Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері


Ұлттық білім беру саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім беру, ЭЫДҰ, 2014 ж



бет2/10
Дата31.12.2021
өлшемі5,46 Mb.
#21652
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 дәріс ЖББМ

Ұлттық білім беру саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім беру, ЭЫДҰ, 2014 ж.

  • Орта білім берудің әрекеттегі оқу бағдарламасын толық талдау және қайта қарастыру керек, өйткені ол жоғары оқу көрсеткіштерін қамтамасыз еткен жоқ, барлық оқушыларға функционалды және математикалық сауаттылықтың минималды деңдейіне жетуге мүмкіндік берген жоқ, жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға ықпалын тигізген жоқ.
  • Әрекеттегі оқу бағдарламасы аясында келесіні ескеру/азайту керек: академиялық пәндердің артық санын; теорияға тым артық назар бөлінуін, өйткені бұл басқа кемшіліктермен қатар бағдарламаны одан да күрделі және нашар үлгеретін оқушылар үшін түсініксіз қылады.
  • Санаулы пәндер бойынша тереңдетілген оқытуды қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламасын қайта қарастыру қажет, әсіресе жоғары сынып оқушыларына арналған бағдарламаны, сонымен қатар оқушыларға пәндерді таңдау үшін мүмкіндік беру керек. Осындай жағдайда жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамыту мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары болады.
  • Ұсыныстар:
  •  
  • «…Біріншіден, барлық дамыған елдердің өзіндік бірегей білім беру жүйелері бар. Біздің алдымызда ұлттық білім берудің барлық буындарын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға дейін Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызын мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Демек, бұл балаларды заманауи білім беру әдістемелерімен және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады. Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы тиіс. Оқытудың нәтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, өз бетінше зерттеу жүргізу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі тиіс».
  • Дереккөз:
  • «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 17 қаңтар 2014 жыл
  • http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-nenazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2014-zhylgy-17-kantar


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет