«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Даралылық ұстанымы. 
Даралылық ұстанымы – дене тәрбиесi үдерiсiнде 
оқушылардың жеке ерекшелiктерiн ескеру түрiнде жүргiзiледi. Даралылық 
ұстанымы әр адамның дайындық деңгейiне, жыныс және жас ерекшелiктерiне 
байланысты. Жеке басының, психикасының ерекшелiктерiне, жүктемеге 
шыдамдылығына, сыртқы орта әсерiн сезiну мүмкiншiлiктерiне, жұмыс iстеу 
стилiне байланысты. 
Даралылық ұстанымы дене тәрбиесi үдерiсiнде тӛмендегiдей түрлерде 
қолданылады: 
- топтық жұмыс арқылы. Бұл жағдайда жаттығушылар сыртқы бейне 
сипаттары бойынша бӛлiнедi (жыныс, жас ерекшелiктерi, дене дайындығы т.с.с.). 
Бастапқы үйрету кезеңдерiнде, негiзгi жарыс жаттығуларының техникасын 
үйренгенде, жалпы дененi дамытқанда топтық жұмыс iстеу жолы ӛте тиiмдi: 
- жекелей жұмыс iстеу арқылы. Спорттық шеберлiгi артуына байланысты 
жұмыстың топтық түрi жекелей жұмыс iстеу түрiне ауысады. Бұл жұмыс 
оқушылардың тӛмендегiдей ерекшелiктерiн ескерiп жұмыс iстесе нәтижелi 
болады: сынақ және оның кӛрсеткiштерiне кӛңiл бӛлiнсе; оқу материалдарын 
меңгеру, жүктемелерге бейiмделу мүмкiншiлiктерi ескерiлсе; әр түрлi оқу 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
әдiстерiн түсiну зеректiгi ескерiлсе (кӛрсету, түсiндiру, кӛрнекi құрал кӛрсету 
т.б.). 
Даралылық ұстанымы мынандай жұмыстар арқылы iске асырылады: 
- жеке үй тапсырмалары арқылы; 
- дене шынықтыру сабағында берiлетiн әр түрлi тапсырмалар арқылы 
(жақындататын, дайындық, негiзгi жаттығулар т.б.); 
- түрлi спорттық құрал-жабдықтар арқылы. 
Дене тәрбиесi тәжiрибесiнде қағидалар әрекетi бiр-бiрiмен байланысты, бiрiге 
кездесiп отырады. Осындай жағдай педагогтердi әдiстемелiк қағидаларды кешендi 
пайдалануға мәжбүр етедi. Дене тәрбиесi сабақтарын, жаттығуларды жүргiзу 
кезiнде кӛрнекiлiк қолданылып, реттiлiк және бiртiндеушiлiк қағидалары, 
оқушылардың зейiндiлiгi мен жеке ерекшелiктерi ескерiлсе, сабақтар арасындағы 
жүйелiлiк сақталса, бағдарлама материалдарын жақсы меңгеруде, дене 
жүктемесiн үзбей жоғары деңгейде ұстауда дене тәрбиесi мұғалiмiнiң алдында 
кӛптеген мүмкiншiлiктер ашылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет