Жаңа педагогикалық ұғымдарға глоссарий .
Арнайы бақылау — бұл зерттелетін құбылыс суретін талдамалы түрде қарастыруға әкелетін әдіс. Ашық бақылау — зерттеушіге оны қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.
Ашық сауал — мұнда жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын ала қарастырылмаған.
Әдебиет пен тәжірибе мәселелерін оқумен байланыстыру ғылыми, әдістемелік, арнайы әдебиетті талдау. Берілген мәселенің жағдайын анықтау мақсатында тәжірибелік зерттеулерді оқып білуді көздейді.
Әдістемелік және теориялық негіз — зерттеу негізіне жататын негізгі теориялар мен әдістемелік ережелер.
Әдістемелік зерттеулер — зерттеу нәтижелері эмпириялық деңгейде тәжірибені жинақтаумен, ережелерді қалыптастырумен, педагогикалық қызмет нормаларын айқындаумен, деректер алумен, оны талдау және жүйелеумен айқындалады.
Әлеуметтік өлшем — топтағы тұлға аралық қатынастардың сандық және графикалық құрылымын, оның мүшелерін өзара таңдау саны мен ерекшелігіне қарай айқындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік психология әдісі.
Бақылау — зерттеушінің материалдарға ие болу үшін кейбір педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қадағалауы.
Ғылыми болжам (гипотеза) — құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді.
Ғылыми жаңалық — бұрын басқалар зерттемеген және енгізбеген тың қорытынды, нәтижелер.
Деректерді таңдамалы тағайындау — тәжірибеде өлшемге түскен немесе өткізілген психикалық диагностиканың ең аз шамадан ең үлкеніне қарай орналасуы.
Деректі талдау — кез келген шама мен бағыттарды түзете жалдауға негізделген процедура немесе математикалық статистика әдісі.
Дидактикалық бақылау — бақылау нысаны ретінде оқыту процесі тұтас енеді.
Дисперсия — берілген таңдауда жеке мәндер орта көрсеткіштен ауытқуын сипаттайтын статистикалық көрсеткіш.
Дисперсионалды талдау — математикалық статистикалық талдау әдістерінің жиынтығы, зерттелетін нысанына кездейсоқ шама дисперсиясын анықтау жатады. Шекті бақылау үшін тест материалдары бойынша өз-өзін бақылауға арналған.
Дөңгелек үстелдер — белігіленген мәселе бойынша пікір алмасуды қарастыратын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.
Жабық бақылау — жасырын немесе бақылаудың жасырын үдерісі.
Жеке әдістемелік бақылау — ғылыми қабылдау нысаны ретінде белгіленген пән бойынша нақты оқу үдерісі болуы мүмкін.
Жетекші идея — зерттеудің белгіленген позициясы мен тұжырымды негізі.
Жобалы әдістеме — жобалау нәтижелері психологиялық мағына беруде негізделген жеке тұлғаны тұтас зерттеу әдістерінің жиынтығы.
Зерттеудің ғылыми болжамды тұжырымдамасын анықтау мәселенің тұжырымдамасынан ғылыми болжам пайда болады. Ғылыми болжамдағы кейбір пікірлердің дұрыстығын өткізіліп отырғын тәжірибе арқылы дәлелдеу керек. Жалпы ғылыми болжамнан дара, бөлшек, нақты болжамдар тарайды.
Зерттеу нысаны — мәселелік жағдай тудыратын үдеріс немесе құбылыс.
Зерттеу заты 1 бұл нысан шекарасында болатын нәрсе, нысанның белгілі бір қасиеті, олардың арақатынасы нысан мен қасиетінің кейбір жағдайларға