науқасты Бронхографияға дайындау
Бронхография – тыныс алу (бронхтардын) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу.
Мақсаты: бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтарменқатынасты қуысты ісіктерді анықтау.
Қолдану көреетілімдері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері және т.б.
Қарсы көрсетілімдері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы,өкпеден қан кету.
Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакциялар.
Бронхографияны дәрігер жүргізеді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз.
Алда болатын зерттеудің мақсатын,барысын және мағынасын науқасқа түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.
Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шегуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі).
Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз.
Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты орындыққа отырғызыңыз.
Жоғарғы тыныс алу жолдарын мұрын арқылы (ауыз) жансыздандыру үшін қажетті заттарды дайындаңыз.
Анестетикті ауыз жұтқыншаққа тозаңдатыңыз (шашыратып себіңіз).
Бронхтын тесігіне жергілікті жансыздандыру жүргізу үшін йодолипол контрасты затын енгізіңіз.
Ренген кабинетінде науқасқа көп сериялы суреттер жасалады, рентген кабинетінен мейірбике шығады.
Науқасты палатаға апарыңыз.
Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау
Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрастызаттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентгенсәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазанмен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау.Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенін орналасқанжерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональдыжағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |