Мультивибраторлар — ғылым мен техникада көп кездесетін инженерлік мәселелерді шешкен кезде электрлік емес мәндерді электрлік мәндерге түрлендіріп өлшегенде, технологиялық прцесстерді тексеріп және автоматизация жасағанда, немесе әртүрлі өнеркәсіптік электрониканың қондырғыларын жасағанда электрлік сигналдарды күшейту үшін биполярлық транзисторлар, өрістік транзисторлар және интегралдық микросхемалар кеңінен қолданылады. Бұл күшейткіштер өте әлсіз электрлік сигналдарды (кернеулері 10-7 В, токтары 10-14 А шамалас) күшейтуге мүмкіндік береді. Транзисторлар арқылы аса үлкен күшейтуге жету үшін бірнеше күшейткіш каскадтар қолданылады. Бір транзистордан немесе күшейткіш элементтен және оған қарасты байланыс элементтерінен тұратын күшейткішті − каскад деп атайды. Күшейту процесі, қоректену көзінің энергиясын күшейткіштің сыртқы сигналының энергиясына түрлендіру болып табылады. Бұл процесті басқару күшейткіш элементіне немесе транзисторға әсер ететін кірме сигнал арқылы жүргізіледі. Шығыс сигнал кіріс сигналдың функциясы болып табылады, сонымен қатар шығыс күшейтілген синалдың қуаты, кіріс күшейтілген сигналдың қуатынан қректену көзінің арқасында, әлдеқайда артық.
Қарапайым транзисторлік мультивибратор
Сонымен, электрондық күшейткіш деп электрлік сигналдарды, олардың формасын өзгертпей, қоректену көзінің энергиясының арқасында, қуатын ұлғайтып, күшейтетін құрылғыны айтады. Транзисторлық күшейткіштің электорондық деп аталу себебі, транзисторлардың жұмыс істеу принципі жартылай өткізгіштегі жүріп жататын электрондық процесстермен анықталады. Күшейткіштің кірісіне электр қозғаушы күшінің (ЭҚК) әрекеттестік мәні er, ішкі кедергісі Rr, кіру сигналының көзі қосылған. Кішкене қуатты кіру сигналы жоғары дәрежедегі қуаты бар қоректену көзін пайдалана отырып, кіріс сигналдың қуатын күшейтуге мүмкіндік бар.
Күшейткіштердің құрылыс техникасы мен даму теориясының тарихын1910 - 1912 жылдардан бастауға болады. В.И. Коволенков алғашқы үлгісіне электронды лампаның электрлік сигнал күшейткіштің күшеюін алады. 1914 – 1916 жылдары Н.Д. Папалекси мен М. К. Бонч – Бруевич лампаның конструкциясын жақсартты және оны электрлік сигналды күшейтуге қолданды. Бірақ олардың жұмыстарын Орыс хандығы қолдамады. Радио өнеркәсібі ұлы қазан революциясына дейін Ресейде мүлде болған жоқ. 1918 жылы Лениннің қолдауымен Нижегород лаборатория ашылды. Онда М. А. Бонч – Бруевич басшылығымен алғаш рет электролампаның күшейткішінің өнеркәсібі ашылды. 1920 жылдың басында алғаш рет электролампаның күшейткішінің өнеркәсібі шығарылды. Дәл осы уақытта А. И. Берг қарапайым күшейткіш схема теорияларын шығарды, сонымен қата инженерлік есептеудің методикасын шығарды.
1933 – 1934 жылдары күшейткіш схемалары ұсынылды, кері байланысты өңдеу арқылы. Бұл сапалы көрсеткіш жоғары қуатты күшейткішті өңдеуге көмектесті және жоғары сапалы күшейткішпен, жоғары ПӘК теориялық зерттеу схемасымен, қайтымды байланыстар Боде және Блек деген шетел ғалымдарының жұмыстарында берілген.
Күшейткіштің шығыс тізбегінде күшейтілген сигнал әрекет етеді. kUкір кернеу көзімен анықталады. Күшейтілген сигналдың энергиясын пайдаланатын сыртқы жүктеме Rж күшейткіштің шағысына қосылады. Күшейтілген сигналдың түріне қарай күшейткіштерді екі топқа бөлуге болады: