§18. s немесе z дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh да-
уыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің
негізгі тұлғасы сақталып жазылады: tuzsyz (tussyz емес), sózsiz
13
( sóssiz емес), jazsyn ( jassyn емес); basshy ( bashshy емес), aýyzsha
( aýyshsha емес), qussha ( qushsha емес).
§19. n дыбысына аяқталатын сөздерге ǵ, g, b, m дауыссыз-
дарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі
тұлғасы сақталып жазылады: burynǵy ( buryńǵy емес), janǵa
( jańǵa емес), qaýynǵa ( qaýyńǵa емес), túngi ( túńgi емес), tómengi
( tómeńgi емес), júgenge ( júgeńge емес), janbaıdy ( jambaıdy емес),
kónbedi ( kómbedi емес), senbeıdi ( sembeıdi емес), saımanmen
( saımammen емес).
§20. k, q, p дауыссыздарына аяқталған түбір сөзге тәуелдік
жалғауы жалғанғанда, g, ǵ, b болып ұяңданып жазылады: júrek
– júregi, súıek – súıegi, kúrek – kúregi; qazaq – qazaǵy, baıraq –
baıraǵy, taraq – taraǵy; kitap – kitaby, aspap – aspaby, lep – lebi;
Ал осы дауыссыздарға аяқталатын етістік түбіріне көсемшенің
-а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, ǵ, b, ý болып жазылады: ek
– egedi, tók – tógedi; taq – taǵady, baq – baǵady; kep – kebedi,
keýip, jap – jabady, jaýyp, tap – tabady, taýyp. Бірақ sap – sapy,
sapynda, tarap – tarapynda, tarapymyzdan, qazaq – qazaqy тәрізді
сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.
§21. Түбір сөзге -hana, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker,
-tal, -dar, -qor, -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тәрізді
араб, парсы тілінен енген және төл қосымшалар сөздің соңғы
буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанады: kitaphana,
emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh;
jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qairatker;
sezimtal, uǵymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor;
paıdakúnem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qoǵammen, ultpen,
qyzben.
§22. Екінші сыңары basy, asy, aǵasy, anasy тұлғаларымен
келген біріккен сөздерде септік жалғаулары сөздің тәуелдік
формасына жалғанады: Elbasyna, Elbasyn, Elbasynda, otbasyna,
14
otbasyn, otbasynda, qonaqasyna, qonaqasyn, qonaqasynda,
otaǵasyna, otaǵasyn, otaǵasynda, otanasyna, otanasyn,
otanasynda. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |