Жаңартылған білім беру бағдарламасы



бет2/4
Дата06.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#65599
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
805277.pptx

қалыптастыру
  • 7. АКТ қолдану құзыреттілігі
  • 8. Коммуникативті дағдыларды дамыту
  • 9. Оқу жетістігін бағалау

  • ІІ Оқу мақсаттарының жүйесі
  • 1. Пәннің мазмұны
  • 2. Оқу мақсаттарының жүйесі
  • 3. Ұзақ мерзімді жоспар
  • ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

    ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

    Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.

    ҚБ ерекшеліктері:

            • қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды;
            • ҚБ тоқсандық бағаға әсер етпейді;
            • оқушылардың оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
            • әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі.

    БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

    • БЖБ саны оқу бағдарламасына сәйкес анықталады
    • БЖБ өткізу ұзақтығы 15-20 минуттан артық болмағаны ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу – шартты болып келеді, бұл – сабақтың бір бөлігін қамтитын, шағын тапсырмалардан тұратын бағалау жұмыстарын қолдану қажет екендігін көрсетеді.
    • БЖБ-ды қандай түрде (бақылау, практикалық, шығармашылық жұмыс, проект, ауызша сұрау, эссе және т.б.) және қай сабақта өткізетінін мұғалім өз бетінше анықтайды
    • БЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде тек өтілген материалдарды ғана қамту керек
    • БЖБ үшін тапсырмалар мен дескрипторларды мұғалім өз бетінше құрастырады (әдістемелік нұсқаулықта берілген тапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі)
    • БЖБ-да максималды балды дескрипторларды ескере отырып, мұғалімнің өзі анықтайды
    • БЖБ өткізу тоқсан аяқталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын жоспарланады
    • Мұғалімге кез келген қолжетімді және қолайлы формада (электрондық күнделік арқылы ақпараттандыру қарастырылуда) БЖБ нәтижелері туралы оқушыны, ата-ананы ақпараттандыру қажет


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет