ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ
FAE сияқты жойқын қаруларды
пайдалануды алдын ала талқылауға
шақыруы қатігездікті заңдастыруға
шақыру болып саналады. Бұл
сценарий, керісінше, құқық пен
соғыстың өзара байланысын жақсы
түсінетін және оны ХГҚ шеңберінде
халықаралық түсіндірмесін бере
алатын әлеуметтік ғалымдардың рөлін
арттырады. Бұл рөл сәйкесінше күш
пен адамдар арасын ажыратпайтын
қару қолданудың заңсыз тұстарын
анықтаумен
тығыз
байланысты
болмақ.
Хаттарды Лиза Хаджарға <
lhajjar@soc.ucsb.edu
>
жолдауға болады.
1
Осы нұсқаға тоқтамас бұрын атауы екі рет өзгертілді.
Ben Norton-ды қараңыз. “Prominent American Profes-
sor Proposes that Israel ‘Flatten Beirut’ – a 1 million-
person city it previously decimated,” Salon, February
18, 2016.
2
Yotam Feldman and Uri Blau, “Consent and Advise,”
Haaretz, January 29, 2009, мына жерден қарауға
болады
http://www.haaretz.com/consent-and-ad-
vise-1.269127
.
3
See Asher Maoz, “War and Peace: An Israeli Perspec-
tive,” Constitutional Forum 14 (2) (Winter 2005): 35-76.
4
Efraim Inbar and Eitan Shamir, “‘Mowing the Grass’: Is-
rael’s Strategy for Protracted Intractable Conflict,” Jour-
nal of Strategic Studies 37(1) (2014): 65-90.
5
Yael Stein, Human Shields: Use of Palestinian Civilians
as Human Shields in Violation of High Court of Justice
Order (Jerusalem: B’tselem, 2002).
6
IDF Spokesperson, “Findings of the inquiry into the
death of Salah Shehadeh,” August 2, 2002, available
at
http://www.mfa.gov.il/mfa/government/commu-
niques/2002/findings+of+the+inquiry+into+the+death+
of+salah+sh.htm
.
7
Kashar and Yadlin, “Assassination and Preventive Kill-
ing,” SAIS Review, 25(1) (Winter-Spring 2005): 50-51.
8
Grégoire Chamayou, A Theory of the Drone, trans. Ja-
net Lloyd (New York: The New Press, 2015): 134.
9
Ibid., p.130.
10
See Neve Gordon and Nicola Perugini, “The Politics of
Human Shielding: On the Resignification of Space and
the Constitution of Civilians as Shields in Liberal Wars,”
Society and Space, 34(1) (2016): 168-187.
11
Ibid.
12
“Israel Warns Hizbullah War Would Invite Destruc-
tion,” Ynet, October 3, 2008,
http://www.ynetnews.
com/articles/0,7340,L-3604893,00.html
.
13
Gabi Siboni, “Disproportionate Force: Israel’s Concept
of Response in Light of the Second Lebanon War,” INSS
Insight, 74 (October 2, 2008),
http://www.inss.org.il/in-
dex.aspx?id=4538&articleid=1964
.
14
Rashid Khalidi, “The Dahiya Doctrine, Proportional-
ity, and War Crimes,” Journal of Palestine Studies, 44(1)
(2014-15): 5.
15
See “50 Days of Death and Destruction: Israel’s ‘Op-
eration Protective Edge’,” Institute for Middle East Un-
derstanding, September 10, 2014,
http://imeu.org/
article/50-days-of-death-destruction-israels-operation-
protective-edge
.
18
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ
19
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
>>
>>
> Бейбіт
тұрғындарды
қорғау:
Амитай Этциони, Джордж Вашингтон университеті, Вашингтон, АҚШ
Л
иза Хаджар мен жазған шолуды зорлық-
зомбылықты
заңдастырудағы
көпқырлы
израильдік компанияның келесі қадамы
ретінде көрсеткен болатын. Оған жауап
ретінде, алдымен, шолу жазудағы ниетімді білдіріп,
кейін негізгі мәселенің не екенін және оны қалай шешуге
болатынын сөз етемін.
Мен 1948-1950 жылдары достарымның көпшілігінен
айырылдым, сонымен қатар талай еврей және араб
азаматтардың өліміне куә болдым. Мұндай адамды
қалыптастырушы тәжірибе (соғыстың уақытында 20
жаста едім) ойымда барлық соғыстың мейлі әділ болсын,
мейлі болмасын, бәрібір – қайғылы және оның алдын
алу үшін біз көп нәрседен өтуіміз керек екен деген сезім
тудырды. Ядролық соғыстан құтылу тақырыбына екі
кітап арнадым (The Hard Way to Peace және Winning
without War); Трафальгар алаңында ядролық бомбаларға
қарсы демонстрацияларға қатыстым, дегенмен, осы
белсенділігімнің арқасында Колумбия университетіндегі
жұмысымнан айырылып қала жаздадым. Мұнан кейін
де алғашқылардың бірі болып Вьетнамдағы соғысқа
қарсы белсенділер қатарында жүрдім (алған әсерім мен
тәжірибем My Brother’s Keeper: A Memoir and a Message
атты кітабымда баяндалған). Мінбелерден Американың
Иракқа басып кіруіне қарсы пікірлер айттым. Қауіпсіздік
мәселесінде кеңейтілген ғылыми зерттеу негізінде,
исламдағы діни мәтіндерді бөлшектеп, саралап зерттей
отырып, исламның шынайы болмысын зорлықты
құптамайтын дін деп бағалаймын. Соңғы уақытта жазған
жиырмадан астам мақалама шолу жасаушылар Қытай
мен АҚШ-тың соғысқа баратынын, әрі қытайлық және
америкалық ұйымдасқан зияткерлер бірін-бірі кепілді
ұстап тұруды қолдайтын топқа айналып бара жатқанын
ескертті. Қысқасын айтқанда, 1950 жылдары жазылған
еңбектерім дұрыс оқылмағанымен, сол уақыттағы
өмірімнің басым бөлігі зорлық пен оны ауыздықтауға
арналды.
Өкінішке орай, өзіме қатты ұнайтын Израиль мен
Палестинаның, қос мемлекеттік билік шешіміне
қарай ығысуына ықпал ететін нақты жолдарды таба
алмадым. Палестиналық ғалым Шибли Телхамимен
бірге өткенге үңілуді тоқтатқан жағдайда ғана «біз алға
жылжимыз» дегенді ұсынғанбыз. Осы қайғылы жағдайға
«кім кінәлі?» дегеннің орнына, «енді қайда бағыт
аламыз?» деген дұрысырақ болмақ. (Қос мемлекеттік
билік құрғаннан кейін өткенді зерттейтін, шындық
пен әділеттілікті анықтайтын комиссия құруға уақыт
жеткілікті болатындығы турасында жазған болатынбыз).
1
Бір жағын не Жерорта теңізіне батырып, не Иорданияға
қуып шығу керек деп ойлайтын кейбір есерсоқтармен
салыстырғанда, мен жердің екі халық үшін де жеткілікті
екенін айтқанмын.
2
Соңғы шолуым турасында. Хаджардың пікірінше,
мақала қантөгісті заңдастыруға бағытталған. Керісінше,
ол – қантөгістен аулақ болуға шақырады. Хезболла
100000 жуық зымыран жинап, Израильді жойғысы
келетіні даусыз. Олар өзінің мақсаттары мен күш-қуатын
ешуақытта жасырған емес. Израильдің өз халықаралық
міндеттерін толық атқарып шыққан жағдайына
қарамастан, Ливаннан әскерін шығарғаннан кейін де,
нақтырақ айтсақ 2006 жылы Хезболла зымырандарын
Израильге тайсалмай жаудырған шақта БҰҰ әзер дегенде
Израильді қолдағанын білеміз. Одан зоры, Хезболланың
зымырандары жеке адамдар үйінде сақталатыны жайында
деректер бар. «Халықаралық қауымдастық алдындағы
міндеттерін толық орындағаннан басқа Израиль тағы не
істеу керек?» деген заңды сұрақ туады.
Осы себепті, өзімнің қысқа шолуымда аталмыш
зымырандар тағы да іске қосылмай тұрғанда, «Мұндай
шабуылдарға Израиль қалай жауап беруі керек?» деген
этикалық, құқықтық және прагматикалық сұрақ қоюымыз
қажеттігін айтқанмын. Мақсат – зорлық-зомбылықты
заңдастыру емес, оның алдын алу. Егер Израиль әскері
Хаджарға жауап
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ
20
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
сол зымырандарды жою үшін үймен үйді араласа, екі
жақтан да адам шығыны көп болатынын ескере отырып,
ондайдан аулақ болуға шақырғанмын. АҚШ-тың Токио
мен Дрезденде бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанын
айтқанымда, Израиль де 2006 жылы Бейрутте солай
жасады деген қарымта жауап алдым. Бұл жауапқа да қарсы
пікірімді білдірдім.
3
Екі америкалық әскери сарапшының
қуатты жарылғыш заттарды зымырандар орналасқан
жердегі бейбіт тұрғындардың қауіпсіз жерге көшірілгеннен
кейін іске қосу туралы ұсыныстары жайында айтқанмын.
Алдын ала қауіпсіздік шаралары орындалып жатса да,
ұрыс жүргізудің қай тәсілі қолданбасын жанама шығын
әрдайым болады. Соғыс атаулыдан толық бас тартудың
негізгі себебі де – дәл осы жанама шығындар. Ойымды
«Хезболланың зымырандарды қолдануы турасында
дұрыс шешім шығару үшін сыртқы сарапшылардың
әскери шиеленіс ошақтарына қатысып көруі қажет» деген
ұсынысыммен аяқтаған болатынмын.
Мен Хаджар келтіріп отырған израильдіктердің түрлі
ұсыныстары мен сол ұсыныстардың нәтижелеріне баға
беретін жағдайда емеспін. Алайда, мұны тек Израильдің
ғана мәселесі деп қарауға әсте болмайды. Ондай
көзқарас бұрыс шешім қабылдауға ықпал етері анық.
Бұл – АҚШ пен оның жақтастары тап болып отырған
әскери қақтығыстың негізгі қағидасы болып табылатын,
әрі «адамдар арасындағы айырмашылықты сақтау
қағидасын» террористер әрдайым бұзып отыратын Таяу
Шығыстың толғақты мәселесі.
Негізінен, содырлармен күресуге тырысқандар екі
нұсқада ойлайды: бірі елді Ислам мемлекеті сияқты
зұлымдарға тастайды, екіншісі бейбіт нысандарды
жарып, көп адам шығынына қалады. Екеуі де қолданысқа
жарамайтын нұсқа. Менің шолуым оқырмандарды осы
дилемманы шешуге шақырса, ол туралы Хаджардың
мәлімдемелерінде үн жоқ.
Хаттарды Амитай Этциониге <
amitai.etzioni@gmail.com
> жолдауға болады.
1
Etzioni, A. and Telhami, S. “Mideast: Focus on the Possible.” The Christian Science
Monitor, June 17, 2002
2
Etzioni, A. “Israel and Palestine: There’s Still Room at the Inn.” The National In-
terest, April 9, 2014
http://nationalinterest.org/commentary/israel-palestine-theres-
still-room-the-inn-10212
.
3
Etzioni, A. “Should Israel Consider Using Devastating Weapons Against Hezbollah
Missiles?” Haaretz, February 15, 2016
http://www.haaretz.com/opinion/.premium-1.703486
“
Мақсат – қатыгездікті
заңдастыру емес, оның
алдын алу
”
21
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
> Адамгершіліктен жұрдай
әлемде адам болып қалу
туралы:
Дмитрий Н. Шалин, Невада университеті, Лас Вегас, АҚШ
1
960 жылы Ленинградтағы нақты әлеуметтік
зерттеулер зертханасы жаңадан сәнге айналған
«тарихи материализм» негізінде зерттеу
бағытын қамтамасыз ету үшін күресіп жүрген
әлеуметтанулық ғылымдар ошағы еді. Болашақ
әлеуметтанушылар бақылаушыға маркстік және лениндік
философияның болжауымен байланысты бағытты
анықтап, таратуға мүмкіндік беретін әлеуметтанулық
құралдарды коммунизм жолындағы прогресті зерттеуге
мүмкіндік алу үшін Кеңес билігімен келісімге барды.
Владимир Ядов – саланың жарық жұлдыздарының
бірі, большевиктік төңкеріс пен сталиндік репрессия
нәтижесінде тозығына жеткен ресей әлеуметтануының
қайта гүлденуінің бастамашысы. Ядовтың әріптестерімен
бірігіп шығарған «Адам және оның жұмысы» атты тың
зерттеуі мен «Әлеуметтанулық зерттеу әдіснамасы мен
әдістемесі» атты жеке монографиясы қалыптасу үстіндегі
ғылыми кеңістікте оны алдыңғы қатарға шығарды.
1968 жылы жетекшім Игорь Кон мені Ядовтың
лабораториясына жетектеп алып барғанда Ленинград
мемлекеттік
университетінің
3
курс
студенті
болатынмын. Ол кезде Юрий Левада, Игорь Кон, Георгий
Щедровицкий сияқты әлеуметтанулық зерттеудің
пионерлері бастаған интеллектуалды орталықтар елдің
барлық ірі қалалаларында пайда болып жатты. Олардың
либералды көзқарастары, шетелдік әдебиеттермен
таныстығы және ашық есік саясаты болашағынан
үміт күттіретін интеллектуалдарды тартып, жас
әлеуметтанушыларға оң ықпал етті.
Ядов өзінің ашық мінезімен және мәртебелік
артықшылықтарға
назар
аудармайтындығымен
ерекшеленді. Оның ресми догмалар шеңберінен шығуға
дайындығы сергітуші ықпал болды. Ол үшін үшінші
курс студенті мен атағы жер жарған ғалым арасында еш
айырмашылық болған жоқ. Қасындағы әріптестерінің
оның назарын аудару үшін күтіп тұрғанына қарамастан,
маған тұлға теориясын егжей-тегжейлі түсіндіргені әлі
есімде. Маңыздысы, сол кездегі кеңестік инженерлер мен
жұмысшылардың құндылықтары мен олардың еңбекке
көзқарасын зерттеуге қосылатын үлес болды. Аталмыш
көзқарастар теориялық болжамдармен әрдайым үйлесе
бермейтін: жұмысшылар партияның қасиетті келешек
туралы идеясын қолдауға аса құлық танытпағанымен,
олар үшін жұмыс орнымен байланысты материалдық
игіліктерге қол жеткізу анағұрлым қызығырақ болатын.
Алпысыншы жылдардың аяғына қарай эмпириялық
әлеуметтану рухы коммунистік партия идеологтарын
желкелей түссе, Прага көктемін жаныштау үшін Кеңес
Одағы Чехославакияға басып кіргеннен кейін кеңестік
әлеуметтану мен оның либералды ұмтылысы үшін қиын
қыстау кезең болды. Ядов өзінің зерттеу тобын және
Ресей академиялық ғылымының зерттеу бөлімін құтқару
Владимир Ядов 2009 жылы, 80 жылдық
мерейтойына орай.
>>
Владимир Ядовты еске алу
22
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
үшін қолдан келгенінің бәрін жасағанымен, нәтижесінде
өзі қуылып, жұмыс тобы тарқатылды. Ядов өзін әрдайым
арлы азамат ретінде ұстады. Оның гуманизмін жоқ
қылып, сағын сындырғысы келген әріптестерін сынаудан
бас тартты.
1
1975 жылы Ресейден АҚШ-қа көштім. Менің Ядовпен
байланысым
Михаил
Горбачевтың
реформалар
кампаниясы басталған 1987 жылға дейін үзілді.
Ол уақыт ресейлік әлеуметтану үшін өткен күннің
сыбағасын қайтаруға талпынған аласапыран күндер
еді.
2
Кейін Горбачев жариялылық пен қайта құруға
шақырды. Ертеректе қуылған әлеуметтанушылар
әлеуметтану институты және Қоғамдық пікірді зерттеу
орталықтары сияқты жаңадан құрылған зерттеу
ұйымдарына қайта шақырылды. Мәскеуге көшіп
келген Ядовты әріптестері Ресей әлеуметтанушылар
қауымдастығының президенті және Ғылым академиясы
жанындағы әлеуметтану институтының директоры
етіп сайлады.
3
Сіңірген еңбегі үшін Халықаралық
әлеуметтанушылар қауымдастығының вице-президенті
болып тағайындалды.
1988 жылы реформашыл ғалымдар бастамасымен
ашылған Кәсіби этикалық кодекс еркін сұрау салу мен
еркін пікірталас құқығын әлеуметтік ғылымдар үшін
өмірлік маңызға ие деп айшықтады. Әлеуметтанушыларды
қарсыластарға шыдамдылық танытып сыйластықпен
қарау, бұлтармай сынау, «идеологиялық жабысқақтан»
қашу, ғылыми пікірталастарда билікті араластырудан бас
тартуға шақырып, Ресей зияткерлерінің арасындағы рухты
іздеу кезеңін жаңғырту мақсатында өткенге бойсынуды
ұсынды.
4
Перестройканың жалғасы болған рухани қайта құру
кезінде көбі іштей қарсы болғанын айтып, кеңестік мұрадан
бас тартуға асығып, ел алдында коммунистік партиялық
билеттерін жойып жатты. Алайда, Владимир Ядов олай
жасаған жоқ. Либералды интеллегенцияға қарсы кеңестік
компания басталғанда қысым көрсетушілер жағында
болмады. Ядов өз партиялық билетін сақтап, Пальмиро
Тольятти қолдаған Еуро-Коммунизмге соңына дейін
адал болды әрі демократияны ең адамгершіл саяси және
экономикалық жүйе деп есептеді. Әлеуметтік реформада
білімді қолданудың мысалын келтіре отырып, әріптестерін
қоғам мәселелеріне жеке бас мәселесіндей қарауға
шақырды. «Тек кітап жазумен шектелсек, әлеуметтанушы
ретіндегі міндетіміз толық орындалмайды. Жер шарын
әлеуметтік қайта құру үшін аянбай еңбек етуіміз шарт.
Жемқорлықпен күрес, тәуелсіз сотты құру, салық салудың
прогресшіл жүйесін дамыту және т.б. – қазіргі жағдай
шындығы және халық талабы», - деп жазады Ядов.
Владимир Путин билікке келгенде, тарих бағыты тағы
өзгерді. Ол өз бағдарламасын көрсетуге асықпады. Оның
бірінші президенттік мерзімінің бірнеше жылынан кейін
азаматтық қоғам мен оның институттарына мүдделілігі
төмен екендігі байқалды. Посткеңестік идея төңірегіне
ыңғайлы жайғасқан әлеуметтанушылар енді билікті
одан әрі сынау қауіпсіз еместігін түсінді. Қоғамдық
наразылыққа шығып, өз конституциялық құқығының
орындалуын талап етушілер репрессияға тап болды.
2010 жылы ультра ұлтшыл интеллектуалдар
Ядов басқарған ұйымға балама әлеуметтанушылар
қауымдастығын құрды.
5
Орыс ұлтшылдығының жақтасы
және балама әлеуметтанушылар қауымдастығының
шабыттандырушысы
Геннадий
Осиповқа
қарсы
шыққаннан соң, Ядов өз қарсыластарына прото-фашист
деп жалған жала жапты деген айыптан өзін қорғауына
тура келді. Реакциялық саясат, оның үстіне қарттық пен
аурудан шаршаған Ядов өзін күн өткен сайын маргинал
сезіне берді.
2009 жылы 80 жылдық мерейтойының қарсаңында
студенттері мен достары Ядовтың Ресей әлеуметтануына
қосқан үлесінің салмағын саралайтын мақалалар жинағын
жариялады. Достары Володя деп атап кеткен Ядов өз
елінің болашағына қатысты оптимизмін жоғалтпаған.
Пікірталастарға қатысуын тоқтатпай, өзінің және жас
әріптестерінің ғылыми зерттеулеріне қызығушылық
білдіруін жалғастырды. Алайда, ресей әлеуметтануындағы
азаматтық құқықтың шектеліп, вирулентті ұлтшылдықтың
артқанын сезгенде оның көңілі жабырқай түсті.
2006 жылы әріптесім Борис Докторов екеуміз Екінші
дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтанудың
қайта жаңғыруы туралы онлайн деректер жинау
– «Халықаралық өмірбаяндық бастама» жобасын
бастағанда Ядовпен байланысым қайта жанданды.
6
Қолдау білдірген оқымыстылар арқасында, ресейлік
әлеуметтанушылармен сұқбат жүргізіп, онлайн-форум
өткізе отырып, әлеуметтануда өмірбаяндық әдісті қол-
дану аясын кеңейттік. Ядов жобаға қатты қызығушылық
танытты. Ол сұқбат беріп ғана қоймай, Хрущевтың
кезінен перестройкаға дейінгі әлеуметтану эволюциясына
қатысты құжаттар және өзі жазған мемуарларымен
бөлісті.
Владимир Ядов 2015 жылдың 15 шілдесінде дүниеден
озды. Қазасынан бірнеше ай бұрын екеуіміз ресей
әлеуметтануының тағдыры мен елдегі жағдай жөнінде
белсенді онлайн-диалог бастаған болатынбыз. Кеңестік
режим кезіндегі ғалымдардың тірі қалу үшін қандай
компромистерге барғаны, елден кетуге шешім қабылдаған
зияткерлер
кездестіретін
этикалық
дилеммалар,
репрессия зардабынан қаңырап қалған елде өмір сүрудің
адамгершілік құны, Горбачев революциясынан кейінгі
қайта жанданған әлеуметтану, Путин кезіндегі сөз
еркіндігіне келген залал, саяси реформа мүмкіндіктерінің
азаюы, сонымен бірге оппозициялық зерттеу жүргізетін
және билікке тік қарап шындықты айту интеллектуал
өмірі, еркіндігі, тіршілік құралына кері ықпал етуі мүмкін
елдегі қоғамдық әлеуметтану болашағы туралы еркін
пікір алмастық.
Володя біздің пікір алмасу негізіндегі әңгімелерімізде
1937 жылы тазалау террористік компаниясына тап болған
туысы туралы алаңдаушылықтары және антисемиттік
көңіл-күй жайлаған елде өзінің еврейлік тегін жасырғысы
>>
23
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
келетіндігін ашық айтты. Бұрын жасаған кейбір
компромистерді бүгін жасамамас едім дейді: Мәскеуге
Юрий Леваданы идеологиялық сессияда қорғау үшін
бара алмағаны және партияның кейбір жиындарында
әріптестерін сөгу рәсімдерінде қорқақтарша үндемегені
үшін өзін ыңғайсыз сезінетінін білдірді.
Володя адал оқымыстылар тобын жинауға көмектескен
қасиеттері туралы да сөз қозғады: «Мен темпераментім
бойынша холерикпін,» «Жарыла кететін мінезді
экстровертпін», «жасырын ақпараттық сақтау мен үшін
қиын». Бірақ, осы қасиеттер достық қарым-қатынас
жасап, атақтың бағасы төмендеп, ортақ іске үлес қосу
маңызды болып табылатын зерттеушілер тобын құруға
көмектесті.
Саяси ұстанымы туралы сұрағанымда, Ядов
«Шындығында, Иса бірінші социалист болған. Мен
социализмнің қолдаушысы болдым және қала беремін»
деп мақтанды. «Шынайы әлеуметтік механизм
демократиялық сайланған өкілдер әлеуметтік жіктер
арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталғанда ғана
дұрыс жұмыс істейді».
Ядов шетелге көшкен әріптестері туралы ойлана
отырып, «Мен оларды толықтай түсінемін. Дегенмен,
олардың әрқайсысы түрлі мотивпен шешім қабылдады.
«Перестройканың табысты жылдары Әлеуметтану
институтының директоры ретінде шетелде оқытатын
бағдарламаға қатысушыларды таңдаған болатынмын,
Британдық Кеңес барлығы елге оралуы шарт дегенімен,
мен кім қайтар, кім қайтпас екен деп біраз абыржыдым».
Ядов ультра патриоттық нанымды қабылдаған
әріптестерінің кеңестік кезеңдегі істерін талқылай
отырып, «Кеңестік уақытта Осипов, Добреньков және
Жуков сияқтылар номенклатура адамдары болды, қазір
де сол статусқа жатады. Олар, ең алдымен, «патша үшін»
деген белгілерді сыйлайды […] Мен танитын Осипов -
бетіңе қарап тұрып өтірік айтатын және көтерісшілерге
қарсы дұшпандық ұйымдастыратын адам». Ядов «жеке
басының қастық ғадеттерінен тиылмаған құлдық санадағы
оқымыстылар мен әкімшілерді ашық бақылауға шақырады.
«Оларды қалай пайдаланғаны және сатқындығы туралы
шындық күндердің күнінде әлеуметтанушыларды таң
қалдырары сөзсіз», - дейді.
2011 жылы 25 маусымда маған жазған хатында Ядовтың
қазіргі жағдайдан оқшауланғандығы айқын байқалады:
«Мен Путинге жиеркеніштен басқа ештеңе сезінбеймін.
Өз халқына жаны ашымайтын билікқұмар, қатігез
әрі ұятсыз адам. Аңсағаны байлық бен сән-салтанат.
Либералды саясаткерлер туралы сұрағанда не деді? Ол:
«Олар билік пен байлықты ғана ойлайды!» деді емес пе?
Ал өзінің байлығы мұнай желісін бақылаудан толығып
отыр. Ол өз айналасындағы кез-келген адамды, соның
ішінде Дмитрий Медведевті де бопсалай алады. Келесі 30
жылда оны көптеген адамдар жек көретін болады».
Уақыт өте келе менің Ядовпен өткізген диалогым
Ресейге жол тартып, Володяның алаңдаушылықтары елге
аян болады.
7
Өмірінің соңында, серіктесім Борис Докторовқа
«ерекше бақытты ғұмыр кешкенін» айтып, Ядов өзін
«жолы болғыш адам» деп санады.
8
Менің ойымша, оның
бірден бір себебі – Ядовтың бос сөзді бет жыртысудан
аулақ болып, шанайы шайқастарда күресуді таңдауы
болар. Владимир Ядов әлемдегі эмоциялық саналы
жанның үлгісі болып табылады: ол өз эмоциясын
саналы, санасын эмоциялық дұрыс ұстай білді. Ол
компромистерге беріліп қателіктер жасады, армандары
орындалғанын және қайта ғайыпқа айналғанының куәсі
болды. Дегенмен, қарсыласу мүмкін болмағанда да ол
үмітін жоғалтқан емес.
Бүгін біз ұстамды әрі батыл жан Владимир Ядовты
еске алудамыз. Тарихты өз еркімен өзгерткен, бірнеше
институттың негізін салған және толассыз естеліктер
қалдырған қоғамдық зияткердің өмірін атап өтудеміз.
Арамызда Ядов сынды адамдар болғандықтан, әлем
күннен күнге жақсара түседі.
Хаттарды Дмитрий Шалинге <
shalin@unlv.nevada.edu
> жолдауға болады.
1
See Shalin, D. (1978) “
The Development of Soviet Sociology, 1956-1976
.” Annual Re-
view of Sociology 4: 171-91; (1979) “
Between the Ethos of Science and the Ethos of
Ideology
.” Sociological Focus 12(4): 175-93; (1980) “
Marxist Paradigm and Academic
Freedom
.” Social Research 47: 361-82; Firsov, B. (2012) History of Soviet Sociology,
1950s-1980s (орысша). St. Petersburg: European University of St. Petersburg.
2
Shalin, D. (1990) “
Sociology for the Glasnost Era: Institutional and Substantive
Change in Recent Soviet Sociology
.” Social Forces 68(4): 1-21. Doktorov, B. (2014)
Contemporary Russian Sociology. Historical and Biographical Investigations
(in Rus-
sian). Moscow.
3
(2009) Vivat Yadov! On His Eightieth Birthday (орысша). Moscow: Institute of Sociol-
ogy RAN.
4
Firsov, B. (2010) Dissent in USSR and Russia, 1945-2008 (орысша). St. Petersburg:
European University of St. Petersburg (2010); Alekseev, A. (2003) Dramatic Sociology
and Sociology of Auto-reflexivity. Vols. 1-4 (орысша), St. Petersburg: Norma. See also
Shalin, D. (1989) “
Settling Old Accounts
.” Christian Science Monitor, December 29; and
(1990) “Ethics of Survival.” Christian Science Monitor, December 4; (1987) “
Reforms in
the USSR: Muckraking, Soviet Style
.” Chicago Tribune, February 16.
5
Yadov, V. (2011) “A Sordid Story” (орысша). Trotsky Bulletin, December 6; Shalin, D.
(2011) “Becoming a Public Intellectual: Advocacy, National Sociology, and Paradigm
Pluralism,” pp. 331-371 in D. Shalin,
Pragmatism and Democracy: Studies in History,
Social Theory and Progressive Politics
. New Brunswick: Transaction Publishers.
6
International Biography Initiative. UNLV Center for Democratic Culture,
http://cdclv.
unlv.edu//programs/bios.html
.
7
(2015) “From Dialogues of Vladimir Yadov and Dmitri Shalin” (орысша). Public Opin-
ion Herald, No. 3-4, pp. 194-219,
http://cdclv.unlv.edu//archives/articles/vy_ds_dia-
logues.pdf
.
8
Shalin, D. (1993) “
Emotional Barriers to Democracy Are Daunting
,” Los Angeles
Times, October 27; (2007) “
Vladimir Putin: Instead of Communism, He Embraces
KGB Capitalism
.” Las Vegas Review Journal, October 24.
24
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
Достарыңызбен бөлісу: |