Жаһандық диалог 2 ж урна л таяу Шығыстағы саясат



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата12.03.2017
өлшемі2,4 Mb.
#8765
  1   2   3   4   5   6   7

Жаһандық

диалог 

6.2


Ж

УРНА


Л

Таяу Шығыстағы саясат

> Ливандағы қоқыс дағдарысы 

> Аса зор қатігездікті заңдастыру

> Бейбіт тұрғындарды қорғау



Коммунизмге бағынышты әлеуметтану

> Адамгершіліктен жұрдай әлемде адам болып 

қалу туралы

> Қытай қоғамдық әлеуметтануының пайда болуы



ХӘҚ Форумы Австрияда

> Жергілікті және жаһандық деңгейді зерделеу

> Австриядағы әлеуметтік мәселелер

Арнайы бағаналар 

> Әлеуметтану және ауа-райының өзгеруі

> Үндістандағы еркіндік пен зорлық-зомбылық 

> Зерттеу жазбалары 

> Қазақ редакторларын таныстыру

Элдон Моррис

У.Э.Б. Дю Буаның 

оралуы


Донателла делла Порта

Әлеуметтік қозғалыстарды 

зерттеудегі плюрализм 

Сари Ханафи

Араб әлеміндегі 

әлеуметтану

Басылым

 6/ 


Ш

ығарылым


 1/ 

м

ау



сым

 2016


www

.isa-sociology

.org/global-dialogue/

GD

Жылына 4 рет 16 тілде шығады



 

 2

Н

                   

ағыз  инновациялық  әлеуметтану  ғылыми  қауымдастықтың 

қапталында,  кей  кезде  тіпті  ғылыми  қауымдастықтан 

тысқары жерде пайда болады. Өмірде болғандардың ішінде 

ең атақты америкалық әлеуметтанушы У.Э.Б. Дю Буа туралы 

әңгіме  болмақ.  Ол  -  осы  нөмірде  таныстырылып  отырған  Элдон 

Морристің  «Мойындалмаған  ғалым»  деген  кітабының  кейіпкері. 

Моррис  Дю  Буаны  Германияда  және  Гарвард  университетінде 

оқыған,  әр  қадамы  Чикаго  мектебінен  нәр  алған,  ғылыми  берік, 

Атлантадағы әлеуметтанулық мектептің өкілі әрі қалыптастырушысы 

афро-америкалық әлеуметтанушы ретінде сипаттайды. Сол кездегі 

ғылыми ортада, шынына келгенде қазір де, нәсілшілдік болмаса Дю 

Буа америкалық әлеуметтанудың негізін қалаушы болып мойындалар 

еді. Нәсіл мен тап, нәсілшілдіктің жеке тәжірибесі, панафриканизм 

мен америкалық имперализм туралы аса құнды кітаптардың авторы 

ретінде  танылған  ол  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  редактор 

және шолушы болу үшін жете бағаланбаған және мойындалмаған 

күйі академияны тастап кетті.

Осы нөмірде шеттегі әлеуметтанудың басқа өкілдері бар. Дмитрий 

Шалин  Владимир  Ядовтың  Кеңес  Одағының  бюрократиялық 

құрылымдарында  қалай  ержүректілік  пен  қайсарлық  танытқанын 

сипаттайды  және  осы  жағдайды  посткеңестік  кезеңге  қолданады. 

Тура  осылай  Франсуа  Лашапель  Шен  Юаньнің  марксшіл-лениншіл 

және  Қызыл  Гвардияшыл  тәжірибесі  оны  өз  шәкірттерінің  қиялын 

шабыттандыратын  харизмалық  тұлғаға  айналдырған  сыни 

әлеуметтануға  алып  келгенін  баяндайды.  Мұхаммед  Әл  Ыдырыси 

Сириядағы  палестиналық  босқындар  лагерінен  Франциядағы 

әлеуметтану бойынша докторантураға дейін қиын жол жүріп өткен, 

араб әлеуметтанулық басылымы «Идафаттың» негізін қалаушы және 

редакторы  болып  қызмет  істейтін,  Бейрутқа  қоныстанғанға  дейін 

Каир  мен  Рамаллада  ұзақ  уақыт  болған  Сари  Ханафиден  сұқбат 

алады.  Билікті  аямай  сынайтын  ол  Таяу  Шығыстағы  әлеуметтануға 

қуат беріп, күрделі өмірді бастан кешіп отыр.

Нисрин Шаер Таяу Шығыста болып, Ливандағы қоқыс дағдарысы 

мен оған байланысты туындаған әлеуметтік қозғалыстарға қызықты 

талдау  ұсынса,  Лиза  Хаджар  мен  Амитай  Этциони  бір  бірімен 

ливандық азаматтық тұлғаларға қатысты израильдік зомбылықтың 

нақты және әлеуетті кеңеюінің заңдылығы туралы пікір таластырады.

Соңында  біз  ұлттық  қауымдастықтарды  шарлап  өтеміз. 

Австриядан  бірнеше  мақала  бар  –  2016  жылғы  10-14  шілдеде 

Венада  өтетін  ХӘҚ  үшінші  форумына  кіріспеден  кейін  австриялық 

жас  әлеуметтанушылардың  өте  қызық  зерттеулерін  қамтитын  төрт 

мақала  ұсынылған.  АҚШ-тан  Райли  Данлап  пен  Роберт  Брюлле 

Америкалық әлеуметтанушылар қауымдастығы Мақсатты тобының 

ауа  райының  өзгерісі  бойынша  ауқымды  жұмысының  нәтижесін 

қорытындылайды. Сонымен қатар біз ХӘҚ атқару комитеті мен үнді 

әлеуметтанушылары атынан  үнді кампустерінде сөз бостандығына 

қысым мен қауіпті айыптайтын мәлімдемені қайта басып отырмыз. 

Австралиядан  Райвин  Коннелл  жас  әлеуметтанушыларға  өз 

зерттеулерін қалай жазуды үйрету тәжірибесімен бөліседі. Жаһандық 

диалогты әлеуметтануды ана тіліне аударудың ауыр жүгін арқалаған 

алғашқы қазақстандық топты таныстырумен аяқтаймыз.



> Редактордан

> Жаһандық Диалог 

ХӘҚ ресми

 

сайтында

 16 тілде жарияланады

> Мақалаларды мына адреске жолдауға болады 

burawoy@berkeley.edu

Шеттегі әлеуметтану

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

Жаһандық диалог SAGE Publica-

tions ұсынған риясыз грант

негізінде жүзеге асып отыр.

GD

АҚШ-тың әйгілі әлеуметтанушысы Элдон 



Моррис афро-америкалық зияткер және 

саясаткер У.Э.Б. Дю Буаны америкалық 

әлеуметтану негізін салушы ретінде қайта 

оралтуы.


ХӘҚ вице-президенті және Араб 

әлеуметтанулық журналының редакторы 

Сари Ханафи араб әлеуметтануының 

түйткілдері туралы әңгімелейді.

Италиялық әлеуметтанушы Донателла 

делла Порта өзінің заманауи қоғамдық 

қозғалыстарды зерттеушіге айналуы 

хақында.


 

 3

GD 



6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

Редактор: Майкл Буравой.

Редактордың орынбасары: Гай Сейдман.

Басқарушы редактор: Лола Бусуттил, Августо Бага.

Редакциялық кеңес: Маргарет Абрахам, Маркус 

Шульц, Сари Ханафи, Винетта Синха, Бенджамин 

Теджерина, Роземари Барбарет, Изабелла Барлинска, 

Дилек Чиндыоглу, Филомин Гуттиерец, Джон Холмвуд, 

Гуэлермино Жассо, Калпана Каннабиран, Марина 

Куркчян, Саймон Мападименг, Аблдул-мумин Саад, 

Айше Сактанбер, Сели Скалон, Саука Ширахасе, Гразина 

Скапска, Эвангелия Тастосоглоу, Чин-чин Ю, Елена 

Здравомыслова.

Аймақтық редакторлар

Араб әлемі:

Сари Ханафи, Мунир Сайдани.



Аргентина:

Хуан Игнасио Пиовани, Пилар Пи Пуч, Мартин Уртасан.

 

Бразилия: 

Густаво Танигутти, Андреза Галли, Анжела Мартинс 

Джуниор, Лукс Амарал, Бенно Альвес, Жулио Дэвис



Үндістан:

Ишвар Моди, Раджив Гупта, Рашми Жаин, Прага Шарма, 

Джуотти Сидана, Нидхи Бансаль, Панкаш Бхатнагар.



Индонезия

Каманто Сунарто, Хари Нугрохо, Лусия Ратих Кусумадеви,

Фина Итрияти, Индера Ратна Иравати Паттинасарани,

Бенедиктус Хари Джулиаван, Мохамад Шохибуддин,

Доминггус Элсид Ли, Антониус Арио Сето Харджана.

 

Иран: 

Рейханех  Жавади,  Абдулкарим  Бастани,  Нияеш  Долати, 

Вахид Ленджанзаде.



Жапония:

 

Сатоми Ямомото, Амане Хисада, Такаши Китахара, 



Такехиро Китагава, Сатоши Манабе, Томоми Охашира, 

Ютаро Шимокава, Макаси Якота.



Қазақстан:

Айгүл  Забирова,  Баян  Смағамбет,  Әділ  Родионов,  Ғани 

Мадиарберков, Алмаш Тілеспаева, 

Амангелді Құрметұлы.



Польша:

Якуб Барщевски, Кшиштоф Губански, Жустина 

Косинска, Камил Липински, Мартина Макиуш, Миколаж 

Миерзежевски, Каролина Миколажевска-Зажак, Адам 

Мюллер, Зофия Пенза, Тереза Телезинска, Жустина 

Зиелинска, Яшек Зих.



Румыния:

Косима Ружиниш, Корина Брагару, Адриана Бондор, 

Александра Чеканель, Ана-Мария Илие, Руксандра 

Иордаче, Михай-Богдан Мариан, Рамона Маринах, Анка 

Михай, Уна-Елена Негри, Ян Даниель Попа, Диана Тихан, 

Кармен Вуанеа.



Ресей:

Елена Здравомыслова, Анна Кадникова, Ася Воронкова

Любовь Чернышова, Анастасия Головлева

Тайвань:

Джинг Мао Ху.



Түркия:

Гүл Шарбаджиоғлы, Ирмак Эврен.



Медиа кеңесшілер: Густаво Танигутти.

Шығарылым кеңесшісі: Aна Виллареал.

> Редакциялық алқа

> Осы нөмірде

Редактордан: Шеттегі әлеуметтану



> ӘЛЕУМЕТТАНУ КӘСІП 

 

 

У.Е.Б. Дю Буа құрметіне



Элдон Моррис, АҚШ

Әлеуметтік қозғалыстарды зерттеудегі плюрализм     



Донателла делла Порта, Италия

> ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ МЕН САЯСАТ

Араб әлеміндегі әлеуметтану: Сари Ханафимен сұқбат



Мұхаммед әл Ыдырыси, Марокко

Ливандағы қоқыс дағдарысының биосаясаты    



Нисрин Шаер, Нидерланды 

Аса зор қатігездікті заңдастыру: Израиль  



Лиза Хаджар,  АҚШ

Бейбіт тұрғындарды қорғау: Хаджарға жауап



Амитай Этциони, АҚШ

> КОММУНИЗМГЕ БАҒЫНЫШТЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ

Адамгершіліктен жұрдай әлемде адам болып қалу: Владимир Ядовты еске алу  



Дмитрий Н. Шалин, АҚШ

Қытай қоғамдық әлеуметтануының пайда болуы     



Франсуа Лашапель, Канада

> ХӘҚ ФОРУМЫ АВСТРИЯДА

  

Жергілікті және жаһандық деңгейді зерделеу   



Бриджит Ауленбахер, Рудольф Рихтер, Ида Сельеског, Австрия

Австриядағы теңсіздік, кедейлік және тұрмыс     



Корнелия Длабая, Джулия Хофманн, Албан Кнехт, Австрия

Әлеуметтік теңсіздік, босқындар және «Еуропалық арман»     



Рут Абрамовский, Бенджамин Грошл, Алан Шинк 

және Дэзире Вилке, Австрия

Гендерлік теңдік және Австрия университеті



Кристина Биннер, Сюзанна Кинк, Австрия

Жұмыс уақыты және жақсы тұрмыс үшін  күрес    



Карина Алтрайтер, Франц Астлейтнер және Тереза Фибих, Австрия

> АРНАЙЫ БАҒАНАЛАР

  

Әлеуметтану және ауа-райының өзгеруі  



Райли Э. Данлоп пен Роберт Дж. Брюлле, АҚШ

Үндістандағы еркіндік пен зорлық



ХӘҚ Атқару Комитеті

Зерттеу жазбалары: қисын мен тәжірибе 



Раевин Коннелл, Австралия

Қазақ тобымен таныстыру



Айгүл Забирова, Баян Смағамбет, Әділ Родионов 

және Ғани Мадиярбеков туралы, Қазақстан

2

4



7

9

12



15

19

21



24

26

29



30

32

33



34

36

38



40

> Уильям Дю Буа

   

құрметіне 

Элдон Моррис.

 4

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

>>

У.        

Э.Б. Дю Буа – ХХ ғасырдың афроамерикалық 

тарихшысы,  жазушы,  ақын,  қоғамдық 

зияткер,  журналист,  көшбасшы  және 

әлеуметтанушы. Әлеуметтанушы ретінде аз 

танылған.  Оны  консерваторлық  қара  нәсілді  көшбасшы 

Букер Талиафер Вашингтонмен идеологиялық күресінде 

қара нәсілді америкалықтардың көшбасшысына айналған 

радикалды қоғамдық зияткер деп қабылдайды.

Уильям  Дю  Буа  –  ХХ  ғасырдың  афроамерикалық 

тарихшысы, жазушы, ақын, қоғамдық зияткер, журналист, 

көшбасшы және әлеуметтанушы. Әлеуметтанушы ретінде 

аз танылған. Оны консерваторлық қара нәсілді көшбасшы 

Букер Талиафер Вашингтонмен идеологиялық күресінде 

қара нәсілді америкалықтардың көшбасшысына айналған 



Элдон Моррис, Солтүстік-Батыс университеті, Эванстон, АҚШ

радикалды қоғамдық зияткер деп қабылдайды.

Дегенмен, жаңа «Мойындалмаған ғалым» кітабымда мен 

Дю Буаны ХХ ғасырдың бастапқы жиырма жылдығында 

белсенді  жұмыс  жасаған  Атланта  мектебі  –  Америка 

әлеуметтануының  алғашқы  ғылыми  мектебі  іргесін 

салушы  ретінде  көрсетемін.  Атланта  университетінде 

(қазіргі таңда Кларк Атланта, Джорджия штаты, Атлантада 

орналасқан  шағын,  қаржыландыруы  кедей,  қара  нәсілді 

университет) негізі қаланған бұл мектеп мүшелерін қара 

нәсілді  ғалымдар,  студенттер,  аспиранттар  және  қауым 

көшбасшылары құрады. Элиталық ғылымның қапталында 

пайда  болған  Дю  Буа  мектебі  эмпириялық  зерттеулері 

мен  теориялық  талдауы  қанаудағы  қауымдастыққа 

кіріктірілген ғылыми әдісті қалыптастырған кәсіби және 

ӘЛЕУМЕТТАНУ КӘСІП

Элдон 


Моррис 

әлеуметтік 

қозғалыстарды 

революциялық  зерттеуімен,  әлеуметтік  шерулердің 

ұйымдастырушылық  және  мәдени  негіздерін 

айқындаған  және  түрлі  жүлделерге  ие  болған 

«Азаматтық  құқық  қозғалысының  қалыптасуы» 

кітабымен  әйгілі.  Осы  мақаласында  «Мойын-

далмаған  ғалым»  (Калифорния  университетінің 

баспасы, 2015) жаңа жұмысын ұсынып отыр. Жұмыс 

желісі АҚШ әлеуметтануының ертеректегі тарихын, 

Чикаго  мектебінің  басым  ықпалы  мен  Атланта 

мектебінің маргиналдануын, мектеп көшбасшылары 

–  Роберт  Парк  пен  афроамерикалық  Уильям 

Дю  Буа  арасындағы  бәсекелестікті  баяндайды. 

Автор  Дю  Буа  басқарған  Атланта  мектебі  Чикаго 

мектебі  сияқты  мықты  зерттеу  бағдарламасын 

дамытқанымен,  сол  мектеп  танымалдығына  жете 

алмағандығын  көрсетеді.  Чикаго  мектебі  дамуы 

мен  әлеуметтану  эволюциясының  негізінде  кәсіби 

әлеуметтанудағы  нәсілшілдік  жатыр.  Бүгін  де 

Дю  Буа  –  әлеуметтануда  және  басқа  салаларда 

әлеуметтік ойды шабыттандырушы. Ал Роберт Парк 

болса, зерттеу бастауынан әрі аса алмай қалды. Қол 

жеткізілген нәтижелер тұрғысынан Дю Буаны АҚШ 

әлеуметтануының  негізін  салушы  деп  мойындау  – 

әділ. 


ӘЛЕУМЕТТАНУ КӘСІП

 5

GD 



6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

>>

әуесқой зерттеушілерден құралды.



Дю Буаның ғылыми әрекеті бүлікке теңестірілді, себебі 

ол нәсілдік және әлеуметтік теңсіздіктің антигегемондық 

талдауын  жасады.  Американың  нәсілшілдік  апартеиді 

мен  бүкіл  әлем  бойынша  қара  нәсілді  адамдарды 

Еуропаның  отарлауын  ақтайтын  әлеуметтік  дарвинизм 

кезеңі  Еуропаның  ақ  нәсілді  империялары  мен 

Америкаға  идеологиялық  қолдауды  қамтамасыз  еткен 

басты  әлеуметтанулық  көзқарас  болды.  Белсенді 

нәсілшілдік  АҚШ-тың  қоғамдық  және  жаратылыстану 

ғылымдарындағы  қара  нәсілді  адамдардың  табиғи-

биологиялық тұрғыдан жете дамымаған деп қабылданған 

пікірмен  ортақ  келісімде  еді.  Әлеуметтанушы  Дю  Буа 

нәсілдердің  биологиялық  ерекшеліктері  негізінде  пайда 

болған нәсілдік теңсіздік туралы пікірді жоққа шығарғысы 

келді.

«Нәсілдік  теңсіздік  –  зорлық  пен  қанаудың 



нәтижесі»  идеясын  қорғады.  1899  жылы  жарық  көрген 

«Филадельфиядағы  қара  нәсілділер»  кітабы  мен  одан 

кейінгі кезеңде жүргізілген зерттеулерде Дю Буа мектебі 

«ғылыми»  нәсілшілдікті  жүйелі  сынайтын  эмпириялық 

мәліметтерді ұсынып отырды.

«Мойындалмаған  ғалым»  еңбегі  Дю  Буаның 

Атланта  әлеуметтанулық  зертханасы  аясында  бүлік 

әлеуметтануымен  айналысатын  зерттеу  тобын  құруға 

талпынысын  көрсетеді.  «Кабинеттегі»  әлеуметтануға 

қарағанда,  Дю  Буа  мектебі  зерттеулерінде  қара  нәсіл-

ділерге  тән  кемістіктерді  толығымен  теріске  шығаратын 

сапалық  және  сандық  әдістерді  кеңінен  қолданды. 

Мәліметтерді жинау әдістеріндегі мектеп жаңашылдығы 

жобаның теориялық (және еркін) идеясымен айқындалды: 

нәсілдік  теңсіздіктің  ғылыми  себептерін  анықтап,  қара 

нәсілділер табиғатынан кеміс және өз дамуында адамзат 

өркениетінің  төменгі  сатысында  қалып  қойғанын 

негіздейтін басым әлеуметтанулық және кең қолданыстағы 

доктриналардың дұрыс еместігін дәлелдеу.  

Дю  Буа  және  әріптестері  ғылыми  пікірлерінде 

теориялық  идеяларын  әрі  қарай  жан-жақты  дамыта 

бастады.  Олардың  пікірінше,  тері  түсі  –  ХХ  ғасырдың 

әлеуметтік әлемін айқындаған нәсілдік стратификацияға 

алып  келген  ақтар  артықшылығының  мықты  жаһандық 

құрылымы  және  бұл  құрылым  әлемде  экономикалық, 

саяси,  идеологиялық  күштермен  қуаттандырылып 

отырады,  яғни  нәсіл  –  биологиялық  бірліктердің 

нәтижесі  емес,  әлеуметтанулық  шығармашылық  өнімі. 

ХХ  ғасырдың  басында  америкалық  әлеуметтанушылар 

әлеуметтанулық  нақтылықты  түсіндіруде  биологиялық 

әдістер ұсынатын дәйектерді қолдана бастады. Керісінше, 

Дю  Буа  құрылымдық  талдау  жүргізуді  жөн  көрді. 

Адамның  әлеуметтік  құрылымдарға  ықпал  ете  алуын 

және кей жағдайларда оны трансформациялауын да жоққа 

шығармады.  Дю  Буа  әлеуметтік  теңсіздікті  түсіндіруде 

әлеуметтанушылар  тап,  нәсіл  және  жыныс  арасындағы 

өзараәрекетті зерттеулері қажет екендігін айтты. Осылай, 

адамның еркіндікке ұмтылуы тап пен нәсіл гегемониясын 

мойындамау мақсатындағы күресті қамтуы қажет.

Дю  Буа  ертеректегі  жұмыстарында  «қосқырлы 

сана»  концепциясын  жасаған  болатын.  Концепцияға 

сәйкес,  тұлға  –  нәсіл  мен  билік  белгілерінің  негізінде 

қалыптасқан  және  әлеуметтік  өзараәрекет  пен 

коммуникацияның нәтижесіндегі әлеуметтік өнім. Уақыт 

өте  ол  қазіргі  заманғы  Африкадағы  құл  саудасы  мен 

құлдық  негізінде  құрылғанын  және  батыс  буржуазиясы 

заманауи  капитализмін  дамыту  үшін  жұмыс  күші  мен 

маңызды тауарларды қолжетімді ете отырып, қанайтынын 

көрсетуге талпынды.

Америкалық әлеуметтануда жалпы қабылданған пікірге 

сәйкес  әлеуметтану  іргесі  Чикаго  университетінде 

қаланып,  факультеттің  кәсіби  құрамын  ғылыми 

әлеуметтануды  жасаған  ақ  нәсілді  ер  азаматтардан 

құралды,  кейін  бұл  идеялар  Американың  басқа 

да  элиталық  ақ  университеттеріне  таралды.  Бірақ 

«Мойындалмаған  ғалым»  кітабы  әлеуметтанудың 

шығу  тарихы  туралы  аңызды  терістеп,  Атлантадағы 

Дю  Буа  мектебінің  Чикаго  мектебінен  жиырма  жыл 

бұрын  ғылыми  әлеуметтануды  жасағанын  дәлелдейді. 

Дю  Буа  америкалық  әлеуметтанудың  алғашқы  ғылыми 

мектебін  құрғанымен,  ақ  нәсілді  әлеуметтанушылар 

мектептің  радикалды  идеяларының  тың  ойларын, 

әсіресе  нәсілге  қатысты  ойларын,  ұғына  отырып,  ХХ 

ғасыр  бойы  Дю  Буа  көзқарасын  басып-жаншу  үшін 

экономикалық,  саяси  және  идеологиялық  билікті 

кеңінен  пайдаланды.  «Мойындалмаған  ғалым»  еңбегі 

Чикаго  әлеуметтанушылары  мен  әлеуметтанудың  басқа 

ақ  негізін  салушылар  ұсынған  әдістерден  ұтымды 

ғылыми  нәтижелерге  қол  жеткізген  Дю  Буа  мектебі 

екенін  көрсетеді.  ХХ  ғасырда  институттық  кемсіту 

Дю  Буа  идеяларының  басым  бөлігін  америкалық 

әлеуметтануға 

интеграциялауды 

тежеді. 


Қазіргі 

заманда  оның  идеяларының  көбі  әлеуметтануда  ресми 

қабылданғанымен,  ақ  әлеуметтанушылар  еңбегі  ретінде 

қате қабылданады.

Атлантадағы  Дю  Буа  мектебі  үлкен  кедергілерді 

басынан  өткізді.  «Объективті  ғылым»  ұсынған 

заңдылықты  дұрыс  көрген  өндіріс  бетке  ұстарлары 

ақ  әлеуметтанушылар  мәртебесін  қолдады.  Ал  Дю 

Буаға  беделді  университеттердегі  профессор  лауазымы 

берілмеді. Ол еңбек еткен университеттердің ресурстары 

жеткіліксіз  болатын.  Қаржылық  қамсыздандыруы  төмен 

қара  университеттерде  Дю  Буаға  аз  жалақы  төленіп, 

радикалды  идеяларын  бақылап  отыру  мақсатында 

зерттеулері  толық  қаржыландырылмады,  беделді  баспа 

орталықтары басылымдарын жариялаудан бас тартты. 

«Мойындалмаған  ғалым»  кітабында  Дю  Буа  мектебі 

ғылыми нәсілшілдікті даулайтын негізгі әлеуметтанулық 

бағдарлама  жасағаны  көрсетіледі.  Кейіннен  бағдарлама 

барлық  америкалық  университеттерге  кең  таралды. 

Дю  Буа  өз  мектебін  қоғамның  артықшылықтарына  ие 

мүшелеріне қарағанда, ресурстары өте аз кемсітілген қара 

нәсілді қауымда дамытты. Қауым басшылары, ғалымдары 

және  студенттері  ғылыми  жұмыстарына  мардымсыз 

жалақы алды; кейбірі бүлік әлеуметтануындағы зерттеуді 



ӘЛЕУМЕТТАНУ КӘСІП

 6

GD 



6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

жалғастыру  үшін  ерікті  жұмыс  жасады.  Ғылыми 

зерттеулер  ақ  нәсілдің  артықшылығы  туралы  идеяны 

«бұзу/талқандау»  қаруына  айналуы  мүмкін  деп  сенген 

олардың басым бөлігі жұмыстары еркін болашаққа қосқан 

маңызды үлес деп еріктілер болып қала берді.  

Дю  Буа  мектебі  негізгі  әлеуметтанулық  бағдарламаны 

жүзеге  асыра  отырып,  капиталдың  бостандығы 

идеясын  тірек  етті.  Қауымдастықтың  қолдауымен 

Атланта  мектебі  Буравой  «қоғамдық  әлеуметтанудың 

кіріктірілген  автономиясы»  деп  сипаттаған  ғылыми-

зерттеу бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама Дю Буа мен 

оның  афроамерикалық  әріптестеріне  қитұрқы  тарих 

философиясының  ықпалын  және  сыни  статусын  қазірге 

дейін  сақтап  қалған  Чикаго  мектебімен  салыстырғанда 

ғылыми  ерекше  әлеуметтануды  қалыптастыруға  және 

ұстап тұруға мүмкіндік берді.  

Атланта  мектебі  жеке,  оқшауланған  әлеуметтануды 

дамытпады.  Ұлттық  және  жаһандық  теңсіздікті  жоюға 

ұмтылған  қоғамдық  әлеуметтанумен  айналысты. 

1900  жылдан  бастап  АҚШ-тың  оңтүстік  бөлігіндегі 

нәсілдік  сегрегацияны  қанау  шарасы  ретіндегі  Джим 

Кроудың  нәсілдік  заңдарын  және  отарлауды  жоя 

алатын  идеяларды  зерттеу  үшін  бүкіл  әлемнен  шығу 

тегі  африкалық  көшбасшылар  мен  ғалымдарды  жинай 

отырып, панафрикалық конгресті ұйымдастыра бастады. 

АҚШ-та Дю Буа Ниагара қозғалысы мен Қара халықтың 

прогресіне  көмектесетін  ұлттық  қауымдастықтың 

ұйымдастырылуына  үлес  қосты.  Екі  қозғалыс  та  ақ 

халықтың тәкаппарлығымен бетпе-бет келді. Ол жыныс, 

таптық  қанау  және  соғысты  талдап,  әшкерелейтін 

«Дағдарыс»  журналының  негізін  қалады.  Дю  Буа  өмір 

бойына статус кво сынаушысы бола отырып, әлеуметтік 

құрылым  мен  мәдениет  адам  еркіндігін  тежейтінін 

көрсетуге тырысты.

Майкл  Буравой  егер  әлеуметтану  өзектілігін  сақтап 

қалғысы  келсе,  радикалды  негіздеріне  оралуы  қажет 

деген  пікірде.  Билік  пен  басымдықты  әшкерелейтін 

сыни  талдауды  жергілікті  әлеуметтанудан,  пост-

колониялық  әлеуметтанулардан,  Оңтүстік  теория-

ларынан  табуға  болады;  радикалды  ойларды  билік-

ке  шындықты  тіке  айтатын  батыс  буржуазиялық 

әлеуметтануынан  да  анықтау  мүмкін.  Дю  Буа  мектебі 

маргиналды  қабылдануы  нәтижесінде  ескерілмей 

назардан тыс қалған идеяларды ұсынды немесе Буравой 

атап  көрсеткендей,  «басым  позицияларды  сынаудың 

парадигмалық іргесін» қалады. «Мойындалмаған ғалым» 

кітабы  Дю  Буа  мысалында  әлеуметтанулық  зерттеулер, 

әсіресе  қоғамдық  талқыға  түсетін  болса,  саяси  және 

жария  болуы  қажеттілігін  көрсетеді.  Шындығында, 

постколониялық  әлеуметтанулар  статус-кво  ұдайы 

өндіретін  идея-лардан  да  нақтырақ  болуы  тиіс,  себебі-

бәстің  бағасы  жоғары.  Әлеуметтанушылар  Дю  Буаны 

«Қара  нәсілділердің  эмпириялық  әлеуметтануының» 

негізін салушы не «Қара нәсілді халықтың мәселелерін» 

жария  еткен  зияткер  ретінде  ғана  танып,  әлі  де  оның 

әлеуметтануының  маңыздылығына  мән  бермейді.  Бірақ 

мұндай  көзқарас  Дю  Буа  әлеуметтануын  ұғынуда  қара 

нәсілділердің  әлеуметтануына  қолдануға  болатын  тар 

геттомен  шектеліп,  теория  мен  әдіснаманың  жан-жақты 

дамуына  ықпал  етпейді.  «Мойындалмаған  ғалымда» 

келтірілген дәлелдер осы қате пікірлерді жоққа шығаруға 

талпыныс  білдіріп,  Дю  Буа  мен  оның  мектебін  Маркс, 

Вебер  және  Дюркгейм  сияқты  әлеуметтанушылармен 

қатар  әлеуметтану  пантеонына  орналастырады.  Бұл 

әлеуметтанушыларға  әлеуметтанулық  ойларын  байыта 

отырып,  Дю  Буа  мектебінің  даналығын  мұра  етіп  алуға 

мүмкіндік береді.

Дю  Буа  туралы  кітапты  оның  әлеуметтануға  қосқан 

үлесін  қабылдау  рефлексиясымен  аяқтаймын:  егер 

инновациялық  ғылыми  мектеп  бұзақы  топтардың 

терроры, элита тарапынан қудалау және нәсілдік кемсіту 

кезеңінде дами алса, бүгін ұғыну және адамзатты өзгерту 

(трансформациялау)  мақсатында  білім  алу  үшін  еңбек 

ететіндерге үміт бар. 

Хаттарды Элдон Морриске <

amorris@northwestern.edu

> жолдауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет