Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет136/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   305
122
123
 
шығуы  төмендейді.  Əсіресе,  осындай  мелассада  гетероферменттік 
сүт қышқыл бактериялары мен лейконосток кездеседі. Кейбір стреп-
тобактериум,  бетабактериум  туысының  түр лері  спирт  өндірісінде 
қауіптілігі анықталған. Сонымен қатар бұл микроорганиздер мальтоза-
ны да ашытады; затордың крахмал ортасын қышқылдандырып, көбейе 
алады. 1964 жылы  Е.И.  Квас ников  жəне  Т.П.  Слюсаренко  спирт 
зауытындағы мелассадан гетероферменттік  жəне гомоферменттік сүт 
қышқыл бактерияларын тапқан. Бұл бактериялар ашытатын меласса 
суслосын  жоғары  белсенділікте  қышқылдандырады.  Спора  түзуші 
бактериялар мелассада үнемі болады, спирт өндіру жағдайында тез 
көбейеді,  қышқылданудан  басқа  ашытқы  клеткаларының  тіршілік 
қабілеттілігін əлсіретіп, меласса құрамындағы нитрат, нитритті, улы 
тұздарды,  азот  қышқылын  қалпына  келтіреді.  Меласса  ерітіндісін 
ашытуға  дайындау  үшін,  күкірт  қышқылымен  қышқылдандырады 
жəне  кейде  залалсыздандырғыштарды  қосады.  Бұлар  əрқашан 
тиімді  болмайды,  өйткені  заласыздандырғыштардың  көп  мөлшері 
ашытқылардың  тіршілігіне  кері  əсер  етеді,  ал  ортаның  жоғары 
қышқылдылығына кейбір қышқыл түзуші бактериялар бейімделген. 
Қант қызылшасының үстіңгі бетінде кейбір қалып қалған микроор-
ганизмдер орналасады. Олар қызылшаны қайта өңдеу кезінде мелас-
самен заторға түседі.
Су. Спирт өндірісінің технологиялық процесінде су маңызды рөл 
атқарады,  сонымен  қатар  басқа  аппараттарды  жууда,  қайнатылған 
крахмал массасын жəне ашыған қант заторын суытуда қолданылады. 
Сондықтан өндірістік мақсатқа арналған суға да, ауыз суға да талап-
тар  қойылады.  Стандарт  бойынша 1 мл  суда  жүзден  астам  микро-
организмдер болмау керек, бірақ осылардың ішінде спирт өндіруге 
қолайлы  микроорганизмдер  кездеседі.  Суға  қышқыл  түзуші  бак-
терияларды,  гомо-  жəне  гетероферменттік  сүт  қышқыл  тобының 
бактериялары  түсуі  мүмкін.  Олар  крахмал  құрамдас  шикізатынан 
дайындалған сусло да сондай-ақ мелассада дамып, ортаның жоғары 
қышқылдылығына төзімді келеді.
Судағы бактериялар санын екі əдіс арқылы биологиялық сынама 
алу арқылы анықтайды:
- судың жарамдылығын вихман əдісі арқылы бағалайды жəне ол 
бірінші бөлімде көрсетілген;
-  судағы  ашытқылардың  тіршілік  əрекетін  бағалайды  (бұл 
əдіс  спирт  зауытында  қолданылады).  Əдістің  шарты  бойынша 
залалсыздандырылған  суслоға  белгілі  көлемде  су  мен  ашытқыны 
құяды.  Орта 48 сағат  бойынша 28-30
о
С  ашыған  соң,  колбадан  сы-
нама  алып  микроскоп  астында  қышқылдылықты  анықтайды.  Егер 
колбадағы  бактериялардың  қышқылдылығы  бақылауға  сəйкес 
жоғары болмаса, онда суды жарамды деп есептейді.
Ашыту  процесінде  судан  пішен  жəне  картоп  тобына  жататын 
қант  ортасында  жақсы  көбейетін  спора  түзуші  бактериялар  та-
былады.  Олар  ашытқылардың  зат  алмасуына  кері  əсерін  тигізеді. 
Инфекцияның  ошақ  көзі  айналымдағы  су  болып  табылады.  Яғни, 
қайнаған массаны суытуға қолданылатын су. Айналымдағы суды ап-
параттарды жуу үшін қолданады. Айналымдағы судан инфекцияның 
екінші  түрі  пайда  болуы  мүмкін.  Көбінесе  айналымдағы  суда 
ашытқылардың  негізгі  культурасы,  сонымен  қатар  ашытқы  тəрізді 
саңырауқұлақтар  туысына  жататын  торулопсус  пен  кандида; 
қышқыл түзуші бактериялар гомо жəне гетероферменттік тобының 
сүт қышқыл бактериялары жиі кездеседі. 
Ауа. Спирттік ашу – бұл процесс оттегінің қатысуынсыз жүреді, 
тек ашытқыларды көбейту үшін белгілі мөлшерде (1 м
3
 сұйықтыққа 
2-3  м
3
)  ауа  жіберіледі.  Дегенмен  ауаның  инфекциясы  спирт 
өндірісінде үлкен мəн берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет