Жаңа тақырып: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың тәрбиелік маңызы


Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Екіншіден



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі17,3 Kb.
#125902
1   2
Байланысты:
Оқушы бос уақытын ұйымдаст тәрбиелік маңызы(2)

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты және осы жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу табылады. Педагогикалық әдебиетті талдау барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінде тиісті шарттарды сақтауды қажет ететінін анықтауға мүмкіндік берді.
Денсаулықты сақтайтын білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере отырып ұйымдастыру, психологиялық жағдай жасау;Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту, көмек көрсету, бос уақытын мәдени ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар оқудан тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым басшылығы көмегімен ұйымдастырылады.Сабақтан тыс уақытта оқушылармен жұмыстың ерекшелігін анықтайтын негізгі принцип болып сабақтардың формасын және бағытын таңдау еркіндігі табылады. Сонымен қатар, сабақтың кез-келген түрінің қоғамдық бағыты бар, оқушы өзіне қажетті және пайдалы әрекетпен айналысады.Сыныптан тыс жұмыс тек көңіл көтеру принципінде құралмау керек, сонымен қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық, романтика, әдемілік болу керек. Жалпылық принципі де маңызды орын алады, яғни сыныптас тыс жұмыстың әртүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпылығы.Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс жұмыстың формаға еңгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық (конференциялар, конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу), оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу).Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістермен толықтырылады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі формасын үш топқа бөлуге болады:
1) мектеп өмірімен басқару және өзін өзі басқару формалары (жиналыстар, сынып жетекшісінің сабақтары, жиналыстар);
2) тану фомалары (экскурсиялар, журналдар, газеттер);
3) көңілді формалары (кештер, «капустниктер»).Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және формалары оқушының қызығушылықтары және сұраныстарымен анықталады. Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі болып сынып сағаты табылады. Атақты педагог В.А.Сухомлинский «Сынып жетекшісі оқушылармен тек қана өткен кезеңге ғана емес, сонымен қатар алдын ала болжанған тақырыптар бойынша әңгіме- денсаулық, жанұя, өнер ету керек»- деп айтты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет