«ЖАҢа адамзат» жобасы дағдарыс біздің игілігіміз үшін


 Тарау Табиғат заңдарына бағыну



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата12.03.2017
өлшемі314,31 Kb.
#9268
1   2   3   4   5

Тарау

Табиғат заңдарына бағыну

        

Егер мақсат дұрыс қойылмаса, қудалауды

        дұрыс жүргізу мүмкін емес.

Фрэнсис Бэкон.

1

Өмір мақсаты

Табиғаттағы әрекет ететін және оның тіршілік етуін қолдайтын жалпылама 

күш альтруисттік болып табылады. Ол табиғаттың барлық құрамдастарын бір 

дененің   мүшелері   сияқты,   тепе-теңдікте   және   үндестікте   қызмет   етуге 

міндеттейді. Осы шартты жүзеге асыру «өмір» деп аталатын бірлестікке келуге 

мүмкіндік береді. Адамдікінен басқа, барлық  деңгейлерде сол тәрізді одақ бар, 

сондықтан, адамның мақсаты оны өзі жасаудан тұрады. Табиғат бізді дәл соған 

итермелейді.   Дұрыс   бірлестікке   жақынға   альтруисттік   қатынас   арқылы   қол 

жеткізіледі,   бұл   басқалардың   игілігіне   қамқорлық   жасауда   байқалады   және 

адамға әбден рахат береді. Ол, жақынмен бірлесе отырып, адам табиғаттың 

жалпы   заңымен   тепе-теңдікке   келуінің   және   табиғи   кемелдікке   қосылуының 

нәтижесі болып табылады.

Біз – әрекеттері өзара бірігумен бұйырылмаған бірден бір жандармыз,  - 

сондықтан, «өмірді» елемейміз. Шындығына келгенде, кәдімгі түсінікте біз «өмір 

сүреміз», бірақ бізге «өмір» деген атау болмыстың өзге түрін білдіретінін түсіну 

әлі алда.



________________________

1 Фрэнсис Бэкон, «Жаңа органон», 1 бөлім, LXXXI.

Біздің мақсатымызды жүзеге асыруға жетелейтін жолға мыңжылдықтарда 

орын алып келген өзімшіл дамудың ұзақ кезеңі кіреді. Нәтижесінде, біз үмітті 

менмендік   уайымның   бақытты   нәтижесіне   шегіндіріп   тастау   үшін   жеткілікті 

тәжірибе мен ақыл жинаймыз және өзімшілдіктің өсуі бізге кездесетін барлық 

мәселелердің негізінде жатқанын түсінеміз. Ал келесі кезеңде біз барлығымыз 

біріңғай жүйенің бөліктері болып табылатындығымыздың дерегін түсіну тұрады 

және   сондықтан,   бір   дененің   мүшелері   тәрізді   бірігу   үшін,   басқа   адамдарға 

альтруизм заңымен сәйкес қатынасу қажет.

Алдымен   біз   мұны   тек   жиналған   мәселелерден   құтылу   үшін   істейміз,   - 

және   бізге   лездік   марапат,   шынымен,   мән   мен   мазмұнға   толатын   өмірдің 

барлық салаларындағы шиеленістің басылуы болады. Бірақ, процесті бастап, 

біз, табиғатпен бізге жүктелген борыш жайлы физикалық өмір сүруден де аса 

көбірек   екенін   көреміз.   Өйткені,   егер   іс   тек   осымен   шектелсе,   онда   тепе   – 

теңдіктің альтруисттік бағдарламасы біздің ішімізге, басқа да қалған жандарда 

сияқты, ізін қалдырған еді.

Шындығында, бізге өзімшіл табиғат тек біздің менмендігіміздің зияндығын 

оның қазіргі түрінде өзіміз түсіну үшін берілген. Ол бізге жамандық келтіреді, 

өйткені, табиғаттың өзінің ұлы мәніне қарама – қарсы. Тепе – теңдікті өз бетімен 

іздеу   адамды   бірте   –   бірте   альтруисттік   қасиеттің   –   махаббат   пен   жақынға 

қайтарым қасиетінің құндылығы мен мәртебесін түсінуге әкеледі.

Енді   біздің   білуімізше,   табиғаттың   әрбір   элементі   өзі   ішінде   тұратын 

жүйенің   игілігіне   әрекет   етеді.   Бірақ,   бұл   жерде   сөз   материалдық   деңгейдегі 

түйсікті – балансталған жағдай, адам табиғаттың басқа деңгейлерінен есті жан 

болып табылатындығымен ерекшеленетіні туралы болып отыр. Ол ой күшіне – 

ақиқаттың   ең   қуатты   факторына   ие.   Ой   қабілеті   тартылыс   күші, 

электростатикалық   күш   немесе   магниттік   сәулелену   күші   сияқты   тірі   емес 

деңгей санатынан басым. Ой өсімдік деңгейіндегі өсу мен дамуды туғызатын 

күштен   жоғары;   ол   жануарларды   өзіне   қажеттіге   ұмтылуға   және   зиян 

тигізетіннен қашуға итермелейтін күштен жоғары. Ой адамның өзімшілді тілек 

күшінен де жоғары тұрады.



Егер   тірі   емес,   өсімдік   және   жануарлар   деңгейінде   элементтің   жүйеге 

үйлесімді   қатынасы   материалдық   пішінде   көрінсе   және   табиғат   жағынан 

түзетуді   талап   етпесе,   онда   адамда,   ең   алдымен,   ой   деңгейі   және   жақынға 

қарым – қатынасы түзетуге жатады.

Қағидат бойынша, біздің басқа адамдармен бір тұтас болып бірігуге ішкі 

тойтарысымыз өзімшілдіктің көрінісі болып табылады. Альтруизм – керісінше, 

адамның  сыртқа,   өз  жүрегі   мен  қалауынан   төңірегіндегілерді   өзінің  бір  бөлігі 

ретінде сезінуге ішкі ұмтылысы бар. Сәйкесінше, біз бен альтруизмнің табиғи 

заңының арасында тепе – теңдік жасау үшін, біз жақынға деген билік пен оны өз 

пайдаңа   пайдаланудан   емес,   оған   риясыздықпен   қарап,   онымен   біріңғай 

жүйенің бөліктері ретінде бірігуден рахаттануды қалауымыз қажет.  

Біздің  рахаттарымыздың көзі – альтруисттікке ауыстыруды қажет ететін, 

жақынға деген өзімшілді қатынас. «Өзімшілдікті түзеу» немесе жай ғана «түзеу» 

деп   аталатын,   жақынға   деген   қатынастағы   векторды   бұлай   өзгерту   процесі 

өзінің мәні бойынша жаңа ұмтылыстың – альтруизм қасиетін іздеп табу тілегінің 

қалыптасуына негізделген.

Түзеуді жүзеге асыру үшін біз ой күшін пайдалануымыз қажет. Дәл біздің 

рахаттануды   тілеуіміз   біздің   не   туралы   ойлап   және   не   туралы   ойға 

шоматынымызды   анықтайды.   Ереже   сияқты,   біз   тілегімізге   қарсы   тұратын 

жағымсыз   құбылыстар   туралы,   мысалы,   өлетін   күніміз   туралы   ойланбаймыз. 

Керісінше, біз тілегенімізге ғана көңіл қоямыз.

Тілек,   әрине,   ой   туғызады   –   басқаша   айтқанда,   тілек   оны 

қанағаттандырудың   әлеуетті   тәсілдері   туралы   ойларға   алып   келеді.   Бірақ 

онымен бірге, ой ерекше сапаға – кері бағытта әрекет ету және тілекті арттыру 

қабілеттілігіне   ие.   Бір   нәрсеге   тек   әлсіз   тартылысты   сезініп,   біз   берілген  зат 

туралы ойлай бастаймыз және осының арқасында тілек өседі. Біз ойымызды 

тілек   объектісіне   қаншалықты   көбірек   шоғырландырсақ,   соншалықты   ол 

күштірек бола береді.

Осылайша  ішінде үнемі  шиеленіс күшейетін тұйықталған шеңбер пайда 

болады: өскен тілек ойды қоректендіреді, ал ой тілекті ұлғайтуды жалғастыра 

береді.   Осы   механизмнің   көмегімен   біз   ақыл   –   есті   түсінуде   маңызды   рөлді 

ойнауға   назары   салынған   үлкен   тілекті   қалыптастырамыз,     бірақ     ол   әлі   де 

жүрекке   жақын   емес   және   ондағы   көптеген   ұмтылыстардың   арасында   тиісті 

орнын   алған   жоқ.   Мінекей,   альтруисттік   метаморфозаның   тілегін   де   біздің 

өмірімізде орталық қылып, осы қағидат бойынша күшейтуге болады.

Әрине, жақынмен альтруисттік қосылу туралы ойларды, егер бұл біздің ең 

күшті   құлшынысымыз   болмаса,   қалай  көбейтуге   болады?   -   деген   сұрақ 

туындайды.   Бізде   басқа,   неғұрлым   тартымды,   неғұрлым   нақты,   неғұрлым 



«шырынды» тілектер де бар – біздің ниеттеріміз соларға берілген. Осы тізілген 

сапыны: ой – тілек – ой, қозғалысқа қалай келтіруге болады екен? Бұл жағдайда 

адамға   айналасының   әсері   көмек   береді.   Егер   біз   қолайлы   айналаны 

қалыптастыруға  үйренсек, ол бізге альтруизмнің табиғи қасиетін тауып  алуға 

ұмтылысымызды   күшейтетін   жаңа   тілектер   мен   ойлардың   көзіне   айналады. 

Адамның дамуында ортаның шешуші мағынасы болғандықтан, біз оған келесі 

екі тарауды арнаймыз.

Бізге не істеу қажет?

Бізге табиғат күшімен тепе – теңдікке келу керек екенін, оған біздің жақсы 

болашағымыз   тәуелді   екенін   ойлану   қажет.   Бізге   өз   ойымызды   барлық 

адамдарды   біріктіретін   бір   ғана   жалпы   жүйеде   шоғырландыру   және   жақынға 

сәйкес қарым – қатынасты өндіру керек. 

Жақынға   альтруисттік   қарым   –   қатынаста   болу   –   өзіміздің   ниетімізді, 

ойымызды және қамқорлығымызды оның игілігіне  шоғырландыруды білдіреді. 

Өз ойында жақынның алдынан шығуға ұмтылып, адам барлық басқа адамдарға 

өздеріне қажеттінің бәрін алуды тілейді. Бірақ, жақынның өзекті мұқтаждықтары 

туралы   қамқорланудан   басқа,   бізге   ойымыздың   күшін   оны   түсіну   деңгейін 

арттыруға шоғырландыру қажет. Әрқайсысымыз барлық басқалардың бір бөлігі, 

тұтастың бір бөлігі екенімізді сезіп және өзімізді сәйкес түрде ұстауды бастайық.

Бұл   жұмыс,   ең   алдымен,   ішкі,   ойлағышты.   Берілген   ойды,   ол   бастан 

шығып   кетпейтіндей,   бұл,   әрине,   болып   тұрады,   жете   түсіну   өте   маңызды. 

Осындай   ойларға   мағына   беру   қажет,   өйткені   оларға   біздің   бақытымыз   бен 

берекеміз   тәуелді,   олардың   көмегімен   біз   барлық   мәселелерден   арыламыз. 

Әрине, мұндай бет алыс басында кішкене қисынсыз болып көрінеді, бірақ біздің 

жақсы болашағымыз онымен және тек қана онымен қамтамасыз етіледі.

Басқаларға   ішкі   альтруисттік   қатынастан   басқа   біздің   қолымыздан, 

сондай-ақ, олар үшін нақты альтруисттік әрекеттер жасау келеді, атап айтқанда: 

өмірдің мақсаты және оны жүзеге асыру тәсілі туралы біліммен бөлісу. Егер біз 

басқаларға   осы   түсінікті   жеткізсек,   егер   нәтижесінде   олар   мәселеге,   оның 

шешімін   табуға   ойланып   және   алға   жылжи   отырып,   ең   болмағанда   жалпы 

қатысын   сезсе,   сонымен   біз   біріңғай   жүйеде,   оның   бөліктері   бола   отырып, 

жағымды қозғалыстар туғызамыз. Нәтижесінде, өзіміздің түсінігіміз, сондай-ақ, 

бұлжытпай жоғарылай береді және біз өміріміздегі жағымды өзгерістерді бірден 

сеземіз.

Жақынына өз қарым – қатынасын түзеген бір адам, барлық адамзаттың 

дидарын өзгертеді. Жеке адам мен адамзаттың арасындағы қарым – қатынасты 

былай сипаттауға болады: сен барлықтарымен бірге біріңғай жүйедесің, бірақ 



басқалары   сен   оларды   қалай   басқаруыңа   толығымен   тәуелді.   Барлық   әлем 

сенің қолыңда. Әрбір адамның нақтылығы осылайша қалыптасқан.

Мұны   түсіну   үшін,   Жер   тұрғындарының   саны   бойынша   жеті   миллиард 

қабаттан   тұратын  кубты  елестетейік.   Әрбір   қабат   бір   адамды   білдіреді   және 

онымен басқарылады. Әрбір қабатта жеті миллиард ұяшық бар. Оны бірі – «сен 

өзің», ал қалғандары саған қосылған басқа адамдарды білдіреді. Табиғатпен 

осылайша   біріңғай   жүйе   құрылған.   Мұның  мәні,   әрбірімізде   барлығымыздың 

болуында және сондықтан, барлығымыз бір бірімізбен байланыстымыз.

Өзіңнің   қабатыңның  ең  болмаса   бір   ұяшығына   қатынасыңды   түзеп,   сен 

оған қосылған өзіңнің бір бөлігіңді әрекетке оятасың. Сонда басқа адамда, ол 

да жақынына өз қатынасын түзеуді қалайтын кезеңге жақындататын,  жағымды 

қозғалыс   болады.  Бірақ   өзгеріс   тек   қана   оны   емес,   барлық   қабатты,   өзі 

қосылған   қалған   барлық   ұяшықтарды   қозғайды,   өйткені   олардың   әрқайсысы 

кубтағы   өзінің   қабатын   басқарады,   сондықтан,   ояну   барлық   жерде   жетіледі 

және таралады. Сөйтіп, басқаға қарым – қатынасын түзеген бір адам барлық 

адамдардың   санасында   «есепсіз»   жағымды   өзгерістер   процесін   іске   қосады. 

Кубтағы әр түрлі қабаттардың арасындағы мұндай өзара әрекеттер адамзатты 

түзелуге және кемелділікке әкеледі.

Қазіргі   кезеңде   адамзат   өзінің   қасиеттері   бойынша   табиғи   альтруизмге 

қарама   –   қарсы   екенін   ұмытпағаны   дұрыс,   сондықтан,   әрбір   адам   жағынан 

кішкене   болса   да  қозғалыс,  барлығын  белгілі   бір  шамада   табиғатпен  тепе  – 

теңдікке   жақындатады.   Осымен   баланссыздық,   ал   онымен   бірге   біздің 

өміріміздегі   жағымсыз   құбылыстар   да   қысқарады.   Бірақ   басқа,   жақынына   өз 

қарым – қатынасын әлі де түзетпеген адамдар, оны әзір сезбейді, бірақ әрбір, 

түзеу   жасаған   адам,   оны   кідіртпей   сезеді.   Біріңғай   жүйеге   жалпылама 

қатыстығымызды түсінуді арттыру бойынша ойлар мен әрекеттерді қалдырмай, 

біз бірте – бірте жан – жағымызда мейірімді, жылы шырайлы және ашық жүзді 

дүниені көреміз.

Адам ойының күші мен оның ақиқатқа шешуші әсері өз көрінісін көптеген 

ғалымдардың еңбектерінде табады. Бірақ, өзіңде, идеяның қуатын, ойдың өмір 

орнықтыратыны мен  өмірдегі төзімділігін ұғыну және осы ұғынудың арқасында 

адам   мен   дүние   ойды   көтерумен,   толық   жетілдірумен   және   тазартумен 

көтерілетінін,   толықжетілетінін   және   тазаратынын   түсіну   үшін   ой   күшінің 

ұланғайырлығы мен нақтылығын сезу қабілеттілігін өндіру оңай емес. 

Адам ойы, оған жақынына қарым – қатынасын түзетуге мүмкіндік беріп, 

көтерілгенде, ол жаңа ұмтылыстарға ие болады:



«ақша» - адам жақындарының тілектерін сіңіреді, және өзінің кішкентай 

балаларына   қамқорлық   көрсететін   және   олардың   қажеттіліктерін 



қанағаттандырумен рахаттанатын ана сияқты, оларды қанағаттандыру 

жөнінде қам ойлайды;



«сый  – сияпаттар»  -  адам  басқаға  ол  қандай   болса,  сондай  сый  – 

сияпат көрсетеді және оған серіктес ретінде қарайды;



«білім» - адам жақынына не жетіспейтінін түсіну мақсатымен әрбірден 

білім  алуды,  онымен  қосылуды  және  сол арқылы табиғатпен тепе – 

теңдікте болуға қол жеткізуді тілейді.

Осының   нәтижесінде   адам   барлық   нақтылықты   көлемдейтін   жоғарғы 

альтруисттік ниетті – табиғаттың ниетін түсінеді және сезеді.

Бұл бір қарағанан әлдеқайда жеңіл

Біз   барысында  рахаттарымыздың   көзін   айырбастайтын   түзеу   процесі 

өзімшілдікті   альтруизммен   айырбастап,   басында   оңай   емес   болып   көрінеді. 

Алайда   ақиқат   біздің   көзімізге   көрінетіннен   әлдеқайда   ерекшеленеді.   Әрине, 

сыртынан қарағанда мұндай бағдарлама іске аспайтын, орындалмайтын, адам 

табиғатының мүмкіндіктерінен жоғары болып көрінеді, бірақ, заттардың мәніне 

тереңдеп   қарасақ,   біз   «өзім   үшін»   әрекеттерінің   «басқалары   үшін» 

әрекеттерінен барлық айырмашылығы – аса психологиялық екенін көреміз.

«Психологиялық»   атауы   берілген   қайшылық   психологтармен   немесе 

психоаналитиктермен шеттетілуі мүмкін дегенді білдірмейді, бұл мәселе біздің 

ішіміздегі  рахаттану   тәсіліне   деген   қатынаста   жатыр:   біз   өзімшілді   толумен 

рахаттануға үйренгенбіз және бізге әрекеттердің өзге тәсілінің мүмкіндігін ұстау 

қиын.

Бізге   өзімшілдігімізбен,   оның   бар   күйінде,   оны   түземей   және   өмір 



ағынымен әрі қарай жалқаулықпен: «не болса, ол болсын» деп, жүзіп, өмір сүру 

оңай   болып   көрінеді.   Бірақ   тұпнысқа   көрініс   ойдан   шығарылғаннан 

ерекшеленеді. Біз, тірек және бақытқа жетелеуші болып көрінетін өзімшілдігіміз 

– бұл өзіміз емес екенін тіптен түсінбейміз. Шындығында, менмендік ішімізде 

ұялаған және бізді азаптайтын жат – билеуші сияқты бірдеме болып табылады.

Бұл жауыз билеуші, бірақ біз оны «өзіміздікі» деп есептеуге дағдыландық 

және ол біздің мүддеге әрекет етеді деп ойлаймыз.

Біз өзімшілдігімізде,  оның  билігі бізге  керек пе, жоқ  па  деп сұрамайтын 

үстемшілді айырып таныған кезде; онда  біз  бірдемені қалағандай әрекет етіп, 

бірақ   шындығында   оны  ол  қалап   тұратын,   бізбен   бүркенетін   және 

шатастыратын   құбылғыш   бейнені   анықтап   қараған   кезде;   оның   талаптарын 

орындауға бізге қаншама күш пен зейін тұратынын және өзіміздің үлкен шексіз 

еңбектеріміз   үшін   қандай   болмашы   сыйақы   алатынымызды   көрген  кезде,   біз 


оған,   оның   қазіргі   түзелмеген   түрінде,   қатігез   және   аяусыз   билеушіге   деген 

қарым – қатынаста боламыз.

Салынған   күш   пен   алынған  рахаттануларды   салыстырып,   адамдар   өз 

өмірін   демеу   үшін   көтеретін   уайымдары   мен   азаптары   бұлай   өмір   сүруден 

алатын   кішкене   рахаттан   бірнеше   есе   басым   болатынын   анықтайды.   Бірақ, 

ақиқат   бізден   жасырылған.   Біздің   менменшілдігіміз   ішімізде,   біз   онымен 

қосылып қалғандай, жасырынады және бүркенеді. Бірте бірте ол бізді өзімшілді 

рахаттануларға   ұмтылуға   мәжбүр   етеді,   бірақ   шындығында,   біздің   мәніміз   – 

қазір көрініп отырғандай өзімшілді емес, рахаттанулардың әбден табиғи тілегі. 

Басқа сөзбен айтқанда, біздің «Мен» - бұл өзімшілдігіміз емес және олардың 

арасында тепе – теңдік белгісін қойып қажет емес.

Адам   табиғат   күшімен   тепе   –   теңдікке   қол   жеткізу   үшін   альтруизм 

қасиетіне ие болу тілегінде бір нәрседен екінші нәрсені айыра білгенде, ол осы 

күштен   шығатын   қолдауды   бірден   сезеді.   Бұл   жерде   өзімшілді   және 

альтруисттік   әрекеттердің,   олар   жорамалдайтын,   салынған   күштер   бойынша 

зор айырмашылықтарын  атап өту қажет. Адам табиғаттың әмбебап қасиетіне 

ие   болғаннан   кейін,   альтруисттік   әрекеттер   одан   энергия   жұмсауды   талап 

етпейді – керісінше, олар жеңілдікпен және ыңғайлылықпен жүзеге асырылып, 

жігерлілік, көтерілу және қанағаттануды әкеледі.

Бұл   жағдайда,   альтруисттік   әрекеттер   тек   қана   энергияны   талап   етпей 

қоймай, оны өздері өндіреді. Өйткені, альтруизмнің күші жарық шашатын күн 

тәрізді әрекет етіп, энергияның шексіз көзі болып табылады. Өзімшілдіктің күші, 

керісінше,   алуға,   толығуға   бағытталған,   ол   әрқашан   қажеттілік   және 

жетіспеушілікпен   ілеседі.  Мысал   ретінде   батарейканың   оң   және   теріс 

полюстарын келтіругеболады. Адам өзін жақсы жағынан көрсеткеннен кейін, ол 

энергияға лық толып, шексіз мүмкіндіктерге ие болады және энергияны үздіксіз 

өндіретін және шашатын «күшейткіш көз сияқты» болады. 

Сондықтан,   біздің   алдымызда   тек   қана   психологиялық   мәселе   тұр:   бір 

қарағанда ғана игілік дәмелендіретін өзімшіл есептерден қалай арылуға және 

альтруисттік   есептерге   қалай   өтуге   болады?   Бұл   біздің   рахаттарды 

тілегенімізді,   шынайы   және   әбден   жетілген   шаттық   айналамыздағылармен 

альтруисттік   бірігуде   жатқандықтан,   кідірткісіз   және   шексіз   қанағаттанумен 

қамтамасыз етеді.

Ұзақ жол және қысқа жол

Альтруизм   қасиетіне   ие   болу   –   бұл,   дамудың   табиғи   заңының,   біздің 

өзімшілдігімізді пайдалана отырып,   итермейлейтін өмір мақсаты. Табиғаттың 

міндеті – түсінуден, пайымдаудан шыға, біздің жақынымызға қатынасымызды 



өзгертетін процеске өз бетімізше қосылып, өзімізді толтыру үшін, бізге талап 

етілген   түзеудің  нені  білдіретінін   түсіндіріп   беру.   Сондықтан   біздің 

әрқайсысымызда екі жолмен жылжудың арасында таңдау бар:

Табиғаттың   өзінің   альтруизіміне   қарама   –   қарсы   зиян   келтіргіш   фактор 

ретіндегі өзіміздің өзімшілді табиғатымызды тану және оны түзеудің әдістемесін 

оқып біле отырып, даму процесін жеделдету.

Баланссыздықтан   шығатын   апат,   күйзеліс   және   азаптардың   бізді 

амалсыздан сол әдістемені іздеуге міндеттегендерінше күту.

Азап көруден қашу бізді міндетті түрде өзімшілдікті түзеуге алып келеді, 

бірақ   бізге   өзіміздің  даму  жолымызды   алдын  ала   таңдау  мүмкіндігі   берілген, 

осының арқасында біз оны түсіне және бақылай аламыз. Сөйтіп, біз тез және 

ыңғайлылықпен табиғаттың жалпы заңымен, альтруизм, махаббат және беріліс 

заңымен   тепе   –   теңдікке   келеміз.   Бұл,   біз   үшін   жалғыз   мүмкін,   дамудың   екі 

жолы сәйкесінше: «түзету жолы» және «азаптар жолы» деп аталады.

Табиғаттың «үстемдік жасайтындығында» күмән жоқ. Түпкі  нәтижесінде, 

біз   оның   заңдарына   бағынамыз.   Сұрақ   тек,   ол   үшін   біз   қандай   тәсілді 

таңдайтындығымызда. Егер біз тепе – теңдікке өз бетімізше,  азаптар бізді оны 

істеуге мәжбүр етпес бұрын, жылжитын болсақ, бұл – неғұрлым жақсы. Ал, егер 

олай   болмаса,   онда   азаптар   өзінің   дәлелдерімен   ынталандырып,   бізді 

итермелеп отырады. Ең қызығы, латын тілінде «ынта» (stimulus) сөзі сөзбе – 

сөз жануарларды айдауға пайдаланылған, шошақ төбелі таяқ дегенді білдіреді 

екен.


Егер біз табиғатпен тепе – теңдікке, нақтылықта бар ең жақсы жағдайға 

қол жеткізгіміз келсе, онда бізге ең алдымен кері және ең нашар жағдайда болу 

керек   деген   әсер   қалыптасады.   Өйткені,   біздің   түйсігіміз   қарамақарсылық: 

жарық   пен   қараңғы,   ақ   пен   қара,   тәтті   мен   ащы   және   тағы   басқаларының 

қағидасына негізделеді. Бірақ, өзіңде осындай сұмдық жағдайды сынау үшін екі 

тәсіл бар: не оның ішінде іс үстінде болу, не ойша елестету.

Осы   мақсат   үшін   бізге   сезім   және   ақыл   берілген.  Біз   бен   табиғаттың 

арасындағы   абсолютті   баланссыздықтың   зәр   ұшыратын   мағынасын,   ол 

сұмдықты өз  теріңде  сынамай,  парасаттылықпен елестету біздің  қолымызда. 

Дана деп, өскінде барлық құбылыстарды толығымен көретінді айтамыз. Егер біз 

жеткілікті   шамада   өзімізге   ең   нашар   жағдайды,   онда   нақты   болмас   бұрын, 

елестетсек,   онда   мұндай   көрініс   әлеуетті   жамандықты   алдын   ала 

болдырмайтын   және   жақсы   болашаққа   жетелейтін   ынта   бола   алуы   мүмкін. 

Осылайша біз үлкен азаптардан қаша аламыз және дамуымыздың қарқынын 

арттырамыз. Дағдарыстардың себептері және оларды шешу жолдары туралы 


жалпылама   білім   адамзаттың   үдемелі   қозғалысын   түзеу   бағыты   бойынша 

жылдамдатуға бейімделген.



Жақынға қарым – қатынасты өзгерту барлық табиғатты тепе –  

теңдікке әкеледі

Жақынға   қарым   –   қатынасыңды   өзгерту   мәселені   әлеуметтік   деңгейде 

шешетінін түсіну қиын емес. Басқа сөзбен айтқанда, енді соғыстар болмайды, 

террор мен зорлық басылады, көңіл – күй жақсарады және сол сияқтылары. 

Бірақ, қазіргі дағдарыс табиғаттың басқа да: тірі емес, өсімдік және жануарлар 

деңгейлерінде   осылайша   өрістейді.   Олармен   не   істеу   керек?   Бір   қарағанда, 

жердегі,   судағы,   ауадағы,   өсімдік   дүниесіндегі,   жануарлар   дүниесіндегі 

жағдайды   дұрыстау   үшін,   біз   оларға   қамқорлық   көрсетуіміз   және   оларды 

құтқарумен тікелей айналысуымыз керек. Осыған байланысты, адам табиғатын 

түзеу   әдістемесінің   адамдық   өзара   қарым   –   қатынастарда   шоғырланып, 

олармен   тұтастай   барлық   табиғаттың   жағдайын   қамтамасыз   ету   дерегі 

таңқалдырады. Адамдардың арасындағы өзімшіл қатынастарды түзетудің басқа 

деңгейлердің жағдайына, бізді, мысалы, экологиялық апаттар қатерінен және 

өмірде маңызды табиғи ресурстардың таусылуынан құтқарып, әсер етуі мүмкін 

бе?

Бізге табиғаттың біріңғай альтруисттік күші әсер ететіндігін білуіміз қажет. 



Ол   бөлінбейді   және   тек   біздің   ойымызда   әр   түрлі   деңгейлерге:   тірі   емес, 

өсімдік,   жануарлар   және   адамдыққа   бөлшектенеді.     Әңгіме   бізге   деген 

қатынасқа   берілу   дәрежесі   туралы   болып   отыр.   Тірі   емес   деңгейде   бұл   күш 

бізге   әсер   етеді,   мысалы,   топырақ   арқылы;   өсімдікте   –   Жердің   өсімдік 

дүниесінің   көмегімен;   жануарларда   –   жануарлар   дүниесінің   өкілдері   және 

өзіміздің денемізді сезу арқылы; адамдықта – айналамыздағы қоғам арқылы. 

Толығымен,   бұл   сол   бір   күш   –   жай   ғана   біздің   сезім   мүшелеріміз,   төменде 

көрсетілетіндей,   оны   қабылдауды   барлық   мүмкін   болатын   бөліктер   мен 

деңгейлерге бөлшектейді.

Тепе – теңдіктің ең жоғарғы сатысы осы альтруисттік күшпен бірге онымен 

бір ойға, бір тілекке, бір пиғылға – адамдық деңгейде үйлесімдікке құйылысуды 

білдіреді. Егер біз айналамыздағыларды жақсы көрсек, егер адамзат біртұтас 

бауырластыққа жұмылдырылса, егер адамдар бір бірімен бір дененің мүшелері 

сияқты   біріксе,   осымен   біз   бен   сол   күштің   арасында   нақтылықтың   басқа   да 

қалған неғұрлым төмен сатыларын қамтитын жоғарғы деңгейдің тепе – теңдігі 

қалыптасады.  Салдар ретінде, тірі емес, өсімдік және жануарлар деңгейіндегі, 

сондай – ақ, адам қоғамының шегіндегі азаптар мен тауқыметтерде көрінетін 

баланссыздықтың жағымсыз көріністері тоқтайды.



Екінші   жағынан,   егер   адам   өзін   адамдікінен   төмен   жатқан   деңгейлерде 

табиғат  күшімен  тепе – теңдікке келсе, егер ол тірі еместің,  өсімдіктер және 

жануарлар әлемінің нысаналарына өзінің қарым – қатынасын түзесе, онда өз 

қабылдауының қалған сатыларында ол бұрынғысынша баланссыздықты сезеді. 

Айталық, егер адам топырақты, озонды қабатты және басқаларын бұзылудан 

қорғап,   төменгі деңгейге махаббатпен қамқорлық көрсетсе, онда ол тірі емес 

табиғатта   тепе   –   теңдікті   туғызады,   бірақ   өсімдік,   жануарлар   және   адамдық 

деңгейлер әлі де баланссыздалған болып қала береді. Сондықтан да табиғат 

күші   жағынан   жағымды   өзгерістер   бұл   жағдайда   азын   –   аулақ   «жергілікті» 

сипатқа   ие   болады.   Егер   де   адам   табиғатқа   махаббатын   өсімдікті   деңгейде 

білдірсе, әрине, бұл онымен тепе – теңдікті сәл ғана көтеріп және ағымдағы 

жағдайға   қосымша   жайлылық   қосар   еді.   Сол   сияқты   жануарлар   деңгейіндегі 

баланс та біздің өмірімізді кішкене болса да, жақсартар еді.

Бірақ   бұл   өзгерістердің   барлығы   адамдық   сатыдағы   тепе   –   теңдік 

беретінмен салыстырғанда болмашы. Өйткені біз, адамдар, дәл соған жатамыз. 

Бізде ең жоғарғы, адамдық деңгей теңестірілген болуы керек. Егер де біз оған 

келіспесек   те,   және   барлық   күштерімізбен   өз   қарым   –   қатынасымызды   тірі 

емеске, өсімдік, жануарлар деңгейіне теңестірсек, біз жағдайды елеулі жақсарта 

алмаймыз,   өйткені   мұндай   тырысулар   табиғаттың   бізге   деген   пиғылдарымен 

сәйкес келмейді. Мұнымен біз өмірге кішкентай бала сияқты қарап, бойындағы 

көптеген   дарындарды   ескермейтін   адамға   ұқсас   болар   едік.   Әрине,   мұндай 

мінез   –   құлық   қарапайым   деректі   өзгерте   алмайды:   табиғат,   тіпті   егер   адам 

өзінің табиғи қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін іске асырмасада, оған берген 

даму әлеуетіне сәйкес қарайды. 

Табиғат күші барлығын ғаламдық тепе – теңдікке келтіруге ұмтылады және 

оған адамның жақынға деген қарым – қатынасы альтруисттік болғаннан кейін 

ғана   қол   жеткізіледі.   Сондықтан   да,   нақтылықтың   барлық   процестерін 

қозғалысқа   келтіретін  тепе   –   теңдік   заңы,   бізге   ең   төменгі   деңгейлерде   ғана 

тұрақтылықты енгізіп, жайлы және сенімді өмір сүруге мүмкіндік бермей, дәл 

адамдық   сатыда   балансқа   қол   жеткізуге   итермелейді.   Бұл,   біз   адамдар 

арасында альтруисттік бірігуді құрмайынша, табиғат күшінің тұтастай әсері, әлі 

де   болса,   жағымсыз   сапада   сезіледі   дегенді   білдіреді.   Ол   біздің 

қабылдауымызда   сол   қалпында   сипатты   қиындықтары   мен   мәселелері   бар 

нақтылықтың   әр   түрлі   деңгейлерінде   бөлшектене   береді.   Нәтижесінде,   біз 

белгілі   бір   мәселені,   мысалы,   экологиялық,   шешуге   тырысқанда   басқа   да 

қиындықтар экспонент бойынша өсіп бізге жан – жақтан жауады.

Біз  өзімізге   нағыз   мәселеден,   адамдар   арасындағы   өзімшіл   қарым   – 

қатынастарды   түзеу   қажеттілігінен   қашып,   неғұрлым   төмен   деңгейлерде 



шаралар қолданумен шектелуге мүмкіндік бере алмаймыз. Өйткені, дәл осыған 

барлық табиғаттың жағдайы байланысты. Егер біз шынымен де істер жағдайын 

сапалы жақсартқымыз келсе, дәл осы бағытта әрекет етуіміз керек.

Шындығында, біз адамдық өзара қарым – қатынастарды түзеу саласында 

ғана   пайдалануға   болатын   ерікті   таңдау   мүмкіндігіне   ие   болып   отырған 

табиғаттағы   жалғыз   жандар   болып   табыламыз.   Біздің   таңдауымызды   жүзеге 

асыруға   табиғаттың   барлық   деңгейлерінің   жалпы   тепе   –   теңдігі   тәуелді. 

Дүниеде   болып   жатқанның   бәрі   тек   адамға   байланысты.   Барлығы   тек   адам 

үшін,   оған   жақынымен   дұрыс   ауыз   бірлікті   құруға   және   альтруизмнің   табиғи 

қасиетіне ие болуға көмектесу үшін өмір сүреді және жасалады. Бұл әлемдегі 

барлық   мәселелердің   шешілуін   қамтамасыз   етеді   және   табиғат   адамға 

үйлесімділік пен кемелділікті ашып, түзелген түр алады.

Тек кішкене бөлік ғана түзелемей қалады, бірақ оның толуынан барлық 

жаратылыстың мүлтіксіздігі байланысты. Ол кішкене бөлік – адам жаны, оның 

әзір жүзеге асырылмаған әлеуеті. Және бұл бөлік адамның еркіне, ол оны түзеу 

үшін және онымен өзінің табиғатпен тепе – теңдігін толтыру үшін берілген.

Табиғат   заңдары   ғаламның   жалпы   жүйесін   зерттеу   процесінде 

анықталады және болмыстың барлық мәселелерін шешудің жолын көрсетеді. 

Олардың ішіндегі көбінің әрекеттерін қайталап көрсету және көрнекті дәлелдеу 

мүмкін емес. Біз оларды қисынды және сендіре түсіндіріп бере аламыз, бірақ 

одан   артық   емес.   Нәтижесінде,   тыңғылықты   және   аргументтелген 

түсіндірулерден кейін адам оларды қабылдай ма, жоқ па, өзі шешуі керек.

Мұндай   шарттар   кездейсоқ   пайда   болған   жоқ.   Табиғат   біздің 

дербестігімізді және түзелу жолын еркімізбен таңдау қабілеттілігімізді сақтауға 

мүдделі.   Осы   бағытта   салынған   ынталар   біздің,   нәтижесінде   жағымсыз   әсер 

алып,   табиғат   заңдарында   неден   ауытқығанымызды   анықтауға   көмектеседі. 

Егер   жағдай   біздің   алдымызда   анық,   табанды   және   бір   мағыналы   дәлелдер 

түрінде   көрінсе,   онда   біз   адамдық   сатыға   тән   сол   бір   қайталанбас   әлеуетті 

жүзеге асырудың жалғыз құралы болып табылатын ерікті таңдау мүмкіндігінен 

айырылар   едік.   Олай   болса,   біз  бағдарламаға   салынған   бұйрықтармен 

толықтай басқарылатын жануарлар  деңгейіне  дейін түсіп кетер едік. Табиғат 

бізге   жетіспейтінімізді   өз   бетімізше   толтыру   мүмкіндігін   беру   үшін   және 

қабылданатын   көріністің   негізінде   өз   ішімізде   біртұтас   адамдық   деңгейді 

қалыптастыру   үшін   бізді   жасыру   шымылдығының   астына   орналастырды. 

Өзіміздің   еркін   таңдау   қабілеттілігімізді   дұрыс   қолданып,   біз   табысқа   қол 

жеткіземіз.



6 Тарау

Еркіндікке апарар жол

Әр   біреуіміз   өзін   жеке   адам,   өз   бетімен   әрекеттенетін   ерекше   тұлға 

ретінде   қабылдайды.  Адамзаттың   жүз   деген   жылдар   бойына   тұлғалық 

еркіндікке қандай да бір дәрежеде қол жеткізуге ұмтылып соғыстар жүргізгені 



кездейсоқ емес. Оның үстіне, «еркіндік» түсінігі басқа да жандарға тиесілі: біз 

кіріптарлықтағы   жануарлардың   қалай   қиналатынын   көреміз.   Осының   бәрі, 

табиғаттың қандай да бір тірі жанды құл қылумен келіспейтініне куә болады.

Бірақ, осымен бірге, біз еркіндік түсінігінің өзіне не кіретінін өте тұманды 

елестетеміз. Біз осы жағдайға неғұрлым көп көңіл бөлсек, соғұрлым ол азаяды. 

Әрбір тұлға үшін еркіндік талап етіп, біз адамда ол не болып табылатыны және 

оған   ұмтылу  нені   білдіретіні  туралы   қажетті   білімнің   барына   көз   жеткізуге 

міндеттіміз. Ең алдымен, жеке адам еркін тілек бойынша әрекет етуге қабілетті 

ме? екенін тексеру қажет.

Өмір – бұл тірлік етудің ең жақсы формуласы үшін бітпейтін күрес. Бірақ 

біреуіміз өзімізге: шындығында біздің әлімізге не келеді және не келмейді деген 

сұрақ қойып көрдік пе? Мүмкін көп жағдайда «жеребе тасталған» шығар, ал біз 

оқиғалардың барысы бізге байланысты болып отырғандай әрекет ете береміз 

бе?


«Еркіндік» түсінігі бүкіл әлемге алақанын тосқан табиғат заңымен ұқсас – 

міне   сондықтан   әрбіріміз   оған   ұмтыламыз.   Бірақ   табиғат   бізді   шегінде   біздің 

таңдау шынымен еркін әрекеттер туралы және еркін таңдаудың елесі ғана орын 

алып отырғандар да туралы ақпаратпен қамтамасыз етпейді.

Табиғат   бізді   толық   бейшаралық   және   белгісіздік   жағдайына   итереді. 

Біздің   өз   бойымызда   және   жалпы   өмірімізде  бірдемені   ауыстыру 

қабілеттілігімізден   көңіліміз   қалады.   Осылайша,   табиғат   ұстамсыз 

қуғыншылықты   тоқтатуды   және   біз   шынымен   неге   әсер   ете   аламыз,   деген 

негізгі сұраққа уақыт бөлуді ұсынады. Бізді жан – жақтан қалыптастыратын ішкі 

және сыртқы факторлармен танысып, табиғат бізге өзіміздің тағдырымыздың 

алдында нақты немен билік жүргізуге рұқсат беретінін түсіне аламыз.

Рахат және азап

Рахат пен азап – олар арқылы біздің өміріміз басқарылатын екі күш мәні. 

Өзіндік ішкі табиғат – рахат тілеу – бізді ең басында белгіленген мінез – құлық 

үлгісіне   сәйкес   әрекет   етуге:   ең   аз   күш   салып   орнына   ең   көп   рахат   алуға 

мәжбүрлейді.   Әрқашан   және   әр   жерде   адам   қажеттілігі   бойынша   рахатты 

таңдайды   және   азаптан   қашады.   Бұл   жерде   біздің   жануарлардан   ешқандай 

айырмашылығымыз жоқ.

Осымен   қатар,   әрбір   адамның   әлеуеттер   жүйесін   өзгертуге   және   өзінің 

әркеттерінің пайдасы жөніндегі басқа есепке оқытуға  болатыны психологияға 

белгілі   дәлел.  Егер   болашақ   уәде   беретін   артықшылықтарды   сенімді 

сипаттасақ,   адам   ағымдағы   қиыншылықтарды   болашақтағы   пайдалар   үшін 

шыдауға   келіседі.   Мысалы,   біз   уақыт   өте   келе   жоғары   еңбекақыны   немесе 



сыйлы жағдайды қамтамасыз ететін мамандықты алу үшін оқуда жігер танытуға 

дайынбыз. Барлығы күтілетін «пайда» затына жасалатын біздің есептерімізге 

байланысты. Адам салынған күшті күтілетін рахаттан алып тастайды және егер 

қалдық   жағымды   болса,   ендеше   әрекет   іске   асырылады.   Бұл   жерде,   бізге 

болашақтағы   пайда   үшін   төлейтін   баға   есебінен   басқа   ештеңе   жоқ.   Біз 

барлығымыз осылай жаратылғанбыз.

Осы   мағынада   адам   жануардан   тек   әлеуетті   мақсат   бағытында  алға 

қараумен   және   алда   тұрған   сыйақы   үшін   ыңғайсыздықтардың, 

қиыншылықтардың   және   азаптардың   белгілі   бір   шамасына   келісумен 

ерекшеленеді. Адамның мінез  – құлқын зерттегеннен кейін, біз  оның барлық 

әрекеттері осы тәрізді есептерден шығатынын анықтаймыз. Ол тек шарасыздан 

оларды жүзеге асырады.

Өзімшіл   тілек   бізді   азаптардан   қашуға   және   біздің   қиялымызда 

суреттелетін рахатты әрқашан артығырақ көруге мәжбүр еткізеді, бұл рахаттың 

тіпті сапасын таңдау біздің қолымызда емес. Біздің немен рахаттанатынымыз 

туралы   шешім   бір   жағынан   болса   да   біздің   ерікті   таңдауымызбен   немесе 

тәуелсіз   тілегімізбен   шартталмаған,   есесіне   оған     айналадағылардың   әсері 

тиеді. Әрбір адам  өз мәдениеті және өз заңдары бар қоғамда өмір сүреді. Осы 

факторлар   жеке   адамның   мінез   –   құлқын   анықтап   қоймай,   олар 

әрқайсысымызда өмірдің барлық облыстарына деген қатынасымызды құрады.

Шындығында, біз ештеңе таңдамаймыз: өмір салтын да, қызығушылықтар 

ортасын да, демалысты өткізуді де, жейтін тамағымызды да, ілесетін сәнді де. 

Мұның бәрі бізді қоршаған қоғамның, оны үстіне, оның ең жақсы бөлігінің емес, 

көбінің   еркі   және   талғамдарымен   «орындалуға   бекітіледі».   Шындығында,   біз 

мінез – құлқымыздың заңдары болған қоғамдық тәртіптің әдеп ережелері және 

шектерімен шырмалғанбыз.

Қоғамның сый-сияпатын іздеуге біздің барлық әрекеттер ынталандырады. 

Біз ерекшеленіп, қатардағыдан тыс бірдемені жасауға, басқа ешкімде жоқты алу 

немесе   қандай   да   бір   ұжымға   қатысудан   бас   тартуға   және   жалғыз   тұруға 

ұмтылғанда бәрі бір оны қоғамның назарын қарату үшін істейміз. «Мен туралы 

не айтады?» «Мен туралы не ойлайды?», - бұл текті ойлар біз үшін бәрінен 

маңызды,   бірақ,   ереже   сияқты,   біз   оны   мойындамауға   және   көрсетпеуге 

тырысамыз, өйткені мұндай мойындау біздің «Менге» қатты соққы болар еді. 

Таңдау қайда жатыр?

Жоғарыда   айтылғандардың   бәрінен   мынадай   сұрақ   туындайды:   таңдау 

еркіндігі, егер ол жалпы бар болса, қай жерде орналасқан? Жауап беру үшін 

біздің   мәніміз   неде   екенін   анықтау   және   біз   қандай   элементтерден 



тұратынымызды   түсіну   қажет.   Әрбір   нысанда,   оның   ішінде   адамда   төрт 

детерминациялайтын фактор бар:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет