Оза отырып оқыту технологиясының негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту. Бұл оқыту технологиясы төмендегі ерекшеліктермен сипатталады:
оқу материалдардың жүйелілігі, бірізділігі;
саралау, әр оқушыға берілген тапсырманың қолайлылығы;
бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану: сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқитын оқушылар қатыстырылады;
бірте-бірте толық дербестікке жету;
сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;
оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайға ғана) беріледі;
білім,білік, дағдыны дамыта меңгерту;
түсіндіруді қабылдау;
Білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық та дамуының негізі ретінде танылған. Білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – бастауыш сынып, сондықтан осы жаңа технологияларды пайдалана отырып, бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру білімнің басты негізі болып табылады.
Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапалы меңгеруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |