Ойлан-жұптас-бөліс Бастауыш сынып пәндерін оқыту мақсаты мен міндеттерін, оқу үдерісін ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерді, оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқу мақсаттарының жүйесін зерделеу
Ойлан-жұптас-бөліс Бастауыш сынып пәндерін оқыту мақсаты мен міндеттерін, оқу үдерісін ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерді, оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқу мақсаттарының жүйесін зерделеу.
Ұзақ мерзімді жоспарбілім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің/бөлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын қамтиды.
Ұзақ мерзімді жоспарда:
Әр бөлімнің тақырыбы бар және бұл тақырыптар пәнаралық байланыс аясында ұсынылған.
Ұғымдар түрлі тоқсан аясында қайталанады.
Оқушылар пәнді әртүрлі деңгейлерде қайталап зерделейді, әр деңгей алдыңғы деңгейге қарағанда күрделене береді және анағұрлым терең зерттейді.
Тақырыптар тоқсан сайын қайта қаралады, күрделене түседі.
Кейбір оқу мақсаттары тоқсанына бір реттен көбірек қаралады.
Пәнаралық тақырыптар оқушыларға анағұрлым күрделі идеялар туралы түсінік қалыптастыру үшін алып жатқан білімін алдыңғы біліміне негіздеуге мүмкіндік береді.