деген  азамат).  Нүкте  белгісінің,  қисық  сызықтың,  дефистің  көмегі 

арқылы  тұйықталып  қысқарымдар  анықтамалық  ақпарат  құралдарында,  жарнама 

стилінде кең қолданылады [3, 15 б.]. 

3. Әдеби тілдегі орны бойынша топтасқан қысқарымдар. Қазіргі жазба тілдегі 

жұмсалу мүмкіндігіне қарай қысқарған сөздерді екі ыңғайда қарастыруға болады. 

-

 

Кең қолданыстағы қысқарған сөздер. Бұлар – қоғамдық-саяси ұйымдардың, ірі 



мемлекеттердің, халық арасындағы қызметі танымал, мекемелер мен кәсіпорындардың 

күрделі  атауларының  қысқартылған  үлгілері,  бұндай  қысқарымдар  ақпаратты,  ойды 

қабылдау  барысында  түсініксіздік  туғызбайды.  Мысалы,  БҰҰ,  ҚХР,  ТМД,  ҚР,  АҚШ, 

СҚМУ; терминдерге жаңаша көзқарастың қалыптасуына орай бұрынғы орыс тіліндегі 

түпнұсқасынан  (қысқартылған  үлгісінен)  аударылып  жасалған  үлгілер  –  кеңшар, 

ұжымшар, медбибі, меммүлік т.б. 

-

 

Пассив қолданыстағы қысқарымдар қатарына арнаулы салаларда мәліметтердің 



тақырыптық,  мазмұндық  сипаттарына  қарай  сирек  қолданылатын  әріптік,  буындық 

және  аралас  қысқартулар  жатады.  Функционалдық  стильдер,  әсіресе  баспасөз  тілі 

мұндай  қысқарған  сөздерді  бергенде  техникалық  әдістерді  пайдаланады,  яғни  жақша 

ішінде  күрделі  атауды  қоса  көрсетеді.  Мысалы,  ПҮАЖ  -  (Президент  пен  Үкіметтің 

актілер жинағы), ЕҚЫҰ – (Еуропалык қауіпсіздік және ынтымақтастык, ұйымы) [3, 16 

б.]. 


Тілші  ғалым  Ш.Құрманбайұлы  қысқарған  сөздерді  жасалуына  қарай  төрт  топқа 

бөледі. Олар: 

1)

 

Әріптік  қысқарымдар  –  екі  немесе  одан  да  көп  сөздер  тікесімінен  құралған 



күрделі  атулар  құрамындағы  сыңарлардың  бастапқы  дыбыстарынан  құралған 

қысқарымдар. Мысалы, АҚ (акционерлік қоғам), АҚШ (Америка құрама штаттары), ЕК 

(Еуропалық Кеңес), ЕКПА (Еуропа Кеңесі Парламентік Ассамблеясы), ҚТЖ (Қазақстан 

темір жолы) т.б. 

2)

 

Буындық  қысқарымдар  –  күрделі  атаулар  сыңарларының  негізінен  бастапқы 



буындарынан  құралған  қысқарымдар.  Мысалы,  кеңшар,  ұжымшар,  Ономком, 

Терминком т.б. 

3)

 

Аралас  қысқарымдар–  күрделі  атауларды  құрайтын  сыңарларының  бастапқы 



буындары мен бастапқы дыбыстарынан құралатын  қысқарымдар. Яғни, сөз тудырудың 

мұндай жағдайында қысқарған сөз жасаудың екі түрлі тәсілі де, әріптік және буындық 

қысқарту да пайдаланылады. Мысалы, ҚазТАГ, ҚазҰУ, АлМУ т.б. 

4)

 



Жартылай  немесе  ішінара  қысқарымдар  –  буындық  қысқарымдар  мен    толық 

сөздердің  бірігуінен  жасалған  сөздер.  Күрделі  атауды  құрайтын  сөздердің  бәрі 

буындық қысқарымға ұшырамай, жартылай немесе ішінара қысқартылып, өзгелері сол 

қалпында  қысқарған  сөз  құрамына  енетін  қысқарым  түрі.  Мысалы,  Қазбаспасөз, 

мембағдарлама,  мемқызмет,  меммүлік,  Мемхатшы,  мемсыйлық,  мемсату,  т.б.  Орыс 

тілінде қысқарымның бұл түрін «частичносокращенные слова» (пединститут, госбанк, 

сельхозотдел) деп атап жүр. Күрделі атауларды құрайтын сөздердің бірі қысқартылып 

алынып,  екіншісі  тұлғасын  өзгертпей  алынатындығын  ескере  отырып  біз  қысқарған 

сөздердің  бұл  түрін  жартылай  немесе  орыс  тіліндегідей  ішінара  қысқарту  деп  атаған 

дұрыс болар еді [4, 145 б.]. 

