Жаңа ақпараттық технологиялар


Бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі66,23 Kb.
#11988
түріОқулық
1   2   3   4   5
Бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерге баса назар аударып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Педагогтардың кәсіби қызметінің деңгейін көтеру, оқыту процесін ізгілендіру мақсатында әр мұғалім өз мүмкіндігіне қарай оқу үрдісіндегі озық технологияларды пайдалануда. Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап, сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын орынды қолдану болып табылады.

Бұл жаңа технологиялардың басты құралы жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп, адам дәрежесіне көтеру керек.

Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып отырмыз. Оқушылардың дүниетанымын, ойлауын, болжауын, өткен құбылысын тұжырымдау, сенімді оқытудың негізгі зерделік көрсеткіштерін қалыптастыру үшін сабақтың жоспарын алдын ала тиянақты құрып сабақ барысында бақылап отыру керек. Өтілетін сабақтың нәтижесін мейлінше жоғарғы көрсеткішпен шығу үшін сабақты бастамас бұрын оқушы қандай мәселеге жете көңіл аударуы қажет, нені біліп, нені игеріп шығаратыны туралы толық мағлұмат беріледі. Өтілетін сабақ туралы хабардар болған оқушы одан көптеген жаңалықты, қарастырылатын құбылыс туралы құқықты мәліметтерді күтеді.

Бүгінде еліміздің білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Біздің міндетіміз – білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім сапасын көтеру, жан-жақты дамыту, әрине, дамудың негізі – білімде екенін де ұмытпауымыз керек.

Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білу.

Қазіргі қоғам сапалы да сындарлы білімді қажет етеді. Сондықтан да қазіргі таңда мұғалімнің ролі зор. Ол өз шәкірттеріне үнемі үлгі болып, оларды үнемі алға ұмытылуға жетелеп, шабыттандырып, демеп отыруы тиіс.

Жаңа технологияларды пайдалану негізінде оқушы бойынан бұрыннан қалыптасқан оқу іс-әрекет тәсілдерін өзара жинақтау нәтижесінде оқушылар бойында шығармашылық іс-әрекеттері қалыптасады. Көптеген өз існе шын берілген мұғалімдер жаңа оқыту технологиясы үрдістерін пайдаланып оқушылардың білім көрсеткіштерін арттыруға жол ашты. Педагогикалық оқу-тәрбие барысында жаңаны игерудегі ынталары мен мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Осы бағытта әр мұғалімнің күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашатын қадамдарға барып, оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері байқалуда.

Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес «білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін сапалы білім алуына жағдай жасап, жаңа технологияларды енгізу» білім беру жүйесінің негізгі міндеттері болып табылады.

Жалпы бастауыш сынып мұғалімдері білім сапасын көтеру барысында мынадай технологияларды пайдалануға болады. Мысалы: «Дамыта оқыту технологиясы», «Деңгейлеп оқыту», «Оза оқыту», «Ойын арқылы оқыту». Әр технология өз ерекшелігімен құнды. Жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.

І. С.Ковалевтің «Ойын арқылы оқыту» технологиясын бастауыш сынып мұғалімдері жиі пайдаланады, себебі бастауыш сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды. Ойын кезінде баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті артады. Ойын – баланың интеллектуалдық ой-өрісін тереңдей түсуіне, шығармашылықпен ойлауына алып келеді, білім сапасын арттырады. Ойын арқылы баланы тәрбиелеу әрі оқыту өте тиімді.

Ойын - өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгертуге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Көптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:



  1. еркі дамитын әрекет;

  2. шығармашылық әрекет;

  3. тікелей немесе жанама ережелер.

ІІ.Келесі тоқталатын технологиялардың бірі «Дамыта оқыту технологиясы» - танымдық қызметі төмендегідей анықталады: шығармашылық, танымдық, алгоритімдік және деңгейлік. Дамыта оқыту технологиясының басты принципі – оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, іздену, дербес жұмыс жасау дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде.

Дамыта оқыту – сабақтың қызықты да тартымды және тиімді түрде өтуінің арқауы болып табылатын, алдағы уақытта оны бұдан да терең білім жолдары күтіп тұрғанын сездіретін оқытудың пәрменді әдісі. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады.



ІІІ. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Осы жаңа технологиялардың келесі бір түрі – деңгейлеп оқыту.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі кезде жаңа технологиялармен оқыту барысында компьютерлер, жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады.

Деңгейлеп оқыту барысында біліктілікке жетеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл технология оқушының білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады.



ІV.С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясы. С.Н.Лысенкованың бастауыш сынып оқушыларына білім беру ісінде ашқан үлкен жаңалығы – пән бағдарламасын меңгертудегі қиындықтарды болдырмау немесе азайту үшін кейбір тақырыптар дәл бағдарлама бойынша емес, анағұрлым ертерек беріле бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет