«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Дене жаттығулары
– бұл саналы түрде орындалған қимылдар және 
қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын 
және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастиканың түрлері: 
негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық 
гимнастика, акробатика, кӛркемдік гимнастика, ӛндірістік гимнастика және емдік 
гимнастика. 
Ойын 
оқушыларды жылдамдыққа, тӛзімділікке тәрбиелейді. 
Туризм 
– оқушыларды тӛзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және 
қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. 
Спорт
– оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс 
дағдыларын және моральдык- еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің 
құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі – табиғи факторлар: күн 
кӛзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау. 
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде 
пайдалану ӛте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі – балалар 
мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру. 
Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабақтары оқушылардың қимыл-
қозғалыс негіздерін, спорттық жаттығулар мен спорттық ойындардың қарапайым 
техникаларын меңгертуге, солар арқылы күш-қайратты жетілдіріп, епті де тӛзімді 
болып ӛсуге жағдай туғызады. Жаттығулар жасау арқылы денсаулықты сақтап, 
нығайтып, ӛмірге қажетті қимыл-қозғалыс әрекеттерін бірте-бірте кӛбейтіп, 
қызықты да мазмұнды ӛмір сүруге бастайды. 
Бастауыш сыныптарда дене жаттығуларын үйрету оқушылардың жас 
ерекшелігін ескере отырып, дидактиканың негізгі принциптеріне сай мазмұнының 
біртіндеп әрі ұдайы күрделеніп отыратын белгілі бір нақты жүйесі бойынша 
жүргізіледі.
Дене тәрбиесі сабақтары жыл бойы кӛбінесе таза ауада ӛтетін болғандықтан, 
бағдарламада кӛрсетілген әрі тӛменде берілген жаттығуларды жылдың қай 
мезгілінде ӛткізуді анықтап алу қажет. Оған мектептің жағдайы, оның қай 
аймақта орналасқаны, құрал –жабдықтардың жеткіліктілігі және оқушылардың 
қимыл-қозғалыс дайындығы есепке алынады.
Алғашқы кезде сыныптағы әрбір баланың қозғалыс деңгейін байқауға арналған 
сабақтар ӛткізген дұрыс. Күннің жылы кездерінде оқушылар қимыл-қозғалыс 
негіздерінің барлық түрін меңгеретінін білуі қажет. Жауын- шашында 
секіртпемен, шығыршықпен айналысуға және допты қабырғаға соғып ойнайтын 
ойындар мен асық ойынын ойнатуға болады. Би жаттығулары мен акробатиканы 
мүмкіндігінше, спорт залда ӛткізген дұрыс. Жүзуге дайындық тек су қоймалары 
жақын, арнаулы жүзу бассейндері бар мектептерде ӛтеді. Ойындар ӛтетін 
сабақтар жылдың тӛрт мезгілінде қала, ауыл мектеп терінің барлығында да 
жүргізіледі.
Қыста қар қалың жерде тӛбешіктен аяқпен сырғанау, шанамен сырғанау, 
шаңғы тебу сабақтарын мейлінше кӛбірек ӛткізген дұрыс. Ал қар болмайтын 
жылы аудандарда мұғалімнің таңдауымен тӛменде кӛрсетілген сабақтардың 
кейбір түрлерін негіз етіп ала отырып, оның басқа да нұсқаларын ӛткізуге 
болады.
Мұғалім дене тәрбиесі сабақтарының барлық түрінде де уақытты тиімді 
пайдаланып, сыныптағы әрбір баланың қимыл-қозғалыстарының сапасы жақсара 
түсуіне үнемі жағдай жасап отыруға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет