МЕНІҢ ҰСТАЗДАРЫМ
Көптеген мұғалімдер өз сабақта-
рын әзіл араластыра, жекімей-ақ
жүргізіп, студенттердің сүйіспен-
шілігіне бөленді.
Мысалы, Г. Д. Тагесовтың реттеу
жүйелерін құру мен салу жөнін-
дегі лабораториялық жұмыстары
өте күрделі сабақтар жеңіл түрде
беріліп, лезде санаңа құйып алуға
болатын ерекше мүмкіндігімен есте
қалды.
Мамандыққа кіріспені жүргізген
профессор К. Донцовтың сабақта-
рын мүлде ұмытуға болмайды. Егде
жасқа келіп қалғанына қарамастан,
бұл ғалым өзінің өндірістік тәжіри-
бе алу кезінде алған әсерлерін қы-
зықты айта отырып, сабақты тама-
ша өткізетін. Оның жастардың әзілі
мен көңіл- күйін түсіне білу деңгейі
кәсіби психолог немесе әртістің
шеберлігінен кем түспейтін.
«АРТЫҚ» ЕШТЕҢЕ ЖОҚ
Тәжірибе кезінде автоматты реттеу,
бақылау-өлшеу аспаптарымен
жұмыс жасау және буль алгебрасы
жөніндегі білімдеріміз пайдаға
асты. Алайда автоматтандыру
жөніндегі инженер өз мамандығы-
на ғана қатысты жайттарды емес,
басқарып отырған үдерістерге
қатысты барлық аспектілер туралы
да хабардар болуы тиіс. Сондықтан
гидравлика, термодинамика, көмір-
сутегі шикізатын өңдеу технологи-
ясы, қолданбалы және теориялық
механика секілді пәндер автомат-
тандыру жөніндегі инженерге
мұнай, газ және ішінара химия
саласындағы өзге үдерістер туралы
хабардар болуға септігін тигізетін.
Әрине, өндіріске еш қатысы жоқ
сабақтар да болды. Мысалы, «КСРО
тарихы» немесе философия пән-
дерін айтуға болады. Алайда уақыт
өте келе әрбір адам философқа
айналып шыға келеді. Рас, Гегель
диалектикасы мен Фейербахтың
материализмі каскадты реттеудің
Мұнайлы Грозный еді білім берген...
1992 ЖЫЛЫ АКАДЕМИК М. Д. МИЛЛИОНЩИКОВ АТЫНДАҒЫ ГРОЗНЫЙ МҰНАЙ ИНСТИ-
ТУТЫН ТӘМӘМДАҒАН СОҢ, «ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ
ЖӘНЕ КЕШЕНДІ МЕХАНИКАЛАНДЫРУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДИПЛОМ АЛДЫМ.
ГМИ-дегі
студенттік өмір
Студенттік көктем сәтінен
Евгений Шинкарь
www.cpc.ru
АЛЬМА-МАТЕР
27
www.cpc.ru
АЛЬМА-МАТЕР
26
Панорама КҚК
желтоқсан 2016
Панорама КҚК
желтоқсан 2016
Одағының Батыры, бес бірдей
Социалистік Еңбек ері, Сталин,
Ленин сыйлықтарының лауреатта-
ры мен КСРО Министрлер Кеңесі
Мемлекеттік сыйлығының, басқа да
халықаралық сыйлықтардың иегер-
лері баршылық. Грозненск мұнай
институты барлау, бұрғылау мен
мұнай-газ кен орындарын зерттеу
геологиясы ғылымының, мұнай
өңдеу мен мұнай-химия ғылымы-
ның дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Жоғарғы оқу орны өндіріс, кәсіп-
орын басшылары мен ірі ғалымдар-
ды даярлап шығарды. Олардың
қатарында КСРО Мұнай өнеркәсібі
министрлері – Н.А.Маль цев пен
Л.Д.Чурилов, КСРО Мұнай-химия
мен мұнай өңдеу өнеркәсібі мини-
стрлері В.С.Федоров пен С.Н.Хад-
жиев, РФ Геология министрі
Д.Л.Федоров, КСРО Басгаз басшысы
А.Т.Шмарев, КСРО-дағы ірі «Глав-
Тюменьнефтегаз»-дың басшысы
В.И.Муравленко, КСРО ҒА акаде-
миктері М.Д.Миллионщиков пен
А.А.Дородницындер бар.
ГМУ-да танымал ұстаздар мен
ғалымдар дәріс берді. Н.П.Буто-
рин, М.Д.Тиличеев, А.Н.Саханов,
С.Н.Обрядчиков, Н.Т.Линдтроп,
И.С.Голомшток, В.Н.Щелкачев,
Б.К.Америк, Б.П.Жищенко, И.О.
Брод, В.С.Федоров, А.М.Багаев,
Ф.Д.Зенков, С.С.Итенберг, П.П.За-
баринский, А.И.Гужов, С.М.Кагер-
манов, Я.В.Мирский, Б.К.Лотиев,
Г.Б.Пыхачев, М.Н.Смирнова,
Л.Е.Симонянц, Б.Н.Башилов,
А.В-А.Саидов, С.А.Благонравов,
Ш.С.Абрамов, М.М.Алексан-
дров, А.П.Гришин, Н.И.Лейбман,
К.М.Дон цов, В.Г.Беликов, Т.Д.Дах-
кильгов, А.И.Божедомов, П.И.Юсу-
пов, О.А.Мамаев, Ю.А.Стер ленко,
А.С.Керамиди, А.К.Ма новян,
В.Х.Межидов, И.Е.Кат рышев,
М.М.Магомадов, Г.А.Айрапетов,
Н.Г.Махуков, Р.Л.Зомбе, В.С.Твер-
цын, И.А.Баширов, А.И.Втюрин,
Н.А.Колесников, Н.А-В.Тепсаев
және басқаларды ерекше атап ай-
туға болады.
Мен ГМУ-да оқыған жылдары
институт құрамында 8 факультет,
35 кафедра, 4 өндірістік зертхана,
есептеу орталығы, аспирантура
мен ғылыми-техникалық, көркем
әдеби қорында жарты миллионға
жуық кітабы бар үлкен кітапханасы
бар болған. Ол кезде ГМУ-да 6000-
нан астам студент білім алатын.
Кәсіби тұрғыда институт маған көп
дүние үйретті.
Оқып жүрген кезде кей пәндер
студентке басы артық күш түсіруге
арналғандай көрінетін. Бүгінде,
арада біраз жылдар өткен кезде әр
маманға өз кәсіби білімінен бөлек
жалпы дүниетанымы үшін кез кел-
ген ғылымның еш артықтығы жоқ
екенін түсінгендейміз. Жоғары оқу
орнының түлегі барлық саладан
хабардар болып, кез келген тақы-
рыпта әңгіме өрбіте алатындай
деңгейде болуы қажет екен.
Көңілге кірбің түсіретін жайттар
да жоқ емес. XX ғасырдың соңында
Шешен Республикасындағы екі
әскери компания ГМИ-ге (бүгін-
гі Грозненск мемлекеттік мұнай
техникасы университеті – ГММТУ)
айтуға ауыз бармайтын зиян кел-
тірді. Әсіресе оқытушылар құрамын
айтсаңызшы... Көп жылдар бойы
қалыптасқан ГМУ-дың мақта-
ныштары жоғары білікті ұстаздар
ұжымы еді ғой... Ғимаратты жөнде-
уге, қайта тұрғызуға болар, мате-
риалдық база құру да қиын емес.
Алайда ГМУ-да салтанат құрған сол
ұстаздар рухын қайтадан көтеру
қолдан келе ме?!.. Енді білім орда-
сының қабырғасында профессор
оқытушылар, бір мүддеге қызмет
ететін ұлы ұстаздар қауымын даяр-
лауға қаншама жылдар қажет... Ал
біз жақсылықтан үміт үзбейік.
Гапур Кужуев,
«Комсомольская» МАС-ң бастығы
Институтта оқыған жылдарымды
еске алғанда, шындығын айтсам,
екіұдай күйге түсемін. Бірге оқыған
жора-жолдастарым, олармен бірге
өткізген демалыстарымыз, спорт-
пен шұғылданғанымыз, қойған
концерттеріміз, бәрі-бәрі әлі күнге
дейін маған тым ыстық...
Біздің ГМУ-да әсіресе спорт жағы
қатты дамыған еді. Студенттер
арасында ел чемпиондары, халық-
аралық турнирлердің жүлдегерлері,
КСРО спорт шеберлері, спорттан
халықаралық класс шеберлері
жетерлік еді. Бокстан «Буревестик»
ОК құрамасына біздің универси-
теттен 8 бірдей спортшы кіргенін
айтса да жетіп жатыр. Ол үшін сту-
денттерге барлық жағдай жасалған
еді. Студенттердің арнайы спорт
сарайы, спорт алаңдары, тіпті
Қара теңіз жағасында орын тепкен
Агой ауылында арнайы спорт-
тық-сауықтыру лагері, сондай-ақ
Шешен-Ингушетия мен Солтүстік
Осетияның аумағында арнайы
демалыс орны болды.
Бірақ комбайнның сызбасын сы-
зып, курстық жобаларды жазып,
күнделікті коллоквиумға дайында-
лып отыратын түндерді еске алсам,
бүгінде соның бәрі артта қалғаны-
на қуанамын. Теледидардан сол
жылдары жастардың сүйікті ермегі
болған хоккей мен бокстан әлем
біріншілігін көрсетіп жатады, ал
сен теледидар алдына жайғасып
отырып тамашалай алмайсың. Дәл
сол шақта біз «қашан оқуды бітіріп,
өндірісте жұмыс істейді екенбіз?
Ертеңгі сабаққа немесе емтиханға
дайындалып қиналмайтын едік»
деп армандаушы едік. Бірақ бүгінгі
әңгіме ол туралы емес. Сіздерді
даңқты әрі біздің сүйікті ГМУ-бен
жақынырақ таныстырғымыз келеді.
Жоғары оқу орнының құрылу
тарихынан аздап сыр шертелік.
Мұнай саласы ұлттандырылғаннан
кейін елде осы саладағы өз ма-
мандарын даярлау керектігі өткір
мәселе боп күн тәртібінде тұрды.
Халық комиссарлары Кеңесінің
қаулысына сәйкес 1920 жылы 1-та-
мызда Грозненск жоғарғы мұнай
техникумы құрылды. Оқу орнын-
да алғашқы жылдары - тау-кен
мұнайы, мұнай химиясы, электрлі
техникалық, есеп жүргізу эконо-
микалық бөлімдері және төмен
(жұмысшылар үшін) – өндірістегі
тау-кен мұнайы, зауыттардағы
мұнай химиясы, қаладағы меха-
никалық және құрылыс бөлімдері
болды. 1929 жылы Грозненск
мұнай техникумы Грозненск
мұнай институты атанды. Білім ор-
дасы мұнай өнеркәсібінің маман-
дарын даярлайтын нағыз ұстаха-
наға айналды .
ГМУ туралы таң атқаннан, күн
батқанға дейін тоқтамай айтуға бо-
лады. Қаншама жақсы ұстаздар мен
дарынды түлектер болды десеңізші!
ГМУ түлектерінің арасында Кеңес
ГМУ: кеше мен бүгін
КҚК-ДАҒЫ ҚЫЗМЕТІМДІ МЕН 2001 ЖЫЛЫ 8 НАУРЫЗДА «КОМСОМОЛЬСКАЯ» МАС-НЫҢ
АУЫСЫМ БАСШЫСЫ БОЛУДАН БАСТАДЫМ. АЛҒАН БІЛІМІМЕ КЕЛЕР БОЛСАҚ, 1979 ЖЫЛЫ
АКАДЕМИК МИЛЛИОНЩИКОВ АТЫНДАҒЫ ГРОЗНЕНСК МҰНАЙ ИНСТИТУТЫНЫҢ МҰНАЙ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІН «ОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МҰНАЙ ХИМИЯСЫ СИНТЕЗІНІҢ
НЕГІЗГІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІТІРДІМ.
Сызба комбайны, курстық жобаларға,
күнделікті коллоквиумдарға күн демей,
түн демей дайындалатынбыз
Гапур Кужуев
www.cpc.ru
www.cpc.ru
28
29
Панорама КҚК
желтоқсан 2016
Панорама КҚК
желтоқсан 2016
АЛЬМА-МАТЕР
АЛЬМА-МАТЕР
Тайсойған шатқалында қарапай-
ым шаруаның отбасында дүниеге
келген. 20 жасына дейін байдың
бақташысы болған. 1918 жылы
мектепке барып, сауат ашқан.
1927 жылы Орынборда
жұмысшы факультетін,
ал 1936 жылы Бакин
өнеркәсіп академиясын
бітірген. Талай жыл
Мақат бұрғылау кеңсесінде
бұрғылаушы боп еңбек етті.
1932-1934 жылдары Гурьев
мұнайшылар кәсіподағы-
ның облыстық комитетінде
төраға болған. 1936-1944
жылдары Сағыз бен Бай-
шунаста мұнай кәсіпорны-
ның директоры болды. Ұлы
Отан соғысы жылдары Мақат
ауданында «Жолдыбай» бар-
лау жұмысында бастық болып,
ал соғыстан кейінгі жылдары
Мақат мұнай кәсіпорны цехында
басшы, қауіпсіздік техникасы
бойынша инженер, «Қазмұнай-
барлау» бұрғылау тресі басшы-
сының орынбасары болып қызмет
етті. 1953 жылдың жазында бұрғы-
лау мұнарасынан 20 метр биіктікке
фонтан боп мұнай атқылаған кезде
Тереңөзек мұнай барлау ісінде ба-
стық болған.
Атамыз құрметті зейнет демалысы-
на 1957 жылы шықты. Ол «Еңбек
Қызыл ту» орденімен, «1941-1945
жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезін-
де ерлік еңбегі үшін» медалімен,
«Ерен еңбегі үшін», «В.И.Лениннің
100 жылдығы мерекесіндегі еңбегі
беру ісі ҚОҚ мемлекеттік органдары
тарапынан еш сөгіссіз, ескертусіз
өтуде. Мердігерлер мен қосалқы
мердігерлердің ҚОҚ мемлекеттік
органдарының талаптарына сай
жоспарлы тексеру Актлерінде «Еш
тәртіп бұзылмаған!» деп белгіле-
неді.
БІЛІМ – ЗОР КҮШ!
Өзім оқыған оқу орынын алғыс айта
отырып, еске аламын. ММХ және
ГӨИ ұстаздарының жұмыс тәжіри-
бесі де, ғылыми білімі
де, сондай-ақ педо-
гогикалық таланты
да жоғары еді. Газ
бен мазутты пай-
далану кафедра-
сының меңгерушісі,
техника ғылымда-
рының докторы,
профессор Марк
Борисович Равич
лекциясын «Құрметті
әріптестер!» деген
сөзден бастайтын.
Осы кезде біз өзімізді
кәдімгідей қатардағы
маман, инженер сезініп
арқаланып қалатынбыз.
Бұл бізді лайықты білім
алуға ынталандыратын.
Марк Борисович кафе-
драның барлық ұстазда-
рының тәлімгері, ақылгөй
адам еді. Ол бізге көп нәрсе үйретті.
Оқып жүргенде студенттерге кей
пәндердің еш қажеті жоқ секілді
көрінетіні бар. Сол пәндердің бірі
материалтану деп білетінбіз. Ал
тәжірибеде менің өзіме осы пән аса
қажет болды. Кеңейту жобасының
аясында 88 шақырымдық мұнайқұ-
бырын салу құрылысында, дәлірек
айтсақ, құбыр жүргізу құрылысы-
ның консервациясында мен соны
байқадым. Ойланып қарасақ, жоға-
ры оқу орнында басы артық пәндер
болмайды екен.
Ресей мемлекеттік Университетін-
де, оқуды бітіргеннен кейін екі рет
болдым. Бірінші рет - 17 жылдан
кейін, үлкен қызым РМУ-не түскен-
де, екінші рет –кіші ұлым студент
атанғанда. Білім ордасы қатты
өзгерген. Кафедралар жетілдірілген,
жаңа пәндер пайда болған, оқыту
үрдісі өзгерген. Оқу сапасын жақ-
сарту мақсатында топтар өзара
ішінен бөлінген. Біз оқыған кезде
осы өзгерістерді армандаушы едік.
Өйткені біздің кезімізде бір топта
студенттер саны көп болғандықтан
зертханалық, курстық, бақылау
жұмыстарын қорғауғажәне сынақ
тапсыруға көп уақыт кететін.
МҰНАЙШЫ ӘУЛЕТТІҢ
НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Мен әулетіміздің үшінші буын
мұнайшысымын. Бұл жолды бала-
ларым да таңдады. , Олар - атамыз
Әбіш Сүлейменұлы Сүлейменовтен
бастау алған мұнайшы әулетіміздің
төртінші буыны. Әбіш Сүлейменов
1897 жылы Гурьев облысының
ЖОО ЭКОЛОГТАР
ДАЯРЛАДЫ
Мен ММХ және ГӨИ-на сонау Кеңес
одағы кезінде түстім. Ол кезде
жоғары оқу орындарына жұмысшы
жастарды кәсіпорындар жіберетін.
Олардың кәсіби білікті маман ретін-
де оралып, кәсіпорынның дамуы-
на үлес қосқанын қалайтын. Бұл
жастар үшін жоғары білім алудың
бірден бір мүмкіндігі еді.
ММХ және ГӨИ КСРО кезінде ең
беделді жоғары оқу орны саналды.
РМУ Қазір де әлемге танымал, әрі
жоғары бағаланады. Шетелде білім
алған студентке Қазақстандағы
мұнай компаниясына жұмысқа
тұруы үшін қосымша білім алуға
мәжбүр болғанын білем. Нәтиже-
сінде ол өз елімізде оқып, екінші
дипломын алды.
Кеңес үкіметі кезінде өндірістегі
экология мәселесіне қазіргідей
назар бөлінбеген еді. Соған қара-
мастан ММХ және ГӨИ экологияға
бағытталған мамандарды дайын-
дады. Олар бірақ инженер-жылу
энергетика мамандығы бойынша
даярланды. Ал іс жүзінде бізді бола-
шақ эколог ретінде оқытты. №0308
мамандығымыз «Газ бен мазут
алу, қоршаған ортаны қорғау» деп
аталатын.
Біздің институтымыз дәстүрлі
түрде түлектердің кәсіби біліктілі-
гі жоғары маман болуына лайық
деңгейде білім береді. ММХ және
ГӨИ-н тәмамдаған мамандардың
басым бөлігі«ҚазМұнайГаз» Ұлттық
компаниясында, Мұнай өнеркәсібі
министрлігінде, Қазақстанның ірі
мұнай өндіріс ошақтарында қызмет
етеді. Мысалы, ҚР тұңғыш Мұнай
өнеркәсібі министрі Р.Т.Чердаба-
ев, МАС-ның Кеңейту жобасының
алғашқы үйлестірушісі А.К.Сәр-
сенбаев, «КҚК-Қ» АҚ аймақтық
менеджері С.И. Мұрынов, «КҚК-Қ»
АҚ Атқарушы директоры М.С.Қара-
балин.
Жеке өз басымды алсам, маған ин-
ституттың бергені мол. Жоғары оқу
орнын тәмамдап, бұрынғы ұжымым
– «Ембімұнай» өндірістік бірлестігі-
не қайта оралып, мұнай өндірісін-
дегі экологиялық бағыттың қалып-
тасуына қатыстым. Қоршаған орта
компоненттерін зерттеп, мұнайды
өндіру,дайындау және тасымалдау
және тағы да басқа жағдайда пайда
болатын экологиялық мәселелерін
басқардық.
ММХ және ГӨИ-да алған, талай
жылғы жұмыс тәжірибеммен бірге
шындалған кәсіби біліктілігімді бү-
гінде КҚК Кеңейту жобасының жұ-
мысында пайдаланамын. Салынған
нысандар мен оны пайдалануға
Мұнайшылар әулеті
И.М.ГУБКИН АТЫНДАҒЫ РЕСЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІН ТӘМАМДАДЫМ.
БҰРЫНДАРЫ ОЛ И.М.ГУБКИН АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МҰНАЙ-ХИМИЯ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНЕРКӘСІБІ
ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ ТАНЫЛҒАН. АТА-АНАМДА, БАЛАЛАРЫМ ДА ОСЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ
ОРНЫНДА БІЛІМ АЛДЫ.
Ортасындағы – Доссормұнай МГӨБ
бас механигі Руслан Сүлейменов.
60-жылдардың басы.
Руслан Сүлейменов анасы Нұрсұлумен.
1951 жыл
Ғалия
Сүлейменова
– И.М.Губкин
атындағы
Мәскеу мұнай
институтының
студенті. 1952
жыл.
«Теңіз» кен орнында ұңғымыларды сынақтан өткізіп, мұнай бөлінуін
қамтамасыз ететін алғашқы қондырғынын құрған «Ембімұнай» бірлестігінің
ИТЖ құрамы. 1981 жыл, шілде.
Айжарық пен Айтбай Кенжалиевтер
www.cpc.ru
www.cpc.ru
30
31
Панорама КҚК
желтоқсан 2016
Панорама КҚК
желтоқсан 2016
АЛЬМА-МАТЕР
АЛЬМА-МАТЕР
Институт студенттерге өмірде
аса қажет болмаған білім берді
ме? Қазір қарап отырсақ, КПСС
тарихы, ғылыми коммунизм
бойынша Лениннің, Маркстың,
Энгельстің еңбектерін сол қатарға
жатқызуға болады. Бірақ кез-кел-
ген адамның дамуы үшін, ой-
өрісінің кеңеюі үшін философия
артықтық етпейді. Өндірістегі өз
жұмыс тәжірибеме сүйене отырып
айтсам, мұнай саласындағы ең
беделді әрі талапқа сай оқу орын-
дары деп посткеңестік кеңістік-
тегі И.М. Губкин атындағы Ресей
мемлекеттік университетін, Уфа
мемлекеттік мұнай технологиясы
университеті мен Иван Франков-
ский атындағы мұнай және газ
ұлттық университетін атар едім.
Самат Бекмұрзиев,
КҚК-Қ кеңейту жобасының
құжат қабылдау-тапсыру ісі
жөніндегі аға маманы
Бұл жоғары оқу орнын 1955 жылы
менің әкем Сақтапберген Бекмұр-
зиев үздік бітірген. Білім ордасы
осы үшін де маған ыстық. Дәл осы
жерде 1976-1981 жылдары менің
жұбайым Вера Александровна да
білім алды. 1981 жылы ММУ-нің
Бутлеров көшесі, 3-тегі жатақхана-
сында Вера екеуміздің комсомол
жастарына лайық көңілді тойымыз
өтті.
Жоғары оқу орнында терең әрі
жүйелі білім алғанымыздың
арқасында құбыр жүргізу құрылы-
сында, оны пайдалану жобасында
талай жыл табысты қызмет еттім.
Осы күні де өзіміздің сүйікті ин-
ститутымызды алғыс айта отырып,
мақтанышпен еске аламыз. Физи-
ка (доцент И.Н. Володина), химия
(доцент С.Я. Шалыт), термодина-
мика (проректор, профессор Пор-
шаков), грунт механикасы (декан,
профессор П.П. Бородавкин),
газ-мұнай құбырын салу (студент-
тер «МС анасы» атап кеткен до-
цент Л.П. Скугорева), гидравлика
(профессор Ротенберг) пәндерінен
жақсы әсер алдық.
Ең мықты ЖОО
институт бітіргенін күтіп, кейін
И.М.Губкин атындағы Мәскеу
ММХ және ГӨИ-не «Металл кесетін
құрал-саймандар» мамандығы
бойынша білім алған. . Жоғары оқу
орнын аяқтаған соң 1985 жылы өз
еңбек жолын Гурьев қаласындағы
Петровский атындағы зауытта
темір ұстасы боп бастап, кейін
кәсіпорынның бас механигінің
бөліміне ауысты. 1990 жылы оны
«Ембімұнай» өндіріс бірлестігінің
жүйесіне жұмысқа шақырды. Сол
жерде 2003 жылға дейін ӨҚкОБ
өндірістік техникалық бөлімінде
орынбасар, «Доссормұнайгаз»
мұнай өндіру кәсіпорнында бас
механик болды. Қазіргі уақытта
жұбайым - Атырау МӨЗ-нда метал-
лқұрастыру ісінің маманы.
Қыздарымыз Айгүл мен Әйгерім де
біздің жолымызды қуып, И.М.Губ-
кин атындағы РМУ-ін 2002, 2003
жылдары бітіріп, мұнайшы атанды.
Айгүл – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық
компаниясында менеджер, ал Әй-
герім – құрылыс компаниясының
өндірістік техникалық бөлімінде
инженер. Ұлымыз Асылхан сол
РМУ-нің «құбыр жүргізу көлік жүй-
есін жобалау, салу және пайдалану»
факультетінде екінші курста оқиды.
Үлкен ұлымыз Аслан әкесінің
жолын қуып, «Атыраумұнаймаш»
зауытында темір ұстасы боп еңбек
етеді.
Айжарық Кенжалиева,
КҚК-Қ Кеңейту жобасы ҚОҚ
тобының маманы
диплом алып, Доссор мұнай
кәсіпорнына келеді. «Қазмұнайбар-
лау» тресінде ЖЭБ бастығы, инже-
нер-экономист боп жұмыс істеді.
1969 жылы оны Мақат аудандық
халықтық бақылау комитетінің
төрайымы етіп сайлаған. 1974
жылға дейін анам халық депутатта-
ры Мақат аудандық кеңесі төраға-
сының орынбасары болды. 1980
жылы анам Мақат аудандық атқару
комитетінің төрайымы, 1983 жылы
«Доссормұнай» МГӨБ-нде партком
хатшысы боп қызмет етті. Анамның
мұнай саласына сіңірген еңбегі
Ленин ордені, Құрмет белгісі ордені
секілді үкіметтік марапаттармен
еленді.
Ал әжем Сүлейменова Нұрсұлу
Меңешқызы бар мейірімін неме-
релеріне төкті (біз отбасында үш
баламыз), қажыр-қайратын бізді
тәрбиелеуге жұмсады. Отбасының
ұйытқысы болды, атамызға қол-
дау білдіріп қана қоймай, ұлының
шаңырағын қамқорлыққа бөледі.
Ұлы Отан соғысы жылдары БКП-
на кіріп, партия қатарында жарты
ғасырдай болғаны үшін арнайы
төсбелгімен марапатталған.
КЕНЖАЛИЕВТЕР
Жұбайым Айтбай Кенжалиев
мектеп бітіргеннен кейін бірден
институтқа түсе алмады. Өйткені
қартайған әкесін жалғыз қал-
дырғысы келмеген. Бауырының
үшін» медальдарымен, екі дүр-
кін Қазақ КСР Жоғары кеңесінің
мақтау қағазымен маратапат-
талған.
БІЗ – ГУБКИНДІКТЕРМІЗ
Менің әкем Атырау облысының ту-
масы Сүлейменов Руслан Әбішұлы
отбасымыздағы алғашқы губкиндік
десек болады. 1956 жылы инже-
нер-механик дипломын алып,
елге оралған ол, еңбек жолын
құрастыру цехында темір ұстасы
болып бастаған. Кейін Петровский
атындағы машина құрастыру зауы-
тының (қазіргі «Атыраумұнаймаш»
зауыты) механикалық цехында
шебер болған. оның мұнай сала-
сындағы өмірбаяны 1957 жылдан
бастау алады. Әкем көп жылдар
бойы Доссор, Мақат, Сағыз, Қош-
қар, Комсомольск секілді бес
өнеркәсіп кіретін, мұнай өндірумен
айналысатын «Доссор» басқар-
масында қайта құрылған мұнай
кәсіпорында бас механик боп еңбек
етті. Қалтқысыз қызметі үшін ол
«Еңбек Қызыл ту» орденімен және
«КСРО мұнай өнеркәсібі құрмет
грамотасымен» марапатталған.
Мұнай өнеркәсібіне қосқан үлесі
үшін әкем ҚР Президенті Нұрсұл-
тан Назарбаевтың қолынан Құрмет
грамотасын алған.
Әкем өз тәлімгерлерін жиі есіне
алып отыратын. Ол Доссор ауылы-
на жас маман болып алғаш кел-
генінде Арон Қаплан және Бөлек-
бай Сағынғалиев сынды мықты
жетек шілермен, МГӨБ шеберлері
Қайырғали Жылқышиев, Жетпіс
Ботабаев, Августа Квашенкина, Ген-
надий Соловьевтердің қасында жұ-
мыс істеу бақытына ие болады. Осы
уақытта алған тәжірибесі өте мол.
Мысалы, Николай Шайхудинов
түйіндердің дыбысынан-ақ трактор-
дың қай жері бұзылғанын анықтай
алады екен... Әкем өз істеріне
қалтқысыз берілген жандардың
ортасында еңбек етті. «Біз ешқашан
уақытпен санасқан емеспіз. Қоңы-
рау түссе болды, түнгі сағат 3 болса
да жұмысқа шықтық. Ұңғыма іске
қосылғанда тәулік бойы үзіліссіз
еңбек еттік. Жұмысты аяқтамай
үйге қайтпайтынбыз. Отанға керек
мұнай үшін күрес, өндіріс ырғағы
осылай жүретін» деп айтып отыра-
тын әкем.
Достарыңызбен бөлісу: |