«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бағдарламасының ерекшелігі функционалды сауатты, патриот, жауапты, көптілді, жасампаз және сыни ойлайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті оқушылардың танымдық дағдыларын, олардың сыни және шығармашылық ойлауын, өз білімін өз бетінше үйлестіре білуін дамыту болып табылады (Оқу бағдарламасы).
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (B1, B2,) негізге ала отырып, айқындалған және әр деңгейдің соңындағы күтілетін нәтижелер түрінде берілген.
Жалпы білім беретін мектептерінің жоғары мектебінде (11-сынып) «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (B2, С1) негізге ала отырып айқындалған және әр деңгейдің соңындағы күтілетін нәтижелер түрінде берілген
2.7. Физикалық жаттығулар кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында топпен жұмыс істеп, әділ жарыса біледі, патриоттық сезімін дамыту
2.8. Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді
3. Денсаулық және салауатты өмір салты
3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсіну
3.2. Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді
3.3. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі
3.4. Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі
3.5. Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады
Бөлім
Бөлімше
1.Қозғалыс әрекеті
1.1 Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және икемділікті дамыту
1.2 Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі
1.3 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру
1.4 Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау
1.5 Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау
1.6 Қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу дағдыларын дамыту
2. Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау
2.1 Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу