«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата26.01.2017
өлшемі9,78 Mb.
#2757
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Тема  урока : Морфемика.Однокоренные слова.Формы одного и того же слова.
 Цель  урока:  а) образовательная: повторить и закрепить изученное в 5 классе по теме 
«Однокоренные слова и формы одного и того же слова» Научить детей различать однокоренные слова
от форм одного и того же слова;
б) развивающая:развивать творческие способности учащихся, память, мышление, речь, внимание,
умение работать в группе;
в) воспитательная: воспитывать познавательный интерес к русскому языку; чувство 
коллективизма и взаимовыручки;                
Вид   урока:   Нетрадиционный
Тип   урока:    Урок - путешествие
Методы  урока: Обьяснительно-иллюстративный, вопросно-ответная беседа,  творческий
Оборудование урока: Интерактивная доскаслайдовая презентация, плакат 
Ход урока:I.Организационный момент
1.Психологическая подготовка
-Ребята, давайте улыбнёмся друг другу и пожелаем удачи.
2.Эпиграф к уроку.
Чтение эпиграфа.
-Давайте прочитаем эпиграф нашего урока:
Самый лучший день – сегодня.
Самый лучший отдых – работа.
Самая большая потребность – общение.
Самое большое богатство – здоровье.
Самый большой дар – любовь.
3.Представление команд и капитанов.
1) Команда «Умники»                  2) Команда «Умницы»
4)  Оценивание с помощью  геометрических фигур:круг-5,квадратик-4 и треугольник-3.
5)Голосистый наш звонок 
Пригласил всех на урок.
А теперь – внимание!
Проверяем домашнее задание.
II.Проверка домашнего задания
    Выпишите  из словаря учебника  пять существительных с твёрдой основой 5 существительных  с
мягкой основой.Устно составить с двумя из них предложение.
IV.Закрепление домашнего задания
 Вопросно – ответная беседа:
Что такое   морфемика?
92

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Что выделяются в слове?
Что входит в основу слова?
 Что такое корень?                                                                                                                           
V.Обьяснение новой темы
а) Слово учителя:
  -Ребята,  сегодня  у нас с вами непростой урок, мы отправимся в путешествие.А путешествовать 
мы будем с вами вот на этом автобусе.И отправимся в страну «Морфемика», город «Однокоренные 
слова.Формы одного и того же слова » Эта страна необычная.На каждой улице наш автобус будеть 
делать остановки, и мы  с вами будем выполнять различные задания.Если мы будем делать их 
правильно , то наш автобус будеть отправляться все дальше и дальше.И мы с вами услышим и увидим
сегодня много интересного.
   В 5 классе мы познакомились с понятиями «Однокоренные слова.Формы одного и того же слова.»
Теперь вспомним эти понятия.
Для этого я  вам расскажу  сказку о чудесном дереве. 
б) Послушать сказку.
в)  Озвучивание правила однокоренных слов.
г) Наш автобус начинает своё путешествие с остановки «Назови-ка». 
 Назовите из сказки однокоренные слова с корнем   – лет-.Составьте  с ними словосочетания и 
устно переведите на родной язык.
       Молодцы, мы справились  с этим заданием. 
 д) Едем дальше, приехали к остановке «Найди-ка»
 В каждой строчке найдите однокоренные слова.Помните, что однокоренные слова похожи по 
смыслу и имеют одинаковый корень.  
е) Наш автобус добрался до следующей остановки , она называется «Прочитай-ка»
Прочитать текст. Найти разные формы существительного дерево.Обозначить окончания.                   
ё)Следующая остановка «Краса  слова - пословица».Прочитать пословицы.Подобрать однокоренные
слова к выделенным словам.Указать антонимы.Молодцы .Вы правильно выполнили задание. А теперь
в путь.
Следующая остановка «Отгадай-ка».Прочитать и отгадать загадки.Выделить корень 
существительных.
     Вот и закончилось наше путешествие.Вам понравилось?
VI.Выводы по уроку.
Что нового вы сегодня узнали ?
Чем были уивлены?
VII.Итоги урока и комментирование оценок.
VIII.Задание на дом
Подобрать однокоренные слова к словам:
Лес, дерево и  лечить
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Нагимова  Жеміс  Нәбиқызы
БҚО, Казталов ауданы, Ақпәтер  ауылы,
Ақпәтер орта жалпы білім   беретін мектебінің 
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
 Сабақтың     тақырыбы:  « Ортақ іс  табысы»         
Сабақтың  мақсаты : оқушылардың  ынтымақ, сыйластық, ынтымақ   құндылықтары  туралы  
түсініктерін   кеңейту;
   Міндеттері :    -ынтымақ ,  бірліктің   адам  өміріндегі  маңызын  түсіндіру ;  
                           -  бірлесіп  жұмыс  істеу  іскерліктерін   дамытыу ;      
                           -   өзара  көмекке ,  достыққа  тәрбиелеу ;     
Көрнекілігі  :   оқулық ,  дәптер  ,  қорап ,  асық , фигуралар  ;         
Сабақтың  барысы :        
I .  Шаттық   шеңбері. Мұғалім   оқушылармен  амандасқаннан   кейін  шеңбер  болып тұруға  
шақырады.
93

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
                                  Күлімде, күн, күлімде!  Д.Қанатбаев.      
                                     
                                    Күлімде,  күн,  күлімде ,        
                                    Жер  жасарып  көгерсін !      
                                    Кешегідей  бүгін  де ,       
                                    Қанат  қақсын  көгершін  !   
                                                Күлімде, күн, күлімде,
                
   Бүлдіршіндер қуансын.
      Қырдың көкшіл түгіндей
 Қолдарына ту алсын.!
II.   Мәтін : « Көп  біріксе -  береке» .  
Мектеп   жанындағы   ағаштардың  ну  орманға  айналуының себебі   неде  деп  ойлайсыңдар ?   
«Көп  біріксе  - береке»  дегенді  қалай  түсінесіңдер ?      
III.  Дәйексөз :   Әр  оқушы  бір  тал  шыбықтан  егіп ,  өсірген  ну  орман  -  олардың  бірігіп  
істеген  ортақ  еңбектерінің  жемісі.  Көп  біріксе  береке,  мереке  болады  дегені  -  жұмыс   әрі  тез ,  
әрі  сапалы   орындалады  да береке  болады ,  көпшілік   болған   соң  бір  -  біріне  қызық  әңгіме  
айтып,  әзіл -  күлкіге   орта  толып  мереке  болады,  сондықтан  да  дана  Құтып  аталарың  «Келісіп  
істесе,  көп   іс   бітеді»   деп  тегін   айтпаған,  өйткені күш -  бірлікте  .       
IY Сергітіу   сәті 
                        Санайық  жаңаша (  оқушылар  орындарынан  тұрады )  
                        Бір,  екі,  үш, ( қолдарын  алға , жоғары , екі  жанға  созады )  
                         Желбіре  жалауша ! (  қолдарын  әрі – бері  бұлғайды )  
                         Достықта  біздің  күш ! (  қолдарын  ішке  қарай  бүгеді ) .    
Y. .    Шығармашылық   жұмыс. Оқушылар  оқулықтағы   суретке  қарап,  әңгіме  құрастырады,    
cұраққа    жауап    береді.        
            Суреттегі  достардың   бірлігі  неден   аңғарылады ?     
             Олар    бірліктің   нәтижесінде   неге  қол  жеткізді ?     
YI .    Ойын – жаттығу .    « Күш -  бірлікте»     
        Бір  балаға        бір  қорап  және  қалған  балалардың  барлығына   бір қорап  беріледі . Мұғалім
(  асық ,  геометриялық  фигуралар ,  таяқшалар ) бір  балаға  және  топ  балаға  жинауды  ұсынады .  
Мұғалім  уақытты  қадағалап  тұрады . (  ойын қорытындыланады ) .     
-  Жарайсыңдар ,  балалар !   Ойын  барысында  өздерің  ұйымшылдықтарыңды  көрсете  білдіңдер,
бәріміз жұмылсақ, бітпейтін  іс  жоқ  екен ,  алдағы  уақытта  да өзіміздің  осындай   бірлігімізді   
көрсете  білейік.  Өздерің   көргендей  біреу  болып  істеген  істің  өнімділігі  де  төмен  болады ,  
сондықтан  бәріміз  бірігіп еңбектенсек  еңбек  өнімді  болады .     
YII .  Тыныштық  сәті.   Балалардың  денесі,  ойы  тынықтырылады. Балалар  денелерін  түзу ,  
бастарын  жоғары  көтеріп , ыңғайланып  отырады.  Әуен  қосылады , көздерін  жұмуына  болады . 
Ауаны  терең  жұтып ,  еркін  тыныстайды, денелерін  бос  ұстап ,  айналадағы  барлық  тіршілік  иесі 
Оларды  аялап,  қоршап,  қамқор  болып  жатқанын  сезінеді .  Тұла  бойлары  жақсылыққа ,  
махаббатқа  толғанын  сезінеді.  Осылай  екі  минуттай   отырады .   
 YIII .  Жаңа  ақпарат .    
« Адам  өз ортасына  сыйлы,  ортақ  істерді  жүзеге  асыруда  адал  болса  еңбегі  нәтижелі  болады»
деген  жаңа  ақпаратпен  таныстырылып, балалардың  алған  білімдері  толықтырылады .     
   IХ . Дәптермен  жұмыс   Дәптерде  берілген  ребусты  шешуге  тапсырылады .    
               Ребус  шешуі :   «  Бірлік  бар  жерде  -  тірлік   бар» .     
Х . «  Жүректен  жүрекке»  Балалар  шеңберге  тұрып   бір -  біріне  шырағдан  ұсынып ,  өз        
Сезімдерін   жақсы  тілектерімен   білдіреді :        
I)
Дана  мен  саған  бақытты  өмір  тілеймін !      
J)
Рахмет !  
K)
Әсем ,  көп – көп  табыс  тілеймін ! 
L)
Рахмет !  
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
---------------------------------------------------------------------------------------------
Халелова Эльмира Мүтиғоллақызы
94

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
БҚО, Казталов ауданы, Болашақ ауылы,
Богатырев орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сыныбы: 1. Пәні:Сауат ашу
Тақырыбы:    Жеті ата.      Сөйлем.
 Мақсаты: Оқушылардың сөйлем туралы ұғымдарын кеңейтуге және оның тыныс белгілері  
жайында ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу,өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға 
төселдіру,логикалық ойлауын,сөйлеу тілін,сөздік қорларын дамыту,оқушыларды инабаттылыққа, 
Отансүйгіштікке,ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен туыстық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
 Көрнекілігі : мультимедиялық тақта, слайдтар,  Адасқан сөздер ,  Ия  , Жоқ   ойыны. Ақындардың 
фотосуреттері.
 Әдісі : талдау,жинақтау.
Түрі:  аралас сабақ.
 Пәнаралық байланыс:  дүниетану, әдеп 
 Сабақтың өту барысы:  1 .Ұйымдастыру бөлімі.
                                              2 .Психологиялық көніл -  күй
         Күндей жадырап,                                                                                                                                    
Айдай арайлап.
       Жұлдыздай жарқырап ,
        Қонақтармен сәлемдесіп
       Бүгінгі сабағымызды бастайық.
3.Үй тапсырмасын тексеру: М. Сейфуллин  Қолғанат.
А. Әңгімелеу.
Ә. Сұрақтарға жауап беру.
- Сәкен қандай бала ?
-  Ол қандай бала?
-  Анасы Сәкенді не үшін мақтап еді?
Б. Ереже айту. Қорытындылау.
Сергіту сәті.
Талаптанып,
Қанаттанып өмір сырын ұғамыз.
Білім алып,
Тұлғаланып,
Азамат болып шығамыз.
4. Жаңа сабақ.
І.  Бағдарлау-мотивациялық кезең.
 - Балалар ғажайып Синтаксис елінде  Сөйлем деген ақ сақал өмір сүреді.Оның үш ұлы үш рулы ел 
екен.Үлкен ұлы Нүкте ұқыпты , ақсақалдың ойымен санасып тиянақты пікір айтатын байсалды жігіт 
екен. Ортаншы ұл Сұрақ белгісі ауыл тұрғындарына  жаудыратып сұрақ қойып, мазаларын алатын 
болыпты.Кенже ұлы Леп белгісі ауыл тұрғындарының көңілін көтеріп,біріне бұйырып,екінші біреуін 
қуантып, шаттандырып жүретін ерке болыпты. Ал Сөйлем ақсақал ұлдарын өзінің қызметіне қарай 
жұмсап, орындарын белгілеп, ұрпағымен тату-тәтті өмір сүріп келеді.
    Енді Сөйлем  ақсақалдың ұрпағымен жақын таныс болу үшін тапсырма орындап көрейік.
M)
Төмендегі сөздерді сөйлем шығатындай етіп орналастыр.
а. Асан, ойнады, доппен
ә. Алақай, анам, келді!
б. Сабақ басталды ма?
- Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
II. Операционалдық – орындаушылық кезең. Күн жадын жазады. Ермек Өтетілеуов 1938 жылы
Ақмола қаласында туған Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогтік институтында оқыған. « 
Балдырған » журналының редакциясында істеген.
Бүгінгі сабақта « Жеті ата » тақырыбындағы өлеңмен танысамыз.
13.
Мәнерлеп оқу.
14.
Электрондық оқулықпен жұмыс. 
95

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
15.
Оқушылардың кезектесіп оқуы.
16.
Ассоциация.
17.
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар:
-  Ақын өз жұртына кімдер жатады дейді?
-  Жеті ата ұғымын қалай түсінесің? 
Жеті ата -  өзіңнен бұрынғы ата – бабаң:
Ата  →Әке → бала → немере → шөбере  →шөпшек → немене
18.
Сөздік жұмысы. өз жұрты – туған жұрты. 
                                   Ұрпақ жалғасы - әкенің баласы, атаның немересі.
Оқушылардың жеті аталарын білетіндігін сұрау. (шығармашылық тапсырма). 
Тыныштық сәті. Балалар денелерінді түзу, бастарынды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. 
Көздеріңді  жұмуғада болады.  Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Айналадағы барлық  тіршілік
иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа толсын.
Осындай бейбіт елде туып, өмір сүріп отырғанымыз үшін Отанымызға, ата-анамызға іштей рахмет 
айтайық. 
141 – жаттығу. Өлеңді оқу. 
Жазып жатқан кездерде
Асықпай – ақ күтеді. 
Небір ғажап сөздер де 
Сол нүктемен бітеді. 
Қадыр Мырза Әли  Батыс Қазақстан облысының  Жымпиты ауданында 1935 жылы туған. 
1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Балаларға арнап  
өлеңдер жазған.
Ереже.  Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Сөйлемнен соң не нүкте (.), 
не сұрақ белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.  
      142 – жаттығу.  Кел ойнайық. Адасқан сөйлемді  үйшігіне орналастыр. 
III. 
Рефлексиялық бағалау кезеңі.
«Ия» - «Жоқ»  сұрақ  - жауап ойыны.
1. Сөз дыбыстарда құралады. (ия) 
2. Әріптерді айтамыз, естиміз (жоқ )
3. О жуан дауысты дыбыс (ия )
4. 3 – дауыссыз дыбыс (ия)
5. Сиыр маңырайды ( жоқ )
6.  Қазақ алфавитінде 42 әріп  бар (ия)
            7.  Ананың туыстары саған нағашы болады (ия)
8. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жуан болады. (жоқ)
9. Сөйлем сөзден жасалады. (ия)
10. Сөйлемдегі сөздер бір – бірінен бөлек жазылады. (ия) 
11. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады (ия)
Қорытынды .
96
Өсімдік көктейді.
Түйені 
бұйдалайды.
      .
Балам, өркенің 
өссін!
Дала қандай 
аппақ!
       !     
Қамшы деген 
не?
Кірпі қалай 
дыбыстайды?
     ?

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
- Жеті атамыз туралы  білдік.
- Сөйлем соңына нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі қойылатынын үйрендік. 
           Бағалау.
           Балалардың білімі бағаланып, жалауша берілді.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
                 БҚО. Казталовка орта жалпы білім беретін мектебі
Химия пәні мұғалімі Зайнуллина Анаргүл Талғатқызы
Сабақтың тақырыбы: Азот және оның оксидтері. Аммиак. Аммоний тұздары.
Сабақтың мақсаты: 
N)
Азот молекуласының құрылысы, табиғатта кездесуі, қолданылуы туралы білім алуға 
мүмкіндік туғызу.
O)
Азоттың табиғаттағы, биологиялық рөлі мен маңызы туралы түсініктерін дамыту.
P)
Тұрмыста, күнделікті жағдайда түсінік қалыптастыра отырып ғылыми көзқарас қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: 
2.
Азоттың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері туралы түсінік қалыптасады.
3.
Химиялық реакция теңдеулерін жаза алады.
4.
Айналым, есептер шығаруды қолданады.
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті
Оқушы әрекеті
Уақыты
Кіріспе 
10.
Оқушылармен 
амандасу.
11.
Тренинг:
А) мен көршімді 
таныстырамын
В) топқа бөлу 
(жануарлар биі)
1) пингвин 2) қоян 3) аю
3. Тәуелсіз бағалаушы 
тағайындау.
19.
Мұғалім амандасады.
20.
Менің көршім ......
Ол ...... ұнатады, жақсы 
көреді.
21.
Қатысып отырған 
ұстаздардан 1 ұстазды алып 
келіп, топқа тәуелсіз 
бағалаушы ретінде 
тағайындау.
Тұсаукесер
Семантикалық карта толтыру.
  
Формула
Аттары 
NO
2
HNO
3
NaNO
3
N
O
HNO
2
Оксид
+
+
Қышқыл
+
+
Тұз 
+
22.
Оқушылар осы семантикалық картада қандай 
элемент көп кездеседі? Азот
Негізгі бөлім
1) Топқа бөліп 
тапсырманы оқу. Жаңа 
тақырыпты жеке → 
жұптасып → топтасып 
оқып түсіну.
Әрбір топқа:
І топ: Азоттың жалпы 
сипаттамасы, табиғаттағы 
ролі, биологиялық маңызы.
ІІ топ: Қасиеттері, 
қолданылуы, айналымы.
ІІІ топ: Оксидтері.
2) Ноутбук арқылы 
слайдтар қарау.
Оқушы өз бетімен 
тапсырмасын оқиды, өзара 
пікір алмасады. Біріне-бірі 
түсіндіре отырып ортақ 
түсінік қалыптасады.
Слайдтар қарайды.
(Қосымша материалдар) 
Топтың көшбасшысы 
қорғайды.
2 жұлдыз 1 ұсыныс
97

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
3) Видеоролик көру.
4) Постер құру.
Сағат тілімен алмасып, 
өзара әрбір топтың құрған 
постерлеріне 
толықтырулар енгізеді.
5) Әр топ постер 
қорғайды.
6) Мадақтау сэндвичі.
Қорытынды
Тест:
А) ноутбукте
Б) түрөзгерісті жүзеге 
асыру
В) массалық үлесті 
анықтау
1) Ca(NO
3
)
2
2) NaNO
3
3) КNO
2
Үйірме жұмысындағы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру
Арухан  Қызылғұлқызы Қызылғұл 
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық 
Оқушылар Үйінің әдістемелік бөлім меңгерушісі
Ең бастысы: мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін,
өмірді,   әлемді   тануға   деген   қажеттілікті   оята   білуі   керек,   әрбір   іс   әрекеті   үшін   өзінің,
жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті-адамгершілік қадір қасиетті
сезінуді тәрбиелеуі керек. В. Ф. Шаталов.
Қазақстан - егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елдің қатарына  енгізетін біздің
болашағымыз - бүгінгі жас ұрпақ. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі
кезде Қазақстанда білімнің  жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу- тәрбие
жұмыстарына нақты өзгерістер енгізілуімен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру
қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралай отырып, жастар шығармашылығын жаңа
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан     Республикасының   «Білім   туралы»   Заңында     қосымша   білім   беру   азаматтардың,
қоғамның, мемлекеттің білімдік және мәдени қажеттіліктерін жан жақты қанағаттандыру мақсатында
білім берудің   қосымша дамыту бағдарламалары негізінде іске асырылатын   тәрбиелеу және оқыту
үрдісі деп көрсетіледі.
Дамыту   сипатындағы   білім   бағдарламалары   мектептен   тыс   ұйымдарда   жүзеге   асырылады.
Мектептен тыс  ұйымдар жеке  тұлғаның дамуына,  олардың қабілеттерін   шыңдауға,  қоғамда  өмір
сүруіне   бейімделуіне,   азаматтық   сана   сезімдерінің,   жалпы   мәдениетінің   қалыптасуына,   салауатты
өмір салтына,баланың бос уақытының мазмұнды ұйымдастырылуына жағдай жасайды. Мектептен
тыс   мекемелер,   соның   ішінде   қосымша   білім   беру   жүйесі   оқушылардың   ғылыми   техникалық
шығармашылығын ұйымдастыруда да маңызды орын алады.
Адамзат   дамуының   қай   кезеңінде   болмасын   тәрбие   тиімділігін   арттыру   үшін   көптеген   істер
атқарылуда.   Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани дәрежесі биік,
мәдениетті,   парасатты,   ар-   ожданы   мол,   еңбекқор,   бойында   басқа   да   игі   қасиеттері   қалыптасқан
адамды тәрбиелеу.  
ҚР   ның  жалпы  мектептерге   арналған  тұжырымдамасында     «Жалпы  білім   беретін  мектептердің
мақсаты-   жас   ұрпақты   ұлттық   игіліктер   мен   адамзат   мәдени   мұрасының   сабақтастығын   сақтай
отырып   оқыту,   тәрбиелеу   және   әрбір   шәкіртті   жеке   тұлға   деп   санап,   оның   жан   жақты   дамуына
мүмкіншілік жасау» деп көрсетілген.
98

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
   ҚР да қосымша  білім беру ұйымдарында тәрбие беру тұжырымдамасында қосымша білім беру
ұйымдарындағы   тәрбиенің   құндылықтары   балаға   қосымша   білім   беру   жүйесінің   басты
құндылықтары   болып:   оқу   тәрбие   жұмысын   демократизациялау,   салауатты   өмір   салтын
қалыптастыру, педагогикалық шығармашылыққа қажетті жағдайлар жасау, жүйенің ашықтығы, оқу
әдістемелік   бағдарламамен   қамтамасыз   етудің   шарттарының   бүгінгі   күнге   сай   болуы,   ақпараттық
технологиялар негізінде жүйелік даму, дарынды шығармашыл балаларды табу және қолдау көрсету
деп   атап   көрсетілген.   Сондай   ақ,     қосымша   білім   беру   жүйесіндегі   тәрбиенің   құндылықтары
жалпыадамзаттық   құндылықтар   болып   табылады:   Адам,   Отбасы,   Отан,   Еңбек,   Білім,   Мәдениет,
Ғалам, Жер. Жалпы аллғанда бұлардың барлығы жеке тұлғаның дамуынағы басты факторлар және
тәрбиеленудің негізін құрайды делінген.
Қоғам болашағына берік сенімі бар тұлғаны қалыптастыру- тәрбиенің міндеті. Кез- келген тәрбие
жұмысы   оқушылар   ұжымының   идеялық   өмірін   байытумен,   олардың   санасын   ғылыми   білімнің
дұрыстығына   берік   сендіруге,   саяси   белсенділігін,   моралдық   және   азаматтық   сапалылығын
қалыптастыруға   бағытталуы   қажет.Мұғалім   әрбір   баланың   және   ұжымның   ерекшеліктерін   ескере
отырып, тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін  нақтылайды.
 Ең қуатты тәрбие - өмір мектебі. Сондықтан тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық тәжірибемен
байланысты болуы - оқушылардың  қазіргі заманның барлық сатысынан хабардар болуы, өз елінің ,
туған өлкесінің өткені мен бүгінін білуді, адамзат мәдениетінің ізгі бастаулары мен жалпы адамзаттық
ізгілік қасиеттерді түсінуді қамтамасыз етеді. 
Ұлы   педагог   А.С.   Макаренко   ұжымды   адамның   түрлі   сапаларын   қалыптастыратын   гимнастика
залы   деп   атап   көрсеткендей,   тәрбие   жүйесінің   ұжымдық   сипаттағы     мазмұнынының   тиімділігін
көрсетеді. Яғни балалар мен жасөспірімдердің топтық және ұжымдық өмірін дұрыс ұйымдастыру -
тұлғаның   рухани   байлығының,   әлеуметтік   белсенділігінің,   жауапкершілік   сезімінің   қалыптасуына
ықпал   етеді.   Әрбір   тәрбие   жұмысының   мазмұныныда   логикалық   байланыс   болуы   қажет.   Тәрбие
саласында жүргізілетін тәрбиелік  шаралар бір- бірімен сабақтас болуы керек. 
Ы.   Алтынсариннің   педагогикалық   тәрбие   қиялдары   мен   мектеп   системасы   ғылым   мен   жалпы
білімді жоғары бағалауға, балаға сүйіспеншілікпен қарап, оны қадірлеуге және өз халқының  мүддесі
үшін қызмет істей алатын жас адамдарда дайындауға негізделген.
Егер   адам   сана   және   өзіндік   санаға   ие     болып,   өз   бетінше   жаңғыртушы   іс   әрекет   орындауға
қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады . «Адам» ұғымынан өзгеше «тұлға» түсінігі адамның
қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа қасиеттерін
білдіреді. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде бағдарлы мақсат және ойластырылған тәрбие
барысында қалыптасады. Тұлға болып жетілуі үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен
тәрбие желісінде  қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі керек. Адам
дамуын   зерттей   отырып,   ғалымдар   даму   және   оның   нәтижелері   ішкі   жағдайлар   адам   ағзасының
физиологиялық және психикалық қасиеттері, сондай ақ , сыртқы жағдайлар бұл адамның қоршаған
ортасы,   ол   дамыған   аймақ.   Сыртқы   ортамен   араласу   процесінде   адамның   жаңа   қасиеттері
қалыптасады да, ол алдағы өзгерістерге жол ашады деп көрсетіледі. Іс әрекет барысында адамның
тұлғалық дамуы  жүріп жатады, оның қоршаған ортаға көзқарасы, қарым қатынасы қалыптасады.  Ал
оқушының тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру
және келелі бағдарлап отыру қажет. 
Баланың   тәрбиелік   деңгейі   көбінесе   жанұядағы   адамгершілік   жағдайға,   ата   аналардың
мәдениетіне , өздерінің қоғам алдындағы міндеттерін дұрыс түсініп, орындауына байланысты.Жеке
тұлғаның   дамуына,   қалыптасуына   тәрбие   мақсатына   жету   үшін   ұйымдастырылған   тәрбиелік   іс
шаралар жүйесі нің де ықпалы зор. 
Өскелең ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына мектептен тыс мекемелердің де әсері бар. Онда
балалар өз қабілеттеріне, қызығушылықтарына  қарай түрлі қосымша білім алады. Оқыту сабақтары
мектептегіге   қарағанда   ерікті   негізде   өткізіледі.   Оқушылар   ынта   мен   бейімділіктеріне   қарай   өз
беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын
жұмыстарға   қатысады.   Қосымша   білім   беру   жүйесіндегі   жеке   адамның   қалыптасуы   үйірмеден
басталады   десек,   әр   түрлі   бағытта   жұмыс   істейтін   үйірмелердегі   оқушылардың   болашақ
мамандығына деген талабы ұштала түседі. Үйірме – шығармашылық ізденістің алғашқы баспалдағы.
Қай   үйірмеге   қатысқан   оқушының   өзіндік   ізденісі,   талпынысы   болады.   Яғни,   қазіргі   заман
педагогтары алдына мынадай мақсат қоюы керек: оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның
99

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз жасау. Мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай,
жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің сәулелі мұраты – өз пәнінен білім
беріп қана қоймай, әр баланың қабілетін ашып, білімге жетелеу.
Оқушылардың   қабілетін   арттыруда   шығармашылық,   еркін   ойлау   мен   үйлесімді   шешім
қабылдауына   ықпал  ете   отырып,   «Балаларды  жақсы  көру  аз,   оларға   ұнай  білу  керек.   Оқушының
қасында бол, бірақ сәл-пәл ілгері жүріп отыр» деген қағидаға сүйеніп, баланың деңгейіне түспей,
керісінше, оны өз деңгейіңе, яғни жоғары қарай жетелей отырып, жетекші мен оқушы арасындағы
белгілі   бір   қашықтықта   пропорцияны   сақтай   отырып,   ортақ   нәтижеге   жетсек   деймін.   Баланы
спорттық ойындар арқылы техникалық спорт түрлеріне моделизмге деген қызығушылығын артыруға
болады. Себебі, баланың техника әлеміне, ғарыш, теңізші болу сияқты армандарының бастауы мектеп
жасынан   оқыту   кезінде   қаланса   даймін.   Ал   қосымша   білім   беру   ұйымдарының   тәжірибесі
жасөспірімдерді   толассыз   келіп   жатқан   ақпараттар   ілегін     меңгертуге   бағытталып,     болашақ   ел
игілігіне үлес қосар бүгінгі бүлдіршіндерге  жан жақты білім берер  жағдайларға қол жеткізсек нұр
үстіне нұр болар еді. 
  Қазіргі   кезде   білім   беру   саласында   болып   жатқан   ауқымды   өзгерістер   әр   түрлі   ынталы
бастамаларға кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесі мен педагогикалық қызметтің
тиімділігін   арттыру,   оны   жаңа   үлгіде   ұйымдастыру   қажеттілігі   туындап   отыр.   Балалар   мен
жасөспірімдердің   шығармашылық   қабілетінің   дербестігін,   ынтасын   арттыруда   тиімді   амалдарды
табуда,   жалпы   тәрбие   жұмыстары   мен   жаңа   тәсілдері   мен   әдістерін   анықтауда,   оларды
ұйымдастыруда өз үлесін Қазалы аудандық оқушылар Үйі де қосып келеді.Білім беру жүйесіндегі
қосымша   білім   берудің   бір   саласы   ретінде     балалардың   жеке   көзқарасын   қалыптастыруға,
шығармашылығын шыңдауға , білім қабілеттерін арттыруға бағытталған   Оқушылар Үйі де қазіргі
заман   талабына   сай   білімді,   рухани   бай,   шығармашыл   тұлға   тәрбиелеуді   басты   мақсат   етіп,
балалардың ұлттық және жалпы адамдық құндылықтарының дамуына жағдай жасай отырып, қоғамда
өзіндік орны бар маңызды тұлға ретінде қалыптасуына жол ашуда.
А. Байтұрсынов «Қазақ» газеті (1914 ж) «Мектеп керектері»   мақаласында: «...Ең әуелі мектепке
керегі білімді , педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші , оқыту ісіне керек
құралдардың қолайлы hәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді  hәм құралдар қандай болса, істеген
іс те сондай болмақшы. Үшінші, мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып
шығуы үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі болуы керек» деп оқытудың дидактикалық принциптерін
атап көрсетті.
ХХ ғасырдың   бірінші жартысындағы аса үздік педагогтердің тәжірибелерін үйрену   тәрбиелік
қызметтің төрт бағытын айқындап берді.Олар:
-баланы зерттеу;
-баланың өзін-өзі дамуына, тәрбиелеуіне жағдай туғызу;
-баланың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру;
-әрбір баланың балалар қоғамдастығында өзін-өзі дұрыс сезінуін қамтамасыз ету.
Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жастарға оқу-білім беру ісін дұрыс жолға қоюы
тиіс.  Сондықтан  да  Елбасымыз ХХІ   ғасырды  білім  жарысы  ғасыры  деп атап  отыр.  Тәуелсіз елді
өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді
ұрпақ. Білімді ұрпақ – Егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан
дүниесі   бай,   білімі   мен   біліктілігі   жоғары,   талап-талғамы   терең,   салауатты   өмір   салтын   дұрыс
қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Олай болса әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік,
кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік қасиеттер болуы тиіс. 
Ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болсын күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі де бірегейі
десек, артық айтқандық болмас еді. Бұл мәселе қазіргі күні де айрықша мәнге ие. ХХІ ғасырдағы
тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму қарқыны ағымында өмір
сүріп   жатқан   жас   ұрпақты   тәрбиелеу   оңай   шаруа   емес.   Оларға   ұлттық   тәрбиені   дарыту   одан   да
күрделі. Осы тұрғыдан алғанда, біздің халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлы мұрасын оқу-
тәрбие ісінде пайдалану - кезек күттірмейтін мәселе. 
100

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет