«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата26.01.2017
өлшемі9,78 Mb.
#2757
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012
2.«Мектептегі шет тілі» республикалық-әдістемелік журналы,№6,2011ж
3.10-сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығы,авторы Т.Аяпова
78

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Тусупбекова Жанар Куанышевна
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы 
«Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ғылым негіздері бойынша пәндік бағыттылық
Мемлекет   мәдениетінің   айнасы   -   мектеп.   Шын   мәнісінде   еліміздің   әлеуметтік,   мәдени,   саяси,
психологиялық   жай-күйі   халықтың   білім   жүйесінен,   оның   деңгейінен,   ағартушылық   іс-әрекетінен
анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар, ол - адам
ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс»  деген
сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық   іс   -   өте   нәзік,   қасиетті   іс.   Ол   тәрбиешіден   сезімталдықты,   балаға   деген
сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.[1] Бүгінгі мектептің басты
міндеті - өзіндік ой, көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған
мұғалімнің   шәкіртіне   деген   сүйіспеншілігі,   оны   тұлға   ретінде   бағалауы   баланың   адамдық
қасиеттерінің  дамуына   басты  кепіл  бола   алады.   Осы  тұста   ғылым   негіздерін  меңгертудің  бағыты
ерекше назарда болғаны дұрыс. 
Ғылым   негіздерін   оқыту   -   білім   берудің   негізгі   жолы   болып   табылады.   Оқыту     оқытушы   мен
оқушының   біріккен   іс-әрекеттері,   сондықтан   да   ол   екі   жақты,   бір   текті   процесс.   Оқытушы
оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны
игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла
жүргізіледі. Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын
алсаңыз да, теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту
арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін
бірлікте қарастырумен қатар, оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым,
сөздің мәні, айтылмақ ой-түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып,
тереңірек   ойланады.   Сондай-ақ   әсер   санаға   ерекше   ықпал   етеді.   Әсердің   нәтижесі   бір   жағынан
тұлғаны   әрекетке   итермелесе,   екінші   жағынан   пәнге   деген   қызығушылықты   арттырып,   көркем
шығарманы оқуға талпындырады. 
Оқушыларға   әдебиеттің   құдіретін,   оның   адам   баласы   жаратылғаннан   бері   бірге   жасасып   келе
жатқандығын,   мәңгілік   жаңарып,   жасарып   отыратын   үрдіс   екенін   айтып,   түсіндіре   отырып,   сол
әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз
керек.   «Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани
дүниесін  байыту,   эстетикалық   талғамын   жетілдіру,   адамгершілік   қасиетін  қалыптастыру»,   -   деген
болатын әдебиет зерттеуші-ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев. Оқушы әдебиет
сабағында   көркем   шығарманы   қабылдауы   керек.   Бұл   оқушының   өзінің   жан   қалауымен,   жүрек
сезімімен,   рухани   әрекетімен   жүзеге   асады.   Көркем   шығарманы   оқушы   қабылдау   үшін   әрекет
жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына
елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында. Әдістеме
аппаратының басты функциясы – көркем шығарманы қабылдатуға үйрету болғандықтан, оқушы мен
мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың
біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-
болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни, мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны
жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының
көркем   шығарманы   қабылдау   белсенділігін,   әсерлі   сезімін   дамытудың   жолдарын     технологияға
негіздей қарастыруы керек.  Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан
алынған үзінділерді оқытуда төмендегідей қағидалар басшылыққа алынған дұрыс деген ойдамын:
1. Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;
2. Оның ұлттық қазына екендігі;
3. Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы;
4. Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту;
5. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;
6. Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту.
79

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Өз тәжірибемде шәкірттерімді көркем мәтінмен таныстыру барысында мынадай жұмыс түрлерін
жүргізуге ерекше  назар аударамын:
1. Көркем мәтінді талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.
2. Талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, дәлелді түрде  шындыққа жетелеу.
3. Көркем мәтін айналасында жиі-жиі пікір таласын өткізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін
қорғай білуге де баулу.
4.  Өздеріне қорытынды жасатуға жағдай туғызу.
5. Өнерге, сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру және мұғалім әр
баланың шынайы досы, пікірлесі болуы керек.
1 кесте. Көркем шығарманы талдаудағы жұмыс түрлері
Жұмыс түрі
Мазмұны
Көркем мәтіндегі жазушы
ойы, идеясына көз жүгірту
Тарихи, әлеуметтік жағдайлар, болған оқиғалардың 
қоғамдық, саяси сипаттары туралы түсінік беру (көркем 
туындыда сөз етілген)
Көркем мәтінді
композициясын талдау
Бас кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру; негізгі 
оқиғаларды сұрыптау; портрет, суреттеулердің көркем 
туындыдағы орнына тоқталу жатады. 
Жазушы стиліне талдау
жасау
Туынды негізінде жатқан авторлық көзқарас, идеяны 
ашуға көмек жасайды. 
Көркем туындыны оның негізінде 
жатқан тарихи шындықтармен 
салыстыру
Кейіпкерлер прототипі туралы мәліметтерден хабардар 
ету автор ойы, шығарманың идеясын ашудың негізгі 
жолдары, тәсілдері болып табылады. 
Талданған көркем мәтіннің әр түрлі
нұсқасы
Туынды негізінде жатқан проблема-идеяны ашудағы бір 
тәсіл болып келеді.
Суреткердің бір шығармасын басқа 
шығармаларымен салыстыру
Суреткердің жазу стилі, өзіне тән мәнеріне де ой 
жүгіртеді. 
Бірнеше ақын-жазушы 
шығармаларымен салыстыру
Тақырып біреу болғанымен, әр суреткер оны өзіндік 
стиль, мәнермен көрсетеді, шешімдері де авторлық 
көзқарасы, идеяларына байланысты.
Көркем   шығарманы   оқытудың   өзім   үшін   осындай   тиімді   жолдары   оқушылардың   шығарманы
ауызша,   жазбаша   мазмұндау   дағдыларын   қалыптастырып,   қабылдау,   есте   сақтау,   мазмұндау
қабілеттеріне (ауызша, жазбаша) ерекше ықпал етті. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның
негізгі   мақсаты   –   оқушылардың   түсінігін   арттыру,   халықтың   салтын,   мәдениетін,   өнерін   бойына
сіңіре   отырып,   рухани   ұлтжандылық   тәрбие   беру.   Сөйтіп,   бұл   -   әдебиеттен   оқушылардың   алған
білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып,
сөз   мағынасын   терең   ұғынып,   сауатты   жазуға   баулитын   жұмыстардың  бірі.   Осының   нәтижесінде
мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің
терең білімділігін, саналылығын көрсетеді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде,
инабаттылық,   имандылық,   адамгершілік   сияқты   биік   қасиеттерге   баулуда,   ұлттық   өнерді,   халық
өнерін қастерлеу, қорғауда да әдебиет пәнін оқытудың жас ұрпаққа берері көп. Көркем туындыны
оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікіріне, ойына ерекше көңіл бөлген жөн.
Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Білім кілті-Ключ знаний журнал №4, 2010
2. Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты-әдістемелік журнал. №1,2007
3. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.  Алматы, 1990.
4. Жұмажанова Т. Сыныптан тыс оқу барысында тіл дамыту. Алматы, 1992.
5. Қуанышева Т. Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыстар. Алматы, 1974.
6.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
80

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Шалқымаева Ұлбосын  Қызылорда облысы. Жалағаш ауданы
№201 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 
Тақырыбы:Қараторғай. Ж.Аймауытов.      Ана тілі   4-класс
 Мақсаты: Оқушыларды  Ж.Аймауытовтың «Қараторғай» әңгімесінің мазмұнын толық 
түсініп,жалғастырып оқуға үйрету,оқиғаның өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау,яғни көктемде 
ұшып келетін жыл құсы қараторғай туралы толық мағлұмат беру;            Оқушыларды өз бетінше 
шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баули отырып,байланыстырып сөйлеуін,ой-өрістерін 
дамыту;  Мейірімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу; 
Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, іздену. 
Түрі: Аралас сабақ. 
Көрнекілігі: Суреттер,кесте.                                                                                                                         
Сабақтың барысы:                                                                                                                       
Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.                                                                                             
Психологиялық дайындық:  Аппақ болып таң атты,   Түтін тік боп шығады.                                         
Қараторғай қанатын,  Самғап биік ұшады.                                                                                                       
Оқушыларды 3-топқа бөлу,топтардың атын жыл құстарының атымен атату,топ басшысын сайлап алу.  
Үй тапсырмасын сұрау: “Шыбық.”        С.Сарғасқаев.  
3-топтан – оқушыдан шығарып мәтінді бөліктерге бөліп мазмұнын айтқызу.                                
Бекіту сұрақтарын беру:  1.Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады?                                                             
2.Оның бұл ұсынысына келісе қоймаған Темірдің қандай сөзінен байқауғаболады?              
3.Бақыттың табанды,еңбеккор екендігін оның қандай әрекетінен байқайсың?
4.Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді?                                                                                      
5.Жазып келген еңбек туралы мақалдарын оқыту. 
«Ой қозғау» Көктемде  ұшып келетін жыл құстары туралы білімдерін анықтау үшін 3-топқа 
тапсырма беру. 
1-топ.Жыл құстарын ата .  2-топ.Құстардың көктемгі тіршілігі. 3-топ.Ұшып келген құстарға қандай 
көмек көрсетуге болады? (Балалардың жауаптарын тыңдау)                                                                         
Жаңа сабақ:  1.Сабақтың тақырыбын хабарлау. Ж.Аймауытов «Қараторғай»   2. Әңгіме авторы 
Ж.Аймауытов туралы оқушылар бұрыннан таныс болғандықтан, естеріне түсірту,толықтыру. 
3.Оқулықпен жұмыс: Әңгімені 3-топқа бөліктерге бөліп беріп,іштей оқыту.  4.Әңгіме бөліктері 
бойынша әр топтан 1оқушы шығып мазмұнын айтады,  талдау жасайды.  5.Сөздік жұмысын жүргізу.  
6.Қараторғайдың бірнеше түрімен таныстырып,суреттерін көрсету,дауыстарын тыңдату. 7.«Қонағым 
қол басындай,мінезі қорғасындай» Бұл сөзді  қалай түсінесіңдер? Осы сөзді дәптерлеріне жаздыру.     
8.Түсінгендерін тексеру: 3-топқа тапсырма беру. 1-топ.Қамбар атаға хат жазу.  2-топ.Мәтін мазмұны 
бойынша сурет салу. 3-топ.Қараторғай туралы білгендеріңді жинақтап жаз.  
Әр топ балаларының жауаптарын оқыту.
Қорытындылау:Сен көктемгі құстардың ұшып келуіне қандай жұмыстар істедің? 
БағалауҮйге тапсырма беру: Оқу, мазмұндау.
--------------------------------------------------------------------------------------------
Шоқпарова Ақмарал Егінбайқызы
Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы, Көктерек ауылы,
Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Тригонометриялық теңдеулерді шешудің жиі қолданылатын
тәсілдеріне есептер шығару (10 – сынып)
Сабақтың   тақырыбы:
 Тригонометриялық   теңдеулерді   шешудің   жиі   қолданатын
тәсілдеріне есептер шығару
Мақсаты:  Білімділік:  оқушылардың   қарапайым   тригонометриялық   теңдеулердің   түбірлерін
анықтау   механизмін   түсінуін   және   оны   меңгеруін   қалыптастыру   арқылы,   алған   біліктерін
тригонометриялық теңдеулерді шешу барысында қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:  теорияны   практикамен   ұштастыра   отырып,   тригонометриялық   формулаларды
тиімді пайдалануға үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
81

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
    Тәрбиелік:  пәнге қызығушылығын арттырып, өз бетінше еңбек етуге, ізденуге баули отыра, ой-
өрісін кеңейтіп, жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке баулу.
Әдісі: Деңгейлеп оқыту технологиясы
Түрі: Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы 
 Көрнекілігі: слайд, анықтамалық  таблицалар, карточкалар.
  Сабақ құрылымы:     І. Оқушылық деңгей;
                                         ІІ. Алгоритімдік деңгей;
                                         ІІІ. Эвристикалық деңгей;
                                         IV. Шығармашылық деңгей.
І. Оқушылық деңгей (Ауызша сұрақ) 
1. Тригонометриялық теңдеу қандай теңдеу? 
 2. Тригонометриялық теңдеулерді шешу  дегеніміз  не? 
Тақтада берілген теңдеулердің ішінен қайсысы мына тәсілдермен шығарылатынын көрсетіңдер: 
     а) Квадрат теңдеуге келтіріп шығаратын теңдеу                             
     ә) Біртекті теңдеулерге келтіріп шешу                                           
     б) Дәрежені төмендету арқылы шығаратын теңдеу                         
в)Тригонометриялық   функциялардың   көбейтіндісін   қосындыға   (айырмаға)   келтіру   арқылы
шығарылатын есептер                                               
     г) Универсал (әртүрлі) тригонометриялық алмастыру арқылы шығару 
ІІ. Алгоритмдік деңгей. Тест (Деңгейлік тапсырма)
Тапсырма
Жауаптары
І нұсқа
ІІ нұсқа
1
2
3
 
k
k




6
1
 
k
k
2
8
1

 

k


2
6
5


ІІІ. Эвристикалық деңгей (Математикалық диктант)
І нұсқа 
ІІ нұсқа 
1. Анықтамасын тұжырымдаңдар 
а) санның арксинусы
ә) санның арккотангенсі 
а) санның арккосинусы
ә) санның арктангенсі 
2. Теңдеулердің шешімдерінің жалпы түрінің формулаларын жазыңдар 
3. Теңдеулердің шешімдерінің дербес түрлерінің формуласын жазыңдар 
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер шешімдерінің жалпы түрі
Шешімдердің дербес түрлері 
IV. Шығармашылық деңгей (Ойлан тап!)
IV. Шығармашылық деңгей (Ойлан тап!)
Қорытынды:  бүгінгі   сабақта   біз   тригонометриялық   теңдеулерді   шешудің   әртүрлі   тәсілдерін
қолдану арқылы көптеген есептерді шығарып дағдылану  нәтижесінде,  тәжірибемен  ғана  келетінін
көрдік.  
Үй тапсырмасы. Бағалау.
82

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Атырау облысы, Атырау қаласы,
№34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының
Ағылшын тілі пәнінің І санатты мұғалімі 
Teacher of  English : Nurgalieva  Saule  Dyusengalievna
The theme of the lesson: Which is faster?
Aims of the lesson:
A)
To teach English grammar  comparative and superlative adjectives
B)
To develop educational level of pupils
C)
To bring –up the skill of communication
The type of the lesson:  New lesson . A  lesson of  teaching  grammar.
The methods of  working :practical ,verbal, illustrative.
Forms of work: individual ,pair work, group work, question and answer,matching
Inter subject connection :Kazakh ,Russian ,Biology ,music.
Hot spot 2 “ Macmillan”
                                  Plan of the lesson:
1.Organization  moment
2.Revision of the last material .Home task.
3.Warm up.
4.1.Explaining the theme. New words.
4.2.Explaining the new grammar.
5.Listening the text.
6.Practice
7.Writing.
8.Doing exercises from  disk by  interactive board .
9.Singing the song. Our  family.
10.Evaluation.
11.Home task.
                                       The procedure of the lesson:
1.Organization moment.
A) Greeting
b)Duty’s  report
2.Revision of the last material .Checking up the hometasks.
1.Activity book page 23,Activities 4-6
2.Students write their own answers in full sentences to the question in Activity 7.
3. Warm up.
Students  play  the Hot Potato game : in a circle students throw a soft ball to one another .When they catch
the ball ,they have 5 seconds to name an animal and throw the ball to another person .If they cannot think of 
an animal or repeat one somebody else has named before ,they out of the game .A time limit:4 minutes.
4.Presentation.
4.1.Look at these pictures  of  animals , listen and repeat their names.We are going  to test your knowledge
of the animal world .Listen  to the quiz and think about the answers .Ok.Students can you tell me the 
meaning of  fast,dangerous,intelligent and strong.Now answer these  questions as you can. 
83
Comparative  & superlative  adjectives
Adjectives
Comparatives
Superlatives
One syllable
Cheap
big
Cheap
er
Bigg
er
Cheap
est
bigg
est
Adjectives  
ending in 
-y
dirty
Dirtier
dirtiest
Two  syllable  
or  longer  
adjectives
expensive
polluted
more
expensive
more  polluted 
most
expensive
most  polluted 
Irregular  
adjectives
good
bad
many
much
better
worse
more
best
worst
most

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
4.2.Students  look at the board and listen to me. 
                                       Grammar spot
                     Comparative /Superlative adjectives
Comparative   adjective
A tortoise is faster than a snail.
A cobra is more dangerous than a scorpion.
Superlative  adjective
A cheetah is the fastest animal.
A mosquito is the most dangerous  insect.
5.Now listen to the  CD and check your answers.Work with a classmate.Write your answers.
6.Grammar  practice.
1.A tortoise is faster than a snail.
2.A cheetah is the fastest animal.
3.A cobra is more dangerous than a scorpion.
4.A mosquito is the most dangerous insect.
5.A dog is more intelligent than a mouse.
6.A chimpanzee is the most intelligent animal.
7.A camel is stronger than a horse.
8.An elephant is the strongest animal.
7.Writing
 Exercise 2 . Look at the animals in activity 1.Complete with comparative or superlative of the adjective in
brackets.
8.Doing exercises from  disk by  interactiveboard.
9.Singing the song  “ Our family” .Now I have a small surprise for you .Do you like sing a song ? Let’s 
sing a karaoke song.
10.Evaluation.
So look at the board again .Today we have learnt  comparative and superlative adjectives .How the 
adjectives changes in comparative ? What about  superlative adjectives?
11.Home task .
1.Activity Book page 24,Activities 1-3
2.Students write two more questions to the quiz in Activity 1.    
--------------------------------------------------------------------------------------------
Нахуанова Айымгул Жаксылыковна,
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
 М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім 
беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ұұ дыбысы мен әрпі .1 сынып.
Сабақтың мақсаты :
    Білімділігі :Ұұ әріпінің таңбасымен таныстыру ,баспаша ,жазбаша түрін таныту және айтылуы 
мен жазылуын  таныстыру .Сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету,мәтінді буындап еркін оқи алуға 
үйрету .
   Дамытушылығы :Оқушылардың сөздік қорларын молайтып ,сөйлем құрастыру, байланыстырып 
сөйлеуге дағдыландырып ,есте сақтау ,шығармашылық қабілеттерін дамыту .
   Тәрбиелілігі:Оқушылардың дүние танымын кеңейтіп ,ұқыптылыққа ,сауаттылыққа, табиғатты 
қорғауға тәрбиелеу.
Міндетті .Ұұ дыбысы мен әрпін танытып ,көркем жазуға дағдыландырып ,буындап оқи білуге 
үйрету.
Күтілетін нәтиже :
 -Әріп пен дыбысты  дұрыс жаза ,дыбыстай ,дыбыстық талдау жасай  біледі ;
-Шағын мәтінді түсініп , дұрыс және мәнерлеп оқи алады ;
-Мәтіннің мазмұнының логикалық жүйесін сақтай отырып ,өз сөзімен айтып береді ;
-Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрай біледі.  
Типі:  Жаңа білім беру .
84

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Түрі :Аралас сабақ
Әдісі : СТО технологиясы оның элементтері .
Пәнаралық байланысы :ана тілі ,математика, бейнелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі .
 Оқушылардың назарын сабаққа аудару .
 Психологиялық дайындық .
    Шырылдады қоңырау ,
    Біз сабақты бастаймыз.
    Партамызға отырып ,
    Өзар көз тастаймыз.
   Табыс тілеп көзбенен, 
   Жаңа білім алуға ,алға қадам бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру .
 1-слайд.Жұмбақ жасыру  Ақ сандығым ашылды ,
                                             Ішінен жібек шашылды . (Жұлдыз)
-Осы сөзде кешегі өткен әрпіміз бар ма ? Дыбыстық талдау жасалады . Жұлдыздарды өз 
қолдарыңызбен аспан әлеміне орналастырыңдар . Ол үшін  өткен сабақтағы тапсырмаларды сұрау 
арқылы қол жеткіземіз. Өз қалауларыңша  жұлдызды іліңдер .
Сұрақтары:1. «Қаз»сөзіне дыбыстық талдау жасап,.сөйлем құра .
2. «Ауыл маңында »өлеңін жатқа айт . Өлеңде не туралы айтылған?
3.Біздің Републикамыз қалай аталады ? «Қазақстан»сөзінде з дыбысы қай жерінде тұр .
4. «Қазақстан –менің Отаным» өлеңін жатқа айт .Өлең не туралы айтылған? 
5.Өскенде кім болғың келеді ?Өзің шығарған өлең жолдарын айт.
Қызығушылығын ояту.
-Ал балалар, аспандағы жұлдыздарға қалай барамыз ол үшін мына жұмбақтышешіп көрейікші. 
 2-слайд.    Құстан аумайды,
                   Көкке зулайды .(Ұшақ )-жұмбақтың шешуі қандай әріптен басталып тұр ?
-Қане бәріміз бірге айтып көрейікші .ұ-ұ-ұ.
-Ендеше бүгінгі сабағымызда Ұұ әрпі  және дыбысымен танысамыз.
Мағынаны тану .
Ұ ұ әрпі және дыбысы .Осы дыбыстан басталатын мысал келтіріңдерші .Ұұ дыбысы қандай 
дыбысыыыы?
 Олай болса Мынау Ұұ әрпінің таспаша түрі ,ал мынау жазбаша түрі .
Оқулықпен жұмыс .
3- слайд.Суретпен жұмыс .
 4- слайд.«Ұшқыш»мәтінін оқып танысайық (Кезекпен оқытамын)
 5- слайд.-Ал балалар ,сіздер ұшқыштардан кімдерді білесіңдер ? (Ұшқыштар туралы мағұлмат 
беріліп өтемін .)
 Сергіту сәті .
  6- слайд.«Ұшты -ұшты»ойыны ойнатылады .Ойын шартын бұзған оқушы 95 –беттегі сөдерді 
оқып мағынасын түсіндіреді . 
  Дәптермен жұмыс .
Ұұ әрпінің жазылуын тақтаға көрсетемін ,бүгінгі сабқта кіші әріпімен таныстырамын, содан соң 
ауада жазу сәті жүргізіледі .
 7-слайд.Жазу дәптерінің 6 -бетіндегі тапсырмаларды орындайды . дыбыстық талдау жасалады .
 8-слайд.Оқулықтан көшіретін жерге Тапқышбектің тапсырмасы орындалады ,буыннан сөз құрап 
жазады .
Ой толғаныс .
  9-слайд.Оқулықтағы  «Шөлдеген ұзақ» суреті бойынша  тірек сөздерді қатыстырып ,әңгіме 
құрастыру.
 10-слайд.Әліппе серігінен «Ұя»өлеңін мәнерлеп оқып хормен айтқызамын .
-Өлең не туралы айтылды ?
 Қорытындылау.
 11-слайд.  Топтастыр әдісі .Сұраққа жауап берген оқушыларға ұшақ үйлестіріледі .
85

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
-Ұұ әрпі неше бөліктен тұрады ?
-Ол қандай әріп ?
-Сөздің қай жерлерінде кездеседі ?
-Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз )
-Әріпті не істейміз? (оқимыз, жазамыз )
Келесі сабақта  осы ұшақпен қай жерге ұшып барғыларың келеді соны жазып келіңдер және  
«Ұшқыш»мәтінін оқып , «Ұя»өлеңін жаттау.
-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар
------------------------------------------------------------------------------------------------
Хайреденова Айман Төлеуғалиқызы, БҚО, Казталов ауданы, 
Қараөзен ауылы, Қараөзен мектеп –лицейінің қазақ тілі 
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пәні: Қазақ әдебиеті  Сыныбы: 6,7-түзету
Сабақтың тақырыбы6- сынып.  Ілияс Жансүгіров  «Ана тілім»
 7-сынып. Мағжан Жұмабаев  «Толқын»
Сабақтың мақсаты:  
Білімділік:    6-сынып.  Ілияс Жансүгіров  өмір жолымен «Ана тілім» өлеңінен оқушыларға 
түсінік беріп, өлең құрылысына қарай талдау жасауға дағдыландыру.
 7-сынып.  Мағжан Жұмабаев өмірі мен «Толқын» өлеңінен оқушыларға түсінік бере отырып, 
өлеңге сатылай кешенді талдау жолын меңгерту, әдебиет теориясынан ұғымын кеңейту.
ДамытушылықМәнерлеп оқу дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру
ТәрбиелілігіЕлін, жерін, тілін сүюге баули отырып, ұлтжандылыққа баулу
Типі: Жаңа білімді  меңгерту   Түрі: аралас сабақ
Әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, тест жұмысы, сөздікпен жұмыс, 
венн диаграммасы, психологиялық дайындық, сергіту сәті, мәнерлеп оқу, шағын шығарма жазу.
Көрнекілігі: Слайдтар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:  Тарих, қазақ тілі, өзін өзі тану.
Жаңа технология: СТО
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.  Сыныпты түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
6-сынып
1.
Түйебай кімнен сауаттанды?
                  А) Мұғалімнен              Ә) Молдадан
2. Түйебайдың әкесі қол астында жұмыс
жасаған байдың есімін көрсет
                  А) Ермағамбет              Ә) Тайшық хан
3. Неге Түйебай молдадан сауттанғысы келмеді?
                 А) Молданы менсінбеді  Ә) Молда оны ұрды
4.
   Өзі жаяу, жалаң аяқ, ерні кезерген,тілінген үстінде шоқпыт-шоқпыт қима шапаны бар.
Бұл кім?
                   А) Молда                      Ә) Түйебай
5. – Шоқынып кетсем де, енді молданың алдын көрмеспін!-деп өкіріп қоя берді. Бұл кім?
                     А) Ермағамбет              Ә) Түйебай        
7-сынып. М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңін жатқа оқу.
ІІІ.Жаңа сабақ.  Психологиялық дайындық
Сабаққа көңілді келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз,
«5» пен «4» -ке оқып бәріміз
Жалқаулық дегенді жеңеміз!
6-сынып
- І. Жансүгіров  өмір жолымен «Ана тілім» өлеңінен оқушыларға түсінік.
- Өлеңді мәнерлеп оқып, талдауға машықтандыру
86

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
( Слайдтар арқылы жұмыстану)
Жаңа сабақтың тапсырмалары
№1
D)
Өлеңді мәнерлеп оқу
E)
Өлеңді сатылай кешенді талдау
F)
Венн диаграммасы ( І.Жансүгіров «Ана тілі» өлеңі мен М. Жұмабаев  «Қазақ тілі» өлеңін 
салыстыру) 
№2
І.Жансүгіров  өмірін топтастыру
«Тіл» туралы мақал-мәтел және өлеңді жатқа айтып, дәптерге жазу
Өлеңді мәнерлеп оқу
Сергіту сәті «Жаңбыр»
7-сынып.   М.Жұмабаев  өмірі мен «Толқын» өлеңі
-Электрондық оқулық арқылы түсінік
- Слайдтармен жұмыс
-Әдеби теориядан түсінік беру
Жаңа сабақтың  тапсырмалар:
№1
1.
Өлеңді сатылай кешенді талдау
2.
Мәтіннің ішінен қайталаудың түрін табу
№2
1.
М.Жұмабаев  өмірін топтастыру
2.
Өлеңді мәнерлеп оқу
6-сыныптан берілген тапсырмаларды сұрау
Сабақты бекіту:
«Ана тілім-ардағым» тақырыбында шығарма  жазу
7-сыныптан берілген тапсырмаларды сұрау
Сабақты бекіту:
Бес жолды өлең құрастыру
1.Зат есім –
2. Сын есім –
3. Ет –
4 –
5. Синоним-
Үйге тапсырма:   6-сынып.  І. Жансүгірұлының өмірінен түсінігін айтып, «Анам тілі» өлеңін 
мәнерлеп  оқу
7-сынып. М.Жұмабаев өмірінен қосымша ізденіп, «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқу
Толқын көрінісіне сурет салу
Бағалау. Қорытынды.
 -------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
К.Мендалиев атындағы ОЖББ мектебінің 
жоғарғы санатты тарих  пәні мұғалімі
                     Абылай Жардемұлы Молдашев
Сабақтың тақырыбы: “ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық зиялылар тобы және 
ұлттық-демократиялық қозғалыстар”
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз беттерімен жұмыстану дағдыларын дамыту. 
Білімдік мақсаты: Оқушыларға ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы  саяси оқиғалар жөнінде 
қосымша деректер арқылы түсінік беру.
Тәрбиелік мақсаты: Тақырыпты түсіндіре отырып оқушыларға  патриоттық, отаншылдық бағытта
тәрбие беру.
87

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Сабақтың түрі:         диалог түрінде
Көрнекілігі:               Интерактифті тақта
Пән аралық байланыс:   Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті
Сабақтың өту барысы:
5.
Ұйымдастыру
6.
Үй тапсырмасын сұрау: “1867-1868 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы 
көтерілістер”, “1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс”
7.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
8.
Бекіту сұрақтарын беріп оқушылардың білімін бағалау
9.
Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беру
Үй тапсырмасы бойынша тест сұрақтары
1869-1870 жылдардағы  Орал, Торғай облыстарындағы  және Маңғыстаудағы   көтерілістер
1. 1867-1868 ж.ж. Қазақстан қанша губернаторлыққа бөлінді?
Жауабы: 3. Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан
2. Орынбор генерал –губернаторлығына кірген облыстар:  Жауабы: Орал, Торғай
3. Батыс Сібір генерал –губернаторлығына кірген облыстар: Жауабы: Ақмола, Семей
4. Түркістан генерал –губернаторлығына кірген облыстар. Жауабы:Жетісу, Сырдария
1867-1868жж. Реформаға сәйкес енгізілген барлығына міндетті салық түрі(ауқаттыларды 
қоспағанда)
А) Қалан
В) Жер салығы 
С) Зекет
Д) Вакфтық
Е) Шаңырақ салығы
1867-1868жж. “Ережелердің” ең басты ауырпалықтары:
А) Салықтардың көбеюі
В) Ауылдың әлеуметтік жағдайының нашарлануы
С) Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды
Д) Жергілікті байлардың құқын шектеу
Е) Жерді пайдаланудың дәстүрлі жүйесінің бұзылуы
Орал мен Торғай өңіріндегі көтерілістің мерзімі:
А) 1868ж. желтоқсан – 1869ж. қазан
В) 1868ж. қаңтар – 1869ж. қыркүйек
С) 1868ж. ақпан – 1869ж. қаңтар
Д) 1868ж. қазан – 1869ж. шілде
Е) 1868ж. наурыз – 1869ж. наурыз
1868-1869 жылдары Орал мен Торғайдағы халық қозғалысын басқарғандар:
А) Старшындар
В) Жұмысшылар
С) Ру басылары
Д) Қазақ шаруалары
Е) Билер
1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай көтерілісін жаншуға жіберген жазалаушы отрядты басқарған 
подполковник:
А) Пономарев
В) Геке
С) Смирнов
Д) Колпаков
Е) Рукин
1870ж. 40мың шаңырақ адай руы төлеуге тиіс салық:
А) 10мың сом
В) 100мың сом
С) 50мың сом
Д) 160мың сом
88

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Е) 200мың сом
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға
А) Подполковник Рукин отряды талқандалды
В) Көтерілісшілер санының артуы 
С) Патша әскери гарнизонының өртелуі
Д) Көтерілісшілердің өз «флотилиясын» құруы
Е)Жазалаушы отрядтардың кері шегінуі
1870ж. Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары:
А) К.Есімұлы, А.Әбілғазыұлы
В) С.Түркебайұлы, Б.Оспанұлы
С) А.Қошайұлы, Л.Маңтайұлы
Д) Д.Тәжіұлы, И.Тіленбайұлы
Е) Х.Арсланұлы, Д.Асауұлы
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақтардан жеңліп, өзін-өзі өлтірген жазалаушы отряд 
басшысы:
А) Полковник Геке
В) Подполковник Рукин
С) Майор Покатилов
Д) Полковник Смирнов
Е) Майор Колпаковский
Ж а ң а   с а б а қ т ы ң   ж о с п а р ы
3.
Қазақ зиялыларының атқарған қызметі (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,        М. Дулатов.);
4.
Қазақстандағы алғашқы басылымдар
5.
Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған қазақ депутаттары;
6.
Қазақтардың петициялық қозғалысы
7.
Түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың саяси  белсенділігінің арта түсуі 1917 жылға тұспа-
тұс келді. Құрамы жергілікті зиялылар мен оқушы жастардан тұратын бұл ұйымдардың саны 
жиырмадан асып түсетін еді. 
8.
Олардың арасында Ақмоладағы “Жас қазақ”, Орынбордағы, “Еркін дала”, Ордадағы “Жігер”, 
Петропавлдағы, “Талап”, Меркідегі, “Қазақ жастарының революциялық одағы” және басқалар бар 
еді. Бұл олардың қайсыбірі жалпыұлттық ұстанымда болса, екінші біреулері соңынан белгілі бір 
әлеуметтік  топтарды ертуді көздеді.
9.
     1917 жылы қарашада бір топ Омбы зиялылары “Үш жүз” аталатын саяси партия 
құрғандарын мәліметін етті.
Мемлекеттік Думаға сайланған депутаттар
Бірімжанов Ахмет— Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 мемлекеттік Дума мүшесі, заңгер.
1871 жылы 7 желтоқсанда Торғай уезінің Тосын болысының №1 ауылында дүниеге келген. Арғы 
аталары атақты Арғын-Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек батыр және Шеген би. Өз әкесі— Қорғанбек. 
Шешесі— Қыпшақ Наурызбай бидің қызы Ханша. Ал арғы атасы— Шеген бидің қызы Айман 
Ыбырай Алтынсариннің шешесі. Жастайынан зерек Ахмет Орынбор ерлер гимназиясын 1891 жылы 
күміс медальмен бітірсе, ал Қазан университетінің заң факультетін 1895 жылы алтын медальмен бі-
тірген. ЖОО бітірісімен Орынбор округтық соттың кандидаты, онан кейін Торғай уезінің бітімші 
соты болып істеп жүргенде, 1906-1907 жылдары Ресейдің 1-2 мемлекеттік Думасының мүшелігіне 
қатарынан екі рет Торғай облысы қазақтары атынан сайланады.
Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөрин  (1864, бұрынғы  Уфа  губернторы  Стерлитамак  уезі —  1920,
сонда)   —   қоғам   қайраткері,   20   ғасыр   басындағы  
ұлт-азаттық
 
     қозғалыс
  жетекшілерінің   бірі.
Орынбор  гимназиясында орта білім алып,  Мәскеу  университетінің  физика-математика  факультетін
және  Санкт-Петербург  университетінің  заң  факультетін (1889) бітірген.  1905  жылдан бастап патша
өкіметіне оппозицияда болған саяси күштердің қызметіне араласқан. “
Автономияшылар
 
    одағын

құруға   тікелей   атсалысып,  1905  жылы   19   қарашада   өткен   автономияшылдар   съезіне   қатысты.
Кадеттер партиясына (“Халық бостандығы”) мүшелікке өтті. Бірінші  орыс  революциясы жылдары
бүкілресейлік  мұсылмандар  съезін   өткізуді   ұйымдастырушылардың   бірі   болды.   Бүкілресейлік
мұсылмандардың   үшінші   съезінде   “
Ресей
 
    мұсылмандары
 
    одағы
”   (“
Иттифақ
 
    ул-муслимин
”)
ұйымының ОК құрамына сайланды. 
Бірінші
 
    Мемлекеттік
 
    думаның
 мүшесі болды. Онда мұсылман
89

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
фракциясының   құрамына   кірді.   Выборг   үндеуіне   қол   қоюшылардың   қатарында   болды.   Сол   үшін
патша өкіметі тарапынан айыпталып, 3 ай абақтыда отырды. Жантөрин өз қаражаты есебінен “ұалия”
медресесіне   жәрдем   ретінде   20   мың   сом   қаржы   бөлді.   Түрлі   оқу   орындарында   оқитын   қазақ
жастарына көмек көрсетіп тұрды.  1911 жылы түркі тілдеріне енген араб-парсы сөздері жайлы кітап
шығарды. 1914 жылдан Санкт-Петербург қаласыннда татар тілінде “Миллят” газетін шығаруды қолға
алды.  1916 жылы Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының жанындағы бюрода қызмет етті.
Онда ана тілінде оқыту мәселесіне көп көңіл бөліп, ол жөнінде мұсылман фракциясына нақтылы
ұсыныстар  жасады.  М.Шоқаев,  С.Мақсұдов,  А.Салихов  секілді   қайраткерлермен  бірге   майданның
жұмысына  Түркістан  өлкесі мен  Қазақстаннан  алынған адамдардың хал-ахуалы жайлы мәліметтер
жинастырып,   оларды   мұсылман   фракциясына   жеткеріп   тұрды.  1917  жылғы  
Ақпан
 
     төңкерісі
нәтижесінде патша өкіметі құлатылғаннан кейін қалыптасқан жағдайға сай империядағы түркі тілдес
мұсылман халықтарының саяси іс-әрекеттерін бір ізге түсіріп, үйлестіріп отыру үшін Бүкілресейлік
мұсылман съезін өткізу керектігін жақтады. Осы жылы Уфа губернаторынан Бүкілресейлік Құрылтай
жиналысына   депутаттыққа   кандидат   ретінде   ұсынылды.  
Еділ
 
 -Орал
  автономиясының   өлттық
жиналысына депутат болып сайланды.  Алашорда  үкіметіне қолдау танытып, оның жетекшілерімен
тығыз қарым-қатынаста болды. 
Алихан Бөкейханов. Семей облысынан
1870ж.  
наурыздың
 
   5
  бұрынғы  
Семей  
 
 облысы
 
Қарқаралы
 
    уезі
, Тоқырауын болысының 7-ші
ауылында  туған.   Бұл   қазіргі  
Қарағанды
 
    облысының
 
Ақтоғай
 
    ауданындағы
  бұрынғы   Қаратал
кеңшарының жеріне қарасты, 1992жылы 
Ақтоғай
 
    аудандық
 
    кеңестің
 шешімімен Ә.Н. Бөкейханов
есімі берілді.
Әлихан  
Орта  
 
 жүз
  ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед -
Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың
қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты
бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы
қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық
училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралығында
Санкт-Петербургтегі   Орман   технологиялық   институтының   экономика   факультетінде   оқыды.
Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған
Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына
куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде,
1908 жылы 
Санкт-
 
 Петерборда
 жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово»
гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.
1911-14 
«  Қазақ
 
 »  
   гәзетін
  ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор
еңбек сіңірді.
Бүкіл   мағыналы   өмірін   халқының   азаттық   алып,   еркін   ел   болуына  арнаған   аяулы   азаматтың
соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және
қалалық   қоғам   қайраткерлері   съезінің   делегаты,   Ресейдің   I  
Мемлекеттік
 
     думасының
  және
мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV 
Мемлекеттік
 
    Думаның
 мұсылмандар фракциясының
Бюро мүшесі болды. 
Мұхаммеджан Тынышбаев. Жетісу облысынан
М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт  Жетісу  теміржолын жобалау ісіне қатысады. I
Мемлекеттік   Думаның  қуғындалғанынан  хабардар  ол  ел  құқына   қажетті   табанды   қоғамдық-саяси
жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы
атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Алайда II Думаны да
патша қуғындап таратады.  1907 жылы 3 маусымдағы жарлығымен империя  исі қазақ сынды шет
ұлттарды   (ресми  жер  иелігі   жоқ   ұлттарды)   Думаға   сайлану   құқынан  айырады.   Бұл  жағдай   қазақ
зиялыларының ашу-ызасын тудырғаны тарихтан мәлім (елді ояту рухындағы еңбектер осы кезден
кешірек жариялана бастайды).  Дума  таратылған соң М.Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі.
Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер
ретінде атсалысады. 1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына,
90

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инжетер есебінде қатысады.
Теміржол  саласына   байланысты   еңбегін   ғана   парықтағанның   өзінде   М.Тынышбаев   -   Кіндік   Азия
көлемінде   еленуге   лайықты   инженер-теміржолшы.   1914   жылы   қайраткер   Жетісу   темір   жол
құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол 
Арыс
 
  - 
   Әулие
 
    ата
 учаскесінің басшысы және бас инжепері
болып қызмет атқарды. Осы шақта инжетер Мұхамеджанға Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға
бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Т.Рысқұлов ұшырасады. Бұл 1915 жыл еді. М.Тынышбаев
бір кезде өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, Тұрарға әжептәуір ақша ұсынады және мұндай керекті
қаражатты   кейін   де   адресіж   салып   тұратынын   айтады.   Екі   азаматтың   осы   риясыз   көңілі   адал
бауырластыққа ұласады. 
Нұрекенов Темірғали (1858 – өлген жылы белгісіз) – қоғам қайраткері, 2-Мемлекет Дума депутаты.
Семей облысы Павлодар уезднің Сейтен болысын басқарған. 1905 жылы Қарқаралы, Павлодар уезд
қазақтарының   атынан   Ішкі   істер   министрлігіне   наразылық   білдіріп,   петиция   жазуға   қатысқан.
Петицияны қазақ тілінен орыс тіліне аударған. 1907 жылы 2-Мемлекет Думаға Семей облысынан
депутат болып сайланып, Мұсылман фракциясының мүшесі болған.
Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев  (1860,  
Қаратөбе
 
    ауданы
 Ақбақай  ауылы — 26.8.1934,  Ақтөбе
қаласы) - 
қоғам
 
    қайраткері
, заңгер, 
ағартушы
 
 -демократ
. Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін
Санкт-Петербург  университетінің   заң   факультетіне   түседі.   1890   ж.   оны   2-дәрежелі   алтын
медальмен   үздік   бітіреді.   Петербургта,  Кутаисида,   Орынборда  тергеуші  болып   істейді.   1897
жылдан  Оралда,  Қаратөбеде,  Жымпитыда  адвокат  болды.   1907   ж.   2-Мемлекеттік   Думаға
кадеттер  тобынан   Орал   облысынан   депутат   болып   қатысып,   жер-су   мәселесі   бойынша   қазақ
халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. Ол өзін  
большевиктер
 
    партиясының
  қатарындамын деп
есептеді.   1907-16   жылдары   ағартушылық   жұмыстармен   айналысып,  
«  Қазақстан
 
 »  
   газетін
,
«  Айқап
 
 »  
   журналын
  шығаруға   көмектеседі.   1918   ж.   облыстық   атқару   комитетінің   мүшелігіне
сайланды.   1918   ж.   наурызда   «әскери   үкімет»   бүлік   ұйымдастырып,   облыстық   кеңес   мүшелерін,
(ішінде Қ. та бар) тұтқынға алды. 1919 жылы 24 қаңтарда 
Чапаев 
 
 дивизиясы
 босатып, кейін ол
Орал   облысы   ревкомның   қүрамында   ұлттар   коллегиясын   басқарды.   1919   ж.   24   шілдеде  
Қ.
Қазәсревкомның
  мүшелігіне тағайыңдалды. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің
Бүкілқазақстандық   1-съезіне   делегат   болды.   Мұнда   қабылдаған   Қазақ   АКСР-і   еңбекшілерінің
құқығы   туралы   декларацияның   жобасын   дайындауға   қатысқан.   Қазақ   АКСР-інің   заң   комиссары
болды. Кеңестердің 2-Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.
1. 1902 жылы тұңғыш маркстік ұйым құрылды:
А) Оралда  В) Верныйда   С) Семейде  Д) Орынборда  Е) Омбыда
2.Отарлық ұлт аудандарының «сілкініп оянуына» негіз болған «Қанды жексенбі» болған 
жыл:
А) 1905 жыл  В) 1907 жыл   С) 1909 жыл  Д) 1902 жыл Е) 1900 жыл
3. 1905ж. Қарқаралыда өткен халықтың бірлігін қуаттайтын саяси жиынға белсене 
қатысқан:
А) Ә.Бөкейханов   В) А.Байтұрсынов  С) М.Тынышбаев  Д) М.Дулатов
Е) М.Шоқаев
4. 1905ж. 17қазандағы патша манифесіне қазақтың ұлттық-демократиялық зиялы қауым 
өкілдерінің көзқарасы:
А) Қолдады  В) Әр түрлі пікірде болды С) Манифесті қуана қарсы алды
Д) Әшкереледі  Е) Қарсы шықты
5.Өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғаушы, 1906жылғы  Мемлекеттік Думаның Ақмола
облысынан сайланған депутаты:
А) А.Қалменұлы  В) Б.Құлманов  С) М.Тынышбаев Д) Б.Қаратаев
Е) Ш.Қосшығұлов
6.Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес түземдік халық арасынан екінші Мемлекеттік 
Думаға Торғайдан сайланған:
           А) Ш.Қосшығұлов  В) Б.Құлманов С) С.Бірімжанұлы Д) Х.Нұрекенұлы Е) М.Шоқай
7.Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес түземдік халық арасынан екінші Мемлекеттік 
Думаға Жетісудан сайланған:
А) Ш.Қосшығұлов  В) М.Тынышбаев С) С.Бірімжанұлы  Д) Х.Нұрекенұлы
91

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Е) М.Шоқай
10.
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес түземдік халық арасынан екінші Мемлекеттік 
Думаға Семейден сайланған:
А) Ш.Қосшығұлов В) М.Тынышбаев С) С.Бірімжанұлы  Д) Х.Нұрекенұлы
Е) М.Шоқай
11.
1905жылы 13-желтоқсанда жұмысшылар ереуілі өткен жер:
А) Павлодар В) Семей С) Орал  Д) Өскемен  Е)  Петропавл
12.
 1905жылы  6 -желтоқсанда жұмысшылар ереуілі өткен қала:
А) Павлодар В) Семей С) Орал  Д) Өскемен  Е)  Петропавл
Үйге тапсырма
G)
Тақырып бойынша қосымша деректермен жұмыстану;
H)
Тест сұрақтарына жауап беруге дайындалу;
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
Актанова Гульнур Айтмаганбетовна 
Преподаватель  русского языка и литературы
ГКУ “Средняя школа №29” имени Т.Изтилеуова
Кызылординская область Кармакшинский район


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет