Жаңа реформалар – халық МҮддесі



бет4/4
Дата06.04.2022
өлшемі22,98 Kb.
#30058
1   2   3   4
Байланысты:
ЖАҢА РЕФОРМАЛАР

Тоғызыншы ұсынысының маңыздылығы – жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандырумен байланысты. Бұл «жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін күшейту, масылдық көңіл күйлерді төмендетуге, демократиялық өзгерістерді орнықтыруға» жол ашпақ. Сондықтан да қажетті тапсырмаларды бекітті.

Оныншы бастамада дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы мәлімдеді. «Әлемде геосаяси жағдай шиеленісіп тұрғанда бұрын болмаған қаржылық-экономикалық қиындық» бүкіл халықты тығырыққа тіреп отырғаны белгілі. Осы орайда, Мемлекет басшысы қажетті резервтерді, амал-тәсілдерді қолданып, дағдарысты еңсеруді Үкіметке жүктеді. Соның бірі – ұлттық валютаны тұрақтандыру, оны шетелге шығаруды шектеу екені ашық айтылды. Барлық жағдайда бюрократияға, формализмге жол берілмейтіні қатаң ескертілді. Алайда барша міндеттер мен мәселелерді шешуде біздің халқымыз Президентімізбен бірге «толық жұмылуы қажет». Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы жаңа Қазақстанның іргетасын бекітіп, өзгерістер мен жаңғыруларға жол ашады, халқымыздың отаншылдық рухын биіктетіп, игіліктерге бастайды, азаматтарымыздың мақсаттарына қол жеткізетініне сенемін. Мен ең алдымен халқымыздың көшбасшысына сенемін, оны қолдайтын ынтымақшыл халқымызға және озық ойлы, білімді жастарымызға сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет