«Жаңа замандағы халықаралық қатынастар тарихы» пәнінен коллоквиум материалдары Халықаралық қатынастар


-1714 жылдардағы Испан мұрасы үшін соғыстың түрткісі, себептері, барысы мен қорытындылары



бет4/6
Дата22.05.2023
өлшемі34,6 Kb.
#95865
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Коллоквиум материалдары

7. 1701-1714 жылдардағы Испан мұрасы үшін соғыстың түрткісі, себептері, барысы мен қорытындылары. ХVІІІ ғ. І-жартысында Франция экспансиялық саясатын жалғастырды. Соғыстың түрткісі: 1700 ж. баласы жоқ испан королі ІІ Карлдің қайтыс болғаннан кейін испан тағына кім отырады деген мәселенің туындауы. Испан тағына үміткерлер: француздық Бурбондар мен австриялық Габсбургтер еді. Соғыстың себебі: Еуропа мемлекеттері Испанияның аумағын, оның отарларын бөлуді ойлады. Испанияның бөлшектелуін қаламаған ІІ Карлдың өсиеті бойынша: испан және француз монархиясы ешқашан бірікпесе, тақ ХІV Людовиктің немересі Филипп Анжуйскийге (Бурбон) қалдырылады.
Соғыстың барысы. ІІ Карл қайтыс болып, 1700 ж. 2 қарашада V Филипп (Филипп Анжуйский) таққа отырады. ХІV Людовик өз әскерін Испанияға жібереді, Испанияны немересінің атынан өзі басқарып, француз-испан монархиясын біріктіруге тырысады. Францияның агрессиялық ұмтылысына қарсы коалиция ұйымдастырылады. 1701 ж. Англия мен Голландия императормен Үлкен альянс одағын құрып, олар 1702 ж. 14 мамырда Францияға қарсы соғыс жариялады. Кейін одаққа Бранденбург курфюрстісі, герман мемлекеттері, Дания, Португалия т.б. қосылды. ХІV Людовикті Бавария курфюрстісі, Кельн архиепископы қолдады.
Әскери іс-қимылдар Нидерландыда, Германия, Франция, Италия, Испанияда жүрді. Француздар жеңіліп, ел күйзеліп, бітім сұрауға мәжбүр болды. Ал коалиция бітім жасауға асықпады, ауыр шарттар қойды; француз армиясы нашарлап, дипломатия тығырыққа тірелді. Осы кезде француздарды кездейсоқ жағдай құтқарды: 1711 ж. баласы жоқ Герман императоры І Иосиф қайтыс болып, император тағына испан тағынан үміткер австриялық эрцгерцог VІ Карл отырады. Батыс Еуропаға Испания мен Империяның қайтадан бірігу қаупі төнді, дүниежүзілік габсбургтік монархияның құрылуынан қауіптенген еуропалық елдер 1712 ж. Утрехте келіссөздер бастайды. Соғыс 1713 ж. Утрехт бітімімен аяқталды. Утрехт келісімдері Франция мен Англия, Голландия, Португалия, Пруссия, Савойя арасында жасалды. 1714 ж. Франция мен Империя арасында Раштатт бітімі жасалды. Олар бойынша Франция аумақтарынан айырылды.
Соғыстың қорытындылары. Франция Солт. Америкадағы жерлерді Англияға берді, ағылшын тағын Ганновер әулетіне берумен келісті. Англия егер V Филипп Бурбон француз тағынан бас тартса, оның испан тағына мұрагерлік және мұхиттың арғы жағындағы отарларына деген құқығын мойындады. 1714 ж. Раштатт бітімі бойынша император Еуропадағы испан аумағының біраз бөлігін алды, бірақ Бурбондардың испан тағына құқығын мойындады. Испания 1713 ж. Англия, Голландиямен, 1715 ж. Португалиямен келісімдер жасады. Испан монархиясы жері бөлшектелді. Испания отарларымен бірге V Филипте қалды, бірақ ол Франция тағына деген құқығынан өзі де, мұрагерлері де бас тартты.
Испан мұрасы үшін соғыстың басты қорытындысы: ХІV Людовиктің Еуропадағы күштердің ара салмағын Францияның пайдасына өзгерту, Францияның Еуропадағы, отарлардағы үстемдігі туралы ойлары іске аспады, күштер балансы қалпына келтірілді. Франция ешқандай аумақтарға ие бола алмады. Голландия күйзелді, Испанияның дәрежесі түсті, ал Австрия өз позицияларын нығайтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет