Сабақ. Лекция тақырыбы: Оптикалық талдау әдістері. Фотоэлектрокалориметрия. Спектрофотометрия



бет1/8
Дата25.04.2023
өлшемі95 Kb.
#86702
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

15 сабақ. Лекция
ТАҚЫРЫБЫ: Оптикалық талдау әдістері. Фотоэлектрокалориметрия. Спектрофотометрия


МАҚСАТЫ: Оптикалық талдау әдістерінің, соның ішінде фотоэлектроколориметрия, спектрофотометрия әдістерінің теориялық негізін меңгеру. Бугер-Ламберт-Бер заңын фармациялық талдауда қолдана білу.

Химиялық талдау әдістеріне қойылатын мақсаттарға байланысты аналитикалық химия бөлімі сапалық және сандық болып 2 тарауға бөлінетіні мәлім. Заттарға жасалынатын талдауға байланысты физика-химиялық әдістер аспап және құралдармен орындалады. Яғни, қосылыстардың құрылымын және сандық үлесін анықтау үшін аспаптық әдістер қолданылады.


Аспаптық әдістер оптикалық, электрохимиялық, хроматографиялық болып бөлінеді.
Оптикалық тәсілдерге фотоэлектроколориметрия және спектрофотометрия құралында орындалған жұмыстар жатады.
Фотометрия – қосылыстың аз мөлшерін анықтауға ыңғайлы әдіс. Оның мүмкіндігі шектелмеген, себебі көптеген элементтер мен қоысылыстар үшін түсті реакцияларды табуға болады, демек, реакция нәтижесінде жарықтың жұтылуын анықтауға мүмкіндік туады.
Фотоэлектроколориметрия фотометрия тәсілінің бір түрі – инструменталды оптикалық талдау әдісі. Бұл тәсіл жарықтың жұтылуын фотоэлемент көмегімен өлшеуге негізделген. Бұл тәсілде ФЭК-М, ФЭК-56 М т.б. аспаптар қолданылады.
Бұл аспаптармен жарықтың көрінетін ауданындағы жарықтың жұтылуы бойынша түсті қосылыстардың концентрациясын анықтайды.
Оптикалық талдау әдісі электромагнитті сәулеленудің затпен әрекеттескенде байқалатын (жұтылу, шашырау, шағылысу, сыну, поляризация сияқты т.б.) заттардың оптикалық қасиеттерін өлшеуге негізделген.
Қосылыс сәулелену энергиясымен әрекеттескенде сәуле жұтылады және шығарады (эмиссия деп аталады). Құбылыстардың сипаттамалары ұқсас. Сәулеленудің қосылыспен әрекеттескен жағдайда оның атомдары, молекулалары қоздырылған күйге ауысады. Біраз уақыттан өткен соң (10-8 с) бөлшектер өз қалпына қайдадан келеді, бұл кездегі артық энергиясын электромагнитті сәуле күйінде бөліп шығарады. Бұл құбылыстар атом немесе молекула электрондарының ауысуымен тығыз байланысты.
Молекулалық талдаудың оптикалық тәсілдері. Молекулалық абсорбциялық спектроскопия біртекті шашырамайтын жүйелердің электромагнитті сәулеленуді талғамды жұтуына негізделген. Жүйелердің әртүрлі толқын ұзындықтарында жұтылуын өлшеу арқылы, жұтылу спектрлерін алуға болады. Демек жұтылу толқын ұзындығына байланысты. Электромагнитті тербелісті толқын ұзындығымен λ өлшеуге болады, нм.
1 нм = 10-7 см = 10-9 м. Оптикалық диапозонға 10 -нан 106 нанометр аралығындағы толқын ұзындықтары жатады. Бұл сәулелену диопозонын шартты жарық деп атайды. Жұтылуды өлшеуге қолайлы оптикалық диопозонға келесі аудандар жатады:
Ультракүлгін ауданы (УК) 200-400 нм
Көрінетін аудан 400-760 нм
Инфрақызыл аудан (ИҚ) 0.76 – 1000 мкм
(1мкм = 10-8 м, 1 миллимикрон = 1 нм = 10-9 м)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет