Жаңартылған білім беру мазмұНЫ


ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ



бет4/9
Дата10.03.2023
өлшемі215,37 Kb.
#72848
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БАҒАЛАУ БОЙЫНША КЕРЕК

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ


Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:
  • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
  • пән бойынша күтілетін нәтижелер;
  • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;
  • ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу;
  • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;
  • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;
  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;
  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;
  • тапсырмалардың балл қою кестелері.

  • Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.

БАҒАЛАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы №265 бұйрығы “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары”
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары”
  • 2017-2018 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық (2016 ж).
  • Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық (2016 ж).
  • Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық.
  • Пәндер аясындағы жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (1, 2, 5, 7-сыныптар үшін).
  • Пәндер аясындағы қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (1, 2, 5, 7-сыныптар үшін).
  • Пәндер аясындағы тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациялары (5 және 7-сыныптар үшін).
  • Критериалды бағалау бойынша бейнематериалдар мен таныстырылымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет