Жеміс-жидек қалдықтарынан сірке өндіру Құрамында қажетті мөлшерде қанты (8%-дан кем емес)
бар қалдықтардан сірке өндіріледі. Қант жəне басқа ерігіш
шикізаттардан ыстық сумен алады. Суслоны пастерлейді жəне
ашытқылардың қатысуымен спирттік ашуға ұшырайды. Алынған
виноны ашытқының тұнбасынан анықтайды, пастерлейді жəне сірке
қышқыл бактерияларының көмегімен сіркеге айналдырады.
Соңғы жылдары жеміс-жидек қалдықтарынан, арнаулы ап-
парат генераторларында сірке өндірудің циркуляциялық əдісі
ұсынылған. Сусло, спирт құрамының 9-11% құрайды, спирт
сіркеге тотыққанша үздіксіз генераторларда айналады. Дайын
сіркені құйып алып жаңа сусломен ауыстырады. Циркуляцияға
қарағанда тотығу қысқа болады. Жеміс-жидек қалдықтарынан сірке
өндірудің жұмысшы агенттері сірке қышқылды бактериялар. Бұлар
– аэробты, жинақталған массаның бетінде шырышты өңез түзеді.