Сабақтың тақырыбы: §8.10. Аммиак.
Кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
химия және биология пән оқытушысы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: аммиак, қолданылуы, алынуы туралы білімді жетілдіру;
Дамытушылық: аммиактың құрылысының ерекшелігі, донорлы-акцепторлы механизмді, химиялық қасиетімен алынуына байланысты реакция теңдеулерін құрастыра білу, халық шарушылығында қолданылуы, қорытынды жасау, жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабаққа қажетті:
А) Оқулықтар/әдебиеттер: химия, биология, гиометрия
Ә) Құрал - жабдықтар: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ. Тест қағаздары.
Сабақ/оқу барысы:
Ұйымдастыру: Студенттермен сәлемдесу.
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Журналға белгі соғу.
Назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:
І. Жұлдызшалардағы сұраққа жауап беріңіз.
Азоттың периодтық жүйедегі орналасуы.
Азоттың физикалық қасиеттері.
Азоттың табиғаттағы айналымы туралы айтып беріңіз.
Азоттың химиялық қасиеттері
Қазақстандағы бейметалдардың кен орындары жөнінде не білесіз?
Азоттың биологиялық маңызы
ІІ. Тест.
1. Азот атомында қанша s және p электроны бар:
А) 6s және 9p; В) 4s және 3p ;
С) 6s және 10p; Д) 4s және 4p;
2. Азот қайсы қосылысында +5 және -3 тотығу дәрежесін көрсетеді:
А) NO2 , PH3; В) NO2 , H2 S;
С) N 2O5, NH3; Д) N2 O5, PH3?
3. Азот мына жай заттардың қайсысымен әрекеттеседі (әр түрлі жағдайда):
А) CI2 , Au , Pt; В) AI , C , P;
С) F2 , Ag, Au; Д) O2 ,H2 , Mg?
4. Азот 8 электрон қосып алатын сызбанұсқа
А) N-3→N+5 В) N+3→N+5
С) N+5→N+2 Д) N+5→N-3
5. Азоттың жоғарғы тотығу дәрежесі
А) +5 В) +3
С) -3 Д) +4
6. Азоттың ауадағы көлемдік үлесі
А) 21% В) 78,09%
С) 75,6% Д) 77%
7. Азоттың электрондық конфигурациясы
А) 1S2 2S2 2P3 В) 1S2 2S2 2P4
С) 1S2 2S2 2P5 Д) 1S2 2S2 2P6
8. Нитридтердің құрамында азот неше валентті?
А) 1 В) 4 С) 3 Д) 5
Достарыңызбен бөлісу: |