Құрметті Ерлан Бәтташұлы!
Абай тойы - ұлттың тойы. Абайдың 175 жылдық мерейтойын Семей жерінде зиялы қауым өкілдері мен академиялық ғылыми ортада атап өту үшін ғылыми-практикалық конференция форматынан тыс, жаңаша форматтағы «Акме» халықаралық ағартушылар клубы кеңейтілген отырысы таңдалып алынды.
«Акме» халықаралық ағартушылар клубы – жаңаша көзқарас, тың идеялар ортаға салынатын ашық пікірлер платформасы. Құрылған күннен бастап, үш жылдан астам уақыт бойы жастар мен зиялы қауымның рухани байланысын нығайтуда талай жұмыстар атқарып келеді.
Біз Өзіңіздің Абай шығармаларын насихаттаудағы терең ойларыңыз бен жемісті, нәтижелі еңбегіңізді зор құрметпен бағалаймыз. Клубтың кеңейтілген отырысының мақсаты осы: Абай шығармаларын әлемдік деңгейде насихаттау. Осы мақсатты жүзеге асыру барысындағы тың идеяларымыз бен пікірлерімізді бірлесе талдайық.
Сізді Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Хәкім Абай идеялары ХХІ ғасырда» тақырыбында Шәкәрім университетіндегі Абай институтымен бірлесе өткізілетін «Акме» халықаралық клубының кеңейтілген отырысына арнайы құрметті мүшесі ретінде арнайы шақырамыз!
Уақыты: 21.09.2020., сағат: 15.00 Өткізу форматы: онлайн, офлайн (30 адам)
Клуб отырысына отандық, алыс және шет елдік ғалымдар, зиялы қауым өкілдері ( Швеция, Швейцария, Армения, Польша, Түркия, Ресей, Израиль) қатысады деп жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |