«Қар қызын/еркегін жасаймыз» Егер жаңа жыл түні жерде қар жатса, қонақтарға сыртта ойын ойнауды ұсынуға болады. Барлық ойыншылар (ер адамдар болғаны жақсы) бірнеше топқа бөлініп, әрбірі Қар қызын жасауға тапсырма алады. Әдеттегі қардан жасалған мүсін емес, әдемі қыз бейнесі болуы шарт. Сұлу қыз дене пішінін келтірген топ жеңеді. Мысалы, Қар қызын жасау үшін әйел киімін де қолдануға болады, т.с.с. Дәл осылай әйел адамдар да ойнай алады. Бірақ олар жаңа жылда кездестіргісі келетін арманындағы жігітті жасауы қажет.
Сыйлықтарға толы қорап Жаңа жылға мынадай кішігірім әзіл ұйымдастыруға болады. Жаңа жылды тойлайтын бөлменің бұрышына үстіңгі беті бар, түбі жоқ қорап қойып қойыңыз. Оны әдемі лентамен байлап, «Мерекеңізбен» деп жазып қойсаңыз да болады. Ал ішіне кәмпитті толтырып салыңыз. Ең бастысы, қорапты жоғары бір жерге қойыңыз, шкафтың үстіне болса тіпті жақсы. Алдайтын адамыңыз бөлмеге кіргенде, оған арналған сыйлық шкафтың үстінде екенін айтыңыз. Әрине, ол бірден барып, қорапты ала бергенде, үстіне кәмпит төгіледі.
«Шыршаны безендір» сайысы Ойын үшін бірнеше лента, жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Шырша ретінде әйелдер ойнайды. Олар бір қолына лентаның бір ұшын ұстап тұрады. Ал ер адамдар қолдарын тигізбей, еріндерімен басқа шетін қысып, өз ханымын безендіреді. Қай жұптың «шыршасы» әдемірек болса немесе қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді.
«Түйреуіш» Бұл жаңажылдық әзіл үшін бірнеше жұп керек, ерлі-зайыптылар болса жақсы. Барлығының көздерін байлап қойып, олардың киімдеріне бес-бестен түйреуіш тағасыз. Бір-бірінің үстіндегі барлық түйреуішті бірінші болып жинаған жұп жеңеді. Мұның бәрі баяу әдемі әннің әуенімен өтуі тиіс. Алайда, ойында бір сыр болады: қыздың киіміне 5 түйреуіш тағылса, жігіттің үстіне төрт түйреуіштен ілінеді. Демек, жеңіске бұл сырды бірінші болып түсінген жұп жетеді. Ал оған дейін екінші жартысының үстінен соңғы түйреуішті ұзақ іздегенін сыртынан тамашалау - өте қызық көрініс.