Жаңа заман тарихынның кезеңдері



бет7/42
Дата28.11.2023
өлшемі323,65 Kb.
#130519
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
жана тарих

2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиленісуі.
Бір жағынан, ыкпалды сұлтандар, ақсақалдар арасында, екінші жағынан, үш жүз бірлестіктерінің іс жүзінде тәуелсіз хандары арасында тамыр жайып алған араздық халықты топтастыру, біртұтас халықтық жасақ кұрудың бұрынғы дәстүрін қайта жанғырту жөніндегі күш-жігерді жоққа шығарды.
Осындай өте киын жағдайларда Петербург сарайынаж үгінуге өзі бастамашы болудың, сол кезде-ак ыдырап кеткен біріккен казак одағының сыртқы саяси бағдарында түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін оз мойнына алудың жөне ойрат күштерінің бейбіт ауылдарға кезекті жой-кын шабуылын күтпей, орыс императрицасының кезкарасын айкындау-дың күрделі миссиясы Әбілкайыр ханнын еншісіне тиді.
XVIII ғасырдын 20-жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кезінде-ак, Әбілкайыр орыстың дипломатиялык топтарына едәуір белгілі болатын. «Акылы жеткілікті және қулыктан да ада емес адам», – деп ол жөнінде А. И. Тевкелев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен казак мемлекеттілігінің стратегиялык мүдделерін басшылықка алып, екінші жағынан Ресей әкімшілігіне сүйене отырып, озінің баска бөсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруга ұмтылды, атакты Тәуке ханның заманында болғанындай, озі біріккен хандыктын жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халықка касіретті зардабын тигізетін ойрат баскыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіругеты-рысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған ол 1730 жылдын жзында Уфа наместниктігі аркылы Петербургке өз елшілігін жіберіп, Ре­сей императрицасынан өзін ұлысымен бірге Орталык Азияның көптеген үлкенді-кішілі халыктары камкорлығына кірген Ресей империясынын бодандығына кабылдауды өтінеді

Сол кезге карай Петербургтің дипломатиялық кызметі елдің Азиядағы саясатының негізгі бағыттарын айкындайтын елшілік құжаттарын әзірлеу мен шығыс елдерінің екілдерін қабылдау жөнінде едәуір көп тәжірибе жинақтаған еді.

Аюкенін еділ қалмақтарын, Кабарда кіняздігін, грузин билеушілерінің жерлерін Ресей құрамына қабылдау Сырткы істер алкасы дипломатиялык қызметінің өрісін едәуір кеңейтті, бұл жолы да Әбілкайырдың елшілігіне барынша кұрмет кәрсетілді, оның Құтлымбет Коштаев бастаған 7 адамнан тұратын елшілері кұрметпен кабылданып, бағалы сыйлыктар тартыл ды, дала оніріне Сырткы істер алкасының тілмашы А. И. Тевкелев бастаған үлкен комиссия косылып, әскери күзетертіліп кайтарылды, олардың ішінде «жерлерді сипаттау ушін жіберілген екі геодезист –Алексей Писарев пен Михайло Зиновьев болды. Ол дәуірдегі құжаттар А.И. Тевкелевтің мемлекеттік қызметке кірген уакытын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Оның Сырткы істер алқасына алынуы I Петрдің 1722 жылғы парсы жорығынан біршама ертерек болғаны анық. Оның үстіне А. И. Тевкелев үшін «шығыс сөздерінің тілмашы» кәсібі әсте де жаналық болмаған, «...Әр түрлі қағаздарында» оның өзі жазғанындай, оған дейін де ата-бабалары өздерінің тамаша лингвистикалык білімін Мәскеудің елшілік приказында қолданған.
Петрдің мемлекеттік кызмет мектебінен еткен А. И. Тевкелев кейіннен оның өзі мойындағандай, жоғарылап, наградалар алуға үміттенген, бұл «ұлы мәртебелі императордың кайтыс болуы себепті» жүзеге аспай қалған. Қазақ елшілігін Кіші жүзге кері қайтаратын күні А.Тевкелевке 12 тармақтан тұратын, мазмұны қызықты «Нұскау» табыс етілді. Төрт парақтың екі бетіне қолмен айдақтатыла жазылған бұл құжат дипломатиялық миссия үшін өзінше бір іс-қимыл бағдарламасы болған. «Нұсқау» негізінде ол арнайы «Журнал» жүргізген, соның арқасында императрицаның грамотасын кабылдау кезінде де, Кіші жуз бен Орта жүзде ішкі саяси жағдайдың одан кейінгі шиеленісу кезеңінде де хан ордасында қалыптасқан нақты жағдайдын қандай болғанын көрсетуге мүмкіндік бар.
«Шығыс тілдерінің тілмашы Мамет Тевкелевке оны қырғыз-қайсақ ордасына оларды Ресей бодандығына келтіру үшін жіберген кездегі Мемлекеттік сыртқы істер алқасынан нұсқау» - оның бұдан кейінгі мансабында және қазақ-орыс өзара қатынастарының тарихында терең із қалдырған ішкі саяси ведомство нұскауларының толық және ресми атауы осындай.
А. И. Тевкелев сапарының негізгі мақсатын нақтылай түсу тұрғысынан алғанда «Нұсқаудың» үшінші тармағы өте бағалы, онда Ресей бодандығын қабылдау мәселесінде хан төңірегінде алауыздыктар анықталған жағдайда дипломаттың еркін нұскалар тандау жоспарының болуы түсінігіне кілт берілді: «...хан мен аксакалдардың және баска да кырғыз-қайсақтардыц бүкіл нанымы бойынша өз антына адалдығы Алкоранда көрсетіліп, оған қол койып, оны Тевкелевке беретін болсын. Ал егер хан және басқалар одан бас тарта бастаса, оларды оған Тевкелев көндірсін».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет