Жаңартылған білім мазмұнындағы


Жаңартылған білім беру мазмұнындағы кері байланыстың тиімділігі мен кері байланыс беру формаларын саралап жазыңыз



бет8/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
14. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы кері байланыстың тиімділігі мен кері байланыс беру формаларын саралап жазыңыз.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ: Оқушылар үшін: 1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; 2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз; 3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; 4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.
Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.


15. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес «Жазушы» баспасынан шыққан 5-9 сыныптардың «Қазақ әдебиеті» оқулығына сипаттама беріңіз (құрылымы, тапсырмалар жүйесі).
Интернет желісінде «Жазушы» баспасынан шыққан 6,8,9-сыныптардың «Қазақ әдебиеті» оқулығы бар, ал 5,7-сыныптардікі жоқ.
«Жазушы» баспасынан шыққан 6-сыныптың «Қазақ әдебиеті» оқулығының құрылымы:
Авторлары: C.Қасқабасов, Р.Әлмұханова, Е.Раушанов, А.Тиынтай, 176 беттен тұрады, суретті, 2018 жылы шығарылған. Туған жерім - аялы алтын бесігім, Абайды оқы, таңырқа, Мен - балаң, жарық күнде сәуле қуған, Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым атты төрт бөлімнен тұрады, 10 автор оқытылады.
«Жазушы» баспасынан шыққан 8-сыныптың «Қазақ әдебиеті» оқулығының құрылымы:
Авторлары: C.Қасқабасов, Р.Әлмұханова, Е.Раушанов, Қ.Қайырбай, 216 беттен тұрады, суретті, 2018 жылы шығарылған. Дананың сөзі - ақылдың көзі, Көркем әдебиет және эпикалық сарын, Махаббат пен абырой, Қиял мен шындық атты төрт бөлімнен тұрады, 13 автор оқытылады.
«Жазушы» баспасынан шыққан 9-сыныптың «Қазақ әдебиеті» оқулығының құрылымы:
Авторлары: C.Қасқабасов, Р.Әлмұханова, Е.Раушанов, Қ.Қайырбай, 296 беттен тұрады, суретті, 2019 жылы шығарылған. Атадан қалған асыл сөз, Тарихи шындық пен көркемдік шешім, Адам жанының құпиясы, Мәңгілік ел - мәңгілік мұрат атты төрт бөлімнен тұрады, 19 автор оқытылады.
«Жазушы» баспасынан шыққан 6,8,9-сыныптардың «Қазақ әдебиеті» оқулығының тапсырмалар жүйесі Блум таксономиясына негізделген. Мысалы, білу деңгейінде дұрыс жауаптарымен сәйкестендіріңдер деп кесте берілсе, түсіну деңгейінде кестені толтырыңдар және мәтінді оқи отырып, тірек сөздерді теріп жазыңдар, қолдану деңгейінде мәтіндермен таныса отырып «Үштік кестені» толтырыңдар және оқып, салыстырып, кейіпкердің образын әңгімелеңдер деген, талдау деңгейінде топпен жұмыс жасаңдар және салыстыра отырып баға беріңдер, ортақ ойды анықтап, салыстырып, мінездеме беріңдер деген, жинақтау деңгейінде бес сатылы эссеп жазыңдар және сыни хабарлама жазыңдар деген, бағалау деңгейінде талқылау жасаңдар және идеясын талқылай отырып, дәлелдер келтіріңдер деген тапсырмалар беріледі, сондай-ақ оқушы күнделігі, оқу сауаттылығы, артық болмас білгенің атты шартты белгілері ерекше. Сонымен қатар, әр бөлімнің соңында бөлім бойынша тест берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет