Жаңа реформалар – халық МҮддесі



бет1/4
Дата06.04.2022
өлшемі22,98 Kb.
#30058
  1   2   3   4
Байланысты:
ЖАҢА РЕФОРМАЛАР


ЖАҢА РЕФОРМАЛАР – ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы оң өзгерістер мен өзекті ұсыныстарға толы болды деуге болады. Президент жолдауында ең алдымен отыз жылдық тарихы бар тәуелсіздігіміздің жемістерін ұмытпауды, тәуелсіздігімізді қастерлеудің маңыздылығын атап өтті. Өйткені қасіретті қаңтар оқиғасы қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Бейбіт шерушілер арасына кірген арандатушылар мен лаңкестердің аяусыз әрекеттерінен қаншама қан төгілді, қаншама шаңырақ қара жамылды. Президент олардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтып қана қойған жоқ, құқық қорғау органдарына нақты тапсырма беріп, лаңкестерді жазаға тартып, жазықсыз жандарға күш көрсетіп, «ортағасырлық жабайы үлгіде» азаптаушыларды жауапқа тартуды нақты айтқан болатын. Ел арасында жалған қауесеттерге жол бермеу үшін БАҚ құралдары арқылы өткен оқиғалар, тергеу орындарының жұмыс нәтижелері туралы нақты ақпараттарды жариялап, баға берудің маңыздылығын көрсетті. Президентіміздің індет кезінде де, қаралы қаңтарда да халық мүддесін көздегені анық. Өйткені Мемлекет басшысының өмірлік қағидаты ақиқат екенін таныдық. Расында, елдігіміздің іргесін қақыратуға, тыныштығын бұзуға ұмтылған сатқындар мен лаңкестердің жойқын әрекеттерін тоқтату, ел тыныштығы мен тұтастығын сақтау оңай болмағаны белгілі. Мемлекет басшысы ел ішіне іріткі салған сатқындардың «күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтіргенін» халыққа ашық жеткізді. Осындай жағдайда қиыннан жол тауып, бітімгерлерді шақырғанымен, олардың бір оғын да шығындатпай, өз құқық қорғаушы азаматтарымыздың күшімен тойтарыс берілгенін атап айтып, оларға ризашылығын білдіріп өтті. Халық мүддесіне адал қызмет етуді Мемлекет басшысы «президенттік әрі перзенттік борышым» деді. Президент, осы орайда, халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыруды өзіне міндеттеді. Шынында да, саяси жаңғырусыз елдің тұрмысын, әл-ауқатын өркендету мүмкін еместігі мәлім. Екі жарым жыл ішіндегі қол жеткен нәтижелерді атап өтті. «Елімізге түбегейлі реформалар қажет екеніне бек сенімді екенін, әйтпесе тоқырауға тап болатынымызды» ескертті. Сондықтан «геосаяси ахуал шиеленісіп тұрған» қазіргі жағдайда алыпқашпа пікірлерге бой алдырмай, еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Шынында, ұсынылған бағдарлама қоғам мүддесімен терең тамырлас, көкейкесті екені танылады. Атап айтқанда, қазіргі қоғамымызды «демократияландыру, мемлекеттің орнықты әрі басқаруға икемді болуына» жол ашу, қазіргі қырғи-қабақтық, қатаң санкция, теңдессіз қиыншылықтармен» тығыз байланысты. Сондықтан да маңызы зор бағдарлама болып табылады. Бұл реформаның құр атақ, дақпырт үшін жасалмайтынын қадап айтты. «Экономикадағы, саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз» деді. Оның орнына «ашық әрі әділ бәсеке» орнатқанда ғана халықтың әл-ауқаты артатынын салмақтады. Рас, «адал да әділ бәсекені», әсіресе, ғылым-білім саласында, басқа да түрлі мәдени салаларда жетілдіре түсу қажеттігі айтпаса да түсінікті болса керек. Жалпы, Президенттің «мемлекетті басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшуді» көздеуі де елді дамыту мүддесінен шығып отырғаны анық. Сондықтан «Күшті Президент –ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алатын жаңа Қазақстанның стратегиялық мақсатына сай бастамаларды ұсынды.    

Біріншісі президенттің өкілеттігі туралы болса, бұл тұстағы маңызды мәселе «президентті тым көп өкілеттілігінен айыру» арқылы  саяси жаңғыру үдерісін дамыту болса керек.

Екінші бастаманың маңыздылығы – Парламенттің рөлін арттырып, функциясын қайта қарау, депутаттарға жоғары жауапкершілік жүктеумен сабақтастырылды. Расында, бұл халық көкейіндегі мәнді мәселенің бірі болғаны баршамызға белгілі.

Үшіншісі сайлау жүйесін жаңғыртумен, жетілдірумен тікелей байланысты қозғалды. Бұл бағытта да тапсырмалар беріліп, заңнамалар қабылданатыны айқындалды. Аралас сайлау үлгісі ұсынылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет