Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологилық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады
Жел энергиясы
Горизонталь орналастырылған жел қондырғыларының артықшылығы-кейбір басқарылатын операцияларсыз желдің кез-келген бағытында және төмен деңгейдегі желде де жұмыс істейтіндігінде.
Фото-желдік электр станциясы
Фото-желдік электр станцияларында аса жоғары өнімділікті көлденең орналастырылған электр генераторы мен фотоэлементтердің біріктірілуінің және аккумуляторлық батареялар кешенінің арқасында электрмен қамтамасыз ету түнде де тіпті жел жоқ болса да жүзеге асырылады.