Жаңа оқу жылы құтты болсын!


Шекен    Серік,  АТФ  1  курс



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата17.01.2017
өлшемі10,25 Mb.
#2036
1   2   3   4   5   6

Шекен    Серік,  АТФ  1  курс 

студенті:

-  М е н,   Ш е к е н     С е р і к

Мұратұлы,    Қызылорда    об-

лысы,  Қызылорда  қаласының

№43-ші орта мектебін бітірдім.

Қазір А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай  мемлекеттік  уни-

верситетінің Ақпараттық тех-

нологиялар  факультетінің

студентімін.  Мамандығым

есептеуіш  техникалар  және    бағдарламалық

қамтамасыз    ету.  Осы  университетке  «Серпін  –

2050»    бағдарламасы  бойынша    грантқа    түстім.

Мен үшін бұл үлкен мүмкіндік. Менің білуімше, бұл

бағдарлама Солтүстік тұрғындарын қазақыландыру

мақсатында қолға алынған. Мемлекет үшін де, қоғам

үшін де жақсы бастама деп ойлаймын.

Жазда  Қызылорда  облысындағы  студенттер  са-

райына барлық түлектерді жинап кездесу өткізген

болатын.  Кездесуде  бағдарлама  туралы  ақпарат

беріп, мақсатын түсіндірді. Қызығушылығым оянып,

«Серпінді» таңдадым. Бұл шешімім үшін өкінбеймін.

Алға қойған мақсатым, оқуымды жақсы аяқтап, өз

мамандығымның үздігі болу. Сол себепті қолымнан

келгенше аянбаспын.

Садық  Ерсаят,  АТФ  1  курс 

студенті:

-  Шымкент  қаласындағы  №2

дарынды  балаларға  арналған,

мамандандырылған  үш  тілде

оқытатын мектеп-интернатының

түлегімін.  Білім  ошағында

директордың  тәрбие  жұмысы

жөніндегі  орынбасары  осы

бағдарлама  аясында  көптеген

мәліметтер берген болатын. «Серпін» бағдарламасын

насихаттауға келген ұстаздар осы жоғары оқу ор-

нын мақтады. Кейін өзім ғаламтордан ҚМУ туралы

деректер іздестірдім, көптеген мәліметтер алдым.

Сөйтіп, Ахаң атындағы қара шаңыраққа келемін деп

шешім қабылдадым. Оның үстіне маған Қостанай

облысы қатты ұнайды.

Мақсатым  –  оқуды  қызыл  дипломға  бітіріп,

Қостанай облысын әрі қарай гүлдендіру, көркейту.

«Серпін-2050»  бағдарламасын  ұятқа  қалдырмай,

аянбай тер төгіп, еліме адал қызмет еткім келеді.



Анартай  Марат,  АТФ  1курс 

студенті:

- Мен, Анартай Марат Берікұлы,

Шымкент  қаласындағы  №44–

ші  орта  мектепті  аяқтадым.

Қазіргі  ақпараттық  технологи-

ялар  факультетінде  оқимын.

«Серпін-2050»  бағдарламасы

туралы теледидардан естігенім

едім.  Бүгінде  мен  ҚМУ-дамын.

Бұл мен үшін үлкен жетістік. Ба-

рынша білім алуға тырысамын.

Қостанай  мемлекеттік  уни-

верситеті Қазақстан Рес пуб ликасындағы жоғары оқу

орын дарының ондығына кіреді. Менің ішкі түйсігім осы

жерге оқуға түсуіме итермеледі.

Мақсатым, армандарымды жария еткім келмейді. Ең

алдымен оқуымды жақсы бітіріп алайын,ар жағын уақыт

көрсете жатармыз.



Шарап Жандос, АТФ 1 курс 

студенті:

-  Шымкенттегі  дарынды

балаларға  арналған  мектеп-

интернатының  түлегімін.

Мектеп  бітіргеннен  кейін  ой-

ланбастан  «Серпін-2050»

бағдарламасымен  ҚМУ-ға

оқуға  түстім.  Қазіргі  таңда

жатаханаға жайғасып, қалаға

үйреніп жатқан жайым бар.

Бағдарлама туралы телеар-

надағы жаңалықтардан ес-

тідім  және  қызығушылығым  да  арта  түсті.  Сол

себепті бағдарламаның қыр-сырын білуге асықтым

және жобаның мақсаты көңілден шықты. Жіті танысып

алғаннан кейін, мен де іске кірістім. Сөйтіп Қостанай

қаласының тұрғынына айналдым.

Мен  таңдаған  қара  шаңырақ  еліміздегі  ең  мықты

жоғары  оқу  орнындардың  ондығына  кіретіні  бірден

көңіл аудартты. ҚМУ таңдауыма осы көрсеткіш себеп

болды. Сапалы білім мен білікті де білгір мамандар

осы жерде.

Алдағы уақытта оқуымды үздік деген бағаға бітіріп,

Қостанай  облысында  жұмыс  істеймін  деген  жоспар

бар. Ең бастысы Қазақстанның көркеюіне өз үлесімді

қосу. Бұл әр азаматтың міндеті деп білемін.



Арайлым Құлтаева, Жұлдыз Тосова

2 курс, ГӘФ

Т Ө Р Л Е Т ,   Т Ү Л Е К !

12


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Поэзия



Қ а б д о л л а   қ а ж ы 

Ахметжанов  –  Қос

­

т а н а й   о б л ы с ы , 

Ұзын көл  ауданының 

О б а ғ а н   а у ы л ы н д а 

1935  жылы  дүниеге 

келген.  1967  жылы 

Алматының  Қазақс-

т а н   м е м ле к е т т і к 

ау-ыл  шаруашылық 

и н с т и т у т ы н ы ң 

агрономиялық  фак-

ультетін  үздік  бі-

тір  ген.  Ауыл  шаруа-

шылық ұйымдарында, 

Совет,  Партия  ор­

гандарында  жұмыс 

атқарған.2007 жылы қажылық сапарына барып 

қайтқан. 

«Ақ тілек», «Парыз», «Бәрі өткен үшін бәрі 

көктем  үшін»,  «Талпыныс»  кітаптарының 

авторы.  Өлеңдері  мен  әңгімелері  облыстық 

қалалық мезгілдік баспалар бетінде жарияла­

нып тұрады. 

Емендерім, сиремесін қатарың

Қырау қабақ, күміс мұртты, қарттарым,

Әр адамның ой төрінде аттарың.

Кескілескен «Өмір» атты майданда,

Адалдықты, Адамдықты сақтадың.

Әрбіреуің жауды жеңдің, жапырдың,

Қамал бұздың, жауыңа оқ боп атылдың.

Бодандықтың жұлып тастап бұғауын,

Азат елдің арман таңын атырдың.

Жақсы, жайсан, сырға толы кеудесі,

Қазағымның періштедей пендесі.

Сау жүріңдер, бар жүріңдер, Елімнің,

Мақтанышы, өр тұлғасы, еңсесі.

Ару ана, асқар ала, қарттарым,

Емендерім, сиремесін қатарың.

Сендер береген бостандықты лаулатқан,

Көр де, сүйсін азат елдің жастарын.

Қалдырса да жылдар сызып өрнегін,

Жүздеріңнен жалын, ұшқын көргенім.

Әрбіріңді көкірегіме қапсырып,

Құттықтаймын өздеріңді, ерлерім!

Майдангер әкемен сырласу

Әкем еске түседі сағынғанда,

Келбеті ой – санаға шағылғанда,

Бар жоғы алты жасар бала едім мен,

Сұм соғыс мені әкеден айырғанда.

Сен едің бет түзерім, асқарым да,

Көзден ғайып болар деп ойладым ба?

Қан майданда ерлерше көз жұмғанда

Сен де мендей баттың – ау, қайғы-мұңға!

Жеңіс күннің шапағы шашылғанда,

Жеңімпаздар еліне ағылғанда,

Арасында сен болмай мұңға баттым,

Жас сорғалап жанардан, жанымнан да.

Ерте жеттік кеудені биік ұстап,

Өр мінез, қыран жүрек әкеге ұқсап.

Сор маңдай азабы көп балалықты,

Өткіздік айыр, тырма, күрек  ұстап.

Сүйіншім бар жүрек жарды, әке, саған,

Егемен ел болдық біз, сен аңсаған.

Жерімде бостандықтың таңы атты,

Бодандық жер жастанды қан қақсаған.

Сен жоқсың, қаруластар – қарттарым бар

Күміс мұрт, қырау қабақ, ақ бас шынар

Өзіңді көрген жандар ортада жүр,

Тілеймін, «сау жүрсін» деп қаһармандар.

Кетпеді босқа сенің қасық қаның,

Ел үшін демін бітіп, шықты жаның.

Өзіңдей әкелерді мақтан етіп,

цТулайды асау жүрек, жастық жалын.

Жауларын жастандырған алып мысы,

Қазақтың әрбіреуің Алпамысы.

Жасай бер, жадымызда хас батырлар,

Халықтың өр тұлғасы, мақтанышы!

Өлең

Өлең сөздің Тәңірі, ойдың шыңы, 

Мыңнан біреу ұқсатар талдап мұны. 

Жүрегіңді сыздатар, һәм мұздатар,

Өлең қымбат, өлшеусіз оның құны.

Жалғыз ауыз жазсам деп қымбат өлең, 

Ой санамды қамшылап шыңдап келем. 

Асқақтатар арда сөз оралмай жүр,

Поэзия,тұнығың неткен терең.

Алдамшы емес Қытайдың қу затындай,

Арбаушы емес Бенгалдың түнгі отындай.

Жазсам, шіркін, зерделі зергер сөзбен,

Керней сіңіп келбет боп қалатындай.

Сырлы болса әр сөзі таңғы шықтай,

Өткір, терең тұңғйық қарашықтай.

Ырғақ, ұғым үндесіп билеп алса,

Сүйек сыздап, бой балқып естен шықпай.

Құйқылжыған көрікті ой көк дөнені,

Тамсандырып тербейді күнде мені.

Жеткізе алмай сөзбенен дәл қалпында, 

Көктем өтті, жаз болды, күз де келді.

Айта берсін өлеңі арзан, қымбат,

Жүргенім жоқ сатқалы мақтап пұлдап. 

Әр ұғымның өлшемі жүрек, ниет,

Ұқса болды бір пенде шын мақұлдап.

Өлең сөзге ғашықпын, солай өтем, 

Орны бөлек от жалын ала бөтен.

Есік ашқан өмірге ақ құсымның,

Сұңқар даусын саңқ еткен ала кетем.

Ел бірлігі нығаюда

24

C

M



Y

K

ТӨЛІМІ МОЛ ТӘЛІМГЕР



«Жас бала – жас шыбық, қалай өсірсең, солай 

бой  түзейді»  деседі.  Өйткені,    жас  шыбықты 

дұрыс өсіру үшін оны дұрыс баптап, аялап күте 

білу керек. Ал әрбір үйдің еркесі болып өскен 

балдырғанды  қалыптастыру  үшін  ұлағатты 

ұстаздың бойынан қаншама қасиеттер табылу 

қажеттігі даусыз. 

Өңіріміздегі  ардагер  ұстаздардың  қатарында 

бүгінгі  кейіпкеріміз  де  бар.  Себебі  ол  өмірінің 

ұзақ  жылдарын  балаларды  оқытуға  арнады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ісінің 

үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Бақтыгүл 

Жақсылыққызы  Мәулетова  жайлы  тіпті  кітап 

жазуға да болады.

    Бақтыгүл апа 1945 жылдың 1 қыркүйегінде Жан-

гелдин ауданы Сужарған елді мекенінде дүниеге 

келді. Әкесі Жақсылық Башухин мамандығы бойын-

ша есепші. Анасы Тұрғанша үй шаруашылығымен 

айналысты. Осынау аяулы жандардың дүниеден 

өткеніне де біраз жылдардың жүзі болды.

     Кейіпкерім бала кезінде Семиозер поселкесіндегі 

орыс  мектебінде  оқыды.  Мектепті  бітірісімен  

Қостанай кооперативтік техникумына оқуға түседі. 

Білімін одан әрі жалғастырып, шыңдау  мақсатында 

Қостанай педагогикалық институтының ағылшын 

тілі факультетіне құжатын тапсырып студент атан-

ды. Оны ойдағыдай тәмәмдады. 

   Қыз бала үшін дер кезінде тұрмысқа шығу да 

өмірдің  заңдылығы  екені  белгілі.  Уақыт  өте  Ал-

матыда заңгерлік жоғары білім алған, жігерлі жас 

жігіт Ғалихан Мәулетовпен көңілдері жарасып, өз 

алдарына шаңырақ көтерді. 

   Жас маман  1965 жылы қаладағы № 11 орыс 

мектебіне  ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімі  бо-

лып  жұмысқа  орналасты.  Содан  кейін  белгілі 

жағдайларға  байланысты  №  2  орыс  мектебіне 

қызметке  ауысады.  Ұстаздықты  -  өмірлік  серігі 

еткен  Бақтыгүл  апа  балаларға  қазақ,  ағылшын 

тілдерінен сабақ берді. 

    Иә,  өтіп  жатқан  өмір-ай  десеңізші.  Бақтыгүл 

Жақсылыққызының  ұстаз  болғанына  да  жарты 

ғасыр  болып  қалыпты.  Құдайға  шүкір,  абырой-

сыз болған жоқ. Сіңірген еңбегіне орай лайықты 

марапаттарға  ие  болды.  Мәселен,  Қостанай 

облыстық  мұғалімдердің  білімін  жетілдіру  ин-

ституты  апамыздың  озат  тәжірибесін  тарату 

мақсатында өңірдегі күллі мұғалімдерге ұсынды. 

Білікті  ұстаз  осы  кезден  бастап  облыстық  кур-

старда көптеген лекциялар өткізді, ашық сабақтар 

жүргізді.  Жоғары  санаттағы  мұғалім  атанды. 

Сонымен  қатар,  республикалық,  облыстық, 

қалалық  газеттерде  әдістемелік  тақырыптарға 

мақалалары жарияланып тұрды. 

Облысымыздың  жоғары  орыс  тілді  мемлекеттік 

қызметкерлеріне қазақ тілінен дәріс берді. Сонау 

бір  жылдары  кәмелеттік  жасқа  толмағандармен 

жұмыс істеп, оларды тәрбиелеуге көп үлес қосты.

        Бақтыгүл  апаны  өмір  еркелете  қойған  жоқ. 

Бұл  туралы  өзі  де  кездесе  қалсаңыз  жалықпай 

сыр шертеді. Бір әулеттің ұйытқысы. Үш ұл мен 

бір  қыздың  анасы.  Қазіргі  таңда  алты  немере, 

үш жиені өсіп келеді. Балаларының бәрі жоғары 

білімді мамандар. Бір өкініштісі, ерлі-зайыптылар 

кенеттен  үш  ұлынан  айырылып,  қайғы  жұтты. 

Алайда  тағдырдың  жазуына  не  істерсің.  Басқа 

салған сон бәріне де көнді.

    Бақтыгүл  апа  тіршілікте  үлкенді  сыйлайтын 

қазақтың шын мәнінде аяулы қыз екенін көрсетті.  

Енесінің шешесі 96 жасқа келгенше өз қолдарында 

болды. Оны арулап соңғы сапарға шығарып сал-

ды.  Бұл  кісінің  баласы  сонау  әйгілі  Сталинград 

шайқасында  қайтыс  болып,  сол  жерде  жерлен-

ген екен. Көп іздестіргеннен кейін  оның бейіті де 

табылды. Енді осы жазда отбасымен  сол кісінің 

қабіріне топырақ салуды жоспарлап отыр.

    Жалпы  Мәулетовтер  әулетінде  33  жыл  келін 

болды. Туған енесі Қалампыр әжеміз тыл ардагері 

еді,  жүрегі  мейірімділікке  толы  ол  82  жасында 

қайтыс болды. 

     Ардақты ұстаз Бақтыгүлдің гүлдей аялап өсірген 

қызы бұл күндері облыстық прокуратурада қызмет 

атқарады. Ал аяулы жары Ғалихан Мәулетов ұзақ 

жылдар  Ұлттық  Қауіпсіздік  Комитеті  Қостанай 

облысы  бойынша  басқармасында  жауапты 

қызмет атқарды. Содан кейін Ахмет Байтұрсынов 

атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 

заң  факультетінде  студенттерге    дәріс  берді. 

Ағамыз осы уақытқа дейін 7 кітап жазды.  «Кри-

миналистика»  оқулық  құралының  авторы. 

Оның  көптеген  ғылыми  және  публицистикалық 

мақалалары жарық көрді.

   Қаншама жыл ұстаздық еткен, өмірдің қуанышы 

мен  қиындығын  бастан  кешкен    кейіпкеріміздің 

қазіргі ғұмырына да қызыға қараушылар аз емес. 

Өйткені ол қандай құрметке де әбден лайықты.

    Ұстаздың  еңбегі  шә¬кірттеріне  бе¬ріл¬¬ген 

білімімен  өлше¬неді.  Тәлімі  мол  тәлімгер  ұстаз  

Бақтыгүл Жақсылыққызы  ата-аналар мен өзінің 

сабақ берген шәкірттерінің алғыстарына бөленіп, 

олардың  тарапынан  тек  жылы  лебіздер  естіп 

келеді. Түлектері ешқашан ұмытқан емес. Мереке 

күндері құттықтап жатады.

   Шәкірттері бұл күндері Мәскеу, Челябі, тіпті со-

нау Израильде ғұмыр кешіп жатыр.



 Айтолқын ҚАПАН,

ГӘФ, Журналистика мамандығының студенті

Ұстаздық қылған жалықпас

13


C

M

Y



K

C

M



Y

K

алғашқы  бастағандардың  қатарындамын,  оның 



қиындығын  көрген,    сүрлеуін  салған  адаммын. 

Балаларды,  немерелерді  тәрбиеледім,  олар  да 

еліне қызмет ете бастады.  Мен ұстаздарымның 

берген  білімінің,  ауылымның  берген  тәрбиесінің 

арқасында осындай жетістікке жеткенімді түсіндім. 

Мектеп терезесінің, есігінің жақтауын сипалаумен 

болдым, - дейді Төлеген Ғалымжанұлы. 

Тойға  жиналған  түлектердің  қайсысы  болса 

да осы ауылда балалық шағының қызық өткенін, 

сол  үшін  де  өзін  бақытты  сезінетіндігін  айтты. 

Расында, балалық шағын сағынған адам қашан 

да бақытты. Ауылдағы тұрғындардың  тең жар-

тысы қазақтар, қалғаны түрлі ұлт өкілдері, тіпті 

он үй қытайға дейін тұрыпты. Солардың барлығы 

да  уақыт  өзгерістерімен  тарап  кетсе  де,  туған 

ауылға, мектепке деген патриоттық сезімін, жүрек 

жылуын жоғалтпағаны сүйсінтті. 

Тойдың салтанатында  түлектер мектептің бүгінгі 

үздік оқушыларына сыйлықтар тапсырды. Төлеген 

ағамыздың тосын ұсынысы той қызығын үстемелей 

түсті. «Осы мектепте өзі «үш» деген бағаға оқитын, 

сотқар  бала  бар  ма?»  деп  сұрады.  Мұғалімдері 

тосын сауалға тосылып та қалғандай еді. Мектептің 

жақсысын  асырып,  жаманын  жасырып  жүретін 

ұстаздар, 6 сыныптың оқушысы  Ерасыл Әшімовты 

көрсетті.    Төкең  «Ерасылға  50  мың  теңге  беріп 

тұрып: «Бұл ауыл мен мектептің сотқар балала-

ры кейін бұзақы емес, бір жерді тесіп шығуы тиіс. 

Сотқар болу арды аттау емес екенін түсініп өссең 

болды. Мен ауылға белгілі сотқар едім, бизнесмен 

болдым. Ал сен мектепті жақсы бітір, жоғары білім 

алуыңды өз мойныма аламын» деді. Расында бұл 

ауылда және  Целинный мектебінде қылмыс деген 

болмайды екен. Ауыл балаларының оқу мен спорт-

тан  қолы  босамайтын.  Сол  бір  бақытты  сәттер 

сары  мейіздей 

сағынышқа  ай-

налған. 


-  Әкем  соз-

хоздың  малын 

бақты, көп балалы 

отбасы  болдық. 

Көктемде  бізді 

әкем  жайлауға 

алып кетеді, содан  

қазан-қарашада 

бір-ақ  келеміз. 

Сондай бала не-

шемен оқуы керек? 

Ұстаздарымның 

шегелеп  оқыту-

ының арқасында 

сабаққа  үлгеріп 

кетіп жүрдім. Ау-

ылда спорт кере-

мет еді.  Біз тұрған 

бөлімшенің бала-

лары  спорттың 

қай түрінен болсын  совхоз бойынша бірінші орында 

едік.   Бөлімшеден 2,5 шақырым жердегі мектепке 

түске дейін  сабаққа барамыз, түстен кейін спорт 

деп  жүгіреміз.  Сонда  күніне  он  шақырым  жаяу 

жүреді екенбіз ғой.  Ол кезде ауылдың тазалығын 

қараңыз, қазіргідей балалар қылмысы, есірткі, 

басқа  қылмыс  дегенді  естімейтін  едік.    Мен 

сотқар  бала  атандым.  Қазір  ойласам,  үзіп-

жұлқып бара жатқан ештеңем жоқ екен, ұлдар  

ойынға  таласып  төбелесеміз  ғой.  Бірақ  6-шы 

сыныптан  бастап,  ауыл  балаларының  шашын 

алдым,  шалбарларын  тігіп  бердім.  Жайлауда 

геологтардан  түсіп  қалған  фотоаппарат  тауып 

алғаннан кейін, онымен ауылдастарды суретке 

түсіретін болдым. Осылармен ақша таба баста-

дым.  Шалбар  тігіп  бергенім  үшін  бір  сом  ала-

тынмын, --деп  балалық шақтың қызығын еске 

алады бүгінде өз мектебінің мақтаныштарының 

біріне айналған  Төлеген Жайлаубаев. Мектептен 

ғалым да, дәрігер де, елші де,  еңбек торысы да 

түлеп ұшты. Ол өз алдына ұзақ әңгіме. 

Мектеп тойы кешке қарай  баяғы пионерлер 

жағатын «костер» алаумен, би кешімен жалғасты. 

Германиядан,  Санкт-Петербургтен,  Мәскеуден, 

өзіміздің өзге де облыстардан келген түлектер 

таң атқанша алау оттың айналасында отырып, 

гитарамен 60-70-ші жылдардың жастары табына 

тыңдаған,  шырқаған    британдық  атақты  рок-

топ  «Битлздың»,  өзіміздің    Шәмшінің,  Әсеттің, 

Ескендірдің  әндерін  шырқады.  Би  кешінде 

балалық  шақта  билеген        твист  биін  биледі.  

Таң атқанша ешкім көз ілмеді, ешкім шаршадым 

деп айтпады. Кездесуге келгендер той соңында 

мектеп түлектерінің  кездесуін әр бес жыл сайын 

өткізіп  тұруды  ұйғарды.  Жақсы  істің  дәстүрге 

айналатыны да өмірдің заңы іспетті. 



Мерейтой

23

C



M

Y

K



Кәсібің—нәсібің

Оқу мен отбасыны 

ұштастырған

Студент – «ынтамен оқушы, ізденуші». Латын тіліндегі 

баламасы осылай болмақ. Албырттық шағымен қоса, 

өміріне азық болар білімін алып жүрген жастар. Небір 

қызықты сәттер мен бестік үшін талай кітапхана есігін 

тоздырған  жандар.  Университет 

қабырғасындағы әрбір күн кез келген 

студенттің бақытты дәуірі. Бұдан өзге 

жатақханадағы сыр бөлек...

«Студент»  ұғымына  отбасылы 

студент  деген  тіркесті  де  қосуға 

болатындай.  Өйткені, оқу-біліммен 

қатар отбасы қамын ойлап жүрген 

студенттер де бар. 

Үйлі-баранды жастардың жағдайы 

мүлдем басқа. Оның өзіндік қызығы 

бар.  Сондай  студенттердің  бірі  - 

Қарымсақова  Ванга.  Ол  Қостанай 

мемлекеттік университетінің ГӘФ-нің, 

филология  мамандығының  4  курс 

студенті.  Бүгінде  аяулы  ана,  адал 

жар атанған Ванга құрдастарынан 

еш қалысқан емес. Сүйкімді сәбиін де 

бағып, оқуын да оқып бәріне үлгеріп 

жүр. Түзде ел қатарлы шәкірт, үйде 

инабатты келін.  

Ванга  сүйіктісі  Ерболмен  мек-

тептен  бері  бірге.  Екеуі  Оралхан 

Бөкей  атындағы  көркемсөз  оқу 

шеберлерінің байқауында танысып, 

артынша  бірер  уақыт  хабарласып 

тұрған. Мектепті бітіріп, жоғарғы оқу 

орнына  түскеннен  кейін  Ванга  мен 

Ербол шаңырақ көтерді. 

Бір қолымен бесікті тербетіп жүрген 

Ванганың  жағдайына  ҚМУ-дың 

ұстаздары да түсіністікпен қарап, көп 

жерде қолдау білдірген. Құрсағында 

қызын көтеріп жүрген кезде, сабағына 

баса  назар  аударып  көмектескен 

«екніші  ана»  ұстазадарына 

алғысы  шексіз  Ванганың.  Құрбы-

құрдастарынан қалыспай білім алып 

жүрген кейіпкеріміз бүгінде көпке үлгі. 

Шағын ғана отбасының ұйытқысы 

болып  отырған  Ванга,  кішкентайы 

Аружанды  көрсе  барлық  қайғы-

мұң  мен  шаршау-шалдығуды 

ұмытатынын  айтады.  Жолдасы 

Ербол да азаматтығына сай қолдау 

көрсетіп, сүйеніш болып жүр. 

Біздің кейіпкеріміз биыл дипломын 

алып, мамандығы бойынша  қолайлы 

жұмысқа  орналасуды  қалайды. 

Жолдасы Ерболға қол ұшын беріп, 

отбасының игілігі үшін еңбек етуде ар-

мандайды. Оқу мен отбасыны қатар 

алып жүрген    замандасымыздың 

әлі талай асудан асып, үлгілі отбасыға айналарына 

сенімдімін.



Кенже ҚОНЫСБАЙ

Суретте: Жарасымды жұп Ербол мен Ванга

14


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Мерейтой

«Ауылым — қасиетті  мекен,  

мектебім киелі екен»

білім ошағының  елу жылдық тойына жиналған бес жүз түлекті 

осындай ой толқытты

Әулиекөл ауданындағы Қабидолла Тұрғынбаев 

ауылында жастықтың, балалық шақтың, ауылға, 

алтын ұяға деген сағыныштың, ұстаз бен шәкірт 

сағынышының, ауылға деген патриоттық сезімнің 

тойы  дүркіреп  өтті.  Мектепті  алғаш  бітірген 

түлектердің  қазір басын ақ қырау шалған, жасы 

жетпісті  алқымдады.    Кеңес  Одағы  уақытында 

Мәскеуге тікелей бағынатын «Целинный» астық 

өсіретін  ғылыми-тәжірибе  шаруашылығының 

5-6 бөлімшесі, олардың әрқайсысында кемінде 

60-70  түтін  болушы  еді.    Целинный  аралас 

орта  мектебінде  кемінде  мың  бала  оқитын. 

Әр  сынып  «А»,  «Б»,  «В»  болып,  үш  сыныптан 

тұратын. Оның әрқайсысында кемінде 30 бала 

отыратын.  Нарықтың қиындығы ауылдың белін 

қайыстырған 90-шы жылдарға дейін   осы ауыл-

да 500 үй болыпты, ондағы тұрғындардың саны 

3200-ден асып жығылыпты. Уақыт та, заман да 

өзгерді,  қазір  дүрілдеген  шаруашылық  жоқ,  ал 

ауылда  барлығы 62 үй ғана қалған. Онда 276 

адам тұрады. 

- Ауылымыздың да, мектебіміздің де тарихы 

тағылымды. Бірақ қазір шағын ауыл, 42 оқушы 

ғана  білім  алып  жатқан  негізгі  мектептің  50 

жылдығын  құр  қалдырмай  атап  өтейік  деген 

ниетпен,  мектептің  әр  жылдардағы  түлектеріне 

қолдан  келгенше  хабар  айтқанбыз.  Біздің 

шақыртуымыз жеткен түлектердің барлығы Гер-

маниядан, Ресейдің қалаларынан, Татарстаннан, 

Қазақстанның  көптеген    облыстарынан  келді. 

Олар бірі-біріне хабар айтқан. Барлығы 500-ден 

аса түлектер жиналды. Соның ішінде 50 түлек об-

лыстан тыс жерлерінен, алыс-жақын шет елдер-

ден келді. Кішкентай ауылымыз бен мектебіміз 

риясыз көңілдерден ертегідегі сиқырлы сарайға  

айналып кеткендей болды, -- деп ағынан жары-

лады мектеп директоры Айнагүл Алпысбаева. 

Түлектер  өздерінің  балалық  шағы  өткен  ау-

ылды  аралап  шықты.  Әрине,  қазір  кезінде  «Це-

линный»  бидайдың  жоғары  сорттарын  өсіретін 

тәжірибе  шаруашылығының  іргетасын  қалаған, 

КСРО Жоғарғы кеңесіне депутат болған Қабидолла 

Тұрғынбаев Кремль қабырғасына еліктеп, қызыл 

кірпіштен  салдырған  қабырға  тозған,  осыдан 

50-60 жыл бұрын салынған үйлердің  орны ғана 

қалған.  Бірақ  көзге  соншама  жылы  ұшырайды. 

Ауылға  келген  қонақтардың  сағыныштан  көзі 

жасаурайды.  Татарстанның  Набережные  Челны 

федералдық  қалалық  сотының    судьясы  Роза-

лия  Ғайфутдинованың  өзі  тұрған  үйден  қалған                                                                   

іргетасты сүйіп жылағаны барлығын да толқытты. 

- Осы ауылда туып-өстім, мектепте білім ал-

дым. Қайда жүрсем де осы ауыл, осы мектеп, осы 

үй ойымнан бір сәт шыққан емес. Балалық шағым 

өте бақытты өтті, тек сағынумен күн кешемін,--деді 

Розалия Захаровна.  

Тойдың  салтанаты  сап  түзеп  тұрып  өтетін 

мектеп  жиналысынан      басталды.  Бұрынғыдай 

барабан соғылып, керней тартылып, бір кластың 

ұлдары  ақ  көйлек,  қара  шалбар,  қыздары    ақ 

фартук,  қара  көйлек  киіп,  шашына  ақ  бантик 

тағып шықты. Бүгінде жасы алпысты алқымдаған 

кісілердің    балалық  шаққа  осылай    «оралуы» 

жиналған жұртты әрі толқытты, әрі  шынайы күлкі, 

көтеріңкі көңіл күй де сыйлады. Бір қызығы, жарты 

ғасырда мектепті үш директор ғана басқарыпты. 

Алғашқы  директор  Мөкеш  Шінкентаев,      орта 

мектепті 1965-2002 жылдары басқарған Сүгірәлі 

Нәбиев аталар, мектептің байырғы мұғалімдері, 

ардагер ұстаздар  Зылиха Нәбиева, Валентина 

Чухненко әжелер түлектер ортасынан табылды. 

Өмірден  өткен  ауылдастарына,  ұстаздарына 

құран бағышталды. Кішкентай ауылда осындай 

той  өткізуге  шамамыз  қалай    келер  екен  деген 

ауыл тұрғындарының уайымы бірден сейілді десе 

де болады. Жан-жақтан келген түлектер тойдың 

қаржысын  да,  қамын  да  өздері  көтеріп  кетті. 

Ұстаздарға, білім ошағына сый-сияпаттарын да 

жасады. Мектептің 70-ші жылдарғы түлектерінің 

бірі, бүгінде облысқа, одан қалды республикаға 

белгілі кәсіпкер Төлеген Жайлаубаев мектепке 

бір миллион теңге тарту етті. Ұстаздарына сый-

сияпатын да ұмытпады, дастархан жайды. 

- Осы мектепте біздің отбасымыздан төрт бала 

оқыды. Менің мектепті бітіріп кеткеніме 40 жылдан 

асқан  екен.  Мен  Тәуелсіз  елімізде  кәсіпкерлікті 

22

C

M



Y

K



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет