Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.
Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
Болжамды тесетін жерді 5 йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.
Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сезбеу) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырына тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.
Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізеді және ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.
Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.
Зертханалық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтін ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.
Шприцке сорып алынған антибиотикті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз.
Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.
Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен желімдеңіз.
Кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз, плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баялау үшін және талықсудың дамуын ескерту.
Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцті, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.