Жаңажылдық кеште қонақтарыңыздың көңілін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. «Темпераментті ер белгісі»



бет1/4
Дата26.12.2023
өлшемі15,97 Kb.
#144386
  1   2   3   4
Байланысты:
2 5192885910659678246


Жаңажылдық кеште қонақтарыңыздың көңілін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық.


«Темпераментті ер белгісі» ойыны
Бес ер адамды ортаға шығарып, бір қатарға отырғызыңыз. Әрбірі бір аяғын екіншісінің үстінен қойып отыруы керек. Және үстіңгісінің балағын аяғы көрінетіндей етіп түріп қоюы шарт.

Осылай отырған күйі ер адам Ақшақар жібитіндей, әдемі өткір құттықтау сөзін айтуы тиіс.

Барлық еркек өз тапқырлығын ортаға салып болған соң, жүргізуші:

«Шын мәнінде, сайыс ең түкті аяқ үшін болған еді», - деп жеңімпазды сол белгісіне қарай анықтайды.




Жаңажылдық сайыс
Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.


Қызықты ойын
Қатысушыларға ақша купюрасы таратылады. Ойыншылардың мақсаты – 3 рет үріп, ақшаны алысырақ жылжыту керек. Бір үргеннен кейін, ақша түскен жерге жақындап, тағы үреді. Кімнің купюрасы алысырақ ұшса, сол жеңеді. Қаласаңыз, купюраларды команда болып, эстафетамен жылжытуға болады.


Әліппе
Жүргізуші: «Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білеміз бе?» - дейді. Ойыншы «А» әрпінен бастап, әліппе бойынша әрі қарай қысқа құттықтау тіркестер айтады. Мысалы, А – Ақшақардай сұлу болайық. Ә – Әрбір үйге Жаңа жыл қуаныш әкелсін. Б – Бақыт тілеймін. Ең күлкілі тіркес айтқан ойыншы жеңімпаз атанады.




«Қар қызын/еркегін жасаймыз»
Егер жаңа жыл түні жерде қар жатса, қонақтарға сыртта ойын ойнауды ұсынуға болады. Барлық ойыншылар (ер адамдар болғаны жақсы) бірнеше топқа бөлініп, әрбірі Қар қызын жасауға тапсырма алады. Әдеттегі қардан жасалған мүсін емес, әдемі қыз бейнесі болуы шарт. Сұлу қыз дене пішінін келтірген топ жеңеді. Мысалы, Қар қызын жасау үшін әйел киімін де қолдануға болады, т.с.с. Дәл осылай әйел адамдар да ойнай алады. Бірақ олар жаңа жылда кездестіргісі келетін арманындағы жігітті жасауы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет