ЖаңА Әліпби негізіндегі астана, 2018 Қазақ тілі емлесінің ережелері



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата31.05.2022
өлшемі473,73 Kb.
#36045
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Емле соңғы



Жоба
ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ
 
Астана, 2018 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ


МАЗМҰНЫ
Қазақ әліпбиі.................................................................................5
Негізгі тірек ұғымдар...................................................................7
І. Әріптердің емлесі......................................................................9
ІІ. Түбір сөздердің емлесі. Қосымшалардың жалғануы..........11
ІІІ. Бөлек жазылатын сөздердің емлесі.....................................14
IV. Бірге жазылатын сөздердің емлесі.......................................15
V. Дефиспен жазылатын сөздердің емлесі.............................18
VІ. Бас әріптің емлесі. Қосымшалардың жалғануы................20
VІІ. Қысқарған сөздердің емлесі...............................................24
VIIІ. Кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің 
емлесі............................................................................................25
ІХ. Сөздердің тасымалдануы.....................................................30


3
Алғысөз
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына 
көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 
жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес бекітілген 
әліпби негізінде «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» 
жобасы әзірленді. 
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен 
«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін 
кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» жа-
салып, белгіленген міндеттерді дер кезінде және кезеңдер 
бойынша жүзеге асыру мақсатында Қазақ тілі әліпбиін ки-
риллицадан латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық ко-
миссия жанындағы Орфографиялық, Әдістемелік, Термино-
логиялық, Техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жұмыс 
топтары құрылды.
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
«Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» жобасын әзірледі.
«Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» жобасы Институт-
тың Ғылыми кеңесінде талқыланып, мақұлданды. 
Ереже жобасы Ұлттық комиссия жанындағы Орфография лық 
және Әдістемелік жұмыс топтарының бірлескен ғылыми-прак-
тикалық семинар-кеңестерінде қаралып, талқылаудан өтті.
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық 
ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілі емлесінің негізгі 
ережелері» жобасына сараптама жасау мақсатында Емле ере-
желерінің негізгі қағидалары бойынша республикадағы жоға-
ры оқу орындарының студенттері, орта мектептің оқушылары, 
сондай-ақ оқытушы-филологтар мен еліміздің кейбір өңірін-
дегі ересектер арасында сынама-сауалнама жүргізді. Емле ере-


4
желерінің жобасы тәуелсіз сарапшылар мен ЖОО-ның тілта-
нушы мамандарының сараптамасынан өтті.
Осындай талқылау нәтижесінде өзгерістер мен толықтыру-
лар енгізілген Емле ережелерінің жобасы 2018 жылғы 27 қыр-
күйекте Ұлттық комиссияның отырысында таныстырылды.
Жұртшылыққа кеңінен таныстыру, сондай-ақ пікір алмасу, 
жекелеген қағидаларды одан әрі тиянақтай түсу мақсатында 
«Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» жобасы көпшілік 
назарына ұсынылып отыр.


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет