42.М.Мұқановтың «Жас және педагогикалық психология» еңбегінің құрылымына талдау жасап, «Ұстаз психологиясы» тарауындағы мәселелерге сипаттама беріңіз. М.М.Мұқановтың «Жас және педагогикалық психология» еңбегі 1982жылы жарыққа шыққан.3-4 курс студенттерінің мектептегі балалармен қалай жұмыс істеуі керек,психологияны меңгеру,лекцияларды тиімді өткізу туралы баяндалады. Оқушының психологиясын меңгермеген ұстаз бола алмайды. «Ұстаз психологиясы» тарауында жалпы мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынасы турлаы жазылған. Сыныпқа кіргеннен бастап атмосфера жасайтын,бір көзқарасымен -ақ оқушыларды тәртіпке салатын ұстаздар туралы да айтылады. Мысалы,сыныпта балалар шулап жатыр делік,бірақ соның ішінде бір оқушының дауысы,іс-әрекеті тәртіпсіз болғанда егерде мұғалім «Балалар,тынышталыңдар» деп айтатын болса,онда балалар бұл сөзге тоқтау болмайды. Егерде сабақ түсіндіріп жатып, «Санжар,тыныш отыр» деп қаратпа түрінде баланың есімін атасаңыз,ол өзіне бағытталған қаратпаны қабылдап,тыныштала бастайды. Одан кейін бұл кітаптағы ерекше маған ұнағаны,егерде дейді оқушы биік белесті бағындырып,берген талабыңызбен біліміңізді нәтижеге жетіп,жеңіске жетсе,сол баланың маңдайынан сүйіп,жарайсың деп айтудың еш әбестігі жоқ деп айтады.
Тағы бір қызық ақпарат,жуас әрі қатал мұғалімдер туралы.Бұл санатты оқушылар өз арасында бөліп алады. Жуас та болуға болмайды,қаталда болуға болмайды.Егерде қатты жуас болып кетсе,балар еркінсіп кетуі мүмкін.Ал қатал болып,үлкен талаптар қою берсе,балалар қысмнан бағынбай кетуі мүмкін.Бірақ,әр мұғалімнің оқушыларына деген міндеттелген талабы болуы тиіс делінген.Бірде қатал мұғалімнің сабағына жақсы оқитын оқушыға сабақ айта алмай тақтада тұрады. Сонда қатал мұғалім «Сенің жауабыңды бүгін бағалай-ақ қоямын» деген екен. Оқушылардың бәрі аң таң болады. Мұғалім күнделікті сабаққа дайындалып келетін боланың ажарына қарап,оның қиналып тұрғанын байқаған болатын. Кейін анықтаса,ол баланың үйінде қиындықтар болып,сол себепті дайындалмағаны анықталады. Бұл мұғалімнің шеберлігі болып саналады.