Бұл парақшаларды сабақ басында немесе сабақ соңында көңіл күйлерін білу үшін алуға болады. Сонымен бірге Кері байланысқа да алуға болады. Өтілген сабақтан қаншалықты түсінгенін ағаштағы адамдарды белгілеп көрсетеді.
Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
Оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ. Семинарға не үшін келдіңіз? Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру. «Әдіс алмасу үшін.»
“Он сұрақ” әдісі
(Оқушының сұрақ қоюға бағдарлануы)
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады, және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жабыстырады-қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі
(Жаңа сабақты бекітуге арналған ойын)
(Жаңа сабақты бекітуге арналған ойын)
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қайда? деп сұрақ қойғанда, үстелде, орындықта, партада, аулада, үйде, мектепте деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни кім? деген сұраққа сызғыш деп жауап берілмейді).
Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір көкөністі атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір көкөніс атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.
Бұл ойынды жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуын меңгерту кезеңінде қолдану тиімді. Ойынның бір артықшылығы- алдын ала қосымша дайындықты қажет етпейді. Мұғалім тақта алдына оқушыларды бір қатар етіп тұрғызады. қатардың бас жағына өзі тұрып, жанындағы оқушыға жаңа сөздердің бірін сыбырлап айтады. Оқушы дәл осылай сол сөзді келесі оқушыға сыбырлап айтады. Ойын осылай жалғасады. Қатар аяқталғанда, соңғы тұрған оқушы өзі естіген сөзін дауыстап айтады. Алғашында мұғалім жасырған сөз бен соңғы сөз салыстырылып, бастапқыда сөзді бұзып айтқан оқушы сол сөзді бірнеше рет қайталайды. Осылайша бірнеше сөз жасырылып, олардың айтылуы бірнеше рет қайталанады. Мұғалімнің орнына сыныпты топқа бөліп, жарысты ұйымдастырғанда, әр топ мүшелері ойынды бастайды.
Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде қолдануға қолайлы ойын түрі. Оқушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Мұғалім басты тақырыпты айтады. Мысалы, мұғалім "Көктем" деген тақырыпты айтады. оқушылар осы тақырып бойынша сөздерді бір-бірден айтады. Осылайша шеңбер аяқталғанға дейін сөздер айтыла береді.
Сөз тіркесетірн меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы жаңбыр, жауады, көктем, айлары деген сөздер таратылады. Жаңбыр деген сөзді оқыған бала жауады деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, жаңбыр жауады деген тіркесті айтады.
Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты атайды, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады.
Бұл ойын арқылы оуқышалрдың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады. Мысалы, мұғалім бәтеңке деген сөзді айтады, оқушылар қызыл бәтеңке, екі бәтеңке, үлкен бәтеңке, менің бәтеңкем т.с.с сөз тіркестерін айтады. Осы ойын түрлерін қолдану ұстаздардың сабағын қызықты өткізуге септігін тигізеді деген ойдамын.