«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Бақылау сұрақтары: 
1.
Дене тәрбиесі жүйесі, оның мақсаты мен міндеттері. 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
2.
Қазақстанда 
дене 
тәрбиесі 
мен 
спорт 
жұмыстары 
қалай 
ұйымдастырылады? 
3.
Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары? 

3-дәріс тақырыбы: Дене тәрбиесі ұстанымдары 
Жоспары: 
1. Саналылық және белсендiлiк ұстанымы 
2. Кӛрнекiлiк ұстанымы 
3. Жүйелiлiк ұстанымы 
4. Бiртiндеушiлiк ұстанымы 
5. Реттiлiк ұстанымы 
6. Даралық ұстанымы 
 
Қозғалыс шеберлiгi мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерiн тәрбиелеу 
жалпы заңдылықтарға бағынады, ол әдiстемеде ұстанымдар деп аталады. 
Ұстанымдарды жазылмаған, бiрақ орындалуы керек заңдылықтар деп айтуға да 
болады. Ұстанымдарды бiлу, оларды тәжiрибеде қолдану дене тәрбиесi үдерiсiн 
жетiлдiредi. Дене тәрбиесi үдерiсiнде тӛмендегiдей әдiстемелiк ұстанымдар кең 
қолданылады: 
1. Саналылық және белсендiлiк. 
2. Кӛрнекiлiк. 
3. Жүйелiлiк. 
4. Бiртiндеушiлiк. 
5. Реттiлiк. 
6. Даралық. 
Саналылық және белсендiлiк 
ұстаным
ы. 
Бұл ұстанымның мақсаты – дене 
тәрбиесi үрдiсi кезiнде жаттығушылардың дене тәрбиесi мен спорт әрекеттерiн 
саналы түсiнуiн, тұрақты ынтығушылық, қызығушылық қалыптастыру және 
олардың осы әрекеттерге белсендi ұмтылуын ұйымдастыру. 
Саналылық дегенiмiз – адамның жалпы ӛмiр заңдылықтарын, әр нәрсенiң 
ақиқаттылығын дұрыс түсiнуi, ұғына бiлуi, келешек әрекетiн сол негiзде орнықты 
бағыттай алуы. Саналылықтың негiзi – жаттығушының алдына орынды мақсаттар 
қоя бiлуi және сол ұмтылған бағытының жетер межесiн, нәтижесiн алдын ала 
бағдарлауы, сезiнуi. Дене тәрбиесi мұғалiмi, спорт түрiнен жаттықтыратын 
жаттықтырушысы оқушыларының алдына ӛте айқын, ұғынықты мiндеттер, 
оларды қызықтыратын, ұмтылдыратын жақсы, дұрыс, жоғары мақсат қоя бiлуi 
керек. Сонда ғана олардың саналарында тұрақты, түсiнiктi қызығушылық, сол 
мақсаттарға жетсем деген ұмтылушылық, әрбiр жаттығу сабағына деген 
құлшыныс сезiмi пайда болады. Саналылық және белсендiлiк ұстанымы 
мiндеттерiн орындау кезiнде оқытушы, жаттықтырушы тӛмендегiдей талаптарды, 
мәселелердi негiзге алып орындауы қажет: 
1. Дене тәрбиесiнiң мақсаты мен мiндетiн орындауға оқушылардың ынтасын 
саналы түрде қалыптастыру. Егер оқушы алға қойған мақсаттың маңызын түсiнiп, 
оның мiндеттерiн орындауға ынта танытса, оқу-жаттығу барысы тезiрек игерiлiп, 
сапалы болады. Жаттығушылардың алдына кезектi (жақын) және болашақ (алыс) 
мақсаттар қойылуы қажет. Олар үшiн болашақ мақсаттар: спорттық разряд алу, 
Президенттiк сынақ нормаларын орындау, мектептiң, ауданның құрама 
командаларына мүше болу т.с.с. Кезектi мақсаттар: бiр күрделi жаттығудың 
техникасын меңгеру, кейбiр дене қасиетiн дамыту т.с.с. Оқушылар ӛздерiнiң 
денсаулығын нығайту, әр түрлi дене қасиеттерiн дамыту үшiн ұсынылып отырған 
тапсырманың мәнiн, маңызын айқын түсiне бiлулерi керек. 
2. Сабаққа ынталы, барлық зейiнiмен қызыға қатысу, iздене бiлу. Дене тәрбиесi 



Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
сабағы кезiнде қызықты тапсырмалар беру, ойындар ӛткiзу, жүйелi түрде баға 
қою, жетiстiктерiн мадақтау, марапаттау, жеке тапсырма беру оқушыларды 
ынталандыра түседi. Үйрету және тәрбиелеу үрдiстерi жаттығушылардың бiлiмiн, 
танымын қалыптастырады. Жаңа амалдар, әдiстер, қозғалыстың жаңа 
элементтерiн орындау, әр түрлi тәсiлдер iздеу оқушыларды қызықтырады, 
шығармашылық iзденiске, белсендiлiкке ұмтылдырады, ынталандырады. 
3. Жаттығушылардың ӛз әрекетiн байқауға, бақылауға қабiлетiн ояту. Бұл 
талапты орындау үшiн, оқушылар жаттығуды орындаған кезде сәттi немесе сәтсiз 
әрекеттерiне ӛздерi талдау жасай бiлуi, орындау техникасынан қате таба алуы, 
олардың пайда болуы және оны қалай түзету керек екенiн үйренулерi қажет. Ӛз 
кӛңiл-күйiн, жаттыққандығын бақылау, жаттығу күнделiгiн жүргiзе бiлуi, 
объективтi және субъективтi мәлiметтерге талдау жасау оқушылардың қабiлетiн 
жетiлдiредi. Қазiргi кездегi дене тәрбиесi сабақтарында оқушылардың ӛз 
әрекеттерiн саналы бақылауға ынталандырудың мынандай әдiстемелiк тәсiлдерi 
кӛп қолданылады: 
- жаттығуды үйреткенде қимыл-қозғалысты кӛрсетпей, тек қана сӛздi қолдану 
әдiсi арқылы үйрету; 
- мұғалiмнiң тапсырмасымен дене қасиеттерiн дамыту жаттығуларын ӛз 
бетiмен iрiктеп ала бiлу; 
- жаттығуды орындаған соң, орындау техникасының сапасын ӛзi бағалау 
немесе екi-екiден орындағанда оқушылардың бiр-бiрiне дұрыс баға бере бiлуi; 
- жаңа жаттығуларды үйренгенде қозғалыс дұрыстығын сезiнуге кӛмектесетiн 
арнайы тренажерлар, қондырғылар қолдану; 
- жаттығуды орындаған соң жаттығудың техникасының орындалу сапасы 
туралы бiрден хабарлау, ақыл-кеңестер беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет