Жаңартылған білім беру бағдарламасы


ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ



бет3/4
Дата06.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#65599
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
805277.pptx

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

  • Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады
  • Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.)
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.
  • Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды


  • Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ


Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:
  • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
  • пән бойынша күтілетін нәтижелер;
  • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;
  • ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу;
  • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;
  • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;
  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;
  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;
  • тапсырмалардың балл қою кестелері.

  • Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет