Жаңа заман тарихынның кезеңдері



бет9/42
Дата28.11.2023
өлшемі323,65 Kb.
#130519
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Байланысты:
жана тарих

3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы. Петербургте хан өкілдеріне кейбір көтермелеу белгілерін беру одан кейін Ресей императрицасының меймандостығы мен ілтипатының міндетті белгісіне айналды. Бұл жолы да сый-сыяпатсыз болған жоқ, кейініректе оған Нұралы хан да, атақты Абылай да, Әбілқайырды өлтірген Барак сұлтан да ашықтан-ашық кол жеткізді. А. И. Тевкелевтен Анна Иоанновнаның атынан тартулар, «атап айтқанда: кылыш, булғын тон, қара түлкілі екі бөрік, мәуіті және «басқаларын» беріп жібере отырып, Сырткы істер алқасы оған ханға оларды Әбілқайыр «адалдыкка ант бергеннен» кейін ғана тапсыруға катаң өкім етті.
Империяның ішкі губернияларына неғұрлым жакын орналаскан Кіші жүзге дипломат жібергенде, укіметте ол жөнінде жеткілікті акпарат бо­лтан жок, тек Казакстанның солтүстік-батыс аудандары туралы Сырт­кы істер алқасының кеңсесінде жинакталғандардың бәрі алдын ала алынған, үзік-созык сипатта болғанын ғана айтуға болады, ал А. И. Тевкелев дипломатиялык тәжірибені сонда жинактаған еді. «Нұскауда» оған «кырғыз-қайсақтар туралы мәліметті» жазып алу, «елдің орфографиясын,халыкка бодандықтың ұнайтын-үнамайтынын, оның көршілері кімдер екенін... өздері зенбіректер кұя білетін-білмейтінін зерттеу...» міндеті жүктелді.
Белгілі тарихшы Н. А. Маев жүз елу жыл өткен соң, өзі жинаған дерек-тер негізінде даладағы істің жайы туралы да, халыктың салты туралы да, тіпті оныңтілектері туралы да сенімді мәліметтері болмай, жорамалмен әрекет еткен үкіметтің кезкарасын сын көзбен бағалады.
5 казанда А. Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналаскан Майтөбе сайына келді. Атакты мейманды бастап жүруді хан үлкен баласы, тәжірибелі жауынгер, әкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нұрмұхамед-Әли Баһадүрге (Нұралыға) тапсырды. Алайда Ұлы даланың тілі де, Әдетғұрпы да жақын, түсінікті болған бұрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялык мансабының алғашкы кадамдарының өзі көрнекті аксакалдардың, сұлтандардың аса зор карсылығына ұшырады, олардың көпшілігі «бәрі өтірік» екенін біліп алып, орыска бодандықтуралы есіткісі де келмеді, «ханды соқыр тиын сиякты да көрмеді». Ашык оппозиция катты ренжіткен А. И. Тевкелев үнжырғасы түсіп кеткен Әбілқайырдан оның императрицаға өтініші бүкіл «кырғыз-кайсақхалқынын.» келісілген кадамы деп «оның елшілері Мәскеуде соз жүзінде не үшін дұрыс ұсыныс жасамағанын», бұл өз окілеттігін асыра көрсетудің көрінісі емес пе, «ал казір өтірік болып шығып отыр, демек оны бір өзің істегенсің» деп маза-лай бастады. Күзеттегі бір башқұрт та оған ханға карсы топтардың келіссөзді сәтсіздікке үшыратып, грамотаны кабылдауға жол бермеу ниетінде екенін ескерткен болатын. Башкүрттар соның ішінде кейіннен Ресейге адалдығы үшін тархан атағы берілген Таймас Шаимов табын руының даңкты батыры Бәкенбайдың, оның күйеу баласы Есет батыр мен немере інісі Күдайменді мырзаның колдауға уәдесін алуды ұсынды, оның пікірінше, бұлар «барлык аксакалдардан жаксы әрі күшті адамдар және байлығы мол... солар аркылы оған, Тевкелевке пайда келеді». Тевкелев өз калауымен әрекетжасап, «тәуелсіздікті корғаушылардыңбірнешеуін өзіне каратып алды». Жоңғарлардың шапкыншылығы казак жүздері арасындағы, әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің Ұлы жүзбен шаруашылык-саяси байланыстарын әлсіретті. «Ал Үлкен орда олардан алыс жерде Бұхараға карай көшіп жүр және ол Орта және Кіші ордалармен қатыспайды, олардың хандары да бөлек». Мұндай жағдай феодалдык бытыраң-кылыктың күшеюіне және Тәуке билік еткен жылдарда бастау алған мем-лекеттік билікті орталыктандыру негіздерінің бүзылуына ыкпал етпей қой-майтын еді. Жоңғар хандығына карсы күрес барысында Кіші жүз бен Орта жүз жеке иеліктерге бөлініп кетті. Ұлы хан деп саналған Әбілкайыр өз билігін тіпті бүкіл Кіші жүзге де жүргізе алмады. Одан баска онда Кайыптың баласы Батыр сұлтан мен Әбілкайырдың баласы Нұралы сұлтан билік етті. Орта жүзде өз хандары болды. Олардың ішінде белгілілері — Сәмеке, Күшік. Соңғысы наймандардың едәуір бөлігінін ханы болды және орыс шекарасынан алыста көшіп жүрді. Орыс шекарасына Сөмеке ханның коны-стары жакынырақорналасты. Олардан баска Орта жүзде Әбілмәмбетжәне Барақ сұлтандардың ыкпалы зор болатын. Жоңғар баскыншылығы казак коғамының әлеуметтік қатынастарында да терең із калдырды. Елдің каңыратылып, күйзелтілуі кедейлер — байғұстар, коңсылар, жатактар және басқалар санын көбейтті. Дербес шаруашылык жүргізу мүмкіндігінен айырылған олар бай мал иелерінде бакташылар, үй кызметшілері ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Олардың көбісі тіршілік көздерін іздеп, батыска, орыс шекараларына кашты. Бірақ бұл жерде де олардың шеп өңіріндегі казактарға немесе шекарадағы орыс коныс аударушыларының аукатты шаруашылықтарында батырак болуына тура келді. Тағдыр Орта Азия хандыктарынан баспана іздеуге мәжбүр еткендердің жағдайы да нақ сондай еді.Казақтардың 1730 жылғы Аңыракайдағы жеңісіне карамастан, Жоңғар хандығыныңжаңадан шабуыл жасауынынтікелей кауіп-катері жойылма-ды. Билік басына қазак хандықтары жөнінде тым баскыншылык саясат жүргізген Галдан-Цереннің келуі, мұндай шабуыл каупінің күшейгенін көрсетті, оның үстіне казак хандарының өздері де, соның ішінде Әбілкайыр да, жоңғар феодалдары түткынға алған тайпаластарын қайтару ниетінен бас тартпайтын.
Казак хандықтарының Бұхарамен және Хиуамен катынастары шиеленіскен күйінде калды. Рас, 30-жылдарға қарай казак билеушілерінің Орта Азия хандыктарымен кайшылыктары біршама бәсеңдеуі мүмкін болды.
Қазақ хандыктарынын еділ калмактарымен және башкүрттармен езара катынастары күрделі болып кала берді. Әбілқайырдың башкұрт ақсақалдарымен шапкыншылыкты токтату туралы келіссөздері табыска жетпеді. Кіші жүздің батыстағы шекарасында бейбітшілікке кол жеткізу Әбілқайыр ханның ең басты сырткы саяси міндеттерінің біріне айналды. Басты дұшпан - Жонғар хандығымен күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын.
Қазақ хандыктары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет –қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыранқылық үрдісін жою міндеті тұрды.
Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ калмактарының, башкұрттардың, Жайык және Сібір казактарының коршауында, шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, казак жүздерінің билеушілері Ресей империясы сияқты одактас іздеуге мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет