35.М.Дулатовтың «Қирағат» хрестоматиляқ еңбегінің құрылымын сипаттаңыз және ұсынған үлгісінен не үйренуге болады?
М. Дулатұлы «Қирағат кітабы» атты бастауыш басқыш балаларына арнап ж азған оқу құралында педагогика ғылымының атасы, дидактиканың авторы Я. А. Коменскийдің оқулыққа қойылатын: оқулықтың тілінің таза, мазмұнының түсінікті де жеңіл; білім берумен бірге тәрбие беруді де бірдей қарастыратын;нақтылықтан абстрактілі ойлауға; жақыннан алысқа; белгіліден белгісізге; нақты ойлаудан логикалық-абстрактілік жүйелеп ойлауға біртіндеп үйретуді көздейтін дидактиканың 7 түрлі Талабын тегіс сақтауға тырысқан.
Кітап автордың мұғалімдерге арнап жазған алғы сөзімен басталады. Алғы сөзде қазақ даласында екі түрлі (орысша,Мұсылманша) оқыту тәртібіне талдау жасайды да, ескі мұсылманша хадим оқуының кемшіліктеріне тоқталады. Автор өзі ұсынып отырған жаңа оқу кітабын қалай оқытужайын сөз етеді. «Сіздер татар мектептерінде арабша оқып білім алғанмен сол алған білімді балаға қалай үйрету жайын үйренген жоқсыңдар. Өзі білу мен өзгеге білдіру екі басқа. Балаларды оқыту -өз алдына бір ғылым. Ол ғылым - педагогика деп аталып,оқытудың әдістемелік мәселесін сөз етеді. Ол балаларды мәнерлеп окуға үйретудің жолдарын да ашып көрсеткен. «Көркем, мәтінді анық, айқын оқу, ыңырсымай, сөзді орынсыз созбай, салмақты, асықпай, кісі қалай сөйлесе солай оқуы керек» дейді. Кітап Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңімен
ашылған.
36.Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің құрылымын сипаттаңыз және оқулық кімге арналған, әңгімені сұрыптап таңдап алуда неге автор қиналды, ойыңызды дәйектеп жызыңыз. Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі -оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын ,тақырыбы таныс әрі қызқты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы , Орынборда басылады.Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И.Н Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін,қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым»,-деп жазады.
Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды,бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.
Бұл кітаптың құрлымын мыналан торт тарауға болінді:
1) балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрсстоматияларынан, кобінесе Паульсонның хрестоматиясынан алынды; мысалдар мен халық әдебиеті; балалардың туғаншарына жазған хаттар;
2) әр түрлі жастардағы адамдарлың өмірінен алынған әңгімелер:
3) қазақ ақындарының ең жақсы өлең-жырларынан үзінді;
4) казақтың мақал-мәтелдері.
Бұл кітапты құрастырған Ыбырай Алтынсарин,біріншілен, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ және қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздеген; екіншіден, бұл кітапта келтірілген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болуы жағын көздеген; сондықтан, бұл кітапқа енгізілетін әңгімелерді тергенде көп қиын-шылықтарға ұшырасады, әрбір мақаланы ор жағынан ойлап барып қосу керек болған.