Жаңа заман тарихынның кезеңдері



бет1/42
Дата28.11.2023
өлшемі323,65 Kb.
#130519
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
жана тарих


Кіріспе
Жаңа заман тарихынның кезеңдері. Бұл ХҮІІ-ХІХғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы "ақтабан шұбырындыдан" қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын тұлғалы ерлер келіп,халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан тұсында ерекше бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһар-мандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.
Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тауып жатты. Оның ұйтқысы ұлттың рухани кесемдері — Төле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты біріктіру жолында еңбек етті.
Келесі, екінші кезең- XX ғасыр. ХУШ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос тұрған орындарына ешкім отырған жоқ. - Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды.Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы болды.
2.Қазақстан жаңа заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Көп ел­дің көзі қорақты зиялы қауымы Қазақстан деген елді білгісі келеді. Ал ел туралы білім оның тарихынан басталады. Еліміздің елдігін қорғаған асыл ерлерінің болғандығын, әлемдік өрке­ни­ет­­ке өз үлесін қосқан мәдениет, әдебиет және ғылым саласында айтулы із қалдырған қай­рат­кер­ле­ріміз болғандығын әлемге паш ететін тарих ғылымы. Сон­дық­тан да тарих тек қана ғылым, қу­ат­ты тәрбие құралы ғана емес, ол – саясат.
Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпаққа тәрбие беру процесінде олар­ға тарихи білім бе­ру не­гіз­­гі міндет болып есептелді. «Жеті ата­сын білмеген жетесіз» деген қанатты сөз осы уа­қытта ту­­са керек. Ел Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ бол­мы­­сы­ның келесі бір ерек­шелігі – оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан ха­бар­дар­лы­ғы мей­­лінше жоғары болған. Керек де­сеңіз, білім ин­сти­­тут­та­ры­ның дамыған жүйесі бар бүгінгі күн­­­­нің өзін бұрынғы қа­зақтардың са­насындағы жаппай тарихшылдықпен салыс­ты­ру­ға болмай­ды» деп жазды.
ХVІІІ ғасырда қазақ елі отаршылдық күрестін шарпауында бол­ды. Дәл осы дәу­ір­де ха­лық­қа та­­рихи мағлұмат беру күрестін бір не­гіз­гі формасына айналды. Өкінішке ор­ай орыстың, жоң­ғар­­­­дың, қы­тай­дың ықпалында қалған аймақтарда халық өзінің тарихи жа­дынан ай­ы­ры­­ла бас­та­­ды. Жат жерлік ғалымдар қазақ тарихын бұрмалап, оған тү­зету енгі­зіп, халқымыздың өт­ке­ні жө­­­нінде өз нұсқаларын жасады. Сөй­тіп халық арасында жалған та­рих­шылық пайда болды. Ос­ы­н­­­дай да атақ­ты үнді халқының көсемі Джавахарлар Неру­дің мына сөздері ес­ке тү­се­ді: «Ис­тория почти всегда пишется победителями и за­во­е­ва­те­­ля­ми и отражает их точку зрения, или, по край­­ней мере, версии по­бе­­ди­те­лей отдается пре­д­почтение, и она берет верх». Бұл айтылған сөз­­дер қазақ тарихына да қатысты. Алдымен А.И.Лев­шин соңынан бір топ орыс тарихшы­ла­ры елі­міздің бұрмаланған та­рихын жасады. Бұл кеселдің осы күнге дейін ақтаңдағын тарихшы ғалымдар аршып келеді. ХІХ ға­сыр­дан бас­тап Қазақстан тарихы ор­ыс империясының та­ри­хы­мен тығыз бай­ла­ныста зер­т­тел­ді.
Тарихи білім мектептен басталатыны белгілі. Ресей империясы құ­­рамындағы қазақ ба­ла­ла­ры орыс мектептерінде оқыды. Сөйтіп олар орыстың тарихи дәстүрінде тәрбиелен­ді. Кеңес үкі­ме­­­ті орнаған ал­ғаш­қы жылдарда тарихтың орнына қоғамтану пәні оқытылды. Қо­ғамтану пәнін­де оқушылар тарихи схемалар мен фактілермен ғана танысып қойды. ХХ ға­сырдың 30 жылда­ры Кеңес қоғамы тарихи бі­лім­нің жетіспейтіндігін сезе бастады. 1934 жылы ақпан – науырыз ай­ла­рында Партияның Орталық Комитетінің тапсырмасымен Рес­сей Фе­де­рациясының Халық Ағар­ту Комиссариаты тарихшы-ғалымдар мен мектеп мұғалім­де­рі­нің мәжілістерін өткізді. Сол кез­дегі көрнекті қоғам қайраткері Н.К.Крупская «...са­мое, важное, - научить ре­бят из ряда кон­ретных фак­­тов делать вывод. Исто­рия для этого – чрез­вы­чай­но благодарная дис­цип­лина. Мұның өзі сол кездегі коммунистер ли­­дерінің тарихтың тәрбиелік мәнін түсіне баста­ға­нын көр­сетеді. Осы жыл­­­да­ры тарих пәнін тө­менгі сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін кіргізу, тарих пә­ні­нің мұғалі­мін дай­ын­дау оның оқулығын жазу жұ­мыс­тары қызу жүріп жатты. 1934 жылдан бас­тап Кеңес мек­теп­­те­рі­нің 3-4 сыныптарында СССР тарихының қарапайым курсы енгізілді, он­ың оқулығы жа­зыл­ды. Көп кешікпей 8-9 сыныптарға арналған СССР тарихының оқулығы жа­зыл­ды. 1934 жыл­­дың тамыз айында А.А.Жданов, С.Н.Киров және И.В.Сталин сияқты пар­тия қай­рат­кер­­ле­рі СССР тарихының оқулығымен танысып, оған өзінің сын-ес­керт­пе­лерін берді. Әд­іл­­дігін ай­ту ке­рек сын-ескертпеде оқулық авторларының тек қана орыс халқының та­ри­хы баян­дал­­­ға­ны баса ай­тады. Авторларға СССР-дің құрамына кірген орыс емес халықтар тари­хы­ның қа­­лып қой­ған­ды­ғы ескертіледі. Бұдан да басқа оқулықтың кемшіліктері айтылады. Оқу­лық­тың тү­зетіл­ген нұс­қа­сы 1936 жылдың 26 ақпанында қайта талқыға түсті. Осыдан кейін жарық көр­ген СССР Ха­лық Ко­мис­сариатының Кеңесі және Партия Орталық Комитетінің қау­лы­сын­да оқу­лықта бұ­рың­ғы кем­шіліктердің қайталанғандығын, оны мек­теп­терде пай­да­лануға бол­май­­тын­дығы ай­ты­л­ды. Мі­не, осыдан кейін оқулық дайындауға кон­курс жа­рия­ланып, 1936 жылдың ақ­панында он­ың қорытындылары белгілі болды. Міне, сол оқулықтар бойынша Ке­ңес жастары қырық жылға жа­­қын бі­лім және тәрбие алды. Шындығында КСРО та­ри­хы­ның 85-90%-ы орыс та­­рихын ба­яндауға ар­налды. Қалған 20%-дың 0,5 бө­лігі ғана қазақ халқының тарихына ар­нал­ды. Қо­рыта айт­­қанда, Ке­ңес заманында қазақ жас­тарының шы­найы ұлттық тарихи санасы қа­лып­­­тасты деп айту қиын. Дәстүрлі қазақ отбасыларында жас ұрпақтың тарихи санасын әже­сі мен атасы, әкесі мен шешесі қалыптастырды. Тарихи сананың қалыптасуына қазақ аңыз-ертегілері, ғашықтық жыр­ла­ры, батырлық эпостары орасан зор әсер етті. ХХ ғасырдың 60 – 70 жылдарында жа­зыл­ған қазақтың талантты жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көш­пен­ді­лер» романы қазақ жастарының са­на­сы­нда ірі бет-бұрыс туғызды. Тек осы жылдары қазақ халқы өзінің та­ри­хы бар екендігін біле бас­та­ды.
1980 жылдардың аяғында қазақ қоғамында тарихтың қажеттілігі ке­неттен байқалды. Мұ­ны жо­­ғарыда отырған партия-совет бас­шы­ла­ры да түсіне бастады. Осы жолдардың ав­торы 1990 жылы сол кездегі Қа­зақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Өзбе­кә­лі Жә­ні­бековке хат жолдап, онда қазақ тарихын бала бақшасынан бастап аспирантураға тү­су емтиханына дейін кіргізу мәселесі қойылды. Қа­зақ­тың асыл азаматы Ө. Жәнібеков хат­­тың мазмұнын дұрыс тү­сініп, халық ағарту министрі Шайсұлтан Шаяхметовке тапсыр­ма берді.Сөй­тіп, алдымен барлық жоғарғы оқу орындарына қазақ тарихы курсы енгізіліп, ке­йіннен орта мектептерде қазақ тари­хын оқытуға 221 сағат уақыт бөлінді. Министрлікте қыз­мет істейтін ұлтжанды аза­мат­ты Т.Абраев ақ­сақал бағ­дарлама жазу, оқулық дай­ы­н­­дау үшін авторлық ұж­ым құру мәселесін тез арада қол­ға алды. Сол жыл­­дары бағдарламаның үш нұсқасы жа­зылып, белгілі ға­лымдармен тәжірибелі ұстаздар әр сыныпқа арналған мектеп оқулық­та­рын жазып шығарды. Бү­гін­де Қа­за­қ­­­стан тарихы пәні өзінің мәр­тебелі міндеттерін аброймен орын­­дап отыр. Белгілі қа­зақ тарих­шы­­сы профессор Т.Омарбеков «Жал­пы алғанда ел болып қа­лыптасуымыз үшін, ұлт бо­лып тұ­та­­суы­мыз үшін, ұлттық сана сезіміміздің нығая түсуі үшін, ұлт­тық туған та­рих­қа құш­та­р­лық про­цес­­сін жағымды, тіптен бізге аса қажет құбылыс ре­тінде баға­лай­мыз» дей келе та­рих­тың ұлт­­­тық сананы қа­лып­тас­ты­руындағы орнына аса зор баға бере­ді.
«Қазақ тарихы» журналының алғашқы нө­ме­рінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұл­т­­тық университетінің кафедра мең­герушісі, профессор Қамбар Атабаев қазақ тарихын рефор­ма­­лау мә­селесін көтерген болатын. Әлбетте, мақалада өте көкейтесті проб­ле­малар көтерілген.
Білім берудің әрбір деңгейінде Қазақ тарихы пәні бағ­дарламаларының өзгер­мес­тен қайталануы. Балалар бақшасында, орта мектепте Қазақстан тарихының мазмұны, жүй­е­лі түрде беріледі. Жоғарғы оқу орнына түскен баланың ел тарихынан жалпы түсінігі бар, көне за­ман­нан осы күнге дейін халық басынан өткізген тарихи процесстер туралы жүйелі білімі бар. Уни­верситетте сол алынған, иге­рілген материал жалғасын табуға тиісті. Өкінішке орай ол олай емес. Бірінші курстың студенті сол мектепте оқығанын қайталайды, ешқандай жаңа информа­ция алмайды, тарихи процесс күрделенбейді, теориялық тұжырымдар жасалмайды, әлем тари­хын­­дағы қазақ хал­қы­ның орыны нақтыланбайды. Осыдан студент қазақ тарихынан мезі бо­лады. Уни­верситетке жаңа түскен, небары үш-төрт ай оқыған тө­мен­гі курс студентіне Қазақ тарихы мем­лекеттік емтихан тапсыратын қор­қынышты, қауыпты пәнге айналады. Мұндай жағдай хал­қы­мыз­дың тарихына сүйіспеншілік тудырмайтыны белгілі.
Осы күнге дейін Министрлік мақұлдаған жоғарғы оқу орындары, колледж сту­ден­теріне арналған оқулықтардың жоқ­ты­ғы. Оқулық жоқ емес, бар. 1990 жылдардан бері бір­не­ше рет ба­сыл­ған. Ә.Әбдіәкімов, В.Кан, Ж.Артықбаев, Е.Әбіл және осы жылдардың авторы жаз­ған оқулықтар студент жастар сұранысын қанағат­тан­ды­рып келеді. Көп ел­дің көзі қорақты зиялы қауымы Қазақстан деген елді білгісі келеді. Ал ел туралы білім оның тарихынан басталады. Еліміздің елдігін қорғаған асыл ерлерінің болғандығын, әлемдік өрке­ни­ет­­ке өз үлесін қосқан мәдениет, әдебиет және ғылым саласында айтулы із қалдырған қай­рат­кер­ле­ріміз болғандығын әлемге паш ететін тарих ғылымы. Сон­дық­тан да тарих тек қана ғылым, қу­ат­ты тәрбие құралы ғана емес, ол – саясат.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет