Жаңа оқу жылы құтты болсын!



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата17.01.2017
өлшемі10,25 Mb.
#2036
1   2   3   4   5   6

Конституцияға – 20 жыл

Мемлекеттің басты 

құжаты

Конституция  осы  заманғы  мемлекеттіліктің 

маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және 

құқықтық  құжаты  болып  табылады.  Қазіргі  кезде 

Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархия-

ларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана конститу-

ция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның 

қағидаларына  барынша  сәйкестендіріле  отырып 

қабылданады. 

Қазақстанда 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі 

туралы»  конституциялық  заңы  қабылданды.  Онда 

қазақ ұлты бірінші рет тарихи, саяси аренаға көтерілді. 

«Қазақ ұлты республиканың ортақ тарихи тағдыры 

біріктірген барлық ұлттарының азаматтарымен бірге 

Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-

бір қолдаушысы және қайнар көзі болып табылатын 

біртұтас Қазақстан халқын құрады, мемлекеттік билікті 

тікелей,  сонымен  бірге  өкілетті  органдары  арқылы 

жүзеге асырады» – деп жария еткен [Қазақстан Ре-

спубликасы Конституциясы, 1995. – 6-бап]. Мұндай 

анықтаманың қазақ ұлтының тағдырында тарихи мәні 

бар. Заң 150 жылдан кейін бірінші рет бүкіл әлемнің 

алдында қазақ ұлтының егемендікке ие болуына негіз 

болды.  Мемлекеттік  нысаны  туралы  халықаралық 

қатынастарда ең маңызды мәселе қатарына айналған, 

бірақ  аталған  Ата  заңымыздың  баптарына  сай 

мемлекетіміз қандай бағыттағы нысанды ұстанатынын 

айқындап алды. 

Тәуелсіз  Қазақстанның  алғашқы  конституциясы 

1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан 

Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол 

кіріспеден, 4 бөлімнен, 21 тараудан және 131 баптан 

тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін 

алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: 

халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу 

принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті 

мемлекет басшысы деп тану, сот органдары – Жоғарғы, 

Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар 

және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы конституция 

негізіне парламенттік республика моделі алынды. 

1993  жылғы  Қазақстан  Республикасының  Кон-

ституциясы бойынша Президент мемлекет басшысы 

және атқарушы биліктің бірыңғай жүйесі мәртебесіне 

ие  болды.  Мұның  ерекшелігі,  Қазақстанда  Прези-

дент мәртебесіне қарай атқарушы биліктің қызметін 

атқармайды. Бірақ шын мәнісінде президенттік билік 

атқарушы билікке жататын еді. 1993 жылғы Конститу-

ция бойынша Үкімет басшысын, соңдай-ақ оның орын-

басарларын, министрлер және ведомствалардың бас-

шыларын  Жоғарғы  Кеңестің  келісімімен  Президент 

бекітетін.  Конституцияның  құрылымында  Жоғарғы 

Кеңес  туралы  тарау  Президент  туралы  тараудың 

алдында  тұрды.  Бұл  жоғарғы  өкілеттік  органның 

мемлекеттік  сатыдан  жоғары  тұрғанын  көрсетеді, 

мұның өзі мемлекеттік иерархияда жоғарғы өкілетті 

органның белгілі дәрежеде үстемдігін көрсетті. «Мем-

лекет және оның органдары мен институттары» атты 

ережеде  Қазақстанның  хал-қының  атынан  сөйлеу 

құқығы  тек  қана  Жоғарғы  Кеңес  пен  Президентке 

тән  деп  көрсетілген.  Экономикалық  салада  жерді 

жекеменшікке  беруге  тыйым  салынған.  Кеңестік 

және  тәуелсіз  Қазақстанның  құқықтық  жүйелерінің 

арасында сабақтастық болды. Ол заңды еді. Себебі 

тәуелсіздіктің  бастапқы  кезеңінде  Қазақстанға 

кеңестік құқықтық жүйе мұра болып қалды. Алайда 

елдегі жағдай тез өзгеріп, қазіргі заманның құқықтық 

институттары мен нормаларына енгізуге жол ашылды. 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституци-

ясы мемлекеттің тәуелсіздігін заңды түрде рәсімдеді, 

халықаралық қауымдастыққа Қазақстанды тәуелсіз 

мемлекет ретінде танытты, біздің қоғамға жаңадан 

енген  кейбір  институттарды  қоғамдық,  саяси  және 

құқықтық  салаларда  бекітті,  сөйтіп  сол  кезеңдегі 

үш  негізгі  міндетті  шешті.  Бірақ  іс  жүзінде  1993 

жылғы қабылданған Конституцияның Қазақстандағы 

шынайы  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси 

үдерістерден алшақтығы мемлекет тұрғындарының 

тіл мәселесі, меншік нысандары, жерге, азаматтыққа, 

мемлекеттік сипатына қатысты сәйкессіздіктерін ту-

ындатты. Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы 

биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін 

тетіктер  болмады.  Әсіресе,  мемлекеттік  билік 

тармақтарының арасындағы қайшылық күшейе түсті. 

Үкіметтің биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік 

дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, 

мемлекеттік  биліктің  тұрақтылығына,  мемлекетті 

басқарудың мүдделеріне қауіп төндірді. Осы себеп-

терге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта 

қарау және жаңа Конституцияның қажеттілігі туралы 

пікір туындады.

Ал, 1995 жылы 30 тамызда өткізілген бүкілхалықтық 

референдум нәтижесінде мемлекет тәуелсіздігі шарт-

тарын қорғайтын Қазақстан Республикасының жаңа 

Конституциясы  қабылданды  және  5  қыркүйек  күні 

заңды күшіне енді. Оның жобасын талқылау тұсында 

отандастардан 30 мыңға жуық ұсыныстар түсіп, арна-

улы сарапшылық – консультациялық кеңес оларды 

зерделеген. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам 

түзету  ескерілді,  осының  нәтижесінде  Конституция 

жобасының  99  бабының  55-і  елеулі  өзгерістерге 

ұшыраған.  Нәтижесінде,  1995  жылғы  30  тамызда 

референдумға  қатысқан  халықтың  81,  9  пайызы 

жаңа Негізгі Заңды қолдап дауыс берді. Дауыс беру 

еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау 

учаскелерінде жүрді.

Республика    Конституциясы  заң  шығарушы, 

атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, 

тиімді  жұмыс  істеуін  және  өзара  іс-қимылын 

қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай ғана 

жариялап  қойған  жоқ  –    онда  тежемелік  пен  тепе-

теңдіктің  нақты  жүйесі  баянды  етілді.  Негізгі  Заң 

адамның жоғары құндылықтары ретінде оның  өмірін, 

құқықтары мен бостандықтарын бекітті. 



Өтеген ИСЕНОВ, 

 тарих ғылымдарының кандидаты,  

Қостанай мемлекеттік педагогикалық 

институтының доценті.

10

C



M

Y

K



Қазақты көрдім

Суретте: Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ

Қостанай аса үлкен қала болмаса да орталықтан 

КСК-ға баратын автобустардың жүру ұзақтығы жарты 

сағат. Қаланың шетінде тұратындықтан оқуға автобу-

спен қатынаймын. Қоғамдық көліктің бір жақсы жері 

өзгелерге мән бересің. Сан алуан адам. Автобусқа 

бірі мініп, бірі түсіп жатады. Әркім өз аялдамаларына 

жеткенше асығады. Сол көпшілікпен бірге автобусқа 

мініп,  терезеден  айналаны  шолып  отырғанымда 

жанымдағы  бала  шар  ете  қалды.  Анасы  бәйек 

болып, баласының көңілін таба алар емес. «Уси-

пуси, милая моя» дегенді қосып қояды. Неге екенін 

білмеймін көңілім бірте-бірте осы балаға ауа берді. 

«Шіркін, мен де қайтадан бала болсам ғой» де-

ген қияли ой да сап ете қалды. Біраз уақыттан соң 

әлгі бала тынышталып, кіп-кішкентай көздерін маған 

қадап, жымимасы бар ма. Еріксіз езу тарттым. Мұндай 

періштеге бас-

қа қалай жауап 

берерсің?

Ауылдағы 

ағамның  ба-

ласын  сағына 

бастадым. Мен 

оны құшақтап, 

бетінен  сүйіп, 

е р к е ле т у ш і 

едім.  Екеуміз 

спортшылар-

ша  күш  сына-

сатынбыз. Мен 

қорғанамын, ал 

ол  ұрады.  Әр 

соққы  сайын  

каскадерлер-

ше  құлаймын-

ай келіп. Менің 

бұл қылығыма 

б а л а қ а й 

мәз   болады.  

Шіркін, ол қазір 

не  істеп  жүр 

екен?!

...Автобус аялдамаға тоқтағанда балалар арба-



сын сүйреткен келіншек мінгелі жатыр екен. Жүгіріп 

барып  көмектесіп,  өз  орнымды  ұсындым.  Әлгі 

келіншекпен бірге бала көтерген жігіт де мінген еді. 

Бұл жолғы бала екі жастар шамасында болса керек. 

Өзі мазасыз екен. Әкесінің басын олай бір, былай 

бір бұрап, құлағын тартып, еркелік танытып келеді. 

«Әке бақыты – осы-ау» деп армандай бергенімде 

анамның  әдеттегі  «тәйт»  дейтін  ескертпесі  сарт 

ете  қалмасы  бар  ма.  Әртүрлі  жастағы  үш  бала, 

үш  періште  бәрімізге  бірдей  жарық  нұр  таратып 

келе  жатқандай.  Жұрттың  бәрі  әлгі  сәбилерден 

көз  алмай,  қылықтарын  қызықтап  келеді.  Мен  де 

қуандым.  Себебі,  дүниеге  бала  әкелу  бақыттың, 

тыныштықтың белгісі ғой. Көпшіліктің ішінде бей-

таныс сәнқой әйел ғана ашулы күйде келеді. 

Мен сөз етіп отырған сәбидің бәрі орыс ұлтының 

балалары  еді.  Сәбиді  бөліп-жармаса  керек. 

«Сәбидің  бәрі  бақытты болуы  үшін  жаралған»  деп 

ыңылдайтыным бар емес пе. Бұлардан да ертең ел 

патриоттары, нағыз Қазақстан азаматтары шықпай 

ма.  Шынымен,  Илья  Ильин,  Максим  Раков,  тіпті 

Головкин  сияқты  азаматтар  шығады  емес  пе.  Ба-

стысы  Отанға  адал  еңбек  ететін  ұл-қыздар  болып 

шықса игі. Өз ойыммен өзім арпалысып, жүргізушіге 

қарай жақындап жол ақымды төлегелі жатқанымда 

қатты  қуанып  кеттім.  Орамал  тартқан  отыздар 

шамасындағы  қазақ  әйелінің  құшағында  мұрны 

пышылдап, қара домалақ ұйықтап жатыр. Манадан 

бері қалай байқамағанмын!? Маған аңтарылып қарап 

қалған  апама  «Сәлеметсіз  бе!»  деп  ізет  көрсеттім 

де, жүргізушіге қалтамдағы соңғы жүз теңгемді тұтас 

беріп кете бардым.

Автобус жүргізушісінің «Эй парень, забыл сдачу» 

дегеніне қарайламадым да. Жүзімдегі қуаныштан 

айрылып қалғым келмеді. 

27

Жастар шығармашылығы



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Ахмет  Байтұрсынов 



атындағы  Қостанай 

м е м л е к е т т і к 

университеті  биылғы  жаңа  оқу  жылын  игі 

жаңалықтармен  бастады.  Еліміздің  оңтүстігінен 

450 түлек келіп, Тобыл өңірінің студенті атанды. 

Иә, осының өзі бәрекелді дейтін ақжолтай хабар 

емес пе?!

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің

«Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам  хабар  алғызды»,  –  деп  басталатын 

жыр жолдарын есіңізге түсіріңізші. Дала қоңырауы 

айтып кеткен өсиет-өлеңнің  құндылығы күн өткен 

сайын арта түсуде. Өнері өрге жүзіп, оқу-ғылымы 

дамыған  елдер  бүгінде  өркениеттің  көш  басын-

да  жүр.  АҚШ,  Жапония,  Қытай,  Франция  сынды 

әлемдегі алпауыт елдер ұрпағының білім алуына 

ерекше мән беруде. Олар білек күшіне емес, білім 

күшіне сенеді. Білім жарысында бәсекеге қабілетті 

елдің қатарынан көріну үшін біздің еліміз де аянып 

жатқан жоқ. Жас ұрпақтың жоғары білімді маман 

болып қалыптасу үшін «Серпін-2050»  әлеуметтік  

жобасын  қолға  алды.  Бұл  бастама  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың    «Қазақстан-2050»    страте-

гиясында  айқындалған    басымдықтарды    жүзеге 

асыру мақсатында жүзеге асуда. Жаңа жобаның 

мақсаты-  оңтүстік  жастарын  адам  саны  аз, 

жұмыс қолы жетіспейтін солтүстік, батыс, шығыс 

өңірінде оқытып, болашақта жұмыс орындарымен 

қамтамасыз ету. Аталмыш бағдарлама бойынша 

мемлекеттік білім гранттарына ие болған бір топ 

түлек біздің университетімізге де бар. Оңтүстіктен 

солтүстікке келген түлектерді Білім күніне арналған 

салтанатты іс-шарада университетіміздің ректоры 

Асқар Нәметов құттықтады. 

- Биылғы жаңа оқу жылының өзіндік ерекшелігі 

бар. Облысымыздың аудан, қалаларынан және 

республикамыздың  әр  аймағынан  келген  жас 

өрендер  университетіміздің  студентті  атан-

ды.  Студенттік  шақ  адам  өмірінің  ең  қызықты, 

есте қаларлық кезеңі. Сондықтан әр күндеріңіз 

ізденіске  толы  болсын.  Сапалы  білім  алу  жо-

лында  жасаған  еңбектеріңіз  ақталсын.  Бүгінгі 

жас  мамандардың  мемлекетіміздің  дамуына 

үлес қосарына сенемін,-деді ҚМУ-дың ректоры 

Асқар Нәметов.

Оңтүстіктен келген 450 түлек қазіргі уақытта 

инженерлік-техникалық,  ауылшаруашылығы 

және  оны  өңдеу  технологиясы,  ветеринария 

мамандықтары  бойынша  білім  алып  жатыр. 

Осылайша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай 

мемлекеттік университеті «Серпін» жобасы бой-

ынша оқуға түскен талапкерлерді жатақханамен 

қамтамасыз  етіп,  оларды  оқуды  аяқтағаннан 

кейін жұмысқа орналастыруға үлес қоспақ.

Қымбат ДОСЖАНОВА

“Серпін“

С ен і м   а р т қ а н 

с т у д ен т т е р

11

C



M

Y

K



Жастар шығармашылығы

Білім жарысының жүйрігі

ҚМУ-дың  журналистика  мамандығының  3  курсында  Жанболат  Кенжеғұл 

есімді  студент  оқиды.  Ол  Жанкелдин  ауданының  тумасы.  Кез  келгенмен  тіл 

табысып кететін елгезектігі тағы бар. Емен-жарқын сөйлесіп, ойындағысын да 

ашық айтады. Оқуы да ойдағыдай. Мақтана айтарлықтай жетістіктері жетерлік. 

Былтырғы оқу жылының қорытындысында Жанболат білім грантын ұтып алды. 

Осылайша ақылы бөлімнен ауысып, қазір грантта оқып жүр. 

Жанболат  оңашада  ойланғанды,  көрген-білгенін  жазғанды  ұнатады.  Жас 

өркеннің түрлі тақырыптағы ой-толғамдарын журналда жариялап отырмыз. 

Амансыз ба, әкетай!

Кеше менен бірнеше жас үлкендігі бар бір ағамыз 

Facebook  әлеуметтік  желісіндегі  парақшасына 

«Бүгін әкем қайтпас сапарға аттанып кетті. Қанша 

қимағанмен де Алланың жазғанына көнеміз де...» 

деп пост жариялаған екен. Марқұмның суреттерін 

қоса  жариялапты.  Мұндайды  естіген  соң  көңілің 

қалай құлазымасын?! Әлгі марқұмның суреттерін 

кезек-кезек ашып, қарап отырмын. Суреттегі бейне-

ден мейірбан, сауатты, салиқалы қарияны көрдім. 

Немерелері  мен  отбасының  ортасында  отырып 

түскен суреттері де көп. Жасы келген кісі болса да 

қазасы  ауыр  соқпай  қоймайды  ғой.  Танымайтын 

адамым  болса  да,  іштей  иманы  салауат  болсын 

деп тіледім.

Ал таңертең ұйқымнан өте сергек тұрдым. Тура 

сегіз сағат көз шырымын алғанға ұқсаймын. Бірақ ойы-

ма түндегі көрген түсім орала береді. Түс түлкінің боғы 

деуші еді ғой... Иә, сол мекенде: менің де әкем қайтыс 

болыпты-мыс.  Өкініштен  күйініп  жүр  екенмін.  Көп 

нәрсе көрдім, бәрі көз алдымда өтіп жатқан сияқты 

болды.  Тек  жеткізе  алмайды  екенмін.  Қиын  нәрсе. 

Осылайша түсімде әкемді о дүниеге жіберген болсам 

да мән бере қойған жоқпын. Жуынып алып, өз-өзіме 

келдім. Таңғы шайымды да үнсіз ішіп отырмын. Кешегі 

кісінің жазбасы мен көрген түсім қатты әсер етсе керек 

қобалжу бар. Шыдай алмай ауылдағы үйдің номерін 

тере бастадым. Барып тұр, көтерер емес... 

Телефон тұтқасын неге алмай жатқанына таңмын. 

Мұндай уақытта анам сиырын сауып болады да, тоқ 

машинаға сүт құйып кететін. Әкем болса сиырларды 

бөгеттен әрі асырып, өріске қарай айдап жіберетін. 

Ол кісі келгенше анам шай дайындап қояды.  Әлде 

дастарқан  басында  отырып  телефонның  дауысын 

естімей жатыр ма екен... Жауапсыз қоңырау көңілдегі 

күдікті  одан  әрі  ұлғайтты.  Дегбірім  қашып,  қайта 

қоңырау  соқтым.    Іле  телефонның  арғы  жағынан 

«Иә?» деген әкемнің жарқын дауысы естілді. Қалай 

қуанып кеткенімді білсеңіз ғой. 

-Қалайсыз, әке?!

-Жақсы.

Не істеп жатырсыздар? Амандық-саулықтан соң 



отбасылық әңгімелерді сөз қылдық. Аласұрған көңілім 

орнына  түсіп,  қуанып  қалдым.  Осы  бір  азғантай 

сұхбатымызда өлім туралы жаман ой әп-сәтте жоқ 

болды.  Аяулы  әкемнің  аман-есен  жүргеніне  тәубе 

еттім.

Ал,  сіздер,  әкелеріңіздің  амандығын  біліп 



тұрасыздар ма?  

26


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Ел бірлігі нығаюда



Қостанайдағы 

Д ос т ы қ   ү й і   к ү н 

құрғатпай  өтетін 

қ ы з ы қ т ы   ш а р а -

лар  мен  игі  істер 

мекеніне  айналған. 

Достық  үйі  десе 

дегендей,  мұнда 

о б л ы с   ө ң і р і н 

құтты  қоныс  еткен 

түрлі  ұлыстардың 

этномәдени  ор­

талықтары  орна­

ласқан. Олар аспан 

түстес  көк  Тудың 

астында бір атаның 

б а л а л а р ы н д а й 

тату­тәті ғұмыр кешіп жатқан ұлт пен сан ұлыстың  

бірлігінің куәсі іспетті.  Достық үйіндегі жұмыстар 

тек ұлттық киім киіп алып, мерекеде би билеу емес. 

Бұл күнделікті өмірдің шынайы көрінісі, айнасы десе 

болғандай. Қазір облыс өңірінде бір ұлттан, ұлыстан 

тұратын  елді  мекенді  көрмейсің.  Елдің  тағдыры 

осындай, қала болсын, дала болсын  қазағы, орысы, 

өзбегі мен татары, азербайжан мен тағы басқа ұлт 

өкілдері қатар өмір сүріп жатыр. Барлығы да қара 

қазан, сары баланың қамымен тірлік кешеді, елдің 

амандығын, тыныштығын, мемлекеттік қуаттылығын 

ойлайды.

Бұрнағы  жылдары    Қазақстан  халқы  облыстық 

ассамблеясы  ұйымдастыратын  шаралардың  басы­

қасында  негізінен  егде  жастағы  белсенді    кісілер 

жүретін. Жас буынды жиналған жерде көп көре бере 

алмайтынбыз.  Соңғы жылдары игі істерді жастардың 

қолға алғаны байқалады. 

­  Қазақстан  халқы  облыстық  ассамблеясында 

«Жастар  қанаты»  2007­2008  жылдары  құрылды. 

Ең алдымен осы игі дәстүрді неміс ұлтының «Воз-

рождение» қоғамдық бірлестігінде жастар  «Макси-

мум» клубын ұйымдастырып бастады. Оны Татьяна 

Шик басқарады.  Неміс жастарының  түрлі бағытта 

атқаратын жұмыстары жетерлік және өте қызықты. 

Вокалға, қуыршақ театрына қатысамын, журнали-

стикада бақ сынаймын,  әлеуметтік жұмыстарға ара-

ласамын дегендер осында келеді. Неміс ұлтының 

дәстүрлі, діни мерекесінің барлығын қазір жастар 

ұйымдастырады,­­дейді    «Қоғамдық  келісім» 

орталығының баспасөз хатшысы Зүлфия Нәбиева. 

«Максимум»  клубының  жастары  жақында  дыбыс 

жазатын  студия  ашты.  Бұл  қуыршақ  театрының 

жұмысын  жандандырумен  тікелей  байланысты 

екен.  Олар Рождество мен Пасханың тарихынан 

екі спектакль қойып та үлгеріпті. Қазір олар басқа 

да  спектакльдердің  сценариі  мен  музыкалық 

безендірілуі,  режиссерлық  жұмыстарын  жасау 

үстінде. 

Жастардың  мұндай  қызықты  жұмыстары  өзге 

этномәдени орталықтарда да жеткілікті. Жақында 

барлық  этномәдени  орталықтардағы  жастар 

бірлесіп,  Достық  үйінде  «Бірлік  түні»    шарасын 

өткізді.  Достық  үйінің    түнде  шамы  жанып,  есігі 

ашық  тұрды.  Түнде 

қыдырған  жастар, 

қала  тұрғындары 

к і р і п ,   б а р л ы қ 

э т н о м ә д е н и 

о р т а л ы қ т а р 

ж а й ғ а н   д а с т а р -

ханнан    дәм  ауыз 

тиді.  Мұнда  түрлі 

тілде  тілек  айтыл-

ды,  түрлі  мақамда 

әндер  шырқалды. 

Ұлттық  тағамдары 

к ө р с е т і л д і , 

о л а р д ы ң   қ а л а й 

дайындайтындығы 

да айтылды. 

­  Біздің  азербайжан  халқында  тәтті  тағамның 

барлығын  да  балға  орап  жасайды.  Ұлттық 

тағамымыз – палау. Бұл тағамды үлкен жиындарда, 

тойларда  тартады.  Табақтың  үстіне  кесеге  спирт 

құйып  қойып,  оны  тұтатады.  Бұл  отыңды  өшірме 

деген ойды білдіреді, ­ дейді  Зүлфия Нәбиева. 

Келген қонақтар төрге қойылған микрофонға ба-

рып, өзінің алған әсерін, пікірін, тілегін айтып жатты. 

­ Түнде қыдырып жүріп кірген едік. Достық үйінен 

рухани  байып  шықтым  десем  артық  айтпаған 

шығармын.  Түрлі  ұлттың    тағамынан  дәм  татып,   

дәстүрлерін,  ән­биі  мен  салттарын  қызықтадық,  ­ 

дейді қала тұрғыны Мақпал Сейдахметова. 

Әр  этномәдени  орталықтың  жастар  қанаты 

ұйымдастырған  шаралар бірін бірі қайталамайды, 

олар көпшілікке қызықтылығымен маңызды. Татар­

башқұрттардың  «Дуслық»  бірлестігіндегі  жастар 

«Ассамблея  аруы»  байқауын  өткізуге  бастама 

көтерді. Татар халқының  дәстүрлі Сабантой мерекесі 

Қостанай өңірінде халықтық сипатқа ие болып кет-

кен.  Құрылғанына  биыл  20  жыл  толған  «Дуслық» 

этномәдени  орталығы    татар­башқұрт  диаспорасы 

жастарының Қазан қаласындағы мемлекеттік жоғары 

оқу  орындарында  білім  алуына  жағдай  жасады. 

Осы  жиырма  жыл  ішінде    15  жас  Қазанда  білім 

алу  үшін  сол  елдің  грантына  қол  жеткізді.  Азер-

байжан  жастарының  «Бірлік»  жастар  қанатының 

құрылғанына 3 жыл болды. Осы уақыт ішінде  олар 

бірнеше  жобаларды  жүзеге  асырды.  Жеңістің  70 

жылдығына байланысты патриоттық тәрбие беретін 

жұмыстарды қызу атқарды. Азербайжанның тұңғыш 

президенті Гейдар Алиевтың бірге оқыған  курстасы, 

отставкадағы полковник  Павел Даценкомен өткізген 

кездесу қостанайлық барлық жастар үшін тағылымды 

болды.    «Бірлік»  жастар  қанаты  белсенділері 

ұйымдастыратын    Кавказ  халықтарының  мәдени 

фестивалі жыл сайын аншлагпен өтеді. 

«Қоғамдық  келісім»  орталығына  бірігіп  отырған 

корей, орыс, қырғыз, Прибалтика халықтары секілді 

ұлттар  диаспоралары  этномәдени  орталығындағы  

жастар  қанатының  қызықты  істерін  тізе  бреуге 

болады.      Олар  ұйымдастырған  әр  шара  қызықты 

бастамаларға мұрындық болып жатады. Ел бірлігін 

нығайтады. 



Тілі басқа - тілегі бір

25

C



M

Y

K



“Серпін“

«Серпін  –  2050»  әлеуметтік  жобасы  елімізде 

жұмыссыздықты  азайтуға  септігін  тигізбек. 

Бұған дәлел ҚР Білім және ғылым министрлігінің 

студенттерге  арнайы  білім  гранттарын 

бөліп  отырғандығы.  Аталмыш  бағдарлама 

Елбасының  ұзақ  мерзімді  Стратегиясын  іске 

асыру  мақсатында  қолға  алынған.  Әр  өңірден 

келген студенттердің бәрі де жатақханамен, жол 

ақысымен,  медициналық  қызмет  көрсетумен 

қамтылады. Бағдарлама мақсаты – студенттер-

ге білім берумен қатар, осы жерге тұрақтандыру, 

жұмысқа орналастыру болып табылады. Жалпы, 

«Серпін-2050»  бағдарламасының  мақсаты  мен 

міндеті ең алдымен бәсекеге қабілетті мықты ма-

мандар даярлау, ауылдағы жастарға қолжетімді, 

сапалы білім беру. 

Ахаң  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университетіне бағдарлама бойынша биыл 400 

- ден астам түлек келді. Оңтүстіктен келген жа-

стармен танысып, сұхбаттасуға асықтық. Бір 

топ «серпіндіктердің» Қостанай қаласы, Ахаң 

атындағы университет туралы ой-пікірі былай-

ша өрілді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет