Жаңаөзен қаласы


Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары, мен әдіс-тәсілдері



бет5/8
Дата06.01.2022
өлшемі37,66 Kb.
#15310
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-2тапсырма. Б.М.А.Т

Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары, мен әдіс-тәсілдері.

 «Көркем шығарманы талдамас бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек.

Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер  етеді.»

М..А. Рыбникова.

Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.

«Көркем шығарма — әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз ҚажымЖұмалиев.

Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.

Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.

Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;

— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Әдебиет — өнер, әдебиет — ұлттық қазына, асыл мұра.

Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:


  1. Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;

  2. Оның ұлттық қазына екендігі;

  3. Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы;

  4. Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту;

  5. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;

  6. Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту;

Бұл жерде міндетті түрде оқушылардың пән бойынша іскерліктерін танытатын, жалпы іскерліктерін дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Әдістеме аппаратының басты функциясы – көркем шығарманы қабылдатуға үйрету болғандықтан оқушы мен мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек. Міне, осы жүйелі байланысты өз тәжірибемде қалай іске асырып жатқандығымды көрсету үшін, көркем шығарманы оқытудың қағидаларында кездесетін кейбірқиыншылықты шешудің тиімді жолдарын көрсету мақсатында «Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары.» атты тақырыпты таңдап алдым.

 Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу  түрлерін жіктеп ажыратамыз:

1)  көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу.  Қиын, түсініксіз образды,  айшықты сөздерді ұғына оқу,  яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;

2)  таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;

3)  іштен оқу немесе өздік оқу.   Іштен оқудың оқушыны жеке,  өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы  маңызы ерекше зор. Ойлану,  өз бетімен іздену,  жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;

4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі,  қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда,  сабақтың эмоциялық,  психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;

5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру,  мәнерлі,  айқын оқу,  көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;

6) ұжымдық оқу.  Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды,  мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын  арттыруға әсер етеді;

7) жұптық оқу.  Жұптық оқудың тиімділігі,  біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады,  екіншіден ұқыпты тыңдай білуге,  бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;

8) мәнерлеп оқу.  Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.  Мәнерлеп оқудың мақсаты:

а) оқушыларға  көркем туындының  эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;

ә) көркем мәтінге жан беру,  әр сөздің мәні мен мағынасын,  сөз бояуларының нақышын сезе білу;

в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.

Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол — ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына,  пікір айтуына ықпал жасаймын. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша,  жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып,  «Ол қай оқиғадан алынды,  кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі  әдеби ойындарын жүргіземін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет