Жемістер мен көкөністер. Картоп, тамыр жемістілер,
қырықжапырақ өсуі кезінде паразитті саңырауқұлақтармен
зақымдалса, осы зақымдалып бұзылған жемістер мен көкөністердің
бұзылғандарын сақтағанда, сапрофитті саңырауқұлақтар мен бак-
териялардан да қайтадан зақымдалады. Кейбір тамыр жемістілер,
түйнек жемістілер мен жапырақты көкөністер, биологиялық циклінің
бітпегеніне байланысты төзімді болады.
Тамыр жемістілер орамжапырақ. Бұл
көкөністердің
түрлерін сақтағанда «ақ шірумен» жиі зақымданады. «Ақ шірік»
саңырауқұлағының
қоздырғышына
склеротиния
либертиана
(Sclerotinia libertiana) жатады. Көкөністерді ақ, мақта тəріздес
үлкен налеттермен қаптап алады. Бұл саңырауқұлақтың өлген ста-
диясында көкөністерді сақтағанда инфекция жылдам таралады.
Саңырауқұлақтармен зақымдалған көкөністер тіні жұмсарып, жыл-
дам сілемейлі массаға айналады. Бұл саңырауқұлақ қиярлар мен
кəділерді де зақымдайды.
«Сұр шірік» – Botrytis cinerea саңырау құлағымен зақымдалған көкө-
ністердің беті сұр басып, қабыршақпен
қапталады. Көкөністер тіні қарайып
кетеді. Конидия лар ауамен тез тарал-
ғандықтан, саңырауқұлақтар жылдам
əрі оңай көбейеді. Осы тұқымдастың
басқа түрі ботритис аллии (Botrytis allii)
сарымсақты сақтау кезінде зақымдайды.
«Мойын шірік» əдетте сарымсақты
сақтау алдында нашар кептірілгеннен
болады. Дымқыл ауа райында бұл ауру
егістіктегі сарымсақтарды зақымдайды.
Сарымсақтың беткі бетінде сұр на-
лет пайда болып, сөлді шырынды тіні жұмсарып, бұзылады. Та-
мыр жемістілер мен орамжапырақтарды сақтауда жиі «қара шірік»
зақымдайды, олардың қоздырғыштары жетілмеген саңырауқұлақ
Alternaria radicina (альтернария радицина). Осы саңырауқұлақ пен
зақымдалған көкеністер, көбіне сəбіздерді зақымдап, жасыл үлпілдек
налет жасайды. Саңырауқұлақ вегетативті көбейіп, көп клетка-
лы конидиядаларды тудырады. Конидиялар сау көкөністерге жыл-
дам жұғып, көп мөлшердегі тамыр жемістілерді ауруға ұшырады.
Кейбір көкөністердің түрлері бактериялық бұзылуға (бактериозға)
шалдығады. Бактериялар əдетте көкөністердің шырынының рН-ын
бейтараптандырып, жұқа қабығын тез бұзып жəне піспегендерін
зақымдайды. Бұларға асқабақ көкөністері, қиярлар, кəділер мен
қызанақтар, тамыр жемістілер (сəбіз) жатады. Қиярлар мен кəділерді
көбіне (Pseudomonas burgeri) спор түзбейтін таяқшасы зақымдайды.
Жемістін бетінің сулы ортасына қара дақ пайда болып, жайлап
жемістін тінін құрта отырып ішіне жайылып алып, соңында жемісті
сулы шіріген массаға айналдырып құртады. Спора түзбейтін Erwinia carotovora жылжымалы таяқша «сулы шірік» тудырып көптеген
көкөністер сəбіздер, қызанақтар, қырықжапырақтарды зақымдайды.
Ал қызанақтарды спора түзбейтін Pseudomonas persicum Burg. таяқшасы зақымдаса, кəділерді картоп таяқша бактериялары
зақымдайды.