Екі  ғалымның  қысқарымдарды  жасалуына  қарай  топтастырғанда  ұқсастықтары 

мен  айырмашылықтарын    бірден  байқауға  болады.  Алғашқы  үш  түрі  екі  ғалымда  да 

сәйкес  келеді,  яғни  әріптік  қысқарымдар,  буындық  қысқарымдар  және  аралас 

қысқарымдар.  Ш.Құрманбайұлы  қысқарған  сөздердің  жасалуының  төртінші  түрін 

жартылай  немесе  ішінара  қысқарымдар  деп  алған.  Осы  төртінші  түрін  ғалым 

Н.Алдашев  сыртқы  тұлғасы  бойынша  топтасқан  күрделі  атаулар  тобының 

құрамындағы  компоненттердің  бірі  немесе  екеуі  буындық  тұрғыдан  ықшамдалған, 

келесі сыңары толық алынған, тұтас бір сөз болып жазылатын тұлғалар деп алады.  



 

99 


Р.Қадырқұлова  «Қазақ  тіліндегі  қысқарған  сөздер  және  олардың  жаңа  үлгілері» 

деген  мақаласында  қысқарған  сөздердің  жасалуының  дәстүрлі  4  түрін  көрсетеді  және 

қысқарған  сөздердің  жасалу  жолдарына  тоқтала  отырып,    оларды  ықшамдаудың 

шартын ұсынып өтеді: 

1)

 

АҚ  –  Акционерлік  қоғам,  ҚР  –  Қазақстан  Республикасы,  ҒА  –  Ғылым 



Академиясы  деген  ұғымды  білдіретінін  мектеп  қабырғасынан  оқытып-үйретеді.  Бұл 

күрделі  атауларды қысқартудың бірінші тәсілі болып саналады. Алайда осы қысқарту 

тәсілі  қолданыста  жеке  айтылғанда  күрделі  атаудың  мәнін  иелене  аламайды.  Себебі, 

бұларды қысқартылған үлгі тұлғасында қосымша жалғап, басқа сөздермен байланысқа 

түсіру  қиынға  соғады  (ҚР-дың  азаматы,  ҒА-ның  қызметкері,  АҚ-тың  мүшесі  емес).  

Бастапқы  әріптерін  алу  үшін  күрделі  сөздің  құрамындағы  компоненттерінің  саны 

кемінде нешеу болуға тиіс? Егер БҚО, СҚО, ШҚО, ОҚО түріндегі қысқартулар болса, 

олардың  қай  облыс  екендіктерін  білеміз.  Ал  Алматы,  Атырау,  Ақмола,  Ақтөбе 

облыстарын  бір  ғана  АО  тұлғасында  бере  алмас  едік.  Сонымен,  күрделі  атауларды 

ықшамдаудың  бірінші  тәсілі,  яғни  сөздердің  бастапқы  әріптерін  алу  үшін  олардың 

құрамындағы компоненттерінің саны үшеуден кем болмауы шарт. 

2)

 



Бірінші  сөздің  бастапқы  буыны  мен  қалған  сөздердің  бастапқы 

дыбыстарының  алынуы.  Екінші  тәсіл  бойынша  күрделі  атауларды  ықшамдау 

құрамындағы  компоненттерінің  саны  үшеуге  толмаса,  жүзеге  аспайды.Бұл  тәсілдің 

бірінші  сөзі,  негізінен,  Мемлекет  немесе  қала  атауларының  алғашқы  шартты  бөлігі 

/буын  болуы  міндетті  емес/  болады  да,  қалған  құрамдарының  бастапқы  әріптері 

алынады. Осы тұста ескере кететін жайт – Қазақ және Қазақстан сөздерінің ықшамдалу 

ерекшеліктері.  Қолданыс  жиілігі  жағынан  Қазақ  сөзі  –  «Қаз.»,  ал  Қазақстан  сөзі  «Қ» 

түрінде  ықшамдалады:  ҚазҰПУ,  Қазмұнайгаз,  ҚазБелАз,  ҚБТУ  (Қазақстан-Британ 

техникалық университеті), ҚР ҰҒА, ҚР Ұлттық Банкі. 

3)

 



Күрделі  атауларды  ықшамдаудың  дәстүрлі  үшінші,  төртінші  тәсілдері 

айтарлықтай  өзгерістерге  ұшыраған  жоқ.  Керісінше,  бұл  тәсілдердің  қатары  жаңа 

ықшамдалулармен толықты. Олар: 

-

 



бірінші  сөздің  бастапқы  бөлшегі  мен  қалған  сөздердің  толық  берілуі: 

Қазмұнайгаз  (Қазақ  мұнай  және  газ),  Қазатомөнеркәсіп  (Қазақстанның  ұлттық  атом 

өнеркәсібі), Қазэкспортастық; 

-

 



бірінші,  екінші  сөз  толық,  қалған  сөздердің  бастапқы  бөлшегін 

алу:Жезқазғантүстімет (Жезқазған түсті металлургия), Қазақтеміртранс; 

-

 

бірінші,  екінші  сөздің  бастапқы  бөлшегі  мен  келесі  сөздің  толық  берілуі: 



Қазагроинновациялар, Еурохимтыңайтқыш, ҚазкоммерцБанк [5, 292 б.]. 

Белгілі  тілші  ғалымдарымыздың  аталмыш  төрт  тәсілдің  соңғы  үшеуінде  де 

бастапқы  буындардардың  қысқартылып  алынуы  деген  ереже  бар.  Шын  мәнінде 

буынның  қысқартылатыны  мысалдармен  дәлелденбейді.  Қазақ  сөзінің  (ҚазҰТУ) 

бастапқы  буыны  -  Қаз.  емес,  Қарағандының  да,  металдың  да  (Қармет)  алғашқы 

буындары  Қар.мен  мет.  бола  алмайды.  Яғни,  сөздердің  бастапқы  бөлшегі  (шартты 

түрде)  алынады  екен.  Күрделі  атауларды  қысқартуда  бастапқы  буындары  емес, 

бастапқы бөлшектері айтылуына, ыңғайына қарай шартты түрде алынып негізделеді. 

 

 

 



Әдебиет: 

1.

 



Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 784 б. 

2.

 



Құрманбайұлы Ш. Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер. – Алматы: Баспалар  үйі, 2013. – 296 б. 

3.

 



Алдашев  Н.М.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  қысқарған  сөздер.  Фил.  ғыл.  дисс.  авторефераты.  – 

Алматы, 1996. – 26 б. 

4.

 

Құрманбайұлы  Ш.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жаңа  атаулар  мен  қысқарған  сөздер.  –  Астана:  1С-



Сервис, 2009. – 256 б. 

 

100 


5.

 

Қадырқұлова Р. Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер және олардың жаңа үлгілері // Халықаралық 



ғылыми-тәжірибелік  конференция  еңбектері.  1-бөлім.  –  Алматы:  Қ.И.  Сәтбаев  атындағы 

ҚазҰТУ, 2011. – 290-293 бб. 

 

 

 



УДК.37.034 

 

ПАТРИОТИЧЕСКОЕ ВОСПИТАНИЕ ДЕТЕЙ И ПОДРОСТКОВ 

В УСЛОВИЯХ ДОПОЛЬНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 

 

Торопова О.В., Касенова А.И., Касенова М.Т., Малибаев К.М. 

(СКГУ им. М.Козыбаева) 

 

 



 

Развитие  юного  поколения  казахстанцев  происходит  в  условиях  быстро 

меняющегося мира. События планетарного масштаба  оказывают глубокое влияние на 

казахстанское общество через призму региональных факторов. Президент Республики 

Казахстан Н.А. Назарбаев  в Досрочном послании о развитии экономики Казахстана в 

2015-2018  годах  от  27.11.2014  г.,  подчеркнул  необходимость  сплоченности    всего 

народа  нашей  страны  перед  лицом  глобальных  испытаний,  отметил  необходимость 

сделать  наш  народ  еще  более  сплоченным,  сильными  в  духовном  плане  и  еще  более 

толерантными. 

В  связи  этим  нравственно  -  патриотическое  воспитание  детей  и  подростков 

является приоритетной задачей всей системы образования в целом и дополнительного 

образования в частности.  

Развитие  и  процветание  страны  зависит  от  силы  и  эффективности 

патриотического  воспитания,  от  того,  насколько  глубоко  идея  Родины  овладевает 

личностью, насколько ярко видит человек мир и самого себя глазами патриота. 

В  своем  выступлении  на  XII  сессии  ассамблеи  народов  Казахстана  Президент 

Республики Казахстан Нурсултан Абишевич Назарбаев сказал «Быть патриотом своей 

Родины – это носить Казахстан в своем сердце». 

Казахстанский патриотизм – это: 

 



Любовь  к  своей  стране  и  земле,  уважение  к  ее  истории  и  культуре,  вера  в 

собственные силы каждого и сплоченность всего общества. 

 

Высокое чувство сопричастности к истории ответственность за будущее своей 



страны, которое возводится сегодня. 

 



Гордость  за  успехи  каждого  соотечественника  и  желание  добиться  высот  на 

своём поприще, в чем бы оно не состояло

Проблема  патриотического  воспитания  в  современных  условиях  обретает  новые 

характеристики  и  новые  подходы  к  ее  решению,  как    составной  части  целостного 

процесса  социальной  адаптации,  жизненного  самоопределения  и  становления 

личности.  

Не  следует  забывать,  что  нравственность  -  это  не  природное,  а  приобретенное 

качество  личности.  Нравственно  зрелый  человек  должен  иметь  черты  характера,  

соответствующие  общепринятому    в  конкретном  обществе  установленному  порядку, 

норам  и традициям социальной жизни. 

Текущий год был ознаменован  несколькими знаменательными датами.  

Одна из основ нравственного воспитания - преемственность традициям и обычаям 



народов, населяющих РК. Дружба и взаимопонимание между народами  Казахстана  – 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал