Жаһандық диалог 2 ж урна л таяу Шығыстағы саясат



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата12.03.2017
өлшемі2,4 Mb.
#8765
1   2   3   4   5   6   7

ӘЛЕУМЕТТАНУ КӘСІП

 7

GD 



6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

> Әлеуметтік

қозғалыстарды зерттеудегі 

плюрализм

>>

Донателла делла Порта – есімі халықаралық дәрежеде 

белгілі  және  әлеуметтік  қозғалыстарды  зерттеу 

саласында нәтижелі жұмыс жасап жүрген ғалым. Көп 

елдерді зерттегенімен, негізгі зерттеу аймағы – Еуропа 

мен  Латын  Америкасы.  Жұмыстарында  бірнеше 

пәндерді, әсіресе әлеуметтану мен саяси ғылымдарды, 

өзара  байланыстырады.  Зерттеуінде  түрлі  әдістерді 

қолданады.  Жеке  өзі  және  қос  авторлықпен  38  кітап 

жариялаған.  Соңғы  зерттеулері  саяси  әлеуметтану 

саласында  жүргізілді:  саяси  зорлық-зомбылық 

(Заңсыз  саяси  зорлық-зомбылық,  2013),  полицейлер 

наразылығы  (Демократияны  сақтап  қалуға  бола  ма? 

2013),  саяси  жемқорлық  (Жемқорлықтың  жасырын 

тәртібі,  Альберто  Ваннуччимен  қос  авторлық, 

2012),  әлеуметтік  қозғалыстардың  демократияға 

қатынасы  (Демократияны  мобилизациялау,  2014) 

мен  неолибералдыққа  жауабы  (Аскетизм  кезеңіндегі 

әлеуметтік  қозғалыстар,  2015).  Көп  жылдардан 

бері  Жоғары  нормалық  мектебі  гуманитарлық  және 

әлеуметтік  ғылымдар  институтының  деканы  және 

Әлеуметтік  қозғалыстарды  зерттеу  орталығының 

(Cosmos)  жетекшісі  қызметін  атқара  отырып, 

әлемнің  түкпір-түкпірінен  келген  жас  ғалымдармен 

белсенді  жұмыс  жасауда.  Мақаласында  әлеуметтік 

қозғалыстарды  зерттеудегі  өзіндік  түсінік  пен 

адалдығын көрсетеді.

Донателла делла Порта.



Донатела делла Порта, Жоғары нормалық мектеп, Флоренция, Италия

Ә        

леуметтік  қозғалыстарға  қызығушылығымның 

пайда  болуының  бірнеше  себебі  бар. 

Студенттік  кездегі  белсенді  тәжірибе  және 

ауқымды  ресурстарды  жұмсай  отырып, 

мардымсыз  нәтижеге  қол  жеткізумен  үміттің  ақталмауы 

–  қызығушылығымның  бір  себебі.  Әр  ғалымның 

өмірінде  белгілі  бір  рөлге  ие  кездейсоқ  жағдайлар  да 

болды.  Менің  жағдайымда,  зерттеудің  осы  саласына 

кездейсоқ  келуім  Париждегі  әлеуметтік  ғылымдар 

саласындағы  жоғары  нормалық  мектебінде  магистрлік 

диссертациямның жетекшісі болуға Ален Туренге ұсыныс 

білдіргеніммен  тығыз  байланысты.  Ол  тәуелді  қоғамдар 

туралы  жұмысын  жария  еткен  еді  (оңтүстіктен  шыққан 

маған  жақын  тақырып).  Турен  назарымды  әлеуметтік 

қозғалыстарға  аудару  талабын  қоя  отырып,  жетекшім 

болуға  келісті.  «Неге  аудармасқа?»  деп  ойладым.

Бірнеше сәтті басқа және күтпеген жағдайлар нәтижесінде 

әлеуметтік  қозғалыстарды  түсіндіру  үшін  жаңа 

парадигмаларды іздестіру үстіндегі белсенді зерттеушілер 

желісіне  қосылдым.  Зерттеушілердің  бірі  Сидни  Тарроу 

менің әлеуметтік қозғалыстар туралы ең алғашқы мақаламды 

талдап, өмірлік тәлімгерім мен досыма айналды. Еуропалық 

университеттің  халықаралық  бағдарламасы  аясында  PhD 

диссертациямды  дайындау  тілдік  дағдыларымды  ғана 

дамытып қоймай, басқа мәдениеттерді ұғынуға мүмкіндік 

берді.

Филиппе  Шмиттерден  бастап  Алессандро  Пиццорноға 



дейінгі  тәлімгерлерім  академиялық  қызығушылығымды 

шыңдап,  пәндік  әдіс  аясында  шектелмеуіме  жол  ашты. 

Докторлық  диссертациямнан  кейін  Италия  ғылымындағы 

академиялық  «ағайындық»  мені  шетелге  ығыстырды.  Бұл 

–  миграцияның  жағымсыз  тәжірибесін  «терең  орныққан 

космополитизмнің»  жағымды  тәжірибесіне  айналдырды. 

Басқа  да  сәтті  жағдайлар  жас  ғалымдармен  жұмыс 

жасауыма,  зерттеу  орталықтары  мен  желілерін  дамытуға, 

Жоғары  нормалық  мектебі  қабырғасында  орналасқан 

Әлеуметтік қозғалыстарды зерттеу орталығының (Cosmos) 

негізін салуға мүмкіндіе берді. 

Ғылым  мен  білім  берудегі  басқа  мәселелерді  зерттей 

жүріп, когнитивті, эмоциялық және релятивті себептермен 

әлеуметтік  қозғалыстарды  зерттеуге  қызығушылығымды 



ӘЛЕУМЕТТАНУ КӘСІП

 8

GD 



6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

жоғалтпадым.  Осы  тақырыптағы  зерттеушілердің  көбі 

әлемді жақсы жаққа өзгертуге талпынатын адамдар екенін 

байқадым. Олардың зерттеу тақырыбына әлеуметтік және 

саяси адалдығының тәжірибесі негізгі тақырыптарда зерттеу 

жүргізетін  ғалымдар  тарапынан  сынға  ұшырағанымен, 

зерттеулері  нәтижелі  болып,  осы  саладағы  ғалымдар 

арасында эмоциялық қарым-қатынасты жақсартты. Сондай-

ақ  саяси  жағдай  үнемі  теориялық  инновацияларды  талап 

етті: дәстүрлі емес саясат маргиналды және патологиялық 

деп есептелген сала наразылықтың жаңа толқыны – «басқа 

саясатты» әлеуметтік және ғылыми қабылдауының өсуіне 

алып келген қалыпты парламенттік кеңістіктен тыс саясат 

наразылығы,  ұсынған  маңызды  мәселелерді  басынан 

өткерді. 

Саясатты жан-жақты қарастыру әлеуметтік қозғалыстарды 

зерттеу теориялық пәнаралық нәтижелерге бағытталғанын 

түсіндіреді. Түрлі пәндік әдістер – символдық интеракция-

дан  ұйымдастыру  әлеуметтануына  дейін,  әлеуметтанулық 

теориядан саяси ғылымға жылжу – түйіскен жерде пайда 

болған әлеуметтік қозғалыс зерттеушілері ғылымның түрлі 

саласындағы идеяларды біріктіре отырып, концептілер мен 

гипотезалар құралнамасын жасады. Уақыт өте бұл құбылыс 

жағрафия, тарих, антропология, нормативті теория, құқық 

және  экономика  салаларын  қамтып,  әлеуметтанудан 

саясаттануға  қарай  күшеюде.  Осылай,  қарама-қайшы 

саясаттардың  жаңа  дүмпуі  әлеуметтік  қозғалыстар 

ғылымына жаңа ұрпақтың келуіне жол ашты.

Мен үшін құнды нәрсе (үлес қостым деп те үміттенемін) 

– эмпириялық зерттеулерге позитивті қатынасым. Теорияда 

түрлі  көзқарастарды  біріктіре  отырып,  әлеуметтік 

қозғалыстарды  зерттеу  әдіснамасы  –  плюралистік. 

Әлеуметтік  қозғалыстарды  зерттеу  сандық  және  сапалық 

әдістемелерді байланыстыратын түрлі әдістерге негізделеді. 

Нақты  әдістерді  жоспарлау  мен  жүзеге  асыруға  (жеке 

жағдайды зерттеуден «құбылысты сандық талдауға дейін») 

қатысты  сынға  қарамастан  әдіснамалық  текетірес  орын 

алмады және осы зерттеу алаңында әдіснамалық плюрализм 

басым.

Әлеуметтік  ғылымдардың  көп  салаларында  эписте-



мологиялық  деңгейде  ортақ  нарративтер  позитивтік 

әдіснаманы  интерпретациялыққа  қарсы  қойса,  ал 

пікірталас  үшін  шынайы  әлемнің  өмір  сүруі  туралы 

онтологиялық  көзқарастарды  қарсы  қою  тән  болса  – 

әлеуметтік  қозғалыстарды  зерттеушілер  терең  талдау 

тенденциясына  ие.    Неопозитивті  әдіснамаға  жүгінетін 

зерттеушілер  концепция  құру  маңыздылығын  мойындаса, 

конструктивистер субъективті білім іздеуден бас тартпады. 

Әлеуметтік  қозғалыс  зерттеушілерінің  басым  бөлігі 

талдауларында  құрылым  мен  қабылдауды  (мысалы,  саяси 

мүмкіндіктер  мен  шектеулері)  өзара  тығыз  байланыстыра 

отырып,  тоғыстырады.  Дәл  осылай,  зерттеушілердің 

біразын жеке жағдайларды теориялық емес зерттеулерден 

тыс  ізденіске  ұмтылуымен  жалпы  заңдарға  скептицизм 

біріктіреді. 

Жан-жақты позиция ғылымдардың өзара баюын және ортақ 

білімді құру үшін белгілі бір әлеуетті ынталандырды. Бұл 

процесте индукциялық және дедукциялық әдістер сандық 

және сапалық әдіснама ретінде біріктірілді. Түрлі әдістердің 

триангуляциясы  негізіндегі  аралас  әдіс  стратегиялары 

кең  таралған.  Шындығында,  әлеуметтік  қозғалысты 

зерттеу мәліметтерді жинау мен талдаудың түрлі әдістерін 

пайдалануда  прагматикалық  болып  табылады.  Әлеуметтік 

қозғалыстарды  зерттеушілердің  кейбірі  әлеуметтік  ғылым 

не  бейтарап,  не  саяси  мақсатқа  қызмет  етуі  керек  деген 

пікірде  болғанына  қарамастан,  ғылыми  жұмыстағы  саяси 

адалдық  дәрежесі  осы  континуум  шеңберінде  өзгеріп 

отырады және өзекті нормативті және этикалық пікірталас 

тудырады.

Теориялық  плюрализмді  түсіндірудің  түрлі  әдістері  бар. 

Сайлауды және әлеуметтік стратификацияны зерттеу кезінде 

қол  жеткізуге  болатын  сенімді  мәліметтер  базасының 

жоқтығын ескеріп, әлеуметтік қозғалыстарды зерттеушілер 

мәліметтерді  жинаудың  түрлі  әдістерін  қолданады.  Бүкіл 

халықты зерттеудің белсенді азшылықты зерттеуге көмегі 

аз,  ал  ұйымдар  мен  әлеуметтік  қозғалыстардың  мұрағат 

пен  қатысушылар  тізімін  сақтау  мүмкіндігі  төмен.  Бірақ 

басқа салалардан мәліметтерді жинау мен талдау әдістерін 

импорттау мен бейімдеу және жаңаларын ұсыну эмпириялық 

талдауымызды  күшейтеді.  Мәселе  ғылыми  теориялауға 

бағытталған  білімді  құру  процесінде  көрсетілетін 

нормативті  қысым  ғана  емес,  әлеуметтік  интервенция 

туралы да; зерттеу объектісімен бірге жоспарланатын ортақ 

зерттеулер жаңа әдіснамалық рефлексияға алып келеді.

Позитивті  тенденцияларға  қарамастан,  әлеуметтік 

қозғалыстарды зерттеу өз жетістігінің құрбанына айналуы 

мүмкін.  Соңғы  онжылдықта  әлеуметтік  қозғалыстарды 

зерттеу  фокусы  Жаһандық  Солтүстікте  сақталуда 

және  Оңтүстіктегі  қарсы  саясатты  зерттеулермен 

байланыс  орнатуы  қиын.  Әлеуметтік  ғылымдардағы 

интернационализацияны  басқа  елдер,  ғылыми  мекемелер 

және  мәдениеттер  тәжірибесі  тұрғысынан  ұғына 

бастаған  кезде  интернационализациялауға  бағытталған 

тенденцияның жағымды аспектілері көріне бастайды.

Интернационализация  сыни  көзқарас  пен  зияткерлік 

плюрализмді қолдап, ұлттық тәжірибемізді салыстырмалы 

перспективаға  кіріктіре  отырып  ерекше  әдістерді, 

стилдерді,  тәжірибелерді  түсінуге  итермелейді.  Дегенмен, 

белгілі бір дәстүрге (немесе оның эволюциясына) қосылу 

арқылы интернационализация түрлі түйіткілдер тудырады. 

35  елден  жиналған  докторанттар  мен  постдокторлық 

стипендиаттардың зерттеулеріне жетекшілік ету барысында 

басым ағылшын-саксондық және басқа ортодоктық әдістер 

шеңберінен шыққанда қандай жетістіктерге қол жеткізуге 

болатындығын  көрдім.  Жас  ұрпақпен  бірге  толығып 

отыратын  ынталандыруға  сенімім  әлеуметтік  қозғалыстар 

зерттеулеріндегі рефлексияға қабілеттілігі туралы үмітімді 

одан әрі жалғастырады. 

Хаттарды Донателла делла Портаға <

donatella.dellaporta@sns.it

>  жолдауға болады.


 

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ

 9

GD 



6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

>>

> Араб әлеміндегі



   әлеуметтану

Сари Ханафи.



Сари Ханафимен сұқбат

Сари Ханафи қазіргі кезде Бейруттегі Америкалық 

университетте  әлеуметтану,  антропология  және 

медиазерттеулер  кафедрасының  профессоры  және 

меңгерушісі.  Ол  редакторы  болып  табылатын 

«Идафат:  әлеуметтанудан  араб  журналы»  араб 

тілінде  жариялады.  Сари  Ханафи  Халықаралық 

әлеуметтанулық 

қауымдастығының 

және 

әлеуметтік ғылымдар бойынша Араб кеңесінің вице-



президенті.  Оның  зерттеу  қызығушылықтарының 

аясына 


көші-қон 

әлеуметтануы, 

ғылыми 

зерттеулердің саясаты, азаматтық қоғам, транзиттік 



қоғамдағы 

элиталардың 

қалыптасуы 

мен 


әділеттілік  енеді.  Жақында  Р.Арванитиспен  бірге 

«Араб  әлемінде  білімді  өндіру:  орындалмайтын 

уәде»  деп  аталатын  кітапты  дайындап,  араб 

және  ағылшын  тілдерінде  жариялады.  Сари 

Ханафи  сияқты  араб  әлемінде  әлеуметтанудың 

дамуына,  араб  және  батыс  әлеуметтануының 

арасындағы  қарым-қатынастардың  өрбуіндегі 

үлкен  табысқа  қол  жеткізген  ешкім  жоқ.  Онымен 

сұқбатты Мароккодағы әл Жәдид университетінің 

әлеуметтану профессоры Мұхаммед Әл Ыдырыси 

жазып алған.

МӘЫ:  Сіз  Дамаскідегі  палестиналық  босқындарға 

арналған Ярмук лагерінде өстіңіз және әлеуметтанушы 

болмас  бұрын  азаматтық  инженерлікке  оқыдыңыз. 

Сіздің  әлеуметтік  тегіңіз  кәсібіңізді  өзгертуге 

қаншалықты ықпал етті?

СХ: Иә, әрине! Ол кез 1980-жылдардың басы болатын. 

Мен аса саясатшыл едім, мен әлемді өзгерткім келді! 

Қазір  мен  оны  түсіне  алмаймын.  Екі  нәрсе  мені 

мазалады:  отарланған  Палестина  және  Сириядағы 

авторитаризм; осы екі мәселе мені әлеуметтануға алып 

келді.  Дамаскідегі  мен  өскен  Ярмук  лагерінде  Жер 

күніне арналған шеруден кейін алғаш рет тұтқындалған 

күнімді  өмір  бойы  есіме  сақтадым.  Барлау  сардары 

сонда  маған:  «Сендердің  топтарың  бір  автобусқа 

сыйып  кетеді,  сендерді  түрмеге  жеткізу  оңай»,-деп 

айтып еді. Араб авторитарлық билігі - мейлі диссидент 

зияткер  немесе  ағарған  орта  тап  болсын  –  осы 



 

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ

 10


GD 

6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

«автобустағы  адамдардың»  наразылықты  тудырудағы 

маңызын  барлық  кезде  дұрыс  бағалаған  жоқ.  Мен 

пананы биліктің микрофизикасын Фуколық талдау мен 

биосаясаттан таптым. Өз зерттеуімді жалғастыру үшін 

мен  Францияға  аттандым.  Мемлекеттік  элиталардың 

ғылыми  талдау  жасағым  келді,  сонымен  қатар  жеке 

белсенділігім әлеуметтануды кәсіби және сыни қызмет 

ретінде  зерделеуді  ғана  емес,  Буравойдың  тілімен 

айтқанда,  оның  қоғамға  кіріктірілуі  мен  саясатты 

белсенді қолдаушы ретінде зерделеуге мүмкіндік берді.

МӘЫ: Кәсіби және қоғамдық әлеуметтанудың үйлесімі 

қандай түйткілдерден тұрады?

СХ:  Араб  әлемінде  бұл  аса  оңай  шаруа  емес. 

Әлеуметтану, басқа қоғамдық ғылымдар сияқты Пьер 

Бурдье  ұсынғандай,  адамдарды  ақылға  қонымды 

нәрсе  мен  идеологиялардан  азат  етуші  соғыс  өнері 

ретінде қабылданбайды, мемлекеттің модернизациялау 

жобаларының  құралы  ретінде  пайдаланылады.  Екі 

күш әлеуметтік ғылымдардың заңдастырылуын жоюға 

талпынып отыр: авторитарлық саяси элита және кейбір 

идеологиялық  топтар,  кейбір  діни  беделді  тұлғалар. 

Қос күш те әлеуметтік ғылымдардың пайда болуының 

күмәнділігін  (олардың  отарлау  кезінде  тарауы)  және 

шетелдік  қаржыландыруды  көрсетеді.  Қазіргі  кезде 

мәселе діни топтармен ғана байланысты емес, мен араб 

«либерал емес» солшылдар деп анықтайтын күштерде 

деп есептеймін. Екі күш те менмендіктерінің шылауына 

оралып,  жергілікті  жердегі  өзгерістерді  байқамайды 

және  демократия  сияқты  әмбебап  құндылықтарға 

қарсы  шығып  отырады.  Араб  көктемі  оқиғаның 

жағымды  танымдық  жақтарын  көрсеткені  даусыз, 

дегенмен  ғалымдар  қоғамдағы  диалогтың  нығаюына 

және азаматтық қоғаммен ынтымақтасуда маңызды рөл 

атқарған Тунистен басқа елдерде әлеуметтік ғылымдар 

әлеуметтік  өзгерістер  мен  пікірталастарда  аса  зор 

ықпалы  болған  жоқ.  Сондықтан  2015  жылы  ұлттық 

диалогтың  Тунистік  төрттігіне  Нобель  сыйлығының 

берілуі аса маңызды символдық жеңіс болды.

МӘЫ:  Араб  дәуірінен  кейінгі  кезеңдегі  жағымды 

оқиғалардағы әлеуметтанушылар ықпалы қандай?

СХ: Аймақтағы постколониялық зерттеулердің көпшілігі 

қарабайыр сипатта болды және араб әлеміне сәйкес баға 

бере алмады. Көптеген араб революцияларының сәтсіз 

болуы  империялық  және  постколониялық  үстемдікте 

ғана  емес,  сонымен  қатар  терең  тамыр  жайған  және 

ұзаққа  созылған  авторитаризммен  қатар  плюрализм, 

демократия,  бостандық  және  әлеуметтік  әділеттілік 

құндылықтарына  енді  үйреніп  жатырған  адамдардың 

арасындағы сенімсіздікте жатыр. Араб әлемі Асеф Баят 

сипаттаған  қарапайым  адамдардың  өлмес  үшін  және 

өз өмірлерін жақсарту мақсатында бай және биліктегі 

тап  өкілдеріне  қарсы  біртіндеп,  аяңдай  отырып  бас 

көтеруін  талдауы  сияқты  әлеуметтік  қозғалыстардың 

әлеуметтанулық құралдарына аса зәру. 

Менің  ойымша,  қоғамдық  әлеуметтану  әлеуметтік 

акторлардың қоғамды өзгертудің мүмкіндіктері туралы 

пікірталасқа  итермелейді.  Әлеуметтанушы  ретінде 

менің мақсатым - қайырымдылық мен зұлымдық деген 

таза  күйінде  болмайтынын  көрсету.  Әлеуметтану 

бізге  әлеуметтанулық  қиял  және  агенттер  немесе 

акторларға  бағытталған  фокусымен  әлеуметтік 

құбылыстардың  күрделі  табиғатынан  хабар  береді. 

Басқаша айтқанда, әлеуметтанушылар қоғамдастықты 

адамдар және олардың күресі туралы геосаяси (әскери 

әрекеттер арқылы біріне бірі «оппонент» «x» және «у» 

мемлекеттер), сондай-ақ этностық топтар арасындағы 

шиеленістерден  тыс  (өкінішке  орай,  көптеген 

ғалымдар, медиа және жалған мамандар Сирия немесе 

Бахрейн  сияқты  елдердегі  шиеленістерді  осы  әдіс 

арқылы түсіндіреді) басқаша ойлауға жетелейді. 

Әлеуметтану  тек  қарсылық  көрсету  ұғымдары 

(қарсылық  лагері  имперализм  лагеріне  қарсы  және 

т.б.) арқылы емес, ортақ мүдделер ұғымдары арқылы 

одақтарға  талдау  жасаудың  маңызын  көрсетеді;  бұл 

Такфирді  (діннен  безуді  айыптау)  қолданушы  Ислам 

мемлекеті  ғана  homo  sacer  (сотсыз  мен  тергеусіз  кісі 

өлтіретін адам) тудырып отырған жоқ, сонымен қатар 

азаматтық тұрғындарды бомбалап отырғандар да бар. 

Әлеуметтану жастар басқа ерекше кітаптар оқығаннан 

немесе  Құранның  белгілі  бір  түсіндірмесіне  бас 

ұрғаннан  ДАИШ-қа  қосылмайды  емес,  саяси  және 

әлеуметтік  оқшаулану  жағдайында  тұратындықтан 

екенін түсінуге мүмкіндік береді. 

МӘЫ: Араб әлеміндегі қоғамдық әлеуметтанудың рөлі 

қандай?

СХ:  Араб  әлемі  әлі  де  қоғамдық  талқылауды 



рационалдаудағы  әлеуметтік  ғылымдардың  және 

қазіргі  заман  мәселелерін  шешу  идеяларын  өндірудің 

маңызды  рөлін  мойындауы  қажет.  Араб  аймағында 

қоғамдық  билік  тапсырысымен  әлеуметтанушылар 

жазған  «өзекті  есеп»  («white  papers»)  және  оның 

қоғамдық салада кеңінен талқыланатыны туралы сирек 

естиміз. Тунис диктаторы Зейн әл-Дайн Бен Әли 1990-

шы  жылдары  тунистік  исламистерге  қарсы  күресте 

ғылымды  идеологиялық  қару  ретінде  пайдаланғанда, 

қоғамдық емес, нақты ғылымдарға арқа сүйеді. Ғылыми 

отырыстар  полиция  бақылауымен  өткізілетін  басқа 

қоғамдық кездесулер сияқты қабылданады. Сондай-ақ 

әлеуметтанушылар өздеріне көмектесе алмады: билікті 

сынаушыларды қорғай алатын, мықты позициясы бар 

ғылыми қауымдастық құра алмады. 

МӘЫ:  Бұл  өте  маңызды  пікір:  аймақтағы  ғылыми 

қауымдастық әлсіздігінің себебі неде?

СХ: Ғылыми қауымдастықты нығайту үшін екі процесс 

қажет: кәсіптің статусы болуы және осы статус ұлттық 

қауымдастықтар  арқылы  институттануы  керек.  Араб 

әлемінде  біріншісі  де,  екіншісі  де  жоқ.  Белсенді  үш 

>>


 

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ

 11


GD 

6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

әлеуметтанулық  қауымдастық  бар  (Ливан,  Тунис, 

Марокко)  және  басқа  араб  елдерімен  салыстырғанда 

осы  үш  елде  мемлекеттік  репрессия  аз.  Жақында 

ғана  құрылған  Әлеуметтік  ғылымдар  бойынша  араб 

кеңесі осындай қауымдастықтардың құрылуына қалай 

көмектесе  алады  деген  мәселені  көтереді.  Жоғарыда 

айтқанымдай,  ғылыми  қауымдастық  репрессиялық 

мемлекетке  қарсы  тұру  үшін  ғана  ұйымдастырылуы 

емес,  әлеуметтік  ғылымдарды  заңнан  тыс  етуге 

ұмтылатындарға  да  қарсы  тұруы  қажет.  Діни  билік 

әлеуметтанушылар  тарапынан  түрткіні  күтеді,  себебі 

екі топ та қоғамдық пікірталаста өзара бәсекелестікте 

болады.  Бірде  теледидардан  діни  көшбасшы  мен 

белсенді, шейх Мұхаммед Саид Рамадан әл-Бути (ислам 

отбасылық  жоспарлаудың  кез  келген  түріне  қарсы 

екенін дәлелдеуге талпынды) мен мемлекет тарапынан 

қаржыландырылатын Сирия әйелдерінің бас одағынан 

келген антиклерикал белсенді арасындағы пікірталасты 

көрдім.  Отбасын  жоспарлау  әлеуметтану  мен 

демография саласының зерттеу пәні екеніне қарамастан, 

қоғамдық  талқылауға  бірде  бір  әлеуметтанушы 

қатыспады.  Тағы  бір  мысал  –  Катар.  Катар  билігінің 

консерваторлық  және  діни  комиссарлардан  қорғану 

әдісі  –  шетелдік  университеттердің  Катардағы 

бөлімшелерінен орталық университеттер басшылыққа 

алатын  оқу  жоспарын  ұстану  ниетінде.  Бірақ, 

Катардағы  Меллон  университетін  «оның  өзінен»  кім 

қорғайды? Себебі, университеттегі оқу жоспары үшін 

Катар билігі жауапты. Осылай, пікір білдіру еркіндігі 

шектеулі  болғанда  өзекті  талқылауды  әрқайсысы 

өзінше алдын-алуға тырысады. Қоғамдық мүдделерден 

алшақ  болу  тәуекеліне  бел  буа  отырып,  қоршаған 

қоғамды еркін сынау бостандығын сыйлап, жергілікті 

заңдарды қолдану міндетті емес мағынасында «ғылым 

үшін салаларды» дамыту ерекшелігі экстерриториялық 

кеңістік болуы әбден мүмкін. 

МӘЫ:  Халықаралық  әлеуметтанулық  қауымдастық 

вице-президенті 

бола 

тұрып, 


әлеуметтанулық 

қауымдастықтың  институттануына  қалай  ықпал  ете 

аласыз?

СХ:  Мұнда  ХӘҚ  рөлі  зор.  2014  жылы  Якогамадағы 



конгресте  ұлттық  қауымдастықтармен  жұмыс  жасау 

мақсатымен  4  жылға  сайландым.  Бес  басымдық 

бойынша  жұмыс  жүргізіледі.  Біріншіден,  жеке 

тұлғалар, институттар және ұжымдық әлеуметтанулық 

қауымдастықтар 

деңгейінде 

Солтүстік-Оңтүстік 

ынтымақтастығын кеңейту. Екіншіден, бүкіл әлемнен, 

әсіресе  Оңтүстік  Америка,  Африка  және  Таяу 

Шығыстан  (себебі,  осы  аймақтардан  ХӘҚ  мүшелері 

өте  аз),  әлеуметтанушылардың  Қауымдастыққа 

мүше  болуын  қолдаймын.  Үшіншіден,  кедей  елдер 

(В  және  С  категориялары)  әлеуметтанушылары 

ХӘҚ  конференцияларына  қатысулары  үшін  оларды 

қаржыландыруды  қамтамасыз  етуге  тырысамын. 

Төртіншіден,  Оңтүстік  Америка,  Африка  және 

Таяу  Шығыс,  сондай-ақ  Еуропа    ұлттық  қауым-

дастықтарының  ХӘҚ  ұжымдық  мүше  болуына 

қолдау  көрсетемін.  Бесіншіден,  ұлттық  ғылыми 

қауымдастықтарға жиі шығу және аймақтық желі құру 

арқылы  оларды  қолдау.  Сондықтан,  алдымызда  зор 

міндет тұр. 

Хаттарды  Сари  Ханафи  <

sh41@aub.edu.lb

>    мен  Мұхаммед  әл  Ыдырысиға 

<

mohamed-20x@hotmail.com

> жолдауға болады.


 

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ

 12


GD 

6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

>>



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет