Пайдаланылған әдебиеттер:
Молдахметова Р.- Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану.- Бастауыш мектеп.- №2.-2010.-12 бет.
Мырзахан А.- Бастауыш сыныптарда ойын түрлерін тиімді пайдалану.- Бастауыш сынып.- №2.- 2010.-63 бет.
Сейсебаева К.- Бастауыш мектептегі білім беру сапасын мониторингілеу және бағалау.- Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.- №6.-2009.-3 бет.
Сманова А.- Педагогикалық жаңа технологиялардың ерекшелігі мен тиімділігі.- Бастауыш мектеп.- №1.-2010.-7 бет.
Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі ─ білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оқушыны бағалау─ ол білімнің нәтижесі болып есептеледі. Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті бағамен есептеледі. Дәстүрлі сабақтарда оқушылар білімін тек мұғалім бағалады. Кейбір оқушылардың қойған бағамен келспейтін кездері де болды, «Неге маған осындай баға қойдыңыз?»- деп маған ашуланып айтқандарда болды. Кейбір жағдайларда оқушының жауабын бағалау үшін мен қиналған сәттерде болды. Баланың ынтасын көргенде жақсы баға қойғың келеді, бірақ ол оқу материалын дұрыс меңгере алмағанын және басқа оқушылардың жауаптарымен салыстырғанда оның білімі әлсіздеу болып көрініп тұрады, қандай баға қоятынын өзің де білмей қаласың. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульмен бағалаған кезде бағаны оқушылар өздері қояды және бағалау критерийілеріне қарап неліктен осындай баға алғанын оқушы біліп отырады.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:
бақылау,
алған мәліметтердің интерпретациясы,
бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. /«Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012ж ІІІ басылым, бет 57/
Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Өйткені кез келген істі жасған кезде оған критерийлер қойып, сол талаптар арқылы өзін-өзі бағалайды, «мен осы қойылған талаптарға сай жұмыс жасадым ба? қандай дәрежеде орындадым?» – дегендей сұрақтарды өздеріне қойып, жақсы жетістікке жетуге, алға қарай ілгерілеуге қадамдар жасайды.
Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. /«Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012ж ІІІ басылым, бет 56/ Яғни, бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан біз оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз қажет.
Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, өзара, топтық өзара бағалау әдістерін жүйелі қолдануды мақсат етіп алдым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауды үйренеді, дағдыланады. Балаларға әртүрлі бағалау әдістерін қолданып көрдім. Мұндағы мақсатым, оқыту үшін бағалауда қайсысы ыңғайлы. Алғашында бағалау кездерінде қиындықтар болды, оқушылар өздеріне жоғары баға беріп, бірін-бірі көтермелеп қойды. Сабақ барысында оқушылар бағалаудың маңыздылығын түсінді. Бағалағанда сөз мәнері, идеялары, өз ойларын дұрыс жеткізе алуы, тәртіптері, ережені сақтауы т.б. қарастырылса, бірін-бірі бағалағанда дәптерде жазылған жауаптарының дұрыстығына, қатесіз жазылуына, яғни критерийлерге сүйене отырып бағаланса, өзін-өзі бағалағанда оқушыда әртүрлі сұрақтар туындайды. «Мен өз ойымды жеткізе алдым ба?», «жауабымның дұрыстығына нақты дәлелдер келтіре алдым ба?», «мен жаңа тақырыпты қалай меңгердім?», «қаншалықты белсенділік таныттым?», «өзгелердің пікірін тыңдай алдым ба?», «неге үй тапсырмасын орындауда салғырттық таныттым?». Осының нәтижесінде бала жауапкершілікті сезінеді, өз білімін жетілдіру қажеттігін түсінеді, талдау жасауды, өз білімін басқалармен салыстыруды, білім алу барысында шешімдерді қабылдай білуді үйренеді, дағдыланады. Білімін жақсарту үшін бағалауды түсінді. Бұл ары қарай өзінің нәтижесін, білім деңгейін көтеру үшін не істеу қажеттігін түсінуіне мүмкіндік береді. Мысалы кейбір оқушылар жазады : «Мен бүгінгі сабақта сұрақтарға дұрыс жауап бере алмадым», келесі сабаққа әдіс- тәсілдерін таңдаған кезде сол оқушыға жауап беруге жағдай жасайсын, сонда ғана қолжетімді білімге мүмкіншілік болады. Сүйтіп оқушының ашылуына, сабақта белсендік танытуға мұғалім көмектеседі. Тапсырмаларын орындаған кезде оқушының терең ойы, сен күтпеген пікірі, көзқарасы таңқалдырып, қуантады.
Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін, бағалау процесі терең зейінмен, сыныпта жасалған жаттығуларда үздіксіз жүргізілуі тиіс. Формативті бағалау оқушының нақты білімін көрсете алмайды деген пікірді жақтаушыларға айтарым: оқушыға сенім білдіріп, олардың пікірімен санасқан кезде өз біліміне сенімді, мақсаты айқын, өзінің жетістігі мен кемшілігінің ара жігін ажырата алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Баға — оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз, бұл кәсіби өсуімізге әсер етеді. Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Оқушыларға және олардың оқуына өзіміздің берген біліміміздің көрінісін көру үшін кәсіби өсуіміз туралы ойлануымыз керек. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Сондықтан да мұғалім мен оқушының сапалық өсуі, үйлесімді бір мезгілде жүргенде ғана оқу-әдістемелік деңгейінде сапалық өзгерістер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |